Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АРХ УМКДказ-2 - копия 2012.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
04.05.2019
Размер:
704 Кб
Скачать

2.Ұлттық экономиканың негізі, оның сфералары мен секторлары.

Қоғамдық өндірістегі дамудың экономикалық заңының бірі еңбекті қоғамдастыру және бөлу заңы болып табылады.

Еңбекті қоғамдастыру және бөлу заңы жаңа салаларды жүйелі түрде туғызып және оларды экономикалық мақсатқа лайықты мөлшерде интегралдап жатыр.

Сала — бұл өндірілетін өнімнің тұтынушылық немесе экономикалық тағайындалуының бірлігімен, материалды-техникалық база және кәсіптік кадр құрамымен қолданылатын қайта өнделетін шикізат ортақтығымен сипатталатын біркелкі кәсіпорындардың жиынтығы.

Берілген сала экономикасының объектісі — күрделі құрылыс. Ол бірінші, яғни еңбек бөлінісінің жалпы кезеңінде қалыптасты.

Құрылыс саласы оның спецификасы есебімен өзіндік түрде қалыптасады.

Күрделі құрылыс саласы сала негізін қалыптастыруында жатқан сипат белгілеріне байланысты әр түрлі бағытта бөлінеді.

Құрылыстың халық шаруашылық кешені жүйесі мен барлық ұлттық экономикадағы басты рөлі жалпыға белгілі және айқын.

Салалық құрылым — бұл пайызбен көрсетілген жеке салалардың өзара қатынасы.

Салалық құрылым салалар тізімімен және олардың жалпы өндіріс өнімі көлемінің бөлігімен немесе өндіріс элементімен көрсетіледі (негізгі корлардың бағасы, қызметкерлер саны және т.б.). Салалық құрылымды сипаттау кезінде тауар өнімі өндірісінің жалпы көлеміндегі саланың меншікті салмағының көрсеткіші қолданылады.

Барлық қоғамдық өндірістің жаңа тиімді ресурс үнемдейтін, жоғарғы технологиялық және экономикалық мақсатқа лайықты даму моделін жасау құрылым саясаты мен оның жүзеге асыру жолдарын анықтайды.

Құрылымдық жылжулар және осы негізде өнеркәсіпті өндірістің құрылым оптимизациясы әр кешенде, кіші кешенде және өзара байланысқан салалар тобында жүзеге асады. Құрылымдық қайта жасау сипаттамасы нарық талаптары және сала ерекшелігі анықтайтын ел қажеттілігімен шартталған.

3. Нарық жағдайындағы құрылыс ұйымдары, капиталды құрылыстың рөлі, міндеттері, мақсаты мен функциялары

Мақсаты: күрделі құрылыстың – ҚР экономикасы даму қажеттілігін қанағаттандыратын құрылыс саласының дамуы.

Құрылыс ұйымдары, күрделі құрылыстың даму міндеттері:

саясатты қалыптастыру, саланың ары қарай дамуының экономикалық алғы шарттары, ұлттық экономика және халық шаруашылық кешеніндегі орны;

құрылыс саласының ресурстары (негізгі қорлар, айналым қорлары, қызметкерлер және т.б.);

ресурсты қолдану нәтижесі (өнімнің өзіндік құны, өнімнің шығындары, сату мен өндірістің көлемі);

сала ішіндегі өндіріс тиімділігі (пайда, өндіріс рентабелділігі);

сала атқарылуы және тиімділігінің арту факторлары (қоғамдық өндіріс ұйымдарының қалыптары — концентрация, мамандандыру, кооперациялау және өндірісті қиыстыру, сала кәсіпорындарын орналастыру, ғылыми техникалық прогресс).

4. Нарық жағдайындағы құрылыс мекемелері, ұйымдарының тиімді қызмет атқаруына әсер ететін факторлар мен ерекшеліктер

Экономика өз заңдары бойынша қалыптасады. Экономикалық заңдар математика, физика, химия, биохимия және т.б. заңдары сияқты объективті, қайсар және нақты. Бұл экономикалық заңдар ұлттық экономиканың, халық шаруашылық кешені және оның жеке буындары - салалар мен өзара байланысқан салалар топтарының қалыптасуының сипатын анықтайды.

Бірақ та дайын құрылыс өнімін алудағы ерекшелігі және қызметкерлерді, технологияларды, техниканы, материалды-техникалық базаны қолданудан көрініс табатын құрылыс ұйымдары, кәсіпорындары қалыптасуының тиімді спецификасы жалпы экономикалық заңдардың көрінуін өзіне тән қылады. Аталған өзіне тән болушылық арқылы халық шаруашылық кешен қалыптасуының жалпы заңдары сынып жатыр және сала экономикасы (құрылыс) жеке дербес ғылыми пән ретінде қалыптастырып жатыр.

Күрделі құрылыс берілген мемлекет ішінде ұлттық экономика мен халық шаруашылық кешеннің маңызды буыны болып табылады. Салаларды жою, елдің жеке аймақтарына немесе конгламерат типтегі ірі салааралық шаруашылық қалыптасуларға бөліп тастау әрекеттері ұлттық экономикаға зияннан басқа еш нәтиже берген жоқ.

Құрылыс ұйымдарының қалыптасу жағдайлары нақты және өзіне тән. Сондықтан құрылыс кәсіпорындары мен ұйымдарын жеке дербес оның қалыптасуының нақты жағдайында зерттеу керек. Республика құрылыс кешенінің жылдам дамуы жалпы заңнаманың нарық экономикасының шарттарының жаңартылған салалық нормативтеріне сәйкестендіріліп қамтамасыз етіледі. Жаңа құрылыс технологиялары мен материалдарын қолдану үлкен көлемдегі СНиПтер, МЕСТтер және басқа да нормативтік құжаттардың қайта қарауын талап етті. 2005 жылдың өзінде ғана ҚР индустрия және сауда министрлігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық құрылысы жөніндегі комитеті төрағасының бұйрығы бойынша 32 жаңа нормативтік құжаттар қолданысқа енгізілді. «Техникалық реттеу туралы» заңының қабылдануына байланысты құрылыс сферасындағы халықаралық заңнаманың талаптарына сәйкес техникалық регламенттерді ойластыру жұмыстары алда тұр.

Нарық жағдайындағы саланың дамуын жеке кәсіпкерлікті ынталандыруға арналған мемлекетпен қабылданған іс шаралар қолдайды. Орта және кіші бизнес кәсіпорындарының лицензиялау тізімі жеңілдетіледі, есептіліктің жеңілдетілген режимдері және салық салу аяушылығы (щадящее налогообложение) қондырылған.

ИСО 9000 және ИСО 14000 сапа менеджменті жүйесі екпінді енгізетін кәсіпорындар үшін 50% дейін корпоративті табыс салығы мөлшері азайтылады, ал жоғарғы қосылған бағамен өндірілген өнімдер 30% дейін салық түсуімен мадақталынады.

Қазақстанның барлық индустриалды-инновациялық даму стратегиясы жылдамдатылған қазіргі замандық ғылыми ойластырылымдарды енгізуге, әрі қарай технологияның практикада қолданылуына бағытталған. Осы мақсатпен кәсіпорындарға салық преференцияларынан басқа, офистік және өндірістік аудандарды жалға алу және сатып алуға, лабораториялық қондырғыларға, маркетинг пен патент тану бойынша кеңестер алуға жеңілдіктер беріледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 жарлығымен Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама), оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың тұрақты мониторингін, тиімділігін бағалауды жүзеге асыру үшін оның іске асырылуын бақылау жөніндегі Мемлекеттік комиссия құрылды.

2008 жылғы 26 ақпанда 2008 жылға тұрғын үй салуға және сатып алуға арналған облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне кредит беру ережесі бекітілді. Қаржы, Индустрия және сауда министрліктері мен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері арасында үш жақты кредиттік шарттарға қол қойылды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 8 шілдедегі № 629 Жарлығымен бастапқы жарнасыз жылына 4% ставкамен азаматтардың басым санаттарына кредиттер бере отырып, «Тұрғын үй жинақ банкасы» АҚ жүйесі арқылы берілетін кредит қаражаты есебінен салынатын тұрғын үйді іске асыруды; Астана, Алматы қалаларының және Атырау облыстарының жергілікті атқарушы органдарына кредит беруді болдырмау; қаржы институттары, оның ішінде «Қазақстандық ипотека компаниясы» АҚ және «Ипотекалық кредиттерге кепілдік беру Қазақстандық қоры» АҚ бөлетін қаражаттарды азайтуды; мемлекеттік жалдамалы үйлерді салу көлемдерін ұлғайтуды; Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жеке тұрғын үй құрылысын салуға берілген жер учаскелеріне инженерлік желілерді салуды көздейтін қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес үш жыл ішінде қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы алаңы 28 млн. шаршы метр, оның ішінде 2008 жылы 8 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделеді.

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің ақпараты бойынша 2008 жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үй құрылысына 442,3 млрд. теңге инвестиция жіберілген, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 16,1%-ға аз. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражат үлесі 11,5%-ды құраған.

Меншіктік барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар және халық жалпы алаңы 6,8 млн. шаршы метр болатын тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға берген, ол 2007 жылғы деңгейден 2,3%-ға жоғары. Жеке кәсіпорындар, ұйымдар және халық пайдалануға берген тұрғын үй ғимараттары (пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінің 84,8%-ы) басым күйінде қалып отыр. Жеке тұрғын үй салушылар үлесіне 51,6% тиесілі болды. Мемлекеттік ұйымдар тұрғын үйдің жалпы көлемінің 12,5%-ын, шетелдік кәсіпорындар 2,7%-ын пайдалануға берген.

Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттары көлемінің ұлғаюы республиканың 13 өңірінде байқалды. Айтарлықтай өсім Солтүстік Қазақстан (1,5 есеге) және Ақмола (27,8%-ға) облыстарында болды.

2008 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында тұрғын үйлердің жалпы алаңының 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 57,9 мың теңгені құрады. Көп пәтерлі үйлерде тұрғын үй салудың 1 шаршы метр құрылысының құны 81 мың теңгені, жеке үйлерде – 36,3 мың теңгені құрады.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2008 жылы жалдамалы тұрғын үй құрылысын салуға республикалық бюджеттен облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 9,6 млрд. теңге сомасында мақсатты трансферттер бөлу көзделген.

2008 жылғы қаңтар-қарашада 16,2 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй, 227 пәтер пайдалануға берілді (Ақмола, Ақтөбе, Алматы, батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары). Жалдамалы тұрғын үйді негізгі пайдалануға беру 2008 жылдың желтоқсан айына жоспарланды.

2008 жылғы қаңтар-қарашада салынып жатқан 100 мектеп және 100 аурухана қызметкерлерін тұрғын үұймен қамтамасыз ету бағдарламасы шеңберінде 21 мың шаршы метрі, 235 пәтер пайдалануға берілді (Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары). Көзделген кредиттік тұрғын үйді пайдалануға беру түзетілді және ол 99,6 мың шаршы метрді құрады.

2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған кредиттік тұрғын үйлердегі пәтерлерді сату жалғасуда.

2008 жылғы он бір айда барлық өңірлерде (оңтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласы) қаражатты қайтадан пайдалану есебінен 280,2 мың шаршы метр (3219 пәтер) кредиттік тұрғын үй пайдалануға берілді.

Республикада тұрғын үй құрылысына кредит беру және тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйелерін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

«Қазақстандық ипотекалық компаниясы» АҚ-ның ақпараты бойынша 2008 жылғы 1 қазандағы жай-күй бойынша 42 мыңнан астам азаматқа қайталама нарықтан және республикалық бюджеттің кредиттік қаражаты есебінен салынған тұрғын үйлерді сатып алуға 117 млрд. теңгеден астап ипотекалық кредит бөлінген.

2008 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ы 149 млрд. теңгеден астам сомаға тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы 93 мыңнан астам шарт жасады. Барлығы 21 млрд. теңгеден астам сомаға 6647 қарыш алушыға тұрғын үй, аралық және алдын ала тұрғын үй заемдары берілді.

Жеке тұрғын үй құрылысын (ЖТҮҚ) дамыту жылжымайтын мүлік нарығын дамыту саласындағы дәйекті саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Республикада тұрғын үй құрылысы проблемасын кешенді шешу мақсатында жер телімдерін беруге және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен тұрғын үй құрылысын аудандарын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыс жүргізілуде.

Жеке тұрғын үй құрылысын ынталандыру мақсатында «Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелеріне құқық беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысы қабылданды.

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ақпараты бойынша ағымдағы жылғы 1 желтоқсандағы жай-күй бойынша 2005 жылдан бастап ЖТҮҰ үшін жер телімдерін сатып алуға 937890 өтініш берілді.

2005 жылғы 1 қаңтардан бастап 267716 телім (берілген өтініштердің санына 29%) бөлінді. Азаматтардың қанағаттандырылған өтініштерінің жалпы санынан 2008 жылы 35180 телім бөлінді.

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы уәкілетті органның құзыреті көзделетін, сондай-ақ, құрылыс салушының төлем қабілетіне (қаржылық тұрақтылығына) қойылатын талаптар қатайтылатын және құрылыс салушыларда тұрғын үй ғимараттарын салу тәжірибесі және салынған пәтерлердің болуы туралы талаптарды енгізуді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.

Алда тұрған міндеттер:

- Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

- жалға алу (коммуналдық) тұрғын үйді салуды қамтамасыз ету.

- халықтың қалың жігі үшін кредиттік және/немесе сатып алынған тұрғын үйді салуды қамтамасыз ету.

- тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын (2008-2010 жылдар) салу және/немесе сатып алу.

- Жобалау құжаттамасының сапасын және халықаралық нормативтермен нормативтік-техникалық базаны үйлесімдендіруді қамтамасыз ету. Жобалау және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттаманың сапасын арттыру.

- Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік-техникалық және сметалық-нормативтік базаны жаңғырту.

Бақылауға арналған тест сұрақтары:

Күрделі кұрылыс дегеніміз не?

Құрылыс кешенінің құрамына кіретін үйымдар.

Құрылыс кешенінің баска салалардан айырмашылығы.

Құрылыс саласының өнімінің сипаттамасы.

Жеке объекттің түсінігі.

  1. Экономика ұғымының мәні:

а) материалдық игіліктерді өндіру, бөлу қатынастары;

б) еңбек және өнім айырбастау қатынастары;

в) өндірістік қатынастар жиынтығы;

г) барлық жауап дұрыс.

  1. Кұрылыс экономикасы және менеджмент пәніне не жатады:

а) экономикалық статистика;

б) кәсіпкерлік қатынаста болудың әдісі мен нысандары;

в) бухгалтерлік есеп;

г) барлық жауап дұрыс.

3 Мына төмендегілердің қайсысы кәсіпорын экономикасы пәнінің анықтамасына жатпайды:

а) экономикалық игіліктер;

б) шектелмеген өндіріс ресурстары;

в) барынша қажеттілікті қанағаттандыру;

г) шексіз қажеттілік;

д) сирек кездесетін ресурстар.

2. Студенттердің оқытушының жетекшілігімен өзінді жұмысы(СОӨЖ) мен студенттердің өзіндік жұмысының (СӨЖ) орындауға берілген тапсырмалар

СОӨЖ тапсырмалары:

СОӨЖ –оқушылық деңейі:

1. «Кұрылыстағы экономика және менеджмент» пәнінің мазмұнын, мақсаттарын талдау арқылы көрсетініз.

2. «Кұрылыстағы экономика және менеджмент» пәнінің зерттеу объектілерін талдау арқылы көрсетңіз.

СӨЖ арналған тапсырмалар:

Келесі негізгі ұғымдарға өз түсінігіңізді беріңіз: макроэкономика, микроэкономика, менджмент, маркетинг, сатистика. «Кұрылыстағы экономика және менеджмент» пәнінің жеке дара пән ретінде маңыздылығы.

Такырып 2. Нарық жағдайында шаруашылық жүргізудің жаңа нысандар

  1. Құрылыстық қызметтік процестер

  2. Құрылыс қызметіне әсер тигізетін факторлар

  3. Өндірістік процесс және оны жіктеу

  4. Өндірістік процестің негізгі қағидалары

1. Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан қүралады. Өндіріссіз түтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп кою болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жүмыстар және кызмет көрсетеді, яғни түтыну және үлттық байлықты молайтудың негізін калайды.

Кәсіпорын кызметін өзара әрекеттесетін үш процеспен сипаттауға болады: өндіріс алдындағы, тікелей өндірістік және өндіріспен тыс. Кәсіпорын қызметіне сипаттаманың қажеттілігі технико-экономикалык талдау көмегімен айкындалған өндіріс тиімділігінен туындайды. Өндіріс алдындағы процестерге Кәсіпорынның техникалық потенциалының дамуы,өндірістің техникалык үйымдастырушының деңгейінің және өндірістік ресурстарың нормалар жүйесінің көрсеткіштермен көрсетіледі.

Кәсіпорын кызметінің келесі процесстерінде экономикалық деңгейдың болуын айкындаиды өндіріс алдындағы процесс екендігін көрсету қажет. Сондықтан да, кәсіпорын сипаттамасында, оның аталуы, мекенжайы, шығарылатын өнімінің номенклатурасы және ассортименті, колданылатын нормалар және материалдың ресурстармен камтылуының ұйымдастырылуы, өткізу нарығы көрсетілуі тиіс.

2. Сонымен катар, кәсіпорын кызметіне әсерін тигізетін, факторларға сипаттама беріледі.

Факторлар:

1.Экономикалық: іскерлі белсенділік циклы. Информация. Жұмыссыздың деңгейі. Нарықтағы сатып алу кабілеттілігі. Несиенің пайыздың ставкасының шамасы.

2.Саясаттық: шикізат көзі және өткізу нарығы бар аумактардағы тұраксыздың. тұрақсыздықтың зандылығы.

3.Табиги ресуртар: кейбір шикізат түрлерінің тапшылығы.

4.Ғылыми-техникалык

Кәсіпорын кызметін аткаруы үшін өзінің өндірістік кұрылымы болуы тиіс.

Өндірістік күрылым деп-негізгі және косалкы цехтар, өндірістік белгіленудегі кызмет ететін шарушылыктардың қүрамын және олардың өндірістік байланыстарының түрлерін айтамыз. Өндірістік құрылым едэуір мөлшерде кеңістікте өндірістік процестің ұйымдастырушылық түрлеріне әсеретеді, яғнийех араларында негізгі және қосалқы өнім өндірісі процесін экономикалык көрсеткіштеріне, және де жалпы Кәсіпорынның басқару ұйымдарының құрылымына, оның кұрылымдык бөлімшелеріне тікелей әсерін тйгізеді. Өндірістік құрылым номенклатура, ассортимент және шығарылатын өнім сонының, техника, технология, өндірісті ұйымдастыру, ендірістік және өндірістен тыс, процесстердің өзгерістеріне байланысты жетілдірілуі тиіс.

Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе және кажетті бернесін орындаса, алдына қойған максатына жетеді. Осыған орай кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:

• жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және колда бар өндірістік мүмкішіліктеріне, сұраныстарына сай кызмет көрсету;

өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұкыпты пайдалану;

кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын эзірлеу және жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;

ғылыми-техникалык жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті ұйымдастыру және баскаларды өндіріске кеңінен еңгізу;

өздерінің кызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік деңгейлерін

арттыру, еңбек ұжымдарында колайлы саяси-психологиялык ахуалды жаксарту;

Кәсіпорынның шығарған өнімінің бэсекеге жарамдылығын камтамасыз ету, кәсіпорынның жаксы атағын қолдау;

Баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.

Қазакстанда «Меншік туралы» Заңга сәйкес кәсіпорындар мемлекеттік, жеке меншіктік, сол сиякты меншіктің аралас нысанасы түрінде құралады және іс істей алады.

3. Мемлекеттік кәсіпорындар - мұнда негізгі құралдар мемлекеттің меншігінде болады. Мемлекеттік органдардың карамағында болатын кәсіпорындарды казыналық деп атайды.

Мемлекеттік холдинг-компаниясы - Холдинг деп үлкен корпорациялардың ортақ мүдделерінің сақталуына акциялардың бакылау пакеті аркылы бірыңғай бакылау жасауды айтады. Алғашқы кезеңде Қазақстанда мемлекеттік акционерлік Кәсіпорындары кұрылғанда халык шаруашылыгы салаларында көптеген холдингтер көріне бастады.

Біздің республикада жеке меншік секторы мына төмендегі бөлімшелерден тұрады:

жеке кәсіпкерлік;

толықсеріктестік;

коммандиттік (сенімгерлік) серіктестік;

жауапкершілігі шектеулі коғам;

косымша жауапкершілік жүктелген коғам;

ашық акционерлік қоғам;

жабық акционерлік қоғам;

өндірістік кооперативтер.

Жеке кәсіпкерлік - бұл жеке кэсіпкерліктің ең жай нысаны, мұнымен айналысуға эрекетті эрбір азаматтың кұкығы бар.

Толық серіктестік - екі немесе одан да көп тең құкықты адамдардың ұйымдаскан шаруашылык қоғамының бірлестігінің түрі. Олар кэсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін бірігіп, жасасан шарт негізінде өз мүліктерімен қоғам алдында жауапты болады. Толык серіктестіктің мүлкі оның катысушылардың үлес (пай) жарнасы негізінде (акшалай және баска түрде) калыптасады.

Коммандиттік (сенімгерлік) серіктестік - шаруашылык когамдардың бір түрі. Оған шарт жасасу негізінде екі, одан да көп кісі біріге алады. Алайда олар мүлікке деген жауапкершілігіне карай екіге бөлінеді. Бірінші топқа жататындар толык үлесшілер (пайшылар) немесе коммандиттік серіктестіктің толық мүщелері деп аталады. Олар қоғамның борышы үшін өз мүліктерімен толык жауап береді. Ал коммандиттер, сенім бірлестігіндегілер деп аталатын екінші топтағылар қоғамға қоскан жарнасы көлемінде жауапты.

Жауапкершілігі шектеулі коғам - кэсіпкерлік кызметті жүзеге асыру үшін екі, одан да көп адамды біріктіретін когамның түрі. Жауапкершілігі шектеулі коғамның оның мүшелері есебінен жиналған жарғы коры бар. Жауапкершілігі шектеулі қоғам жабык қоғам, яғни коғам мүшесі өз үлесін қогамның басқа мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады. Қоғам акциялар шығармайды. Мұның өзі коғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы тарту мүмкіндігін шектейді.

Қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам - катысушылардың жаргылык корға өздерінің міндетті салымдарымен жауап ьеретін коғам, ал бүл каражаттардың жетіспейтін кезінде - косымша өздерінің мүліктерімен салган салымдарының үйлесімді мөлшері.

Ашык акционерлік қоғам - бұл зандык кұкы, жарғысы бар қоғам. Ол рұқсат ету жолымен құрылады, акцияда бірлен үлесі бар, белгілі мөлшерде бір бөлшектенген негізгі капиталы болады. Олардың негізгі к^питалы акцияларға бөлінеді. Акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай клуі керек.

Жабык акционерлік қоғам - ашык акционерлік қоғамнан акцияларды таратудың ерекше эдісімен өзгеше. Оның мэні акционерлік қоғамның акциясын сатып алуды акционер басқалармен салыстырғанда артық кұкыкка ие болады. Міне, омыдан барып, акционерлік коғамның өнеркэсіпте, саудада, банк және сақтандыру жүйесінде, экономиканың баска да салаларында кеңінен дамуына әсеретеді.

Өндірістік кооператив - бүл коғамның кызметі принципінде табыс табу емес, коғам мүшелеріне көмек етіп, ыкпал жасау. Кооператив кэсіпкерлік нысанына тэн жағдай, оның мүшелерінің сол кооперативпен тығыз байланыс орнатуда. Кооператив - ол занды иегер.

4. Әрбір кәсіпорын қызметінің негізін өндірістік процесс құрайды. Кез- келген өндірістік процесс – бұл өзара байланысты еңбек процестерінің, технологиялық және табиғи процестердің жиынтығы.

Өндірістік процесс – бұл, ең алдымен, еңбек процесі, себебі адамның ақпарат ретінде де, өндірістік материалдық құралдары ретінде де пайдаланатын ресурстары еңбек процесінің өнімі болып табылады.

Өндірістік процестер негізі, қосымша және қызмет көрсетуші процестерге бөлінеді.

  1. Негізгі өндірістік процестер — бұлар еңбек заттарының нысаны, өлшемі, қасиеттері, ішкі құрылымы тікелей өзгеретін процестер, оның нәтижесінде олар дайын өнімге айналады. Мысалы, зауытта бұндай процестерге бөлшектерді дайындау және олардан бүтіндей бұйымды құрастыру жатады.

2. Қосымша өндірістік процестерге нәтижелері тікелей негізгі процестерде қолданылатын немесе оларды үздіксіз және тиімді іске асыруды қамтамасыз ететін процестер жатады. Мысалы, аспаптарды, құрылғыларды дайындау, құрал - жабдықты жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді дайындау, кәсіпорында барлық энергия түрлерін (электроэнергия, сығылған ауа және т.б.) өндіру жатады.

3. Қызмет көрсетуші өндірістік процестер - бұлар негізгі жэне қосымша өндірістік процестерді іске асыруға қажетті қызметтерді көрсету бойынша еңбек процесі болып табылады. Мысалы, материалдық құндылықтарды тасымалдау, барлық түрдегі қоймалық операциялар, өнім сапасын техникалық бақылау және тағы да басқалары.

Энергия көздеріне қарай технологиялық процесті пассивті және активті деп бөледі. Пассивті технологиялық процесс табиғи процесс түрінде жүреді де, еңбек қатынасына әсер ету үшін адамның қосымша энергиясын талап етпейді.

  1. Еңбек затына үздіксіз әсер ету деңгейіне қарай технологиялық процесс үздіксіз және дискреттік деп бөлінеді. Бірінші жағдайда технологиялық процесс шикізатты тиеу, дайын өнімді беру және оларды бақылау (құрыш құю, мұнайды қайта өңдеу, цемент өндіру және тағы да басқа) кезінде үзілмейті.

  2. Еңбек затына әсер ету әдісіне қарай және қолданылатын құрал – жабдықтардың түріне қарай физикалық, механикалық және аппараттық - техникалық процестерге бөлінеді. Механикалық – технологиялық процестер қолымен немесе машиналардың көмегімен іске асырылады.

  3. Шикізатты өңдеудің реттілігіне (санына) қарай сыналарға бөлінеді:

  • Ажыратылған (ащық) схемасы бар процестер, онда шикізаттар мен материалдар бір реттік қана өңдеуге ұшырайды;

  1. Тұйық (жабық, айналмалы, циклдік) схемасы бар процестер, онда шикізаттар мен материалдар процестің бастапқы сатысына қайта өңделуі үшін бірнеше рет оралады. Пайдаланылатын шикізаттың түріне қарай өсімдікті, жануардан алынатын және минералды шикізаттарды өңдеу процестеріне бөлінеді.

Негізгі өндірістік процестер келесідей сатылардан тұрады:

  1. Дайындау сатысы

  2. Өңдеу сатысы

  3. Жинақтастыру – құрастырушы сатысы

  4. Ретке келтіру сатысы

5. Өндірістік процесті ұйымдастырудың бірнеше қағидалары бар. Олар: дифференциация (саралау); шоғырландыру мен интеграция; мамандандыру; пропорционалдылық; тікелей дәлдік; үздіксіздік; параллелдік; ырғақтылық; автоматтық; икемділік; оптималдылық (оңтайлылық); профилактика мен электрондау; стандарттау және тағы да басқалары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]