- •Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары
- •Э Бағыттаушы жүйе лектр тогы
- •Электр заряды
- •Ішкі энергия
- •Диффузия. Броун
- •Электрлік сыйымдылық
- •Температура және жылулық тепе-теңдік.
- •Қаныққан және қанықпаған бу. Қайнау кризистік температура. Сұйықтардың беттік керілуі.
- •Электр қозғаушы күші. Толық тізбек үшін Ом заңы. Тоқтардың түйіндері. Кирхгоф ережесі.
- •Газ тәрізді, сұйық және қатты денелердің құрылысы. Қатты денелер.
- •Магнит өрісі. Ампер. Ток элементі.
- •Электростатикалық өріс жұмысы. Потенциалдық энергия. Потенциал. Потенциалдар айырымы, өлшем бірлігі Зарядтың орынауыстыруы кезiнде электр өрiсiнiң жұмысы
- •Гравитациялық өрiспен ұқсастығы.
- •Бүкіләлемдік тартылы заңы. Гравитациялық өрістегі дененің потенциалдық энергиясы.
- •Кеңістік торлар. Деформация түрлер. Юнг модулі. Гук заңы.
- •Электр өрісі. Электр өрісінің негізгі қасиеттері. Кернеулігі. Өрістің суперпозициялық принципі.
- •Элементар электр зарядын тәжірибе жүзінде анықтау. Милликен-Иоффе тәж.
- •Тоқ күшімен кернеуді өлшеу. Реостат. Потенциометр. Шунт және қосымша кедергі.
- •Электр тогы. Токтың әсері. Ток күші. Металл өткізгіштегі электрондардың реттелген қозғалысының жылдамдығы. Электр тогының бар болу шарттары.
- •Капилярлық құбылыстар.
- •Газ заңдары
- •Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы. Психометр. Гигромет. Ылғалдылықтың маңызы.
- •Тоқтардың өзара әсері. Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы және сызықтары. Құйынды өріс.
- •Жылу қозғалтқыштары. Пәк
- •Электростатикалық өрістегі диэлектриктер.
- •Магнит индукция векторының модулі. Ампер күші, заңы. Элекрт өлшеуіш приборлар. Ампер заңын қолдану.
- •Жартылай өткізгіштердегі электр тогы.
- •Лоренц күші
- •Жылу мөлшері. Меншікті жылусыйымдылық. Меншікті булану және балқу жылуы.
- •Заттардың магниттік қасиеттері. Ампер гипотезасы. Магнит өтімділік. Ферромагнетиктер
- •Траекторияның қисықтық радиусы
- •Вольт-амперлік сипаттама. Кедергі. Электр тізбегі. Өткізгіштерді тібектей және параллель қосу. Шартты белгілер
- •Ілгермелі қозғалыс динамикасы. Импульс түрінде жазылған Ньютонның іі заңы.
- •2. Жартылай өткізгіштегі электр тогы
- •Элекролиттегі электр тогы. Фарадей
- •2. Термодинамиканың і заңын әртүрлі процестерге қолдану.
- •Жартылай өткізгіштердегі элект тогы. Диод. Транзистор
№1 БИЛЕТ
Молекулалық-кинетикалық теорияның негiзгi ұғымдары
Термодинамика – энергияның түрленуiне қатысты жалпы заңдарға негiзделген жылулық процесстер туралы ғылым. Бұл заңдар молекулалық құрылымдарына байланыссыз барлық денелер үшiн орындалады.
Дене құрылымының молекулалық кинетикалық теориясы деп барлық денелер жеке бейберекет қозғалыстағы бөлшектерден тұрады деген көзқарас негiзiнде макроскоптық денелердiң қасиеттерi мен жылу процестерiне түсiнiк беретiн iлiмдi айтады.
Молекулалық-кинетикалық теория (МКТ) негiзгi қағидалары:
барлық денелер бөлшектерден – атомдардан, молекулалардан, оң және терiс зарядталған иондардан – тұрады және массасы өзін түзетін микрбөлшектердің массаларының қосындысына тең: m=m0N
бұл бөлшектер барлық уақытта үздiксiз және бейберекет қозғалыста болады және бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің температурасына тәуелді, сондықтын оны жылулық қозғалыс д.а: ; k=1.38*10-23Дж/К
бөлшектер арасында өзара әсерлесу күштерi – тартылу және тебiлу күштерi бар. Ол күштер электрлiк сипатқа ие. Бөлшектердiң өзара гравитациялық әсерлесуi өте аз.
Әртүрлi денелер молекуласының масса бiрлiгi ретiнде 12С көмiртегi изотобы атомының moc массасының 1/12 бөлiгi алынады. Ол атомдық масса бiрлiгi (а.м.б.) деп аталады және мынаған тең:
1 а.м.б.=1,66·10-27кг.
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы МR деп заттың бiр молекула m0 массасының көмiртегi атомы moc массасының 1/12 бөлiгiне қатынасын айтады:
Зат мөлшері – берілген денедегі малекулалар саны 12 г коміртектегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін шама.
Массасы 0,012 кг 12С көмiртегiнде қанша атом болса, сонша молекуладан (атомнан) тұратын зат мөлшерi 1 моль деп аталады. Бұл сан Авогадро тұрақтысы деп аталады және NA арқылы белгiленедi:
NA ≈ 6·1023 моль-1.
Заттың молярлық массасы М деп бiр моль мөлшерiнде алынған зат массасын айтады. Ол бiр молекула массасының m0 Авогадро санына NA көбейтiндiсiне тең:
М = m0· NA кг/моль; М = 10-3 ·Мr кг/моль.
m = m0· N; ν = m / М
N = ν·NA = NAA ·m / M
Э Бағыттаушы жүйе лектр тогы
катод
анодтар
тор
Вакуум деп газдың сиретiлуiнiң оның молекулаларының соқтығысуын ескермеуге және еркiн жолының орташа ұзындығы l-дiң газ тұрған ыдыстың өлшемi d-дан аса үлкен (l ≥ d) болатын деңгейiн айтады.
Вакуум күйдегi электродтар аралығындағы өткiзгiштiктi вакуумдегi электр тогы дейдi.
Термоэлектрондық эмиссия деп қыздырылған денелер бетiнен еркiн электрондардың шығу құбылысын айтады.
Термоэлектрондық эмиссия құбылысына негiзделген құрылғыны электронды-сәулелiк түтiкше дейдi.
Катод электрондар көзi болады. Электондар шоғын фокустеу үшiн басқарушы электродқа терiс потенциалдар жiберiледi. Осы электрод өрiсi электондар шоғын сығады. Үдеткiш анодтарға оң потенциалдар жiберiледi. Анод пен экранның арасында ауытқытушы екi пар пластиналарға кернеу берiледi. Пластинкалардағы кернеу шоқтың вертикаль және горизонталь ығысуын туғызады.
Электронды-сәулелiк тутiкшелер теледидардағы бейнелердi шығару және осци-ллографтағы кернеулер айнымалыларын зерттеу ушiн пайдаланылады.
№2 БИЛЕТ