Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

5-дәріс

.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
19.02.2018
Размер:
29.53 Кб
Скачать

Сұрақтар:1. Әлемдік дағдарыс дегеніміз не?

2.Кеңес-фин соғысы

3.Перл-Харбор шайқасының маңызы

4.Эвокуация дегеніміз не?

5.Партизан отрядтарының қимылы

6.Х.Доспанова кім?

7.М.Шоқай туралы

5- Дәріс

1. 1933жылы Германия канцлері болып, Гитлердің үкімет басына келуі халықаралық саяси жағдайды шиеленістірді. Ол Италияда Муссолинидің билігі тұсында қалыптасқан фашистік идеяны жандандырып соғысқа дайындала бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстың себебін 1919 жылғы Париж конференциясының қорытындыларымен байланыстырған жөн. Өйткені, бірінші дүниежүзілік соғысты қорытындылаушы Париж бітімінде алдыңғы қатарлы мемлекеттердің арасында аумақтық мәселелерге байланысты шешімін таппаған келіспеушіліктер бар еді.Әсіресе,соғысты бастап белсенділік танытқан Германия барлық отарларынан айрылды.Францияға Эльзас пен Лотарингия көмір кеніштерін қайтарды. Батыс Пруссияға ерік беру шартына қол қойды.Соғыс аяқталған соң Германияның әскери күштерді қолдану жөніндегі құқықтары және мемлекет аралық отарларды бөлісу мәселесі халықаралық қатынастарды реттеуші Версаль жүйесінде қарастырылған болатын.Қорытынды бойынша батыста Германия,шығыста Жапония байлықтарынан айырылып экономикалықта саяси жағынан құлдырап шықты. Жалпы алғанда төрт жылға созылған бірінші дүниежүзілік соғыс геосаяси жағдайға үлкен өзгерістер әкелді.

1929-1933 жылдардағы әлемдік экономикалық дағдарыстың зардаптарына қарамастан Германия мен Жапония өз үстемдіктерін дәлелдеу мақсаттарын жүзеге асыруды көздеді.Оның аяғы 1937 жылы Германия,Италия және милитаристік Жапонияның өзара әскери-саяси одақ құруына әкелді. Бұл әлемді экономикалық және аумақтық бөліске түсіруді мақсат еткен мемлекеттердің саяси одағы болатын. Олардың экономикалық гүлденуі үшін товар өткізу рыноктары және арзан жұмыс күштері әбден қажет болды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 1қырқүйекте Германияның Польшаны жаулап алуынан басталды. КСРО осы жылы Германиямен 10 жылдық бейбіт келісімге қол қойды.Құпия келісімге сай 1939 жылы Германия мен КСРО Еуропадағы билік жүргізу аймақтарын бөліп, жаулап алу шараларын бір мезгілде бастады. Осының нәтижесінде Германия Польшаны басып алғаннан кейін, Кеңестер Одағына Польшаның 12 млн.халқы орналасқан 200 000 шаршы км. жері өтті. 1940 жылдың көктемінде Скандинавия елдері тізе бүкті, жолында тұрған Бельгия, Люксембург, Нидерландияны жаулап алып, кезіндегі ұтылысын қайтаруды місе тұтқан Германия Францияға бет алды. Осы жылы 22 маусымда француз үкіметі жеңілісті ресми түрде мойындады.

Бұл екі арада 1939 жылы 30 қарашадан 1940 жылы 12 наурызға дейінгі аралықта кеңес – фин соғысы болды. Ең қиын соғыс операциясы «Маннергейм бекінісі» үшін болған Суомуссалве түбіндегі шайқаста КСРО шектен тыс көп әскеріне айрылып барып, жеңіске жетті. Кеңестік әскер 27 мың адам, финдердің шығыны 900 ге жуық. Сонымен Батыс Еуропадағы әскери іс-қимылды сәтті аяқтаған фашистік Германия бастапқы міндеттерінен бас тартып, Кеңестер Одағын басып алуға дайындықты бастады.Басып алған мемлекеттердің экономикалық, әскери ресурстарын өз мүддесіне пайдаланып, әбден күшейген фашистік Германия Кеңестер Одағына қарсы соғысты аз уақытта жеңіспен аяқтауына күмәнсіз сенді. КСРО –ға қарсы соғыста «Барбаросса» жоспары дайындалды. Атлантикадан Сібірге дейін біртұтас Герман этнотерриториялық кеңістігін құру көзделді.

Сталиннің бейтараптық танытуының нәтижесінде «тұтқиылдан» 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 те басталған соғыс нотасын Мәскеудегі герман елшілігі бір сағат өткен соң ғана сыртқы істер халық комиссары М.В.Молотовқа тапсырған. Қауіп-қатер алдымен географиялық орналасуына байланысты Белорусияға одан Украйнаға төнді. Деректер бойынша соғыстың алғашқы сәттерінде кеңес әскері тәулігіне 24мың әскерінен айрылып отырған. Жарты жыл ішіндегі адам шығыны 3млн. 138 мың болды. Немістердің қолына түскен кеңес әскерлерінің сұрауы болмады. Олардың құқықтарын мемлекет тарапынан қорғау орнына түрлі жағдайлармен еліне аман оралғандар күдіктілер тізіміне алынып тергелді, лагерлерге айдалды немесе ату жазасына бұйырылды. Дерек көздері бойынша кеңес халқының 5,3млн адамы неміс Гестапосына тұтқынға түскен. Оларға кешірім Сталин өлген соң ғана берілді.Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына байланысты шыққан жаңа баспасөз бетіндегі жаңа мағлұматтар КСРО-ның әсіресе, Сталиннің соғыстың болатындығы туралы толық хабардар болғандығын мақұлдайды.

1941жылы 29қырқүйекте Мәскеу конференциясы өтіп оған қатысқан АҚШ, Ұлыбритания мемлекет басшылары соғыстың бүкіл әлемге төндіріп отырған қаупін ескере отырып үш жақты келісімге келді.АҚШ пен Ұлыбритания КСРОға қару –жарақ ,азық- түлікпен көмектесуге міндеттеме алды. АҚШ ленд – линз бойынша өсім пайызынсыз 1млрд.доллар қарыз берді.Бұл мемлекеттер сөзінде тұрып КСРОға 13мың танк, 22 мың ұшақ, 427мың жүк машинасын берді. Жапония соғысқа 1942 жылы 7желтоқсанда Гавай аралындағы АҚШтың басты ірі әскери- теңіз базасының бірі Перл- Харборды шабуылымен кіріп, екінші соғыс блогының құрылуына жол ашты.

Алты жыл бір күнге созылған соғыс Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта қалды. Түрлі ұлт өкілдерінен құралған кеңес әскері, партизандар, тылдағы бар ауыртпалықты мойнына алған үлкенді-кішілі азаматтар еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін шынайы танытты.Ең ірі Сталинград, Курск,Днепрден өту, Ленинград қорғанысы, Берлин операциясына байланысты шайқастарда кеңестік әскер өшпестей із қалдырды.Соңғы деректерге сүйене отырып КСРО шекарасының фашизмнен азат болуын Сталинград шайқасындағы жеңіспен қорытындылауға болады.1943жылдың күзінің аяғынан 1945 жылдың көктемі аралығында кеңес әскері фашизмді түкпілікті талқандау міндетін орындап шығыс,батыс Еуропа елдеріне дейін барды.

Соғыс жайына бейімдеудің ең күрделі буыны экономика саласы болды.Қысқа мерзімнің ішінде өнеркәсіпті қорғаныс өнімін шығаруға көшіруге, қайта құрылған зауыттар мен фабрикаларды дереу іске қосуға, республиканың материалдық-техникалық, еңбек және қаржы ресурстарын соғыс экономикасының мұқтаждарына сәйкес қайта бөлуге, ауыл шаруашылығын майданға қызмет көрсетуге бейімдеуге тылдың жаңа гвардисын дайындауға тура келді.Соғыс қаупі төнген Ресейдің орталық аймақтарынан өнеркәсіп орындарын көшірудің екі кезеңі болды:1941ж. соңынан-1942ж.басына дейін, 1942ж. басынан күзіне дейін. Қазақ жеріне Батыстан 230 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер көшіріліп әкелінді. Ірі өндіріс орындары негізінен Украина, Белоруссия, Молдавия, Ленинградтан көшірілді. Оның ішінде жеңіл өнеркәсіп саласының 54 зауыты және 4 фабрикасы болды.Олар:Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе қалаларына орналастырылды.1941-1945ж. Қазақстанда эвакуацияланған өндіріс орындарын қосып есептегенде 460 кәсіпорын пайда болды. Республика Одақ бойынша қорғасынның -85% мыс- 35%, молибден – 60%, висмут -65%,полиметалл кені- 79% берді.Қарағанды шахтерлері соғыс жылдарында 34 млн. Тонна көмір өндірді, ал мұнай өндіру 39% өсті.Қазақстанға 53 жеңіл өнеркәсіп орындары көшірілді.20 шақты машина жасайтын, металл өңдейтін,аз литражды двигатель, радиоприбор, таразы, тігін машинасын жасайтын зауыттар әскери жабдық, қару-жарақ шығаруға негізделді.Көшірілген өнеркәсіп орындарымен бірге республикаға 3200 тау-кен мамандары, 200 Донбасс шахтасының құрылысшылыры, Воронеж, Луганскіден 2000 машина жасаушы мамандар, 1000 теміржолшылар, 7000 тарта инженер-техник мамандар қоныс аударды.Халықтың осындай еңбегінің арқасында Қазақстанда өндірілген өнімдерді майданға уақытында жеткізіп тұрды.

Қазақстан соғыс жылдары майданға өз қаржысына алынған қару-жарақ,техника да жіберіп тұрды.Мысалы,Шымкент теміржол жүйесінің комсомолдары Мәскеу түбегіндегі майданға танк колоннасын жабдықтау үшін қаржы жинауды бастайды.Шымкент комсомолдарының бұл бастамасын бүкіл Қазақстан қолдап, жиналған 11650 сомға жасалған 45 танк 1942 жылдың қыркүйегінде «Қазақстан комсомолы»деген жазумен Сталинград жұмыс істеп,металл қалдықтарын жинап, «Қазақстан пионері» фондына 4 млн сом ақша жиналады.Бұл ақша «Қазақстан пионері» атты колоннаны жабдықтауға жұмсалады.С.И.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті студенттерінің ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері «Кеңестік студент» деген танк колоннасын жабдықтауға 600 мың сом ақша жинады т.б.осындай патриоттық қадамдар көп жасалды. Ауыл шаруашылық саласыда соғыс жағдайына бейімделді.Қазақстанда соғыс жылдары 150 мың әйел механизатор мамандығын игерді.1943 жылы құрғақшылық болды көптеген шаруашылықтар егілген тұқымнан аспайтын егін жинаған кезде, Ақтөбе облысы "Құрман колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тары шығымдылығынан, Қызылорда облысы Шиелі ауданынан Ы. Жақаев күріш өнімінен рекордын жасады. Жау 1942ж. шілдеде Сталинград бағытына 42 дивизия, тамызда-69, қыркүйекте-81 дивизия аттандырды.Күш тең болмады.Өйткені, кеңестік қолбасшылар жау шабуылын Мәскеу бағытында күтіп, негізгі әскери күшті осы бағытқа шоғырландырды.Өйткені «Блау» жоспары бойынша, Кеңес барлаушыларын жалған жолға түсіріп, шабуыл Мәскеу бағытында қайта жанданады деген ақпарат тартылған еді. Сталинград бағытындағы шайқастарға қатысқан ондаған әскери құрылымдарда жанқиярлықпен соғысты. Сталинград майданы бетбұрысты кезең. Өйткені Германияның тізе бүгуі осы жерден басталды.

Кеңес әскеріне 8 қыркүйекте басталған Ленинград блокадасын (қоршауын) бұзып өтудің сәті түскен жоқ. Алайда әскерлердің Волхов пен Свирьдегі қимылдары дұшпанның барлық Оңтүстік Ладога жағалауын басып алу және Ленинградтың Үлкен жермен соңғы байланысын үзу жоспарын бұзды. Оның үстіне, Невадағы қаланы қорғаушыларға жасалған қысым бәсеңдеді және Мәскеудің түбіне дұшпанның бірқатар құрама әскерлерін аудару әрекеті кейінге қалдырылды. Свирдегі ұрыс майданында дивизия полктерінде мергендер қозғалысы өріс алды.Мергендер Свирьде шайқасқан құрамаларда, Ленинград әскерлері мен басқа да майдандарда бір мезгілде қатар жасақтала бастады.Қазақстандық мергендердің арасынан 172 фашисті жойған қатардағы жауынгер Дүйсенбай Шыныбеков (Ленинград), 5-атқыштар бригадасының ефрейторы Әлия Молдағұлова (жау оғының астында қалған батальонды шабуылға көтерді және Псков облысы Новосокольники ауданындағы Казачиха деревнясы үшін шайқаста 78 фашисті жойды) Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Шығыс Еуропаны жаудан азат етуде қазақстандықтар үлкен ерлік көрсетті. Шығыс Пруссия аумағын азат етуде көрсеткен ерліктері үшін 20 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар — В.А.Андреев, Л.И.Беда, П.Т.Брилин, Т.К.Абилов, В.Г.Козенков, И.И.Корнев, И.В.Кутурга жəне т.б. құрамында қазақстандық 8- атқыштар дивизиясы қатысты.

Майданда көрсеткен ерліктері үшін 8- атқыштар дивизиясының құрамындағы 62 артиллериялық Карпат полкі Қызыл Ту орденімен,151- Карпат полкі 3- дəрежелі Кутузов орденімен, 310- атқыштар полкі 3- дəрежелі Суворов орденімен марапатталды.

72- жəне 73- гвардиялық атқыштар дивизиялары Венгрия,Оңтүстік Чехия, Австрия аумақтарын жаудан азат етуге қатысты. Австрия астанасын жаудан азат етуде алматылық М.А.Пупков Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Сонымен қатар Австрияны азат етуші 105- гвардиялық дивизия жауынгерлері: А.Мудрагель,Г.Сливных, Ж.Аминов қаһармандықтарымен көзге түсті.Прага операциясына 118, 88, 314, 8- атқыштар, 72- гвардиялық атқыштар дивизиясы қатысып, бұл операцияда 992- алматылық авиация полкі асқан ерлік көрсетті. Бұл полк екінші дəрежелі Б.Хмельницкий жəне 3- дəрежелі Суворов ордендерімен үш мəрте марапатталды. 992- полк 7642 рет жауға шабуыл жасап, 816 бомба тастап, 3 ұшақты, 19 зенитті батареяны, 1000 автомашина, 2 көпірді жəне т.б. жойды. Прага операциясы барысында 52- армия құрамындағы алматылық 556- эскадрилия ерлікпен көзге түсті. Бұл эскадрилия тұтқиылдан 4050 шабуыл жасап, 2350 мəрте жау

аумағын бомбалаған. Құрамындағы 14 адамның 10-ы үкімет тарапынан марапатталады.

Чехословакия жерін азат етуге келген қазақстандық ұшқыштар 2, 8, 5- əуе армиясының бөлімдерінде жаумен шайқасты. Шайқастардағы ерлігі үшін С.А.Батеньков пен П.Ф.Железняков соғыстан кейін Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Ұшқыштар:Т.Я.Бигелдинов, И.Павлов, С.Д.Луганский жəне Л.И.Беда 2 мəрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Олардың қатарын 56 жыл кешігіп барып, 1941 жылдың 26- маусымында, соғыстыңбесінші күні-ақ аты аңызға айналған батырлық капитан Гастелло экипажының ерлігі емес, капитан А.Масловтың экипажынікі екендігі айқындалып, осы экипаж құрамындағы Б.Бейсекбаев 1998 жылы Ресей Батыры атағын алып, толықтырылды. Берлин операциясына қазақстандық 118, 313- атқыштар дивизиясы қатысты.

Енді партизан қозғалысы қатарында жаумен шайқасқан қазақстандықтар құрамына тоқталайық.Украина аумағындағы партизан бірлестіктерінде 1500 қазақстандық жаумен шайқасты.Атап айтсақ,М.И.Шукаевтың партизан отряды құрамында 79 қазақ,Ұлы Отан соғысының Батыры С.А.Ковпактың 70 қазақстандық болды.Ленинград облысы аумағындағы партизан бірліктері құрамында 220, ал Белоруссия аумағындағы 1,5 мыңға тарта қазақстандықтар жауменшайқасты. Қазақстандық партизандар жаумен шайқаста үлкен ерлік танытты.Мысалы,1941жылы Киев облысы, Македон селосында жасырын партизан орталығы құрылады.Бұл орталыққа соғысқа дейінгі жылдары Павлодар облысында оқытушы қызметін атқарған Қасым Қайсенов коммунистік жолдамамен жіберілді. 1942 жылы Қ.Қайсенов Чапаев атындағы партизан отрядтарының үлкен ерліктерін көрсетті. Қ.Қайсеновпен қатар Украина аумағында Қарағанды облысынан Д.И.Сагаев,Талдықорған облысынан П.С.Шленский,Қызылордадан-Байдаулетов,Шымкент облысынан-Ж.Омаров,алматылық-А.С.Егоров және т.б. қазақстандықтар әртүрлі партизан қүрылымдары қатарында шайқасты.Отанын қорғаудағы асқан ерлігі үшін Қ.Қайсеновке "Халық Қаһарманы " атағы берілді.1944 жылы Германияның жеңілетіні белгілі болғаннан кейін ,ендігі жерде соғыс қимылдарын Кеңес Одағы бақылауға алды.Осы жылы Кеңес үкіметі "Берлин " операциясын бастайды. Бұл операцияның мақсаты-неміс фашистерін Кеңестер Одағы аумағынан қуып,Еуропа мемлекеттерін жаудан азат ету болды.

Берлин операциясына қазақстандық 118-313-атқыштар дивизиялары және 209-атқыштар полкі қатысты.Берлин ратушасын алуда 118-атқыштар дивизиясының взвод лейтенанты Қ.Маденов,ал көше шайқастарында И.Б.Мадин,Рейхстагка ту тігуде Р.Қошқарбаев ерлік көрсетті. Панфиловшы аға лейтенант Б.Момышұлы Мәскеу түбегіндегі шайқаста өз батальонымен жау қоршауын үш рет бұзып шықты.Соғысты Б.Момышұлы полковник лауазымымен, 9- гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып жүріп аяқтады.Белгілі орыс жазушысы А.Бектің "Волоколамское шоссе" повесі Б.Момышұлының соғыс жылдарындағы ерлігіне өз дәрежесінде мойындалмай,тек 1990жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтің тікелей араласуымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

И.В.Панфилов дивизиясы құрамында жаумен шайқасқан М.Ғабдуллин 1943 ж. Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді.М.Габдуллин бастаған жауынгерлер Бородино селосын жаудан тартып алып,7 сағат бойы ерлікпен қорғады.Шайқас нәтижесінде немістер шегінуге мәжбүр болды. Мәскеу түбегіндегі шайқастарда Т.Тоқтаров, Р.Жанғозин, Р.Елебаев және т.б. қазақстандықтар асқан ерлік танытты.Бұл шайқаста қазақстандық 238-дивизия, 19- атқыштар бригадасы да қатысты. Қазақ аруларыда түрлі әскери құрамаларда болып,ерен үлгісін көрсетті.Қолдарына қару алып, майданға аттанған қазақ жұлдыздары- Әлия мен Мәншүк кейіндеу барып ерлігі мойындалып, халық таныған қазақтың ұшқыш қызы Хиуаз Доспанова Қазақстан даңқын әлемге паш етті

Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы 15 мамырда Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген.Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын. 2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды. Жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан Хиуаз ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған екен. Жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы жылдары Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарды. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталды. «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегі үшін берілді.

2.М.Шоқай 1890 жылы Қызылорда облысы, Сұлутөбе станциясында дүниеге келіп, әуелі ауылдағы мектепте, кейін Ташкентте, Петерборда білім алған. Бірқатар шетел тілдерін жетік меңгерген білімді заңгер кісі болған. 1917 жылы қарашада Қоқанда болған ІV бүкілтүркістандық мұсылмандар съезінде Түркістан автономиясы жарияланғаны мәлім. Жалпы Қоқан автономиясы атанған бұл үкіметтің бірінші Президенті Мұхамеджан Тынышбаев болды. Кейін оның орнында М.Шоқай сайланды. Кеңес үкіметі Түркістан Қоқан автономиясын күшпен таратты. Осыдан кейін М.Шоқай шет елге кетуге мәжбүр болған. Шет елде жүрсе де большевиктермен идеялық күресін тоқтатпады. 1917-40 жылдары аралығында Ыстамбұлда және Берлинде жаңа Түркістан мен Жас Түркістан журналдарын басып шығарып, онда кеңес өкіметінің әділетсіз саясатын бүкіл Батыс елдеріне жария етті. М.Шоқайға зерттеушілік, ағартушылық қызметін уақытша доғаруға тура келді, себебі 1941 жылғы 22 маусымда гитлершілдер Кеңес Одағына шабул жасаған күні әскершілер оны тұтқындаған еді. Сол кезде Францияда жүрген М.Шоқайды Париж түбіндегі Компьен концлагеріне қамайды. Мұстафанның зайыбы Мария Шоқайдың айтуына қарағанда,ол фашистердің КСРО-ға шабул жасағанын естіп, қатты қапаланған. Мұстафа концлагерде екі аптадай отырған. Ол кезде немістер Мұстафа Шоқайды тұтқындағы Түркістандықтармен жүздестіреді. Гитлершілдер оны өздерінің жағына шығарып алуға тырысып бағады. Оның беделін өздерінің насихаттық мақсаты үшін пайдаланып қалуға әрекеттенеді. Алайда М.Шоқай фашизмнің Еуропаның ғана емес, Ресей мен Түркістанның да барлық халықтарына құлдықтың қара бұғауын әкелетінін жақсы түсінген-еді. Сондықтан олармен ынтымақтаса, ауыз жаласа алмауы керек. Ол өзінің үлкен Отанына адалдығын сақтап қалды, концлагеріндегі әскери тұтқындармен кездескенде де олардың рухын көтеруге, болашақ жеңіске деген сенімін шыңдауға күш салады. Ұзақ уақыт М.Шоқайға немістерге қызмет еткен, немістің генералы шеніне дейін көтерілген, "Түркістан легионын" құрушы - деген айып тағылып, жалған лақап таратылды. Ал шын мәнінде М.Шоқай "Түркістан легионын" құрушы көсем емес, себебі: ол жайлы қазір көз көрген қариялар, кезіндегі легионерлер анық айтады. Солардың қатарында кезіндегі легионер, кәзірде ақын Хамза Абдулла, жұбайы Мария Яковлевна Шоқай т.б. бар. Олардың айтуынша М.Шоқай тұтқындарға жағдай жасап, оларды Қызыл әскерге қарсы майданға жібермеуге күш салған. Тұтқынға түскен Түркістандық солдаттардың ауыр, адам аярлық халін көрген М.Шоқай оларды азық-түлікпен, киіммен қамтамасыз етуге көмектескен М.Шоқайдың ауыртпалығы да, азабы да мол қысқа ғұмырында аузынан тастамай кеткен мұңлы да, нұрлы сәттері Әміре Қашаубаевпен кездесуі еді. Алғаш рет олар адал достардың көмегімен Мұстафаның пәтерінде кездескен еді. Мұстафа Әміре даусына тәнті болды. Бұл оның туған жерге деген сағынышы жан жүрегін қатты сыздатқан сәттер еді. Әмірені тыңдап ол алпыс екі тамыры иіп, сайын-сахарасын, оның жұпар исін, жазира-жазық шалқар көлін сезініп, шерін тарқатты. Бұдан біз кейінгі ұрпақ М.Шоқайдың нағыз патриот, Отанын, ұлтын, сүйген азамат болғандығын сезінеміз. Түркістан легионы жайлы, ондағы М.Шоқайдың рөлі жөнінде зерттеулер баршылық олардың кейбіреулерінде, әсіресе кеңес дәуірінде жазылған еңбектерде М.Шоқайды қаралайтын кезеңдер кездеседі. Ол легионды құрушы емес, оны нақ құрушы өзбек ұлтты Вали Каюм. В.Каюм Шоқайдың көзі тірісінде оның тіршілігіне көп кесірін тигізіп, қайтыс болғанан кейін де Шоқайдың атын жамылып, немістерге біраз қызмет еткен. Ал М.Шоқай болса 1941 ж. 27 желтоқсанда Берлиндегі немістердің ауруханасында қайтыс болады. Шоқайдың қазасы туралы да түрлі деректер кездеседі. Солардың қатарында М.Шоқайдың кітабы да бар. М.Шоқаймен жиырма жылдан аса бірге өткізген өмірін баяндау арқылы оның адамгершілік, қайраткерлік бейнесін көрсетеді. Сол сияқты кітапта М.Шоқайдың легион құруға еш қатысы болмағаны, оның мақсаты Түркістандық тұтқындардың өмірін сақтап қалуға ғана бағытталғаны, ешбір әскери саясат ұстанбағаны, неміс генералы да болмағаны туралы дәлелдер жеткілікті. М.Шоқайдың Түркістандық тұтқындардың алдында сөйлеген соңғы сөзінде "барлық күшімен қуатын Ерікті, Тәуелсіз Түркістанды құру үшін жұмсады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]