Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Скачиваний:
27
Добавлен:
20.02.2017
Размер:
160.77 Кб
Скачать

1.Процедуралар мен функциялар

Процедура. Кез келген процедура программа блогына ұқсас түрде жазылады да, оның тақырыбы мен тұлғасы болады. Процедура тақырыбы procedure түйінді сөзінен, оның идентификаторынан (атынан) және жай жақшаға алынып, типтері жазылған көрсетпелі параметрлер тізімінен тұрады. Қажет болмаған жағдайда параметрлері жазбай кетуге рұқсат етілген. Негізгі программа көлемінде осы бөлікте көрсетілген әрекеттерді орындауы тиіс. Процедура тұлғасы тәуелсіз блок тәрізді жазылады да, шағын программа түрінде қарастырылады.

Процедурадағы сипатталған белгілер, тұрақтылар, типтер және т.б тек процедура ішінде ғана анықталған болып саналады. Процедура ішінде негізгі программада сипатталып анықталған кез келген ауқымды (глобалды) айнымалылар мен тұрақтыларды пайдалануға рұқсат етілген.

Procedure <аты> (көрсетпелі параметрлер тізімі );

Const … ;

Type …;

Var …;

Begin<операторлар>End;

Процедура өздігінен орындалмайды, оның атын және нақтылы параметрлерін жазу арқылы шақырып орындау керек. Процедураны шақыру жолындағы нақтылы параметрлер саны мен типтері осы процедураны сипаттауда анықталған көрсетпелі параметрлер саны мен типтеріне сәйкес келуі тиіс

Функциялар. Функция деп жұмыс нәтижесінде бір ғана мәнді анықтайтын операторлар тізбегін айтамыз. Тұтынушы анықтаған функцияныңтақырыбы Function (функция) деп аталатын түйінді сөз бен одан кейін жақша ішінде көрсетпелі немесе формалды параметрлер деп аталатын аргументтер мен солардың типтерінен тұрады. Тақырыптың соңында нәтиженің типі, яғни функцияның мәнінең типі көрсетіледі.

Одан кейінгі келесі қатарлар, барлық програмалардағы сияқты белгі таңбаларының анықтамалырынан, тұрақтылардан және айнымалыларды сипаттаудан тұрады. Функцияның негізгі қызметін оның тұлғасы – BEGIN және END сөздерінің арасында орналасқан операторлар атқарады да, ең соныңда “ ; ” қойылады. Оның жалпы жазылуы:

Function <аты > (көрсетпелі параметрлер тізімі ):<нәтиже типі>;

Const …;

Type …;

Var …;

Begin < операторлар >End;

Функция операторлар бөлімінде ең аз дегенде функция атына мән меншіктейтін бір оператор болуы тиіс. Негізгі програмадағы функцияны шақыру нүктесіне оның ең соңғы меншіктелген мәні беріледі. Сонымен қатар функция атын тікелей өрнектердің ішіне жазып, оны басқа обьектілердің параметрі (аргументі) ретінде де пайдалану мүмкіндігі бар.

2.Тармақты алгоритмдердің орындалу ерекшеліктері

Тармақталу алгоритмінің құрылымы қарапайым болып келеді. Мұнда арифметикалық теңсіздік (теңдік) түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, онда алгоритм бір жолмен, ал орындалмаса екінші жолмен жүзеге асырылады, яғни есепті шығару жолы тармақталып екіге бөлініп кетеді. Тармақталу алгоримтмдеріне шартты тексеру блогы міндетті түрде кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктармен 1 кіру және 2 шығу сызықтары арқылы байланысады. Көбінесе тармақталу алгоритмдері екі түрде кездеседі, олар «таңдау» және «аттап өту» мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі. «Таңдау» жолымен тармақталуда берілген шарт тексеріледі, егер ол шарт орындалса, онда 2-амал жүзеге асырылып, содан кейін келесі 3-амалға көшеміз. Ал, егерде шарт орындалмаса, яғни оның орындалу мүмкіндігі жалған болса, онда 1-амал атқарылып, содан кейін 3-амал атқарылады. Сонымен, шарттың ақиқат немесе жалған болуына байланысты 1-амал немесе 2-амал орындалады.

аппааппапааааыыы

арвпы

1

«Аттап өту» алгоритімінде шарт орындалса, 1-амалды аттап өтіп, бірден 2-амалды, содан кейін 3-амалды орындаймыз. Ал шарт жалған болса, онда 1-амал міндетті түрде орындалып, одан кейін 2- және 3-амалдар жүзеге асырылады. Тармақталу кезеңінде шартты тексеру блогы орындалуы барысында, алгоритмнің екі мүмкіндігінің тек біреуі ғана таңдап алынып жүзеге асырылады, ал екінші таңдап алынбаған тармақ біріктіру нүктесіне дейін орындалмай қалады.

18 емтихан билеті

1.Case командасының құрылымы. CASE таңдау операторы көп тармақтары алгоритмдерді барынша қарапайым және көрнекті түрде жазуға мүмкіндік береді. Оның құрамында селектор деп аталатын өрнек және параметрлер тізімі болуы тиіс, әрбір параметрге сәйкес таңдау тұрақтылары болуы қажет. Таңдау командасы былай орындалады. Алдымен, селектор-өрнек мәні есептеледі де, ол тұрақтылармен салыстырылады. Егер өрнектің мәні 1-тұрақтыға тең болса, онда 2-оператор, 3-тұрақтыға тең болса, онда 3-оператор, т.с.с. тізімдегі тек бір ғана оператор орындалады да, таңдау командасы осымен аяқталады.

Соседние файлы в папке 5.Алгоритм и языки программ