Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
02.05.2019
Размер:
525.82 Кб
Скачать

Лекция конспектілері

1 Тақырып: Ежелгі Египет (Мысыр) мемлекеті

Египет (Мысыр) халқының пайда болуы туралы тарихта, ғылыми әдебиеттерде әртүрлі көзқарастар жазылып жүр. Буржуазиялық тарихшылар египеттіктерді Азия халықтарынан таратады. Азия тайпалары Египетке өздерінің мәдениетін әкеліп, Египет мемлекетін құрды деген де пікірлер болды. Алайда ол пікір кейін сынға ұшырады.

Египеттердің Солтүстік Африка және Абиссиния тайпаларымен көптеген тілдік, туыстық белгілері табылды. Археологиялық мұралар, Ежелгі Египет дінінің нысандары Египет мәдениетінің Африкадан шыққанын дәлелдейді. Айталық, Ніл өзенінің батыс және шығыс жағындағы таулы өлкелерден палеолит кезеңінің тас қарулары табылды, бұл заттар Африканың солтүстігінде ежелгі кезеңде адамдардың тұрғандарын растайды.

Мәліметтерге қарағанда, Африка аудандарының климаты адамның өмір сүруіне қазіргідей жұмсақ болды. Жауын-шашын азая бастады да, Солтүстік Африкада өсімдік жойылды, бұл аудан шөлге айнала бастады. Сол жерде өмір сүрген адамдар оазиске, өзеннің аңғарына жиналды. Сөйтіп, Солтүстік Африканың көшпелі аңшы тайпалары Нілдің аңғары мен атырауларына мекендеді де, олар тұрақты қоныстануды бастады. Бірте-бірте олар аңшылық пен мал шаруашылығынан егін шаруашылығына көшіп, жергілікті дәнді дақылдар өсірді.

Египеттің көп жерлерінен, мысалы, Фаюм оазисінен, оңтүстігінен жаңа ғасырдың елді мекені табылды. Мұнан табылған ескерткіштер Египет мәдениетінің Солтүстік Африканың неолит мәдениетіне ұқсас екенін көрсетеді.

Бұл жерлерде тұрақты егін шаруашылығы болғанын дәлелдейді. Адамдар ол кезде тастан салынған жер үйлерде тұратын. Қарулар кремнийден жасалатын. Керамика жиі кездесетін. Бүл елді мекендерден жүзден астам тас сауыттар, қамыстан істелген үлкен кәрзеңкелер табылды. Егін шаруашылығы дамығанының бір дәлелі іспеттес мұндай кәрзеңкелер балшықпен сыланған. Олар дән сақтауға арналған. Бұл жерлерде егін шаруашылығымен бірге мал шаруашылығының да дамығанын археологиялық зерттеу нәтижесінде табылған ірі қара малдың, қой, шошқаның сүйектері дәлелдейді. Батыс атырауда көше-көше болып салынған жер үйлердің қалдықтары табылды.

Египеттің қоғамдық құрылысы өте қарапайым. Адамдар қауымдасып түратын да, оларды көсемдер басқаратын.

Египеттің әлеуметтік-экономикалық құрылысын түсіну үшін оның климат және басқа ерекшеліктерін анықтау керек. Египеттің ежелгі табиғи мақтанышы - Ніл өзені жылда шілденің ортасында тасып, оның суы сол маңдағы тегіс жерлерді басып кететін. Бүл суды Египеттің шөлді Ніл далаларына пайдалану үшін ирригациялық жүйелер тарту, яғни Ніл өзенінің суын тиімді пайдалану қажет болды. Өйткені бүл жергілікті халықтың тұрмыс тіршілігін жақсартуға септігін тигізер еді. Сондықтан Геродот Нілді Египеттің сыйлығы деп атаған. Ежелгі Египеттің шекараларын табиғаттың өзі сызып қойғандай: оңтүстігіңде Ніл өзенінің аяқ бастырмайтын босаға тастары, батыс жағында нақ сондай тасты тау сілемдері. Ніл өзенінің жағасына Жоғарғы Египет орналасқан да, өзен бірнеше тармаққа бөлінген жерінде, атырауда Төменгі Египет орналасқан.

Ерте көктемде Эфиопия тауларының қарлары еріп, Тропикалық Африкада жауын-шашын көбейеді, Ніл өзенінің суы номиналдан жоғары, оңтүстікте 14 метрге, солтүстікте 10 метрге көтеріледі. Қарашаның ортасында су төмендеп, өзен өзінің арнасына түседі. Осы төрт айда минералдық және органикалық заттар жерге сіңетін де, ол түнба Египеттің құнарлы жер қыртысын құрайтын. Египеттің жері құнарлы, сондықтан оны қосымша құнарландырудың қажеттігі туған жоқ.

Ніл езенінің аңғарларын суландыру, тоғандау үрдісі төрт мың жылға созылды. Әр тайпа Египет даласының егіңдік жерлерін пайдалану үшін өзінің шағын автономдық су суару жүйесін салмақшы болды.

Экономикалық өзгерістер рулық-қоғамдық қауымның дамуына әсерін тигізді. Қарапайым қоғамдық құрылыс жағдайында қауым көсемдері экономикалық мәселелерді де жүйелеп, басқарып отырды. Аңшылық, балық шаруашылығымен бірге мал шаруашылығының, егін шаруашылығының маңызы зор болды.

Нілдің суын тиімді пайдалану үшін каналдар мен су қоймалары салынды. Жиналған суды бәрі бірігіп пайдаланатын және ол бәріне бірдей бөлінді, соңдықтан алдымен қауым, соңынан мемлекет суландыру жүйесін салу, сақтау, пайдалану, кеңейту міндетін қолына алды. Суландыру техникасы шапшаң дамығанымен, шаруашылық құралдары қарапайым әрі сапасыз күйінде қалып қойды. Жерді мың жыл бойы кетпенмен, қарапайым соқамен өңдеді. Айдалған жерге алдын-ала дайындалған тұқым себілетін, оның үстімен мал жүргізіліп, тұқым жерге сіңдірілетін. Мұндай ежелгі әдіс Египетте б. д. дейінгі V ғасырға дейін сақталды.

Ауыл шаруашылығымен қатар бұл кезеңде қолөнердің де түрлері дамыды. Египетте жергілікті шикізаттар көп болатын. Тастың көптеген түрлері, яғни, гранит, диорит, базальт, порфин, ақ тас. т. б. кездесетін. Египеттіктер тастан қару мен еңбек құралдарын жасайтын. Ара, пышақ, балта, гарпун, жебелермен қатар тастан ыдыстардың, түтіктердің түрлерін жасауды үйренді. Тастардан әдемі сарайлар, мазарлар мен храмдар тұрғызды. Бұл кезеңде тас қолдану техникасы өте жоғары деңгейде дамып, өзінің шырқау шегіне жетті. Темірдің ашылуы, оны қорытуды үйрену ауыл шаруашылық құрал-жабдықтарына елеулі өзгерістер әкелді. Металдардан, ең алдымен, жез бен темірді қолдана бастады. Көне дәуірдің соңына таман Ніл аңғарында, Қызыл теңіз аралығындағы шөлді аймақта, Синай түбегінде мыстан, темірден жасалған бұйымдар көптеп кездеседі.

Әйтсе де, металлургия Египетте өте баяу дамыды. Темірді алыстан әкелетіндіктен және оның қымбат болуына байланысты темір қорыту қарқынды дами алмады. Сондықтан да Египетте темірден жасалған қарумен бірге тастан жасалған құрал-жабдықтар да көптеп қолданылды.

Ауыл шаруашылығы мен қолөнер өнімдерінің көп өндірілуі саудаға жол ашты.

Ежелгі Финикияның Библ деген қаласынан бірқатар жабдықтар табылды. Олардың көне Египеттік құралдармен істелгені байқалады. Бұлар кремнийден жасалған пышақтар, кестелер, хрусталь мен алтыннан істелген моншақтар, аңдардың бейнелері. Бұл бұйымдар Египеттен Сирияға сауда арқылы келген.

Көне Египеттік құлпытастар сол кезеңде Египетте таптық қоғамның пайда болғанын, ежелгі мемлекеттің нышандарын аңғартады. Аталмыш құлпытастарда жерленген ақсүйектердің титулдары, атағы, қызмет орындары жазылған. Онда керсетілген қызмет дәрежелері мыналар: патшадан кейінгілер - сарайдың бастығы, мөр сақтаушы, патша қағаздарын сақтаушы. Солармен бірге сарай қызметкерлері өздерін княздер, патшаның жолдастары деп атайтын. Жоғарғы шенеунік уәзір деп аталатын. Осындай атақтарға қарағанда сол заманның өзінде орталықтан басқарудың ежелгі нысаңдары пайда болғандығы аңғарылады.

Ежелгі Египеттің дамуы мынандай кезеңдермен сипатталады. Бұл дәуірлеу авторы-Манефон. Манефон грек тілінде Египеттің екі томдық тарихын шығарды. Бүкіл Египеттің тарихын ол: Ежелгі Патшалық, Орта Патшалық, Жаңа Патшалық деген үш кезеңге бөлді. Әрбір патшалық әулеттерге бөлінеді, өр патшалық он әулет, бәрі бірігіп отыз әулет құрады.

Ежелгі Египет тарихының кезеңге бөлінуі:

  1. Ертедегі Патшалық-3100-2800 жж. Бұл кезең Мысырдың тас ғасырлары. Египеттің топтасу үрдісіне ұшыраған кезеңі. Осы кезеңде мемлекет құрылып, Менес патшасы бірінші әулеттің негізін салды. Бұл үрдісті Номтинис басқарды.

  2. Ежелгі Патшалық (Ескі патшалық) 2800-2150 жж. Египеттің орталықтану үрдісіне ұшыраған мемлекеттің тығыз топтасқан кезеңі. Темір қару шығарыла бастады, пирамидалар салынды.

  3. Орта Патшалық 2050-1700 жж. Египеттің орталығы Фива қаласы болды. Гикосостар Египетті басып алды.

4. Жаңа Патшалық 1575-1087 жж. I Яхмос перғауын Египетті басқарып, Египет ірі, күшті империяға айналды. Осы кезеңнің соңында Египетті алдымен парсылар, кейін А. Македонскийдің әскерлері басып алды, б. д. дейінгі 30 жыддары Египет Рим провинциясына айналды.