Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
соөж 11.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
10.09.2019
Размер:
65.54 Кб
Скачать

5

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы «25» 10 № 430 бұйрығымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы және психологиялық қызмет басқармасы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

  1. Апаттар медицинасы және психологиялық кызмет басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

  2. Өз қызметінде Басқарма апаттар медицинасы және психологиялық қызметке қатысты Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

  3. Басқарманың құрылымы мен штатын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі бекітеді.

  4. Басқарма басқарма бастығынан, офицерлер мен сарапшылардан тұрады.

2. Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары

  1. Міндет:

табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру.

  1. Функциялар:

  1. апаттар медицинасы және психологиялық қызмет саласында нормативтік құқықтық актілерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқауларды, стандарттарды әзірлеу;

  2. апаттар медицинасы және психологиялық қызмет саласында, оның ішінде әртүрлі ведомстволардың апаттар медицинасы мен азаматтық қорғаныс құралымдарын құру және әзірлікте ұстау, медициналық және психологиялық салдарды жоюға тарту мәселесі бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл;

  3. Басқарма және медициналық бөлімшелердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халық пен аумақты медициналық қорғау саласындағы перспективалық және ағымдық жұмыс жоспарларын және оларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;

  4. өз құзыреті шегінде мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен тұжырымдамаларда, Министрліктің Стратегиялық жоспарында, жыл сайынғы Операциялық жұмыс жоспарында, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі арасындағы жыл сайынғы меморандумда, Министрліктің Стратегиялық жоспарының мақсатты индикаторларына қол жеткізу жөніндегі Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарымен сектораралық келісімдерде көзделген іс-шараларды қалыптастыруды және одан әрі нақты іске асыруды қамтамасыз ету;

  5. Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайларды жою кезінде шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, халықаралық тәжірибені зерделеу және енгізу;

  6. Министрліктің аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының мен азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің медициналық бөлімшелеріне және психологтарына төтенше жағдайларды жою және кадрлық жұмысты медициналық-психологиялық қамтамасыз ету саласында ұйымдастыру-әдістемелік басшылық етуді жүзеге асыру;

  7. жетекшілік ететін бөлімшелердің жұмысына әдістемелік басшылық ету мен үйлестіруді жүзеге асыру, Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді қолдануда көмек көрсету;

  8. Қазақстан Республикасының аумағында ықтимал төтенше жағдайлар салдарының медициналық-психологиялық жай-күйін болжауды және бағалауды жүзеге асыру;

  9. Басқарманың құзыретіне енетін мәселелер бойынша Министрлік Алқасының отырысына материалдарды, ақпараттарды, анықтамаларды, шолуларды дайындау;

  10. Министрліктің медициналық қызметкерлер мен психологтарының күштерін есепке алу;

  11. білімді насихаттау, халықты, шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету саласындағы лауазымды адамдар мен ұйымдар мамандарын оқытуды ұйымдастыруды;

  12. психологиялық және шұғыл медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Министрліктің аумақтық және ведомстволық бағынысты ұйымдарын аттестаттауды жүргізуге қатысу;

  13. Министрлік қызметкерлерінің қызметтік жұмысын психологиялық сүйемелдеуді жүзеге асыру, психологиялық оңалтуды жүргізу, кәсіби жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және қызметкерлерге психологиялық көмек көрсету;

  14. Министрліктің облыстар, Астана, Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерімен, әскери бөлімдерімен, ведомстволық бағынысты бөлімшелерімен және денсаулық сақтау ұйымдарымен, басқа да ведомстволарымен төтенше жағдайлар барысында шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету бойынша іс-қимылды пысықтау жөніндегі машықтану сабақтарын, командалық-штабтық және арнайы тактикалық оқу-жаттығуларын жоспарлау және жүргізу;

  15. Министрліктің аумақтық және ведомстволық бағынысты медициналық және психологиялық күштерінің қызметін үйлестіру және ұйымдастыру;

  16. Министрліктің формулярлы комиссиясының жұмысына басшылық етіп, Министрліктің аумақтық және ведомстволық ұйымдарының медициналық мүліктері мен дәрілік заттарының есепке алынуын, сақталуы мен жұмсалуын бақылау.

  17. Министрліктің аумақтық органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдарының және азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдерінің медициналық бөлімшелеріндегі медициналық техника мен медицинаға арналған бұйымдарының қажеттілігін айқындау;

  18. өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың ұйымдастыру құрылымы жөнінде ұсыныстарды, олардың қызметі туралы ережелерді,үлгілік штаттар мен медициналық бөлімшелердің штаттық нормативтерін енгізу;

  19. төтенше жағдайларда, медициналық құралдар запастарының мемлекеттік және жұмылдыру резервтері құрамында бар медициналық көмектің түрлері мен көлемін айқындау жөнінде Министрлік басшылығына ұсыныстарды енгізу;

  20. шектеу іс-шараларын енгізу (тоқтату), оның ішінде Министрлік азаматтық қорғанысының аумағындағы карантин туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің аумақтық органдарымен келісу жөнінде ұсыныстарды енгізу;

  21. Орталық және жергілікті атқарушы органдары мен басқа ұйымдарда апаттар медицинасы және психологиялық көмек саласында Министрліктің мүддесін қорғау;

  22. Министрліктің әскери бөлімдерінде, аумақтық және ведомстволық бағынысты ұйымдарында медициналық есепке алу мен есептілікті бақылау;

  23. Министрліктің басқа құрылымдық бөлімшелермен және ведомстволарымен бірлесіп жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

  24. апаттар медицинасы саласында ақпараттық-талдау жұмысын ұйымдастырып өткізу;

  25. Салауатты өмір салтын бақылау және ұйымдастыру;

  26. Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды, олардың кәсіби білімі мен дағдыларын жетілдіруді жүзеге асыру.