Добавил:
instagram.com Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_aza_1179_stan_Respublikasyny_1187_khaly_1179_araly_1179__1179_arzhyly_1179_instituttaryny_1187__1179_yzmeti(1).pptx
Скачиваний:
30
Добавлен:
26.10.2017
Размер:
931.07 Кб
Скачать

Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді: 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат

16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал — Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі 4 есеп беретін ұйым:

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны 3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны 4. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Қазақстан Республикасы Қаржы

министрлігі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі

құрамына енетін орталық атқарушы органы. Министрліктің негізгі міндеттері бюджеттiң атқарылуы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру, республикалық бюджеттің және оның құзыретіне жатқызылған жергілікті бюджеттердің орындалуы бойынша бюджеттік есеп және бюджеттік есеп беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу, республикалық меншікті басқару сферасында, сондай-ақ банкроттық сферасында (банктер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда), заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (ізін жасыруға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету, сонымен қатар салалық саясат пен кедендік іс саласындағы саясатты қалыптастыруға және жүзеге асыруға қатысуға басшылық ету және салааралық үйлестiру болатын орталық атқарушы орган болып табылады.

Министрлік мекемелері:

1. Қазынашылық комитеті

2.Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

3.Қаржылық бақылау комитеті

4.Қаржы мониторинг комитеті

5.Мемлекеттік сатып алулар комитеті

6.Мемлекеттік кірістер комитеті

Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, Банктер аралық қызмет атқарып ақша нарығында тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. Қазақстанда 40-қа жуық банктер бар.

Қазақстан Халық Жинақ Банкі

ҚР «Каспийский» Банкі АҚ

«Еуразиялық банк» — Қазақстанның ірі банктерінің бірі. 1994 жылы жабық акционерлік қоғам түрінде Алматы

қаласында құрылған. Жарғылық қоры 3 млрд. теңгеден астам. Еуразия банкінің Павлодар, Қостанай облыстары мен Ақтөбе қаласында филиалдары бар.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!