Добавил:
instagram.com Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
delta_bank.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
26.10.2017
Размер:
53.18 Кб
Скачать

1.1«Delta Bank» ақ» даму кезеңдері

1993 Жыл 1 қыркүйек «Нефтебанк» Жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінен алғашқы мемлекеттік тіркеуден өтті.

  • 1994 жыл 8 сәуір Жаңаөзен қаласында Банктің бірінші филиалы ашылды.

  • 1994 жыл 29 қараша Банк Қазақстан Республикасының Банктер Ассоциациясының мүшесі болды.

  • 1994 жыл 6 сәуір «Нефтебанк» Ашық Акционерлік Қоғамы болып қайта тіркеуден өтті.

  • 1995 жыл 23 мамыр Банк филиалы Орал қ. ашылды.

  • 1997 жыл 24 ақпан Банк филиалы Алматы қаласында ашылды.

  • 1997 жыл 26 ақпан Банк филиалы Атырау қаласында ашылды.

  • 1997 жыл 26 ақпан Банк Халықаралық Банкаралық Қаржылық Телекомуникациялық SWIFT Жүйесімен (Бельгия) – ақпаратты қамсыздандыруды лицензиялауға Шарт жасасты.

  • 1998 жыл 15 сәуір Банктің «А» категориялы жай акциялары (ұлттық сәйкес нөмірі KZ1C36500011) «Казақстан Қор Биржасы» АҚ-ң сауда тізіміне қосылды.

  • 1998 жыл 28 сәуір Банк филиалы Ақтөбе қаласында ашылды.

  • 1999 жылдан «Нефтебанк» АҚ Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығының Мүшесі.

  • 2000 жыл 16 қараша Банк «Казақстандық кепілдік ету қоры (сақтандыру)» АҚ жеке тұлғалардың салымдарын ұжымдық кепілдік ету (сақтандыру) жүйесінің қатысушысы болып табылады. Куәлігі № 0013.

  • 2000 жыл 9 қараша Банк «Нефтебанк» Акционерлік қоғамына қайта тіркеуден өтті.

  • 2000 жыл 1 желтоқсан Банк Республикалық Мемлекеттік Банкаралық Есеп - айрысудың Қазақстандық Орталығындағы кәсіпорнымен шартқа қол қойды және Банкаралық Ақша Аударымдары Жүйесінің (БААЖ) қатысушысы атанды.

  • 1998 – 2001 банк саласында Norvegian Banking Resources және Rabobank бірлесіп Дамуды қаржыландыру және Кәсіпкерлікті Дамыту бағарламаларының шегінде «Twinning» қызметтік тәжірибе алмасу жобасын өткізу.

  • 2001 жыл 16 мамыр Банк (IFC) Халықаралқ Қаржы корпорациясынан 7 жылға дейінгі 2,5 миллион АҚШ долларын 5 жыл жеңілдігімен қосылған синдикатталған заемын акцияға арналған опционымен бірге алды.

  • 2001 жыл 5 маусым Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен Шартқа қол қойып ұлттық валютадағы – теңгедегі корреспондентттік шот ашты.

  • 2001 жыл Дүниежүзілік банк желілелері бойынша банктерге техникалық көмек көрсету бағдарламасы шегіндегі халықаралық «Twinning» стандартына көшу жұмыстары аяқталды.

  • 2002 жыл 11 наурыз Банк «Банк ЦентрКредит» АҚ халықаралық Western Union жүйесімен ақша аударымдары қызметін көрсетуге Келісімге қол қойды.

  • 2002 жыл 10 қараша Банк VISA Internationalдың Қауымдастырылған Мүшесі мәртебесін иеленді.

  • 2003 жыл Қаржылық есеп беру Халықаралық Стандарттарға сәйкес аудиторлық есеп берумен расталды.

  • 2004 жыл 27 сәуір Банк SWIFTNet қызметін көрсету үшін Ұлттық Банктің Банкаралық Есеп-айырсу Орталығының Республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен шартқа қол қойылды.

  • 2005 жыл 1 ақпан "Нефтебанк" Акционерлік қоғамыны Мемлекеттік қайта тіркеуден өтті.

  • 2005 жыл 5 сәуір «Ипмексбанк» АҚ-мен ақша қаражаттарының аударымдарын «Быстрая Почта» жүйесімен орындау үшін корреспонденттік шот шартының Қосымша Келісіміне қол қойды.

  • 2005 жыл 23 маусым Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды қадағалау агенттігі Банктің 5 000 000 жай акцияларының шығарылуын мемлекеттік тіркеуден өткізді (ұлттық сәйкестік нөмірі KZ1C36500011).

  • 2005 жыл 12 қыркүйек Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды қадағалау агенттігі "Нефтебанк" АҚ 30 000 000 купонды субординияланған облигацияларының алғашқы шығаруларын мемлекеттік тіркеуден өткізді ((ұлттық сәйкестік нөмірі KZ2CKY07B717).

  • 2006 жыл 18 ақпан «Нефтебанк» АҚ-на корпоративті басқару Кодексі Бекітілді.

  • 2006 жыл 18 ақпан «Нефтебанк» АҚ-ның Басқарма Төрағасы болып Есентугелов Ж.А. тағайындалды.

  • 2006 жыл 2 наурыз Банк «Бірінші несие Бюросы» ЖШС-тің қатысушысы болып тағайындалды.

  • 2006 жыл 13 маусым Банктің Ақтау қаласында филиалы ашылды.

  • 2006 жыл 15 маусым «Нефтебанк» АҚ-ның Орталық офисі Ақтау қаласынан Алматы қаласына көшті.

  • 2006 жыл 22 маусым «Нефтебанк» АҚ банктердің ұлттық және шетел валюталарында банктік және басқа да операцияларды жүрзізуді жүзеге асыруына Лицензия алуы.

  • 2006 жыл 26 желтоқсан Банктің Астана қаласында филиалы ашылды.

  • 2007 жыл 19 қыркүйек «Delta Bank» АҚ Орталық офисінің Ресми ашылуы.

  • 2007 жыл 2 қазан «Delta Bank» АҚ банктік және өзге операцияларды жүргізуге Лицензия алуы.

  • 2007 жыл 24 қазан «Delta Bank» АҚ банктік және өзге операцияларды жүргізуге бағалы қағаздар нарығында іс-әрекет орындауға Лицензия алуы.

  • 2007 жыл 1 қараша «Delta Bank» АҚ жарияланған жаә акцияларын енгізу есебінен «Delta Bank» АҚ жарғы капиталының 5,525 млрд. теңгеге дейін өсуі

  • 2007 жыл 15 желтоқсан Банк филиалының Тараз қ. ашылуы.

  • 2008 жыл қыркүйек Халықаралық рейтингтік «Moody`s Investors Service» агенттігі «Delta Bank» АҚ ұзақ мерзімді В3 рейтингін және қысқа мерзімді Non-Prime және депозиттік қаржылық тұрақты Е+ рейтингтерін («BFSR») иелендірді.

  • Ақша аударымдарының жаңа (Лидер, BLIZKO) жүйелері енгізілді. Жүйе әлемнің көптеген елдеріне аударымдарды жөнелтуді орындайды;

  • Банктің сатылатын шетел валютасын «Қазақстандық қор биржасына» жедел жеткізу тәртібінде аудару;

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен Банкке ҚР ҰБ РЕПО операцияларын жүргізуге мүмкіншілік беретін стандартты шарттар мен терминдер туралы Келісімшарт жасасты.

  • Банктің жай акциялары «Акциялар» секторының 3 санатына аударылды.

  • Субординирленген акциялар «Рейтингтік бағалаусыз борышты бағалы қағаздар» санатының 2 қосымша санатына аударылды.

  • 2009 жыл наурыз «КазАгро Ұлттық Холдингі» АҚ - ң инвестициялық жобаларды және агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін несиелендіруді жүзеге асыру, сонымен қатар көктемдік-егістік жұмыстарды жүргізу туралы «Өзара түсіністік пен серіктестік туралы меморандумына» қол қойылды. Осы бағдарлама шеңберінде «Delta Bank» АҚ-на 4 696 060 000 шегінде теңге бөлінді.

  • 2009 жыл сәуір «Delta Bank» АҚ Ауылшаруашылық кәсіпкерлердің арасындағы кеңейтілген клиенттік базаны ескере отырып, Қазақстан Республикасының экономикасы модернизациясының сауалдары жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының 2009 жылғы 13 сәуірдегі шешімімен Банк шектеуі 6 896 060 000 теңгеге дейін көтерілді.

  • Жарғы капиталының 1,4 млрд. KZT ұлғаюы.

  • Банктің жай акцияларын KASE 2 санатқа аударды.

  • «ANELIK» ақша аударымдарының жүйесіне қосылуы.

  • Заңды тұлғалар үшін «Delta-Интернет» акциясының іске қосылуы.

  • 2010 жыл қаңтар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры Банкке 600 млн KZT мөлшерінде шектелім белгіледі.

  • 2010 жыл ақпан КазАгро шектелімі 7 млрд. KZT құрады. Банк «Даму» КДҚ әйелдер кәсіпкеолігінің субъектілерін несиелеу Бағдарламасы бойынша қаржы операторы ретінде анықталды.

  • 2010 жыл сәуір Жаңаөзен қ. шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру Бағдарламасы бойынша қаржы операторы ретінде қатысуы.

  • Банктің жарғы капиталының 245,2 млн. KZT өсуі.

  • 2010 жыл мамыр Банктің жарғы капиталының 444,2 млн. KZT өсуі.

  • 2010 жыл маусым Банктің жарғы капиталының 215,5 млн. KZT өсуі.

  • Павлодар, Петропавл қалаларында филиалдардың ашылуы.

  • 2010 жыл шілде Банк жарғы капиталын 122,8 млн. KZT ұлғайтты.

  • 2010 жыл тамыз «Даму аймақтар ІІ» аймақтық басым жобаларды қаржыландыру Бағдарламасы бойынша қаржы операторы ретінде қатысуы.

  • 2010 жыл желтоқсан Банктің жарғы капиталының 3 000,0 млн. KZT өсуі

  • 2011 жыл қаңтар. Moody’s Investors’ Servise рейтингтік агенттігі «Delta Bank» АҚ ұлттық және шетел валютасындағы В3 депозиттік рейтингі бойынша болжамды «Керіден» «Тұрақтыға» және қаржы тұрақтылығының рейтингі бойынша Е+ өзгертті. Банктің ұлттық және шетел валютасындағы Not Prime қысқа мерзімді депозиттік рейтингтері өзгеріссіз қалды.

  • 2011 жыл маусым. Standard & Poor’s контрагенттің несиелік рейтингтерін қазақтандық банк «Delta Bank» АҚ берді: ұзақ мерзімді несие рейтингі – «В» деңгейінде, қысқа мерзімді несие рейтингі - «В» деңгейінде. Рейтинтер бойынша болжам – «Тұрақты». Сонымен бірге банкке ұлттық шкала бойынша – «kzBB+» рейтингі берілген.

  • 2012 жылғы наурыз – «Delta Bank» АҚ «Интернет-Клиент» жүйесінің жаңа нұсқасына ауысты.

  • 2012 жылғы шілде – «Delta Bank» АҚ өзінің облигациялары бойынша купондық сыйақыны төледі.

  • 2012 жылғы шілде – Standard and Poor’s Рейтингтік Агенттігі «Delta Bank» АҚ-ң ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді «В/В» несие рейтингтерін растады және ұлттық шәкіл бойынша рейтинг «kzBB+»; болжал – «Тұрақты».

  • 2012 жыл шілде. «Delta Bank» АҚ-ң Жаңаөзен қ. жаңа офисінің ашылуы.

  • 2012 жыл тамыз. «Delta Bank» АҚ-ң Орал қ. жаңа офисінің ашылуы.

  • 2012 жылғы тамыз – «Delta Bank» АҚ облигациялық бағдарламасының тұсаукесері өтті.

  • 2012 жылғы қыркүйек – Жаңаөзен қ. «Delta Bank» АҚ-ң қосымша филиалы ашылды.

  • 2013 жылғы мамыр – Көкшетау қ. «Delta Bank» АҚ-ң өкілдігі ашылды.

  • 2013 жылғы мамыр – 2012 жылғы «Delta Bank» АҚ-ң қаржы нәтижелері жарияланды. 2012 жылғы аудиеленген қаржы есебіне сәйкес «Delta Bank» АҚ 1,78 млрд. теңге мөлшерінде таза табысты алды. ҚҚК деректері бойынша Банк 2012 жылдың нәтижелері бойынша қазақстандық 38 банктің ішінде активтердің мөлшері бойынша 16-шы орында.

  • 2013 жылғы шілде - «Delta Bank» АҚ Call-орталығының ашылуы болды.

  • 2013 жылғы қыркүйек - «Delta Bank» АҚ «Дельта плюс» жаңа депозитін іске қосты.

  • 2013 жылғы қараша - «Delta Bank» АҚ-нда Colvir жүйесін енгізу аяқталды.

  • 2014 жылғы наурыз - «Delta Bank» АҚ-ң Жарғылық капиталы 5 млрд. теңгеге ұлғайды, бұл ретте өз капиталы 27.8 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

  • 2014 жылғы наурыз - «Delta Bank» АҚ сыйлықақылы сигментті Visa Platinum төлем картасын шығаруды бастады.

  • 2014 жылғы сәуір - «КПМГ Аудит» ЖШС аудиторлық компаниясы растаған қаржы есептілігіне сәйкес «Delta Bank» АҚ 2013 жылға 3,601 млрд. теңге мөлшерінде табысты алды.

  • 2014 жылғы сәуір - «Delta Bank» АҚ 2014 жылғы қаңтар-наурызда 1,220 млрд.теңге мөлшерінде таза табысты алды.

  • 2014 жылғы сәуір - «Delta Bank» АҚ өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының бағдарламасына қатысуды бастады.

  • 2014 жылғы қыркүйектегі - Standard and Poor’s Несиелік рейтингтік қызметі «Delta Bank» АҚ эмитенттерінің несиелік рейтингтерін келесі деңгейлерде: ұзақ мерзімді - "B"; қысқа мерзімді - "B" растады, рейтингтердің өзгеру болжалы – «Тұрақты»; ұлттық шәкіл бойынша рейтинг - «kzBB+».

  • 2015 жылғы ақпан - 2014 жылғы аудиеленген қаржы есебіне сәйкес «Delta Bank» АҚ 5,010 млрд. теңге мөлшерінде табысты алды. Банк активтері 285,9 млрд. теңгені құрады. Өз капиталы 32,4 млрд. теңгеге дейін өсті.

  • 2015 жылғы мамыр - «Delta Bank» АҚ жеке тұлғаларға арналған «Депозитный марафон» науқанын іске қосты.

Cалымдар

«Delta Bank» АҚ Жеке тұлғалардың салымдарына міндетті түрде кепілдік ету (сақтандыру) Қорының қатысушысы болып табылады.Салымдар міндетті кепілдік беру нысаны болып табылады.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша мемлекеттік кепілдік  5 000 000 (бес миллион) теңгеден 10 000 000 (он миллион) теңгеге дейін ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша мемлекеттік кепілдіктің ең жоғарғы сомасы өзгертілген жоқ  және 5 000 000 (бес миллион) теңгені құрайды.

Егер салымшының бірнеше депозиттері немесе шоттары, соның ішінде шетел валютасында бар болса, мемлекеттік кепілдік сол салымдардың барлығына таралатыны, бірақ бір банктегі бір салымшыға 10 000 000 (он миллион) теңгеден аспайтыны Заңда белгіленген. 

Мыналарға кепілдік беріледі:

  • Ұлттық және шетел валютасындағы жеке тұлғалар үшін депозиттерге;

  • Ағымдағы шоттағы ақшаға;

  • Төлем карточкаларын қолданумен ағымдағы шоттардағы ақшаға.

Delta Bank корпоративті клиенттер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне ақша қаражаттарын тиімді шарттарда орналастыратын депозиттік өнімдердің жаңа желісін ұсынады

  • «Универсальный» салымы

  • «Delta-Стандарт» салымы (А нұсқасы)

  • «Delta-Стандарт» салымы (Б нұсқасы)

  • «Delta-Накопительный» салымы

  • Шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушінің шартты салымы

  • «Жер қойнауын пайдаланушылар қоры» салымы

  • «Талап етілмелі» салымы

  • «Депозит-Гарантия»

АҚШАНЫ ЖАРИЯ ЕТУ

«DELTA BANK» АҚ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН «АҚШАНЫ ЖАРИЯ ЕТУ» АҒЫМДАҒЫ БАНКТІК ШОТЫ БОЙЫНША ЖАДНАМА

Негізгі ұғымдар

Мүлікті жария ету – табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) заңнамасына сәйкес ресімделмеген немесе тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке деген құқықты мемлекеттің мойындау тәртібі.

Клиент-жеке тұлға[1] – мүлікті жария ету субъектілері – «ҚР азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген тәртіппен мүлікті жария ететін ҚР азаматтары, оралмандар және ҚР тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар.

Ақшаны жария ету үшін алымдар (бұдан әрі – алым) – Заңда белгіленген, ақшаны жариялауды жүргізу үшін бюджетке төленетін міндетті, қайтарып алынбайтын төлем.

Ағымдағы банктік шотты ашу

Ақша мына тәртіппен жария етуге жатады:

1)    жария ету мерзімі ішінде Шотқа ұлттық және (немесе) шетел валютасымен ақша енгізу (аудару) арқылы – 2014 жылдың 01 қыркүйегінен бастап 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін. Шетел валютасының тізбесін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілейді. 

Шотты қолдану мерзімі  – мерзімсіз.

Шот ашу кезінде жеке тұлғаға Шотқа енгізілген (аударылған) ақша сомасының мөлшерін растайтын анықтама беріледі.

2)    Шотқа ақша енгізбей (аудармай), жария етілген ақша сомасынан алым төлеу және тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны беру арқылы. Бұл ретте алым Мемлекеттік кірістер органына арнайы декларацияны бергенге дейін төленуі тиіс.

Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органы Шотқа ақша енгізілгенін (аударылғанын) растайтын анықтаманың көшірмесімен бірге, арнайы декларацияны немесе алым төленген жағдайда – алым төленгені туралы түбіртектің көшірмесін алған күннен бастап ақша жария етілген деп саналады.

Егер клиент-жеке тұлға Заңға сәйкес жария ету субъектісі болып танылмаған жағдайда, Банк жауап бермейді. Берілетін мәліметтердің дұрыстығы және толықтығы үшін  жеке тұлға – жария ету субъектілері жауап береді.

 Кассалық – есеп айрысу қызметтері

«Delta Bank» АҚ Сіздерге кассалық есептік қызмет көрсетудің келесі түрлерін ұсынады:

Банктік шоттарды ашу және жүргізу

Жеке тұлғаларға банктік шоттар ашу шексіз және ұлттық және шетел валютасында да жүргізіледі. Банктік шоттарды ашу Банк пен Клиент арасында бекітілген шарт негізінде орындалады, онда банктік шотты ашудың, жүргізудің және жабудың шарттары көрсетіледі

Аударым операциялары

Клиент шотынан ақша аудару ұлттық және шетел валютасында төлем тапсырмасының немесе аудармаға өтініш толтыру арқылы орындалады. Ақша жіберушінің және алушының банктік шоттары болмаған жағдайда аудармалар банктік шот ашусыз орындалуы мүмкін.

Кассалық операциялар

Банк қолма-қол ақшаларды қабылдау, беру, айырбастау, ұсақтау және қолма-қол валюталарды алу-сату, банкноттардың шынайлығын тексеру қызметтерін көрсетеді.

Конверсиялық операциялар

Қолма қолсыз шетел валютасын сатып алу-сату операцияларын Банк ағымдағы күнмен де, валюталау күнімен де орындайды. Үлкен көлемді операцияларда клиенттерге арнайы бағам ұсынылады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]