Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры саясаттану.docx
Скачиваний:
53
Добавлен:
28.10.2017
Размер:
186.73 Кб
Скачать

2.Демократияның қалыптасуы мен негізгі принциптері

Демократия саясат пен билік сияқты саясат ғылымының негізгі категориясына жатады. «Демократия» терминін ежелгі грек тарихшысы Фукидид (б.э.д. – V ғ.) өзінің 8 томдық «Тарих» деген еңбегінде пайдаланған. Пайда болған кезінде бұл сөз сол кездегі Афина республикасында болған мемлекеттік басқарудың белгілі бір формасын суреттеу үшін қолданылды.

Демократияның тарихи формалары:

1) рулық демократия, бұл алғашқы қауымда және дәстүрлі қоғамда болған мемлекетке дейінгі форма. Оның негізі: қоғамның барлық мүшелерінің тең болуы, олар қоғамды жалпы жиналыс арқылы, ру көсемдері мен ақсақалдары арқылы, тайпа көсемдері арқылы басқарған. Олардың басқаруы күштеу арқылы емес, моральдық мәртебе, салт-дәстүрді құрметтеуге бағытталған;

2) антикалық демократия – демократияның бірінші мемлекеттік формасы. Мысалы – Афины республикасы. Оның ерекше белгілері: еріктілер үшін демократия, биліктің жоғарғы органы – халықтық жиналыс, оның заң жасаушылық күші болған;

3) Сословиелік демократия – ортағасыр демократиясы. Онда мемлекеттік басқару міндетті түрде абсолютті монархтың қолында болғандықтан демократия туралы тек шартты түрде ғана айтуға болады. Азаматтардың бірыңғай құқығы болмады. Қоғамдағы адам орны олардың қандай тап өкілі екеніне қарап анықталды;

4) либеральдік демократия – жаңа заман демократиясы. Феодализмнің капитализмге ауысқан кезеңінде пайда болды. Отаны – Англия. 1989 жылы «Даңқты төңкеріс» нәтижесінде қабылданды, онда жеке адам бостандығы мен қандай топқа жататынына қарамай заң алдындағы теңдігі жарияланды. Мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктері: билікті бөлу; заң шығару парламенттің құзырына көшті; оны халық сайлады; патша – ел басшысының рөлінде қалды; үкіметті парламент сайлайды және есеп береді; тәуелсіз сот өмірге келді; жергілікті өзін-өзі басқару ісі жүзеге асты;

5) Кеңестік демократия. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ресейде пайда болды және 70 жыл өмір сүрді. Оның ерекшеліктері: таптық сипаттама; еңбекшілерге арналған демократия, қанаушы тапты күштеп жою; пролетариат диктатурасы, оның негізгі саяси формасы; еңбекшілердің депутаттар кеңесі; кейіннен халық депутаттар кеңесі. ХХ ғасырдың 90-жылдарында жеңіліске ұшырап, саяси аренадан кетуге мәжбүр болды. Қазіргі кезде социалистік демократия Қытайда (халықтық демократия формасында) және солтүстік Кореяда, Вьетнамда, Кубада бар.

Қазіргі демократия туралы түсінік кең ауқымды, күрделі. Американ сөздігінде «Демократия» ұғымын сипаттайтын 11 түрлі негізгі принциптер бар. Қысқа түрде көрсетсек, олар:

а) Халықтық өкімет, яғни еркін және жеке сайлау арқылы халық өз келісімін берген басқарушы билігі;

ә) Шешім қабылдау принципі көпшілік ережесіне сүйенеді;

б) Заң алдында барлық азаматтар тең-құқылы;

в) Азшылық құқығының сақталуы;

г) Негізгі құқық және бостандық кепілдігі;

д) Әділ сот ісін жүргізу (заңға ғана бағынатын тәуелсіз сот);

е) Өкіметке конституциялық шек қою;

ж) Әлеуметтік, экономикалық және саяси бостандықтар.

демократияның қазіргі түсінігі ол – адам құқығы мен тәуелсіздігінің кепілдігі (сөз бостандығы, діни бостандық, бірлестіктер бостандығы), азшылықтың құқық кепілдігі, дүниеге өзгеше көзқарас құқықтарының кепілдігі, соның ішінде саяси оппозицияға да бостандық. Осы кепілдіктер демократия сөзінің отаны Афинада болған жоқ. Онда саясаткер сайлауда қарсыласынан жеңіліп қалса оқшауланып, яғни елден 10 жылға аластатылған. Басқаша ойлануға кепілдік берілмеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]