Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
670.87 Кб
Скачать

16.7. Файлды тасымалдау хаттамасы (ftp) және ftp-mail серверлері

Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTP атаулы қызметші хаттамасы пайдаланылады (file Transler Protocol – файлды тасымалдау хаттамасы).

Файлдар барлық компьютерлер серверлерінде сақтала берілмейді. Оларды сақтап, FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер (файлдарды сақтау қоймалары) бар. Олар FTP-серверлер. FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады.

FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Explorer терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін, мысалы ftp://ftp.Relcom.ruсияқты адресті енгізу керек. Экранға кәдімгі компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін сервер беті шығады. Каталогты шертіп, ішкі каталогқа өтуге және файлды шертіп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны пайдаланған дұрыс.

Желіге тек электрондық почта арқылы кіретін абоненттерге не істеу керек? Олар үшін FTP–архивтерімен байланыс жасау жүйесі FTP-mail серверлері деп аталатын, кейбір негізгі тораптағы компьютерлерде орналасқан арнайы программа қызмет атқарады.

FTP-mail сервері әр компьютерден электрондық почта арқылы тапсырма алады, FTP арқылы қажетті FTP–архивімен байланыс жасап, алынған тапсырманы орындайды да, жұмыс нәтижесін электрондық почта арқылы қайтадан тапсырма берген компьютерге жібереді.

Көбінесе FTP-mail серверлері жеке компьютерлердің (өздерінің арнайы почталық файл серверлері жоқ), жергілікті архивтеріндегі мәліметті алу үшін қолданылады. Кейбір почталық файл серверлері өз командалары жиыны ішінде FTP-mail серверіндегі сияқты командаларды пайдалана алады. Өз командалары ішінде FTP-архивімен байланысуды сұрайтын команда кездестірсе, ол бірден FTP-mail сервері режимінде жұмыс істей бастайды. Сервермен байланысқанда хат тақырыбын көрсету қажет емес, сервер Subject (обьект) өрісін қарастырмайды.

FTP-mail серверіне арналған команданы қатардағы бірінші позициядан бастап теру керек. FTP-архивімен бірден байланыса алмаған жағдайда сервер онымен қатынасуды бірнеше рет қайталап орындауға тырысады, олардың арасында 6 сағаттай уақыт өтуі керек. FTP-mail сервері көлемі 10 Мб–тан аспайтын файлдарды ғана жібере алады. 60 Мб–тан асатын файл бірнеше бөлікке бөлініп, әрқайсысы бір хат ретінде жіберіліп отырады.

Соседние файлы в папке Махлуматтар