Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
40
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
350.72 Кб
Скачать

22 Билет Электрондық почта

Электрондық почта дегеніміз компьютер желісі бойынша хабарларды жөнелту, оқу мен сақтауға арналған қызметтік программалар жүйесі. Электрондық почта – компьютер арқылы қашықта орналасқан абоненттерге хат, түрлі басқа мәліметтер жіберу мен оларды қабылдау программасы. Мәліметті сервер арқылы тез таратып, қабылдауға болады. Осы себепті электрондық почтаның кәдімгі почтадан артықшылығы сөзсіз.

Электрондық почта – жер шарының кез–келген нүктесіне салынған хатты бірнеше минут ішінде жеткізетін өте қолайлы, әрі жедел байланыс құралы. Электрондық почта жұмысы кәдімгі тұрмыстағы почтаға ұқсас болғандықтан, оның жұмыс істеу принциптерін меңгеру тұтынушылар үшін аса көп қиындықтар туғыза қоймайды. Электрондық почтаны планетаның бүкіл аймағында бар почталық қызметтің баламасы (альтернативті) деп қарастыруға болмайды. Ол хабарларды (файлдарды, ақпараттарды) кез–келген машинадан басқа бір машинаға жіберуге мүмкіндік береді.

Электрондық почта жүйесі үш бөліктен тұрады:

1.Қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді. Тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны қолданушы агенті деп аталады.

2.Тасымалдау агенті мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді. Тасымалдау агенті – почтаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді ары қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны.

3.Жеткізу агенті мәліметтерді оны алушының почта жәшігіне салып кетеді. Жеткізу агенті – почтаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларғы жеткізетін программалар тобы.

Электрондық почтаның қарапайым почта қызметінен айырмашылығы:

1.Электрондық почта арқылы тасымалданатын мәліметтердің жылдамдығы минут пен сағат бойынша өлшенеді;

2.Кез–келген құжаттың хабарын немесе мәтінін біруақытта бірнеше адресатқа жіберуге болады;

3.Келген мәліметтерді қолданушы оқығанға дейін сақтауға болады;

4.Мәліметтерді жөнелту тәулік бойы немесе алдын–ала белгіленген уақыт бойынша іске асады;

5.Электрондық почта бойынша қабылданған мәліметтерді дискте сақтауға, оны өңдеуге және қажет мөлшерде принтерден басып шығаруға болады.

Электрондық почта өте қарапайым құрылған. Сіз тақырыпта алушының электрондық адресін көрсететін провайдеріңіздің почталық серверіне хатыңызды жібересіз. Бұл SMPT (хабарларды жіберудің қолайлы протоколы) протоколында жұмыс істейтін сервер. Ол тораптан сіздің адресатыңыздың жазылған доменін тауып, оған хат жібереді.

Сізге хат келген жағдайда провайдеріңіздің басқа сервері – POP (почталық протокол) протоколында жұмыс істейтін сервері хабарды қабылдап, оны өзінің қатты дискісінде сіз оқығанша сақтайды. Электрондық почта географиялық адрестеуді қолданбайды.

Домен дегеніміз @ таңбасының оң жағында орналасқан және абоненттің орналасқан тұрағын анықтайтын сөз.

Электрондық поштамен жұмыс істеуге арналған танымал программалар: Eudora, Internet Mail немесе Outlook Express.

Дайджест - бірнеше хабарламаларды біріктіріп тұратын пошта тізімі хабарламасы. Электрондық поштаның абоненттік станциясы хост-машинадан тұрады.

Хатпен бірге файлдарды тіркеп жіберу қажеттілігі жиі туады. Ол үшін хатты жазып болған соң, скрепка-кнопканы (вставить файл) басып, дисктен қажетті суретті, программаны немесе файлды тауып, оны екі рет басу керек.

Электрондық почтаның бір түрі телеконференция болып табылады. Телеконференция – бұл желіні қолданушылардың арасындағы ұйымдастырылған тақырыптық ақпараттың алмасуы. Телеконференция конференцияларға қатысушылардың тізімін көруге, жазылған жауапты көруге, жаңа мағлұмат жазуға мүмкіндік береді. Хабарландыру тақталарының әрқайсысының ‘қараушысы‘– модераторы (реттеуші) болады. Модератордың міндеттері: телеконференцияларды ұйымдастыру, ең жиі кездесетін сұрақтарға жауаптар (FAQ – frequency asked question, орысша частные вопросы) беру, конференциялардың тақырыптарына сай келмейтін мақалаларды жібермеу, жарнамашылардың жүйеге кіріп кетуінен сақтау және т.б.

Провайдердің news–серверінде орасан көп телеконференциялардың тізімі бар. Олардағы ақпараттарды провайдер өзінің клиенттеріне таратып жібереді. Әр клиент өзінің жазылған тақырыптары бойынша хабарлар алады. Жер шарында ондаған не жүздеген адамды қызықтыратын кез–келген тақырып пікірлесу обьектісі бола алады.

Телеконференция ұйымдастыру кәдімгі кітапхана немесе архив жұмысына ұқсас жүргізіледі.

26-билет Microsoft Access.Мәліметтер қорын басқару жүйесі

Мәліметтер қоры дегеніміз мәліметтердің реттелген, өзара байланысты жиынтығы. Ол ақпаратты сақтауға арналған құрылым. Мәліметтер қорына мысал ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысының кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындыларын және т.б. атауға болады. Электронды мәліметтер қорының басты қасиеті – ақпаратты жылдам іздестіру, сұрыптау және түрлендіру.

Мәліметтер қорының түрлері: реляциялық, иерархиялық, желілік. Мәліметтердің реляциялық қоры кестелерді қолдануға негізделген. Ол екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастырылған. Егер әрбір жазба нақты бір объектіге ғана қатысты ақпараттарды қамтитын болса, онда мәліметтер қоры реляциялық мәліметтер қоры болып табылады. Реляциялық мәліметтер қорында әрбір тізім кестелерде сақталады. Иерархиялық мәліметтер қорында мұндай байланыстар бұтақ тәріздес құрылым түрінде бейнеленеді. Мұнда біржақты байланыстардың болуы мүмкін және сұраныс құрылымда бейнеленсе ғана қанағаттандырылады. Желідегі мәліметтер қоры желілік мәліметтер қоры деп аталады.

Мәліметтер қоры орталықтандырылған және үлестірілген болып жіктеледі. Орталықтандырылған мәліметтер қоры бір есептеуіш жүйенің жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай қорға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады. Мәліметтер қорын пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. Үлестірілген мәліметтер қоры есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер қорын басқару жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.

Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер қоры жергілікті қатынас құру және желілік қатынас құру болып бөлінеді. Мәліметтер қорымен жұмыс істейтіндерді екі категорияға бөлуге болады. Олар: жобалаушылар және қолданушылар. Жобалаушылар кесте құрылымдарын мәліметтерсіз, тапсырыс берушімен бірге келісіп жасайды.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер қорын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге арналған программалық құралдар кешені. Мәліметтер қорын басқару жүйесі – мәліметтерді сақтау, қосу, жою, редакциялау үшін қолданылатын программалық жүйе.

Мәліметтер қорын басқару жүйелері: Access, Clipper, Oracle, Paradox, FoxPro, FoxBase.

Access программасы - мәліметтер қорын басқару жүйесінің танымал программаларының бірі. MS Access файлының кеңейпесі: .mdb. Басқа жүйелерге қарағанда, Microsoft Access пайдалануға жеңіл және ыңғайлы. Ол пайдаланушыға келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

- Мәліметтер қорын құру және оған мәліметтер енгізу;

- Кестенің құрамын қарап шығу және оны редактрлеу;

- Кестелер арасында байланыс орнату;

- Мәліметтердің тұтастығын және құпиялылығын қорғауды қамтамасыз ету;

- Мәліметтерге әртүрлі сұраныстар жасау;

- Ақпаратты қалып және есеп түрінде көрсету;

- Қалыпқа және есепке суреттер және графиктер қою;

- Мәліметтерді импорттау және экспорттау;

- Интернеттің Web беттерінде мәліметтер қорын қолдану.

Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесін іске қосу үшін Іске қосу (Пуск) – Программалар – Microsoft Office – Microsoft Access командалар тізбегі орындалады.

Мәліметтер қорының негізгі объектісі: кесте. Кесте дегеніміз өрістер мен жазбалардан тұратын ақпараттарды сақтау қоймасы. Файл жазбасының дербес мағынасы бар қызметтік бөлігі, яғни кесте түріндегі мәліметтер базасының бір бағанасы өріс деп аталады. Ол мәліметтер қорын басқару жүйесіне тікелей қатынасатын мәліметтердің ең кіші атаулы бірлігі. Логикалық байланысқан өрістердің жиыны жазба деп аталады. Жазба – кестенің қатарына (жолына) жазылған мәліметтер жиыны.

Әр кестедегі мәліметтердің біріктіруін, сақтауын, іздестіруін тиімді түрде ұйымдастыру үшін кілттік өріс қолданылады. Мысалы: телефон анықтамалығы берілсін. Онда фамилия, адрес, телефон нөмірі жазылған. Мұнда телефон нөмірі өрісі кілттік өріс болады. Файлдағы жазбаны бір жақты ұқсастыратын кілтті негізгі немесе бастапқы кілт деп атайды. Негізгі кілттен басқа жазбаларда мәні қайталанатын екінші реттік кілттер де қарастырылуы мүмкін.

Индекс дегеніміз индекстелетін өрістің мәні бойынша кестеде жазбаларды автоматты сұрыптау құралы. Өрістерді индекстеу мәліметтерді іздеу және сұрыптауды тездетеді. Access-те кесте жазбаларын белгілеу аймағы дегеніміз – жолдың барлығын белгілеуге мүмкіндік беретін, жолдың сол жағындағы тіктөртбұрышты аймақ. Кесте өрістерін белгілеу аймағы – кестедегі бағана тақырыбы аймағы.

27-билет Microsoft Access. Өріс типтері және қасиеттері

Access мәліметтер қорын басқару жүйесінде төмендегідей өріс типтері қолданылады:

  1. Мәтіндік. Мәтіндік тип 255-ке дейінгі альфавитті-цифрлық мәліметтерді енгізу үшін қолданылады. Көбінесе қасиеті көрсетілмеген өрістерге көп қолданылатын қасиет ретінде беріледі. Мысалы: өріс аты «тегі және қызметі» болса;

  2. MEMO өрісі. Ол 65535 символға дейінгі үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған өріс. Ол ашық өріс, онда ескертулер, түсініктемелер жазылады;

  3. Сандық. Нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі. Мысалы: өріс аты «дәрі-дәрмектің саны» болса;

  4. Күні/уақыты. Күн және уақытты көрсетуге арналған. Мысалы: өріс аты «туылған күні» болса;

  5. Қаржылық. Қаржылық шаманы жазу үшін қолданылады. Мысалы: өріс аты «құны және бағасы» болса;

  6. Санауыш – жазбаларды ретпен нөмірлеуге арналған. Ол автоматты түрде толтырылып отырылатын, нақты мағына бермейтін, кесте бастамасы ретінде қолданылатын өріс;

  7. Логикалық. Логикалық мән (ақиқат немесе жалған) қабылдауға арналған тип.

  8. OLE объектісі - объектілер орналастыруға болатын өріс. OLE объектісіне файл қоюға болады.

  9. Гиперсілтеме. Гиперсілтеме өрісі интернеттің Web объектілерінің URL адрестерін сақтайтын арнайы өріс.

Енді өрістің қасиеттеріне тоқталайық. Кез-келген өрістің атауы болады. Ол әдетте кесте бағанының тақырыбы ретінде қолданылады. Өріс типі берілген өріске енгізілетін мәліметтердің типін анықтайды. Өріс өлшемі мәтіндік өрістің максимальды ұзындығын анықтайды. Мәліметтерді енгізу форматын өріс форматы анықтайды.

Енгізу маскасы мәліметтерді өріске енгізетін форманы анықтайды, мәліметтерді енгізуді автоматтандырады. Ол мәліметтерді енгізуді жеңілдету үшін пайдаланылады. Енгізу маскасындағы # символы бос орын міндетті емес екенін білдіреді. Формада немесе басылымда өрістің жанына жазу жазуға, яғни қолтаңба қалдыруға болады. Жаңа жазба құрғанда өріске автоматты түрде енгізілетін мәнді үнсіз қабылданатын мән деп атайды. Пайдаланушы әрекетін шектеу үшін мәнге шарт қою қажет. Өрістің типіне сәйкес емес мән бергенде экранға қате туралы мәлімет жазылады. Өрістің мәнін міндетті түрде енгізуді талап ету үшін оны міндетті өріс ретінде көрсету керек. Бос жолдар енгізуге рұқсат ету үшін бос жолдар қасиетін пайдаланамыз. Индексті өріс деректерді іздеу және сұрыптауды тездетеді.

28-билет. MS Access программасының негізгі объектілері

MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізгі объектілеріне кесте, сұраныс, есеп беру, қалып, макрос, модуль жатады.

Кесте объектісі мәліметтерді сақтау үшін қолданылады. Әр кестеде әртүрлі субъект жайлы ақпарат болады. Мәліметтер қорының кестесін бес түрлі режимде құруға болады:

  1. Кесте режимі өрістердің атауларын өзгерте отырып, оған мәліметтерді енгізуге мүмкіндік береді. Өрістің типі автоматты түрде анықталады. Символдық және сандық мәліметтерді енгізуге тиімді. Бірақ, уақыттық және логикалық мәліметтерді енгізуде қиындықтар туындауы мүмкін.

  2. Конструктор режимі өрістің атауын, типін және форматын өзгертуге мүмкіндік береді. Конструктор режимінде кестені құру кезінде мәліметтерді енгізу мүмкін емес. Конструктор режимде кесте құрылымына өзгертулер жасалады, өрістің түрі таңдалады.

  3. Кесте шебері режимі дайын нұсқалардан өріс атауларын таңдауды ұсынады.

  4. Кестені кірістіру (импорттау) режимі қандай да бір мәліметтер қорынан дайын кестенің көшірмесін алуды ұсынады.

  5. Кестемен байланыс режимінде жұмыс жасау үшін дайын кестенің адресін көрсету керек.

Access режимдері бас менюдің Вид пункті арқылы ауысады. Кестені біріктіру кезінде түсініктеме жазылады. Кестеде мәліметтерді бір өрістен екінші өріске орнын ауыстыру үшін Tab пернесі қолданылады. MS Аccess мәліметтер базасында есептеулердің нәтижелерін бейнелеу үшін өрнектерді тұрғызушыны (Построитель выражений) қолданылады.

Microsoft Access мәліметтер қорында кестелердің арасында байланыс орнатуға болады. Ол үшін «Мәліметтер схемасы» терезесі қолданылады. Мәліметтер схемасының міндеті: кестелер мен олардың арасындағы байланыстарды бейнелеу.

Сұраныс басқа кестелерден алынған өрістерден виртуалды кестелерді құруға мүмкіндік береді. Сұраныс (запрос) деп қандай да бір шарт бойынша мәліметтерді іріктеп алатын объектіні айтады. Ол мәліметтерді іздестіру үшін қолданылады. Мысалы, өте жақсы оқитын студенттерді анықтау.

Сұранысты конструктор режимінде құру терезесі екі бөліктен тұрады. Терезенің жоғарғы жағында мәліметтер таңдалатын кестелердің арасындағы байланыстар бейнеленеді. Терезенің төменгі жағына кесте өрістері, таңдау шарттары мен есептеу формулалары енгізіледі. Терезенің жоғарғы жағында тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы тізімге кесте қосуға болады. Кестені алып тастау үшін Delete пернесі қолданылады.

29-билет Дербес компьютердің қосымша құрылғылары

Дербес компьютердің қосымша құрылғыларына принтер, сканер, плоттер, модем, графикалық планшет және т.б. құрылғылар жатады.

Принтер дегеніміз мәтіндік және графикалық ақпараттарды компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған құрылғы. Принтердің түрлері: матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш, термографиктік, фотопринтер және т.б.

Матрицалық принтер дегеніміз барлық бейнелерді нүктелерден тұрғызатын шертпелі принтер.

Матрицалық (шертпелі) принтер бояғыш лента арқылы қағазды шерте отырып, символдарды немесе суреттерді басып шығарады. Инелер бір немесе екі қатарда орналасқан. Матрицалық принтерлер кез-келген символды матрица түрінде ұсынады.

Сия бүріккіш принтер мәліметтерді қағазға басып шығару үшін тар түтікше арқылы сияны бүрку тетігін пайдаланады.

Сия бүріккіш принтерде бір немесе екі картридж қолданылады. Екінші картридж түрлі-түсті сияға арналған. Принтерлерде екі түрлі сия қолданылады: суда ерігіш және пигменттік. Сия бүріккіш принтерлер матрицалық принтерлермен салыстырғанда сапалы әрі шуылсыз.

Лазерлік принтер мәліметтерді қағазға басып шығаруды лазерлік сәуленің көмегімен жүзеге асырады. Лазерлік принтерлерде қолданылатын құрғақ ұнтақ тәрізді бояу тонер деп аталады.

Термографиктік принтерлер - жылу арқылы жұмыс істейтін бастиегі бар, арнайы жылу сезгіш қағазға мәліметтер шығаратын, температуралық әрекеттестік принципінде жұмыс жасайтын басу құрылғысы.

Графикалық принтер – принтер мен плоттердің біріктірілген түрі. Графикалық принтер механизмі горизонталь бағытта қозғалатын жазу элементінен және қағазды вертикаль бағытта жылжыту құрылғыларынан тұрады. Барлық жылжу амалдары компьютердің басқаруымен орындалады.

Принтерлерді Hewlett Packard, Epson, Canon, Lexmark, Citizen және т.б. фирмалар жасап шығарады.

Сканер - қағазға жазылған ақпараттың кез-келген түрін оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізетін құрылғы.

Сканердің түрлері: қолмен басқарылатын, парақтық, планшеттік. Қолмен басқарылатын сканерді ұстап, оны парақтың үстімен жүргізіп өтеді. Оның кемшілігі: сканерді парақтың үстімен біркелкі жүргізіп өту керек. Парақтық сканер тек бір ғана парақты сканерлеуге арналған. Кітапты парақтық сканермен сканерлеу үшін оның әрбір парағын жеке-жеке сөгіп алып, сканерлейді. Планшеттік сканердің қызметі ксерокстік аппараттардың қызметіне ұқсас. Парақты немесе кітапты шынының үстіне қойып, сканер қақпағын жауып, сканерлейді. Планшеттік сканерлер өте ыңғайлы. Сканерленген парақ мәтінін айырып тану үшін арнайы программалар Fine Reader немесе Cunei Form қолданылады.

Плоттер (графиксалғыш) – графиктерді, күрделі графикалық кескіндерді, сызбаларды, суреттерді, карталарды түрлендіріп, қағазға сызып беретін график салу құрылғысы. Ол мәліметтерді, негізінен графиктік ақпаратты қағазға шығарады.

Модем - телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасу құрылғысы.

Модемнің түрлері: ішкі модем және сыртқы модем. Ішкі модем аналық тақшада орналасады. Ішкі модемнің телефон желісімен қосатын сыртқы қосқыш тарақшасы болады. Сыртқы модем - компьютер қорабынан тысқары, бөлек блок түріндегі модем. Ол компьютердің тізбекті портына, телефон желісіне, телефонның өзіне және ток көзіне жалғануы тиіс.

Флэш-жады - BIOS-ты сақтауға арналған, тұрақты сақтауыш құрылғыны алмастыратын энергия көзінен тәуелсіз жады. Мәліметтерді жазу USB-кабельдердің көмегімен жүзеге асады.

Флэш-жады арнайы драйверді қажет етпейтін кішкентай, жылдам, сенімді және әмбебап құрылғы. Ең алғашқы флэш-жадылардың көлемі 128, 256, 512 Мбайт болатын, қазір 1, 2, 4, 8, 16 Гбайт флэш-жадылар кеңінен қолданылуда.

31-билет ТСP/IP жүйелік хаттамасы. Web-беттер

Интернетпен жұмыс істейтін арнайы серверлерге ғылыми–техникалық жаңалықтар, бизнестік мәліметтер, файлдар (программалар, архивтер, анықтамалық құжаттар) енгізіліп қойылады. Серверлерге күнделікті жаңа мәліметтер де қосылып тұрады.

Интернет серверлері әртүрлі типті, яғни бір программалық жабдықтау бойынша жұмыс істей бермейді. Олардың бірі арқылы жіберілген деректерді басқаларының түсініп, оқуы үшін олар интернетте қолданылатын бір стандартты тілге аударылады. Ол жүйелік хаттама (протокол) деп аталатын TCP/IP (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol Тасымалдауды басқару протоколы) атаулы жіберу тілі(программасы). Яғни, TCP/IP - Интернетпен жұмыс істейтін барлық компьютерлердің негізгі тілі. Хаттамалар дегеніміз деректерді толық және қатесіз беруге келіскен және бекітілген ережелер.

IP дегеніміз желілік деңгейінің хаттамасы, ол ақпараттың қайда берілгенін анықтайды. TCP хаттамасы ақпараттың беруін басқаратын, мәліметтерді жөнелту ісін атқаратын транспорттық деңгей хаттамасы.

Хаттаманың қызметі – сервердегі бір тақырыпқа арналған мәліметтерді блоктарға бөліп, бір бумаға кірістіру және қабылдаушы сервер дұрыс түсінуі үшін оған тақырып атын жіберуші сервер адресі мен файл адресін енгізу. Әрбір қызметші сервердің IP – адрес деп аталатын тұрақты адресі бар.

Интернет тек дүниежүзілік желі емес, оның жұмысы – ақпараттық кеңістікке түрлі форматта қызмет көрсету. Қызмет ақпарат алмасатын түрлі хаттамаларға негізделген. Олардың ең көп тарағаны 1990 жылдардан бастап шыға бастаған. “Дүние жүзілік өрмек” - World Wide Web (WWW). Көбінесе оны қысқа түрде Web (Веб) деп атайды.

Веб–тің негізгі қызметі - қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететіні – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер, Веб–беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы - оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML атаулы арнайы тіл пайдаланылады (Hyper Text Markup Language – гипермәтіндік белгілеу тілі). Яғни веб – беттер серверде ерекше HTML форматында сақталады.

Web-бет дегеніміз желідегі барлық ақпаратты сақтайтын құжат. Web-бет кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Мысалы, жоғарғы оқу орны үшін мынадай Web-беттерді дайындалуы мүмкін:

Факультет атаулары, мамандықтар;

Кафедралар, олардың қызметкерлері жөнінде мәліметтер;

  • Әр жылда оқу орнын бітіруші студенттер тізімі.

Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Web-бетте жазылған сөз не сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме енгізілген мәтінді гипермәтін деп атайды. Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын не суретті белгілеуі мүмкін. Экранда көрінген Web-бетте гиперсілтеме басқа түске боялып, асты сызылып көрсетіледі. Гиперсілтеме бойынша келесі Web-бетті экранға шығару үшін сілтемеге көрсеткішті әкеліп, ол сұқ саусағы мәтінге бағытталған қол түріне айналған кезде тышқан түймесін шерту жеткілікті.

Интернеттің глобальды жүйесі 40-мыңнан аса әр түрлі локальды жүйелердің қосындысын құрайды. Әрбір локальды жүйе түйін немесе сайт деп, ал сайттың жұмысын қамтамасыз ететін заңды тұлға – провайдер. Сайт әдетте бірнеше компьютер – серверден тұрады. Олардың әрқайсысы ақпараттың анықталған түрін сақтауға арналған. Ақпаратты іздеу жүйесінің потенциалы (ИПС) (АІЖ) бүгінгі күнде жақсы дамыған. Қарапайым ортада кілттік сөз арқылы құжаттың арасынан ғана емес желілік адрес URL, серверлер атының арасынан, каталог және соңғы ақпараттық файлдар арасынан іздеуге мүмкіндік алуға болады.

World Wide Web жүйесін аралап көруді жүзеге асыратын арнайы программалық жабдықтамалар - web–броузерлер болады. Бүгінгі күнге дейін ең кең таралған браузерге Microsoft компаниясының Internet Explorer программасы жатады, ол Windows нұсқаларының кез келгенінің құрамында бар.

Web-беттерді көруге арналған программа броузер деп аталады. Браузер дегеніміз WWW қызметінің ресурстарын шолу бағдарламасы.

Броузермен жұмыс істеу өте қарапайым боп келеді, оның адрестік өрісіне web сайт немесе басты парақ адресін енгізіп, Enter пернесін басу жолымен Интернет арқылы сол адрестегі Web-бет мәліметі алынып, экранда бейнеленеді. Интернетке қосылу жылдамдығы мен web–сервермен байланысу сапасына және де парақ мәліметі көлеміне байланысты экранға керекті мәлімет бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылады. Web парақтың кеңейтілуі: .htm.

33-билет. Сызықты құрылымды алгаритім

Сызықты алгаритм дегеніміз-есепті шешуге арналған барлық амалдарды бірінен соң бірін ,тек бір бағытта орындайтын алгаритм.Мұндай алгаритмнің програмасында операторлардың орындалу тәртібі жазылуы тәртібімен бірдей. Ондай алгаритмдерді жүзеге асыру үшін алгаритмдік тілдің меншіктеу,деректерді енгіз және шығару операторларымен шектелуге болады.

Програмада екі сипаттау бөлімі ,ал операторлық бөлім үш оператор қолданылған: енгізу,меншіктеу,шығару операторлары.

МЕНШІКТЕУ – операторы белгілі бір мәнді немесе өрнек пен функцияның мәндерін анықтап оны берілген айнымалы шамаға беруге арналған.

32-билет Компьютерлік желі,оның түрлері.

Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда, компьютерлік желі деп байланыс арналарының көмегімен ақпараттарды үлестіріп өңдеу талаптарын қанағаттандыратын, бірыңғай жүйеге біріктірілген компьютерлер мен терминалдардың жиынтығын айтады.

Желілер құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер қорымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілердің түрлері

Бір-бірінен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және мәліметтер тасымалданатын физикалық орта арқылы біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер жиынтығын жергілікті желі деп атайды. Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады.

Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Бір желінің бірнеше сегменттерін біріктіруге арналған құралды хаб (шоғырлауыш) деп атайды. Хаб аралық жадта ақпарат жинайды, түзетеді және іріктейді, басқа арнаға тасымалдайды, жүйеде өңдеу үшін ақпарат дестелерін қарастырады. Ол жеткізу құрылғыларының қызметтік, сызба-құрылымдық және жылдамдық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Әрбір компьютер оған ұзындығы жүз метрден аспайтын сегмент арқылы қосылады. Олар 8, 12 жән 16 портты болады. Сондықтан оған соншама компьютерлер қосыла алады.

Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:

- құжаттарды ортақ пайдалану;

- мәліметтерді жеткізу жылдамдығы жоғары;

- құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;

- компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу;

- сервердегі қолданбалы программалармен оңай байланысу;

- принтерлерді, СD-RОМ мәлімет жинақтауыштарын, қатқыл дискілерді және көлемді қолданбалы программаларды ортақ пайдалану және т.б.

Аймақтық желілер (WAN) – алдын-ала анықталған әкімшілік-экономикалық (географиялық) аудандағы абоненттерді немесе осы аудандағы белгілі бір санаттағы абоненттер ауқымын қамтитын есептеу желісі. Ол географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады. Егер желі тұтас қаланы немесе қала ішіндегі бірнеше ғимаратты қамтитын болса, онда кейде оны аймақтық е желісі деп атайды.

Аймақтық желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте кашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе кешендік қызмет (ІSDN, Integrated Services Digital Network) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады.

30-билет. Интернет ұғымы.

Интернет дегеніміз - дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен байланыстыратын ең ауқымды желі. Интернет күннен-күнге қуатты екпін алып, оған көптеген компаниялар мен фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Қазіргі кезде интернет желісі компаниялар мен олардың тұтынушылары арасындағы байланыс дәнекері рөлін атқарып отыр. Мекемелер және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан кеңес беру, емдеу жұмыстары сияқты жұмыстар да осы Интернет арқылы жүзеге асырылады.

Кез-келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол), интерфейс, желілік программалық және техникалық құралдар тәрізді сипаттамалармен көрсетіледі.

Желі топологиясы – желінің геометриялық нысаны немесе есептеу машиналарының бір-біріне қатысты орналасуы. Желінің сызба-құрылымы желілік жеткізу ортасының және қосылған құрылғылардың физикалық орналасуын сипаттайды.

Желілік техникалық құралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.

Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.

Интерфейстер - желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.

Протоколдар - желінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережелері. Функциональдық элементтер ролін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттық және программалық интерфейстер қарастырылады.

23-билет. Windows операциялық жүйесінің жұмыс істеу жылдамдығын арттыру.

Windows операциялық жүйесі интерфейсінің жетістіктерінің бірі - оны өзгерту мен баптау мүмкіндіктерінің мол болуы. Баптау - жұмыс уақытында операциялық жүйенің ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жүйе параметрлерін реттеу процесі.

Операциялық жүйені баптау арқылы тілдік параметрлерді, электрмен қоректенуін, экранды, қаріптерді, қауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығын, пайдаланушының тіркелу жазбаларын өзгертуге болады. Ол бағдарламалар қосуға және жоюға, құрылғылар жұмысын қадағалауға мүмкіндік береді. Операциялық жүйені басқару тақтасы арқылы баптауға болады. Басқару тақтасы дегеніміз жұмыс ортасын ыңғайластыратын арнайы терезе.

Экранды баптау терезесін екі түрлі жолмен шақыруға болады:

    1. Жұмыс үстелінің бос жерінде тышқанның оң жағын басып, жанама мәзірден «қасиеті» командасын таңдау;

    2. Іске қосу (Пуск) – Басқару тақтасы – Экран командалар тізбегін орындау.

Сұқбат терезесі тақырыптар, жұмыс үстелі, экранның тұрақты көрінісі (screensaver), безендіру және параметрлерді қамтиды. Тақырып дегеніміз Windows операциялық жүйесінің әртүрлі графикалық элементтерін баптауға арналған параметрлердің ортақ жиынтығы. Жұмыс үстелінің көрінісі, орналасуы, түсі «жұмыс үстелі» терезесі арқылы өзгертіледі. Жұмыс үстелінің көрінісі ретінде кез-келген суретті таңдауға болады. Экранның тұрақты көрінісі пайдаланушы белгілі уақыт аралығында (1-5 минут) жұмысын уақытша тоқтатқанда іске қосылады. Ол экрандағы мәліметтерді қалқалап, сырт көзден уақытша жасырып, қозғалысты кескіндерді экран бетіне шығаратын программа. Басқа пайдаланушының мәліметтерді рұқсатсыз қолдануынан қорғау үшін, экранның тұрақты көрінісін өзгерту кезінде, пароль қою қажет. Осы мәзір арқылы монитордың электр энергиясын үнемдеу параметрлерін өзгертуге болады. Безендіру терезесі жұмыс үстелінің терезелері мен батырмаларын, сызба түсі және қаріп мөлшерін өзгертуге арналған. Параметрлер терезесі экранда толығымен бейнелене алатын кескіннің ең көп шамасын, яғни экранның шешуін анықтайды. Экранның шешуі бейнеадаптердің картасына және мониторға байланысты.

24-билет Электрондық кестенің негізгі ұғымдары

Электрондық кесте дегеніміз жолдар мен бағаналардан тұратын кесте түрінде реттелген ақпаратты өңдеу программалары. Электрондық кесте функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізеді, түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттейді, тиімділеу мәселелерін шешеді, белгілі бір шартты қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алады, графиктер мен диаграммаларды тұрғызады, мәліметтерді статистикалық талдайды.

Місrosoft фирмасының Ехсеl программасы — кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Ехсеl жәй программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кез-келген ақпараттың құрылымын реттеудің, сипаттаудың және өңдеудің арнайы моделі. Ехсеl программасы кестелік есептеулерді орындауға, кестеде берілген ақпараттар негізінде әртүрлі диаграммалар құруға, мәліметтер базаларын құрып, олармен жұмыс істеуге және т.б. мүмкіндіктер береді.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан (тік және жатық жолдар) тұрады. Ехсеl программасында 65536 жол және 256 бағана бар. Электрондық кестенің негізгі элементі – ұяшық. Ұяшық дегеніміз жол мен бағананың қиылысында тұрған торкөз. Оған мәтін, сан немесе формула енгізуге болады.

Ехсеl программасы енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ әріп немесе " " (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Теңдік "=" белгісінен басталса, онда ол ұяшыққа формула енгізілетінін білдіреді.

Мәтін - кез-келген символдар жиынтығы. Егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді " символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа орналасады. Егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады (бірақ ЭЕМ жадында толық сақталады).

Электрондық кесте ұяшықтарына сандарды =, +, - таңбаларымен бірге енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса, онда Ехсеl санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына #### символдарын қояды (бірақ ЭЕМ жадында ол саннын барлық разрядтары толық сақталады).

Ехсеl-де кез-келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ол бос орынсыз жазылады және 240 символға дейін енгізе алады. ¥яшыққа С1+Ғ5 формуласы =С1+Ғ5 түрінде жазылады. Бұл С1 ұяшығындағы мәліметке Ғ5 ұяшығындағы мәліметтің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.

46 -билет Массив элементтерін енгізу жолдары

Массив –бір типті көп элементтен трады.Массивпен оның атын шақыру арқылы жұмыс істейміз.Массивтің кез-келген элементін таңдауға болады.Ол үшін оның тұрған орнын көрсететін индиксті көрсету керек.Массив элементінің саны оны анықтап хабарлағанда белгіленеді.содан соң өзгермейді.Егер массив хабарланған болса, онда оның кез-келген элементін массивтің атын және элемент индиксін квадрат жақшаның ішінде көрсету арқылы оқуға болады.Массивтер айнымалылар сияқты анықталады.int a[100]-100 элементтен тұратын және бүтін саннан тұратын массив хабарланған.Массив индиксациясы 0-ден басталады.

Екі өлшемді массивтер бір өлшемді массивтер сияқты сипатталады.Екі өлшемді массив элементтері қатар бойынша сипатталады.

Си тілінде көрсеткіштнр мен массивтер арасында өте үлкен байланыс бар.Массивтердің индиксі арқылы орындалатын кез-келген операцияны көрсеткіштің көмегімен орындауға болады.

Массив элементтерін енгізу және шығару цикл арқылы жүзеге асырылады. Егер элементтерді ендіру үшін Read операторы қолданылса, онда элементтер бір қатарға жазылып енгізіледі. Ал Readln операторы қолданылса, онда әр элементті жаңа қатардан енгізу керек.

Бағдарламаның орындалу нәтижесінде N элементтен тұратын массив элементтерін пернетақтадан енгізуді ұйымдастырады, бағдарламада циклді оқығанда Read операторын N рет оқып тоқтап, массив элементтері мәндерін қашан пернетақтадан енгізгенше күтіп тұрады, бұл жерде К айнымалысы цикл параметрі қызметімен қоса массив индексі ретінде де қолданылып тұр.

Кейде бағдарламаның әр орындалуында массив элементтерінің мәндерін қайта-қайта пернетақтадан енгізу керек болады, бұл әсіресе енгізілетін элементтер саны өте көп болған кездерде бағдарлама орындаушы кісіні жалықтырып жібереді, сондықтан бұндай жағдайларда оларды бірден тұрақтылар бөлімінде енгізіп қойса да болады:

Массив элементтерін шығару процесі де енгізуге ұқсайды. Егер цикл денесінде элементтерді шығару үшін Write операторы қолданылса, онда массив элементтері экранға бір қатарға бір-біріне жабысып жазылып шығады. Бұл жағдайда нәтиженің көрнекілігін арттыру үшін Write операторында массивтен кейін бос орын жазылады. Ал Writeln операторы қолданылса, онда массивтің әрбір элементі жаңа қатарға жазылып шығады.

Кейбір есептеулерде белгілі бір шарттың орындалуына байланысты массив элементтерін іздеп табу керек болады. Ол үшін цикл арқылы массивтің барлық элементтерін берілген шамамен салыстыру процесін ұйымдастыру керек. Егер циклдің әр орындалуында массивтің жаңа элементі берілген шартты қанағаттандырса, онда бұл элемент ізделінген элемент болып табылады.

12-билет. Архиваторлар.

Көптеген мәліметтердің көлемі артық болады. Құжаттарды сақтағанда, тасымалдағанда олардың көлемін қысып, кішірейтуге болды. Файлдарды қысуға архиваторлар қолданылады.

Сығылатын мәліметтердің нысанға байланысты бөлінуі: файлдарды қысу (электронды желілердің арналары арқылы беру немесе көлемі аз жинақтауышпен тасымалдау үшін файл өлшемін азайту), бумаларды тығыздау (мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтау ушін архивтеу), дискілерді тығыздау (жұмыс кеңістігін қолданудың тиімділігін арттыру).

Ақпаратты жоғалтып қысу әдістері тек қана мазмұнының бір бөлігі жоғалғанда оның қасиеттері төмендемейтін мәліметтер типтеріне қолданылады. Бұл мультимедиа мәліметтері. Осындай қысуды қасиетті форматтары сызбалық файлдар үшін *.JPG, бейнемәліметтер үшін *.MPG, дыбыс мәліметтері үшін *.MP3.

Егер де мәліметтерді қысу кезінде тек қана олардың құрамы өзгерсе, онда нәтижелік шарттаңбадан бастапқы массивті қайтадан өңдеуге болады. Мұндай типтер кез-келген мәліметтер типтерін қысуға қолданылады. Ақпаратты жоғалтпай қысу сипаттамалы форматтар: графикалық файлдар үшін *.GIF, *.TIF, *.PCX; бейнемәліметтер үшін *.AVI; кез-келген мәліметтер типтері үшін *.ZIP, *.ARJ, *.RAR, *.LHA, *.CAB.

Қысудың негізгі форматтары *.ZIP, *.ARJ, *.RAR болып табылады.

Архивтерді құруға және оларға қызмет жасауға негізделген бағдарламалық құралдардың функционалдық мүмкіншіліктері өте көп. Көптеген архиваторлардың орындайтын базалық функциялары: архивтерден файлдарды шығару; жаңа архивтерді жасау; файлдарды архивтерге қосу; өздігінен ашылатын архивтерді жасау; таратылған архивтерді жасау; бұзылған архивтерді қайтадан өңдеу; архивтерді қараудан және рұқсатсыз өзгертуден сақтау.

Компьютерлік желілерде қарапайым жергілікті бір жүйе ішінде орындалатын шабуылдардан басқа желілік ресурстар мен ақпараттың таратылуына байланысты алыстан шабуылдар жасалады. Коммерциялық мақсатпен ауқымды желілерді пайдалану, және де құпия ақпаратты тасымалдау ақпараттың тиімді қорғау жүйесін құруды талап етеді. Ішкі желілер үшін ең мұмкін болатын қауып-қатерлерден сақтауды желіаралық экрандар көмегімен орындауға болады. Желіаралық экрандардың компоненттерінің көбісін келесі үш категорияның біреуіне жатады деп есептеуге болады: сүзетін маршрутизаторлар, желілік деңгейдегі шлюздар, қолданбалы деңгейдегі шлюздар.

Ақпаратты сақтау және қорғауын қамтамсыздандыру үшін вирустарға қарсы қорларын тұрақты жаңартып тұру қажет, резервті көшіруді орындап, қауіпсіздік саясатын сауатты қолдану керек.

5-билет. Мәліметтерді жинақтауыштар. Олардың түрлері.

Мәліметтерді жинақтауыштар дегеніміз мәліметтерді жазып сақтауға арналған сыртқы жады. Мәліметтерді сақтау құрылғысына байланысты магниттік, лазерлік дискілер, магниттік таспадағы жинақтауыштар болып бөлінеді. Магниттік диск - жалпақ дөңгелек табақша немесе диск түрінде жасалған, беті магниттік қабықшамен қапталған металл немесе шыны пластина. Олардың иілгіш және қатқыл түрлері бар.

Қатқыл магниттік диск (винчестер) – қабаттасқан біртұтас бірнеше металл немесе шыны дискілерден тұратын, жедел жұмыс атқарып, көлемді ақпарат мөлшерін сақтайтын мәлімет жинақтауыш. Қатқыл магниттік дискінің негізгі сипаттамалары: сыйымдылығы, бағасы және жұмыс жасау жылдамдығы.

Қатқыл диск ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып, жүйелік блокқа орнатылады

Қатқыл дискіге  «винчестер» деген атау әуелі қалжың ретінде берілген болатын, өйткені бұл құрылғының кейбір техникалық сипаттамалары шынында да осы бір американдықтардың танымал мылтығына ұқсас келетін. Кейін бұл атау үйреншікті болып кеткендіктен, винчестер деп тек қана мылтықты емес қатқыл дискіні де атайтын болды.

Қазіргі заманғы компьютерлердің барлығында дерлік ақпаратты сақтау үшін негізгі құрылғы ретінде қатқыл диск қолданылады.

Иілгіш магниттік диск (дискет) – магниттік қабыршағы бар иілгіш диск түрінде жасалған компьютердің алмалы-салмалы /сыртқы сақтауыш құрылғысы. Иілгіш дискінің диаметрі 89 мм, яғни 3,5 дюйм болса, оны микродиск деп атайды. Диаметрі 133 мм иілгіш магниттік диск: мини-диск.

Иілгіш магниттік дискінің көлемі 1,44 мегабайт. Дискеттер қатты пластмасса қорапта орналасады, сол себепті олар ұзақ әрі сенімді қызмет атқарады.

CD және DVD дикжетектері ақпарат тасымалдау мүмкіндігін берді.

Оптикалық (лазерлік) диск – лазерлік технология арқылы мәлімет жазу мен оқуға арналған ақпарат жинақтауыш. Оптикалық дискідегі жинақтауыштардың ерекшелігі – жұмыс жасау жылдамдығы жоғары және мәліметтер сыйымдылығы үлкен.

Үлкен көлемде ақпарат тасымалдау үшін CD-ROM компакт-дискілерін қолданған тиімді. CD-ROM («Compact Disk Read Only Memory» - жады оқылатын компакт диск) ақпаратты сақтау үшін кең көлемде қолданылатын ақпарат тасымалдаушылардың бірі. Компакт дискінің ақпарат сыйымдылығы 650-700 МБайт шамасында.

Компакт-дискілерде барлық мәлімет иілгіш дискілердегідей магнитті емес, оптикалық принциппен сақталады. Дискідегі барлық мәлімет лазерлік сәуленің көмегімен оқылады.

Компакт-дискідегі мәліметтерді оқу үшін CD-ROM дискжетегі қолданылады. CD-ROM дискжетегінің негізгі параметрі – оқу жылдамдығы. Оқу жылдамдығының өлшем бірлігі ретінде 80-жылдары музыкалық компакт дискілердің (аудиодискілер) оқу жылдамдығы ретінде белгіленген өлшем бірліктер қолданылады. Қазіргі заманғы CD-ROM дискжетектерінің оқу жылдамдығы 40х–52х. Компакт-дискілердің CD-R (Compact Disk Recordable) және CD-RW (Compact Disk ReWritable) деген түрлері болады. CD-R дискілерге ақпаратты бір рет, ал CD-RW дискілерге бірнеше рет жазуға болады.

DVD (ағылш. Digital Versatile Disc – көпмақсатты сандық диск немесе Digital Video Disk – сандық видеодиск) – сыртқы түрі компакт-дискіге ұқсағанымен, одан да көп мөлшерде мәліметті сақтауға мүмкіндік беретін ақпарат тасымалдаушы. DVD-дің қарапайым компакт-дискіден айырмашылығы ондағы мәліметті оқып-жазу үшін қысқа толқынды лазер қолданылады. Бірқабатты біржақты DVD-дің ақпарат сыйымдылығы 4,7 ГБайт. DVD бір немесе екі жақтан немесе екі жақ бетінде де орналасатын екі қабаттан тұруы мүмкін. Алғашқы осындай дискілер мен ойнатқыштар 1996 жылдың қараша айында Жапон елінде, 1997 жылдың наурыз айында АҚШ-та пайда болды.

DVD-дің оқу/жазу жылдамдығы - 1 385 000 байт/с шамасында. (1352 КБайт/с=1,32 МБайт/с)

Blu-ray Disc немесе қысқаша BD (ағылшынша blue ray – көгілдір сәуле және disc - диск) – сандық деректерді, соның қатарында жоғары сапалы видеоны сақтау үшін қолданылатын оптикалық дискілердің жаңа буыны.

Бірнеше секторлардан тұратын файлдарды жазуға арналған магниттік дискідегі жады бірлігі кластер деп аталады. Ол операциялық жүйемен бөлінетін дискідегі жадының блогын құрайды. Бір кластерге жеке файл немесе оның бөлігі жазылуы мүмкін. Операциялық жүйеде әрбір кластерге ерекше нөмір беріледі. Сыйымдылығы 1,44 мегабайт дискеттерде әрбір кластер бір секторға тең. Қатқыл дискіде бір кластерде 1, 2, 4, 8 және одан да көп секторлар болуы мүмкін.

Контроллер – компьютердің жеке құрылғыларының жұмысын басқаратын электрондық схема. Контроллер құрылғы сигналдарын шинаның сигналдарымен сәйкестендіреді және орталық процессордан түскен командалар бойынша құрылғыларды басқарады. Индикатор – құрылғының қалып–күйін, мәліметтердің өзгерісін немесе программаның орындалуын көрсетуге арналған.

58-билет. Меншіктеу операторы. Берілгендерді енгізу және шығару операторлары.

Меншіктеу операторы – белгілі бір мәнді немесе өрнек пен функцияның мәндерін анықтап,оны берілген айнымалы шамаға беруге арналған.Оның жазылу түрі мынадай:[Айнымалы аты]:=[сан,өрнек,функция];

Мысалы, К:=5; X:=6.5; Z:=0.25*cos(x)+sqrt(x*y+y*y);

K:=K+1;

Меншіктеу оп-дағы айнымалы шама мен меншіктеу белгісінің (:=) оң жағында орналасқан өрнектердің типтері бірдей болуы тиіс.Бұл тәртіпке бағынбайтын мынадай жағдайлар бар:1)айнымалы шама нақты типке,ал өрнек бүтін типке жатады;2)өрнек айнымалының типімен салыстырғанда шектелген тип.

Енгізу операторы берілген мәндерді комп.жадына енгізуге арналған. Read(X1,x2,x3,…xn); readln(y1,y2,y3,…ym); readln;

Шығару операторы есеп шешілгеннен кейін оның нәтижесін алу үшін қолданылады. Жазылуы: write(u1,u2,u3,…uk); writeln(v1,v2,v3,…vn);writeln;

Соседние файлы в папке Экзамен