Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Философия каз.3 кредит.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
07.05.2019
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Пәндердің оқу- әдістемелік кешенінің

мазмұны

1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы (егер пән таңдау компоненті бойынша болса, онда пәннің оқу бағдарламасы)

2. Студенттер үшін пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)

Пәннің сипаттамасы, автор туралы мәлімет, пәннің постреквизиттері, пререквизиттері

Пәнді оқытудағы дәрістердің тақырыптық жоспары әдістемелік нұсқаулармен

Пәнді оқытудағы семинар (семинар (практикалық) сабақтардың жоспары) тақырыптық жоспары әдістемелік нұсқаулармен

Пәнді оқытудағы СОӨЖ тапсырмаларын тапсыру және орындау графигі әдістемелік нұсқаулармен

Пәнді оқытудағы СӨЖ тапсырмаларын тапсыру және орындау графигі әдістемелік нұсқаулармен

Әдебиеттер тізімі

Глоссарий

Білімдер бағалау жалпы шкаласы

3. Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі

4. Дәріс комплексі (дәріс тезистері, иллюстративтік және таратпа материал, әдебиеттер тізімі)

5. Пән бойынша сабақ түрлерін өткізудегі әдістемелік нұсқаулар

6. Студенттердің өзіндік жұмыс үшін материалдар: үй тапсырмасының тескттерін теру, өзін өзі бақылау материалдары, рефераттар және т.б.

7. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары (жазбаша, тест сұрақтары, өздік дайындалу үшін сұрақтар тізімі, емтихан сұрақтары және т.б)

8. Оқытудың техникалық құралдары, демонстрациялық материалдардың тізімі (плакатар, слайдтар және т.б., бағдарламалық и және мультимедиялық қамтылуы

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

проректор-директор

м.а. т.ғ.к., доцент Мұқатаева Л.К.

_____________________________

«___» _________________ 2011 ж.

ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Философия» пәнінен

5В030200 – Халықаралық құқық, 5В030400 – Кеден ісі, 5В030300 – Құқыққорғау қызметі, 5В030100 - Заңтану, 5В050900 - Қаржы, 5В050800 - Есеп және аудит, 5В050600 -Экономика, 5В050300 - Психология, 5В050100 - Әлеуметтану, 5В050900 – Әлеуметтік жұмыс, 5В050200 – Туризм, 5В050207- Аударма ісі, 5B050507 – Менеджмент

мамандықтарының студенттеріне арналған

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебі

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндер кафедрасы

Астана - 2011ж.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., Иманқұл Н.Н. және ф.ғ.к., аға оқытушы Иманқұл А.Н. дайындады

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндері кафедра отырысында талқыланды

Хаттама № ____ «_____» ______________________________ ___________ж.

Кафедра меңгерушісі Құсайынова Ж.Д.

______________ «_____» _____________________________ ___________ ж.

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің Кеңесімен келісілген.

Хаттама № ____ «_____» ______________________________ ___________ж.

Төраға т.ғ.к., доцент Мұқатаева Л.К.

__________________ «_____» _________________________ ___________ж.

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

гуманитарлық ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

проректор-директор м.а. т.ғ.к., доцент Мұқатаева Л.К.

_____________________________

«___» _________________ 2011 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(syllabus)

Пәннің атауы: «Философия»

5В030200 – Халықаралық құқық, 5В030400 – Кеден ісі, 5В030300 – Құқыққорғау қызметі, 5В030100 - Заңтану, 5В050900 - Қаржы, 5В050800 - Есеп және аудит, 5В050600 -Экономика, 5В050300 - Психология, 5В050100 - Әлеуметтану, 5В050900 – Әлеуметтік жұмыс, 5В050200 – Туризм, 5В050207- Аударма ісі, 5B050507 – Менеджмент

Оқу нысаны: күндізгі бөлім

Барлығы - 3 кредит

Курс - 1, 2 Семестр – 1,2,3

Дәрістер - 30 сағат

Практикалық, семинар - 15 сағат

СОӨЖ - 23 сағат

СӨЖ - 67 сағат

Емтихан - 1,2,3 семестр Жалпы көлемі – 135 сағат

А С Т А Н А – 2011ж.

КІРІСПЕ

Оқытушылар туралы мәлімет:

Иманқұл Нұртас Насырұлы, философия ғылымдарының докторы.

Білімі: Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ң философия факультетін бітірді.

Гуманитарлық және жаратылыстану кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. 413 каб.

Ғылыми ізденістері: логика, гносеология, философия тарихы.

Иманқұл Айжан Нұртасқызы - философия ғылымдарының кандидаты.

Білімі: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті.

Гуманитарлық және жаратылыстану пәндрі кафедрасының аға оқытушысы, 413 каб. Ғылыми ізденістері: философия тарихы.

Оқу пәні ретінде философияны оқытудың басты мақсаты – болашақ мамандардың қазіргі күрделі әрі динамикалық дүние жағдайындағы дұрыс дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыруға жәрдемдесу.

Болашақтағы мамандардың дүниеге көзқарастық мәдениетін, тіршіліктегі қыруар қарбаластан шығу жолдары мәселелері туралы сыни-рефлексивті ойлау тәжірибесін қалыптастыру болып табылады. Бұл олардың қоғамдағы өзінің рөлін, өмірінің мақсаты мен мәнін, өзінің іс-әрекеті мен қылықтарына жауапкершілігін сезінуіне, адам болмысын ұғыну, өзінің дүниедегі және өзге дүниенің өзіндегі мәнін түсіну болып табылады.

Пәнді оқып-үйретудің міндеттері:

- Студентті философиялық ойлауға баулу. Философия арнайы білімдер жүйесі ретінде стихиялы философия өзгеше, өзінің рухани мол ғасырлық дәстүріне сүйенеді;

- Философиялық ой кешудің тарихи типтерін мәдениет контекстінде талдау;

-Болашақ мамандардың философиялық-дүниетанымдық және методологиялық мәдениетін қалыптастыру;

- Пән мазмұнын студенттердің оған деген қызығуын тойтаратын бұрынғы идеологиялық жүктемеден догматикалық штамптар мен клишелерден азат ету.

- Юридикалық және өзге гуманитарлық ғылымдар мен оқу пәндері жүйесінде құқық пен мемлекет мәселесі – оқыту нысаны болып табылады, сондықтан осы жүйелерде философияның негізқалаушы орнын анықтау.

Перереквизиттер : "Философия" оқу пәнін оқытып-үйрету:

-Студенттердің әлемдік көзқарастарын қалыптастыру арқылы тұлғаны рухани дамыту;

- Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар саласында мәлімет беретін орта білімнің бар болуын;

- Керекті әдебиетті іздей, әрі таба білу және оны сыни-талдау тезінен өткізіп, игере білу қабілетін;

- Ойлау мәдениеті мен тәртібінің белгілі деңгейінің болуын қалайды.

Постреквизиттер :

Курсты оқып үйренуде келесі пәндерді талап етеді:

-мәдениеттану;

-әлеуметтану;

-саясаттану;

- құқық негіздері;

- қазiргi жаратылыстанудың тұжырымдамалары;

Студент білуі және меңгеру керек:

-философиялық ойлаудың тарихын білу;

-ұлттық философияның жетістіктерін білу;

-арнайы философиялық мәселелерге баяндама дайындай білу;

-философиялық семинарға және пікірталаста философиялық ұғымдар мен категорияларды қолдана білу;

-қоғамдық өмірде философиялық аксиологиялық әдісті қолдана білу.

Пәннiң мазмұны Дәрiс сабақтарының тақырыптық жоспары

Тақырып, сабақ саны және сағаттары

Мақсаттары мен міндеттері

Негізгі мәселелері

Тақырып 1.

Философия мәдениет феномені хақысында

2 сағат

Философиялық талдау руханияттың ерекше формасы, философия әлемді танудың ерекше формасын анықтау

Философия пәні және функциялары. Философия пәні және оның тарихи динамикасы. Философия пәні анықтамаларының алуантүрлілігі және басты философиялық ойлар. Философия және дүниетану. Дүниетану ұғымы, оның құрылымы және негізгі функциялары. Дүниетанудың тарихи түрлері. Философиялық білім құрылымы. Философиялық ойлаудығы ерекшелік. Рефлексия және критицизм классикалық философиялық философияның іргелі сипаттамалапры ретінде. Эвристикалық және философиялық ойлаудағы творчестволық сипат.

Философия – дүние мен адамның жалпы теориясы. Дүниеге қөзқарас және дүниетаным ұғымдары. Дүниетанымның тарихи типтері: миф, дін философия, олардың арақатынасы. Философия және мифология. Философия және дін.

Философия пәнінің плюралистік мәні. Философиялық білімнің құрылымы. Философияның негізгі функциялары: дүниегекөзқарастық, гносеологиялық, методологиялық, сыншылдық, аксиологиялық, әлеуметтік, тәрбиелік, прогностикалық. Философияның негізгі мәселелерін анықтау. Материализм және иделизм – философиядағы екі негізгі бағыттары. Гносеологиялық оптимизм және агностицизм философиядағы негізгі мәселесін шешу.

Тақырып 2.

Ежелгі Қытай және Үнді философиялық ойлары.

2 сағат

Философия тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі.

Философия және аңыз: шығыстың ежелгі өркениеттерінің мәдениетіндегі философияның қалыптасуы.

Философияның мәдени-тарихи алғышарттары. Тарихи өлшемдегі философия. Философия тарихын кезеңдерге бөлу принциптері. Ежелгі Үнді философиялық мәдениетінің ерекшелігі, негізгі кезеңдері. Үнді философиясындағы негізгі дүниетанымдық идеялар. Ведалар- ежелгі Үнді философиясындағы ойлаудың қайнар көзі ретінде. Упанишадалардағы дүниетанымдық ізденістер дүниеден аскеттік қашқақтаудың формасы ретінде. Карма, реинкарнация және касталар жүйесі туралы ілім Үнді философиясының негіздемесі ретінде. Үнді философиясындағы екі мектеп: ортодотксалды (санкхья, йога, ньяя, вайшешика, миманса, веданта) және бейортодоксалды (джайнизм, буддизм, локаята).

Буддизм.

Ежелгі Қытай философиясының ерекшелігі. Қытайдағы философиялық білімнің маңызды қайнар көздері - «И цзин», «Шу цзин», «Ши цзин». Қытай философиясындағы негізгі мектептер. Конфуцийшілдік және даосизм – ежелгі Қытайдағы екі философиялық-діни ілімдер. Ежелгі Қытайдағы философиялық мектептер: моизм («дауласушылар мектебі»), легистер (заңгерлер).

Тақырып 3.

Көне грек өркениеті және көне философиялық дәстүрдің ерекшелік сипаты.

2 сағат

Антикалық философияның айналысқан негізгі мәселелерін қарастыру. Негізгі бағыттары мен мектептеріне салыстырмалы талдау жасау.

Антикалық философияның ерекшеліктері және оның маңызы. Ежелгі Греция философиялық ойлаудың негізгі кезеңдері. Философияның генезисі. Космоцентризм. Макрокосм және микрокосм. Натурфилософия. Онтологизм. Шексіздік мәселесі және диалектиканың дамуы. Бастама мәселесі және диалекикалық идеялар (милет мектебі, пифагоршылар, атомисттер мектебі, Гераклит, элеаттар). Софисттер және Сократ. Платон философиясы және Аристотель-антикалық классиканың шыны. Эллинизм философиясы – жалпы сипаттамасы және негізгі бағыттар: киниктер, скептицизм, эпикуреизм, стоицизм, неоплатонизм.

Тақырып 4.

Ортағасырлық еуропалық мәдениеттегі философияның мәртебесі.

Араб шығыстық ортағасырлық философиясы.

2 сағат

Ортағасырлық

батысеуропалық және арабтілдік философияның ерекшеліктерін анықтап, салыстырмалы талдау жасау

Ортағасырлық батысеуропа философиясының маңызы. Философияның маңызды қағидалары және ортағасырлық теология: Теоцентризм, Креационизм. Провиденциализм. Христиандық догматика. Ортағасырлық батысеуропа философиясының негізгі фазалар мен формалар: патристика және схоластика. Аврелий Августиннің ілімдері. Номинализм және реализм. Фома Аквинский философиясындағы. схоластика жүйесi және Құдай идеяның негіздемесі ретінде.

Ортағасырлық арабтілдік философияның қалыптасуы және оның ерекшеліктері. Универсализм, энциклопедизм, пантеизм, шығыытық перипатетизм : аль-Кинди, аль-Фараби, ибн-Сина, ибн-Рушд. Әбу Нәсір Әл-Фараби философиясы. “Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары”.

Ислам мәдениетіндегі суфизмнің орны мен рөлі. Суфизмдегі әлем, Құдай және адам туралы ілімдері.

Исламдағы ағымдар: суннизм, шиизм, суфизм. Шығыстық перипатетизм. Ислам Ренессансы. Қожа Ахмет Яссауи іліміндегі суфизмнің негiзгі идеялары мен принциптері.

Тақырып 5.

Ренессанс дәуірінің философиясы.

2 сағат

Ренессанс дәуірі философиясының ерекшеліктері.

Қайта өрлеу заманы философиясының өкілдеріне жалпы сипаттама беру.

Қайта өрлеу заманның ерекшеліктері мен сипаттамасы. Қайта өрлеу философиясы және жаңа ренессанстық ойлаудың қалыптасуы. Ренессанстық гуманизм. Гелиоцентризм. Ренессанстық неоплатонизм мен аристотелизм. Гуманизм принципі. Антропоцентризм.

Ф. Петрарк, Д. Алигьери, Л. Валла творчествосындағы гуманизм идеялары.

Н. Кузанскийдің философиялық идеялары – натурфилософия және пантеизм, «ученого незнания» концепциясы.

Қайта өрлеу заманындағы әлеуметтік-саяси философиясы. Н. Макиавелли, Т. Мор, Т. Кампанелла философиясындағы идеалды мемлекет моделі.

Реформация философиясының негізгі идеялары. (М. Лютер, Т. Мюнцер, Ж. Кальвин).

Тақырып 6.

Философия және ғылым: жаңа еуропалық мәдениетіндегі философияның өз тағдырын өзі шешу мәселесі.

2 сағат

Жаңа Заман философиясының негізгі мәселелеріне жалпы сипаттама.

Рене Декарт рационалдық философиясы.сана мәселесі. Философиялық материализм және ағартушылық идеяларын қарастыру.

Философия және XVII ғ. Ғылыми революция. Ғылыми зерттеу әдісінің мәселесі. Эксперименттік-математикалық жаратылыстанудың дамуы. Индуктивті-эмпириялық және рационалды-дедуктивтік таным әдістері.Эмпиризм және рацонализм.

Ф. Бэкон – XVII ғ. Англиядағы эмпиризм бағытының негізін салушы. «Білім - күш», индуктивтік әдіс.

Р. Декарт – рационалдық онтологияның, антропологияның және гносеологияның негізін салушы. Төрт негізгі ақиқи дедукцияның ережесi. «Картезиандық күмән» - «Cogito, ergo sum» (Мен оойлап тұрмын, демек өмір сүріп тұрмын).

Т.Гоббстың әлеуметтік-саяси концепциясы. Сенсуализм. Дж.Локк. “Таза тақта”. Спиноза философиясындағы атрибуттар және модустар, субстанцияның мәні. Бостандық пен қажеттіліктің арақатынасы.

Лейбництің монадологиясы және философиялық жүйенің құрылымдық принциптері.

Д. Беркли және Д. Юмнің субъективтік философиясы.

XVIII ғасыр ағартушылық философиясы: механистикалық материализм және сенсуализм, қоғам және адам философиясы. (К.А. Гельвеций, П.А. Гольбах, Д. Дидро, Ж. Ламетри, Ф.М.А. Вольтер, Ж.Ж. Руссо, Монтескье).

Тақырып 7.

Еуропалық философиялық дәстүрді дамытуындағы неміс классикалық философиясы және оның рөлі.

2 сағат

XIX ғасырдың философиясы: рационализм. XIX ғасырдың философиясы: иррационализм. Неміс классикалық философиясының қалыптасу логикасы және оның қоғамның рухани қалыптасуындағы маңызы

Неміс классикалық философиясының диалектика ілімін дамытуындағы маңызы. Тарихалық пен логикалық, нақтылық принциптері.

И.Канттың трансценденталдық идеализмі. Таным мәселесі.

Априорлық білім ұғымы. Антиномиялар. Категориялық императив мәселесі.

И.Фихтенің «Мен-концепциясы», теориялық және практикалық ғылыми ілімі. И.Фихтенің

субъективтік идеализмі. Антитетикалық әдіс.

Ф.В.Й.Шеллингтің натурфилософиясы және объективтік идеализмі. Барабарлық философиясы. Дін және теософия.

Г.Гегель диалектикалық логиканың негізін салушы. Панлогизм. Триада.

Фейербахтың антропологиялық материализмі: «боашақ философиясы», сенсуализм, дінді сынау, махаббат философиясы.

Тақырып 8.

XX ғасыр және XXІ ғасыр философиясы. Қазіргі философия идеялар мен тұжырымдамалардың динамикалық жиынтығы ретінде.

2 сағат

Қазіргі заман батыстық философияның негізгі бағыттарының қалыптасуы және ерекшеліктерін қарастыру

XIX - XX ғ.ғ Батыстық философияның мәні мен мағыналы бағдарлары. Қазіргі заман философиядағы сциентизм. Позитивизм – XIX ғ. батыстық философиядағы алдыңғы бағыттарының бірі. О.Конт – позитивтік философияның және әлеуметтанудың негізін салушы. Позитивтік ғылыми білім философияның негізі ретінде. Конттың эволюцияның екіұдайлылығы туралы ілімі, ителлектуалдық дамудың үш сатысы туралы. Позитивизмнің үш тарихи сатысы.

Прагматизм. Ч.Пирс, У.Джемс. Дж.Дьюи.

Неопозитивизмнің негізгі мәселелері (Л.Витгенштейн) және постпозитивизм (К. Поппер, И. Лакатос П. Фейерабенд, Т. Кун).

Экзистенциализм – тіршілік турылы философия. Экзистенциализмнің өкілдері мен қайнар көздері: Ф.Ницшенің өмір философиясы, М.Хайдеггер. Э. Гуссерлдің феноменологиясы, С. Кьеркегордың діни-мистикалық ілімдері. Экзистенциализмнің негізгі мәні мен мәселесі: (адам болмыс және әлем болмысы, өмір мен өлім мәселесі, бостандық мәселесі т.б.). Психоанализ. Феноменология және герменевтика. Философскиялық структурализм: методологиялық принциптер. Постмодернизм.

Тақырып 9.

XIX ғ. - XX ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы.

2 сағат

Орыс философиясының мәдени және әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне дүниетанымдық бағдарлар.

Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексті мен идеялық алғышарттары. Батысшылдар мен славянофильдер философиясы. Ерік, махаббат, соборлық ұғымдары және олардың Ресей діни философиясының дамуына әсері. Л.Н. Толстой және Ф.М. Достоевскийдің діни-этикалық ілімдері.

В.С. Соловьевтің бүкілбірлік идеясы.

Н.А.Бердяев философиясындағы бостандық, шығармашылық, тарих, адам өмірінің мәні мен «орыс идеясы» мәсеелелері туралы.

Орыс космизмі мәселесі.

Тақырып 10.

Қазақ мәдениетіндегі философия феномені.

2 сағат

Қазақ халқының ұлттық сезімінің қалыптасуындағы философиялық идеялар және қазақ ойшылдарының ықпалы. Қазақ философиясының ерекшеліктері және оның қазақ ділінің қалыптасуындағы рөлі.

Ежелгі қазақ философиясы. Заратуштра. Анахарсис. Ишпақай. Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы. Қазақтың халықтық шығармашылығындағы дүниетанымдық ізденістер. Жыраулар шығармашылығындағы философиялық сарындар. Сопылық дәстүр, оның қазақ философиясы қалыптасуына әсері.

Ш.Уәлихановтың философиялық көзқарастары. Ш.Уәлиханов пен Ы.Алтынсариннің философиялық идеяларының антропоцентризмі мен гуманизмі.

Абай Құнанбаев – адам мен Құдай, сенім мен білімнің арақатынасы, адам өмір сүруінің мағынасы туралы. Таңдау еркіндігі мәселесі. Абайдың адамгершілік философиясы.

Шәкәрім Құдайбердіұлының философиялық шығармашылығы. Шәкірімнің діни философиялық көзқарастары. Сенім мен парасат. Үш анық. Сенім-Парасат-Ұждан.

XIX ғ. аяғы мен XX ғ. алғашқы жартысындағы қазақ ұлттық зиялы қауымның (А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, М.Шоқай және т.б..) еңбектеріндегі философиялық тақырыптама.

Диалектикалық логиканың қазақстандық мектебінің қалыптасуы мен жетістіктері. Қазақстандық философтардың зерттеулерінің негізгі бағыттары: Ж.М.Әбділдин, М.И.Баканидзе, А.Х.Қасымжанов, Г.А.Югай, Қ.Ә.Әбішев А.Қасабек және т.б.

Тақырып 11.

Болмыс философиясы.

2 сағат

Философияның теориялық базасын зерттеу: онтология, болмыс, субстанция тарихи анализ контекстінде.

Онтология болмыс туралы ілім ретінде. Онтологияның негізгі мәселелері. Болмыс түсінігі және оның мағынасы. Болмыс және бейболмыс мәселесі. Болмыстың негізгі формалары.

Субстанцияны философиялық ұғыну. Материя категориясы, оның философия үшін фундаменталдық мәні. Материяның атрибуттары. Қозғалыс материяның өмір сүру формасы, оның түрлері. Кеңістік пен уақыт – материяның болмыс формалары.

Әлемнің ғылыми бейнесі. Кеңістік пен уақыттың субстанционалдық және реляциондық концепциясы. А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясының мәні. Әлеуметтік кеңістіктің ұғымы.

Тақырып 12.

Сананы философиялық ұғыну.

2 сағат

Адам санасы – бұл философиялық талдаудың негізгі пәні.

Сана философиялық категория ретінде.

Философия тарихында сананың феноменiнiң түсiнуiн қалыптасуы.

Сана генезисі. Сана адамның тiршiлiк әрекетiнiң формасы ретінде, рухани бағыт және әлемнiң өрнектеуiнiң әдiсi. Бейнелеу формалары. Сананың қоғамдық-тарихи мәні: сананың эволюциялық-тарихи және әлеуметтік – тарихи аспектілері.

Саналылық және бейсаналық. З.Фрейдтің бейсаналық концепциясы. К.Юнгтың архетиптер мен ұжымдық бейсаналық ілімі. Сана индивидтің ішікі дүниесінің мазмұны ретінде. Сана және ми. Сана, тiл, қарым-қатынас. Қоғамдық және индивидуалдық сана. Қоғамдық сананың формалары.

Тақырып 13.

Философиялық білім жүйесіндегі гносеология. Эпистемология.

2 сағат

Гносеологияның негізгі категорияларын қарастыру, олардың ғылымның дамуындағы мәні.

Гносеология түсінігі. Эпистемология. Шындыққа әлеуметтік-тарихи қатынастағы таным ретінде. Субъект ижәне объект, танымның пәні. Таным субъектінің белсенділігі мәселесі. Таным сатылары мен формаларының әртүрлілігі. Танымдағы сезімдік жэәне рационалдық бірлігі. Таным мен білім. Сенiм, пiкiр, түсiну.

Философия мен ғылымдағы ақиқат мәселесі. Ақиқат, адасушылық және жалған. Ақиқат формалары, критерийлері.

Ғылым – танымның ерекшк формасы ретінде. Ғылымның динамикасы мен перспективалары. Ғылыми танымның ерекшелігі. Ғылыми танымның мәні мен құрылымы, формалары мен әдістері.

Тақырып 14.

Философиялық антропология.

2 сағат

Адам және оның болмысы – философияның орталық мәселесі ретінде.

Адам мәселесін қарастырудағы философиялық ерекшелік, өзектіліктер және көпқырлылық.

Философия тарихындағы адам мәселесі. Антропосоциогенз мәселесі. Адам, индивид, тұлға. Тұлғаның әлеуметтік табиғаты.

Философиядағы құндылық мәселесі. Аксиология.

Бостандық мәселесі. Бостандық адамның болмысы және құндылығы ретінде. Волюнтаризм және фатализм. Адам өмірінің мәні мәселесі.

Өмір, өлім және өлмейтіндік мәселелері.

Тақырып 15

Әлеуметтік философия.

Қоғам және табиғат.

2 сағат

Әлеуметтік философияның негізгі концепцияларын анализдеу, олардың адам баласының қазiргi глобалдi мәселелерiнiң ұғынуындағы қоғам тіршілігінің табиғи шарттарының жиынтығы мәселесін қарастыру

Қоғам: философиялық талдаудың негізі ретінде. Мәдениеттің философиясы және мәдениеттің философиялық ұғымы. Әлеуметтік даму – мәдени тарихи процесс тұрғысында. Өрениет және мәдениет. Өркениет ұғымы. Қазіргі өркениеттің теориялық және әдістемелікт негіздері.

Әлеуметтік философияның негізгі принципттері мен түсінігі. Қоғам өмірінің негізгі сфералары: экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани. Қоғамның әлеуметтік құрылымы: түсінігі мен түрлері. Әлеуметтік стратификация және мобильділік түсінігі. Әлеуметтік институттар. Әлеуметтік құндылықтар мен нормалар.

Қазіргі жаһандық мәселелердің иерархиясы, қайнар көздері мен түсінігі. Экология өркениеттің жаһандық мәселесі ретінде. Техника және ноосфера. «Географиялық детерминизм» түсінігі мен геосаясат. Географиялық орта мен этногенездің арақатынасы. Л.Н. Гумилев пассионарлық концепциясы.

Қазақстандық қоғам жаңғыруының философиялық мәселелері. Тәуелсіздіктің алғышарттары және оған жетудегі рухани негіздері, ұлттық идеяның қалыптасу мәселелері. Қазақстандық ұлттық идеяның негізгі аспектілері.

Барлығы: 30 сағат