Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржы....docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.09.2019
Размер:
281.61 Кб
Скачать

26.Мемлекеттік борыш ж/е оның түрлері

Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік бо­рыш түзіледі. Мемлекеттік борыш - бұл алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштык міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік бо­рыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік карыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Ішкі мемлекеттік борыш - Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындагы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сыртқы мемлекеттік борыш—Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сырт­кы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді.Мемлекет кепілдендірген борыш - Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бар белгілі бір күнге алынған жә­не өтелмеген мемлекеттік карыздардың сомасы.Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады. Ағымдағы борыш - бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу женіндегі шығыстар.Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің, Ұлттык банктің және Үкіметтің кепілдігі үлесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді. Егер Борышты кредиторлардың түрлері (тұрпаттары) бойынша өзара бөліске салсақ, көбінесе Дүниежүзілік банкке, Халықаралық валюта қорына және Қазақстандық экспортты қаржыландыратын ұйымдарға қарыз. Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиелерге де тиеді. Бұлар көбінесе Қазақстанның бағалы қағаздарын - қазынашылық міндеттемелерді, Ұлттық банктің ноталары мен еурооблигацияларын сатып алатын шетелдік жеке және заңи ұйымдар. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі елдің Ұлттық банкінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан аспауы тиіс.

27. Қаржы саясатының міндеті,мақсаты,қағидалары.

Қаржы саясаты дегеніміз – қоғамның әл/к-эк/қ дамуы б/ша мемл-ң өзінің функциялары мен міндеттемелерін жүзеге асыруға бағытталған қаржы саласындағы ұйымдастырылған мақсатты іс-шаралар жиынтығы.

Қаржы саясатының міндеттері:

  1. Мемлекеттің нақты дамуы сатысына қарай, яғни ұлттық шаруашылық секторының ж/е аумағының қажетіне қарай қаржы ресурстарымен толық қамтамасыз ету жағдайларын жасау.

  2. Мемлекеттің қармағындағы барлық қаржы ресурстарының эк/ка салаларының арасында, ұлттық шаруашылық секторлары мен әкімшілік аумақтың бірліктерінің арасында неғұрлым үнемді мақсатта бөлуді қамтамсыз етуді көздейді.

  3. Қаржы саласындағы нақтыланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін тиісті қаржылық механизмді жүргізуді,құруды көздейді.

Қаржы саясатының негізгі мақсаты - бюджет кірістері мен шығыстарының арасындағы теңдікке жеткізуді қоса алғанда эк-ны сауықтыру үшін, эк-ң өндіріс саласын дамыту б.т. Қазақстан жағдайларындағы қаржылық саясаттың мақсаты – іс-шаралар әзірлеу ж/е оларды индустриялық-инновациялық дамудың,ұлттық шаруашылықтың құрылымын қайта құрудың,елдің эк-н әлемдік шаруашылыққа ұтымды біріктіру жолымен сыртқы эк-қ қызметті жандандырудың негізінде эк-қ өсуді қамтамасыз ету,әл-к бағдарламаларды үздіксіз және ұлғаймалы қаржыландыру жөніндегі қаржылық механизм арқылы іске асыру б.т.

Қаржы саясатының қағидалары:

  1. ҚР-ның нақты көлеміне қарай ұлттық-шаруашылық секторларының,әкімшілік аумақтың бірліктерінің, сол аумақта тұратын әл/к-кәсіби топтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мемлекеттке қаржы ресурстарын бөлуге, яғни қоғамдық өндіріске қатысушылардың әрқайсыларының мүдделерін сақтау мен қорғау.

  2. Қаржы қатынастарын ұйымдастыруда жоспарлықты қамтамасыз ету.

  3. Қаржы буындарының, яғни қоғамдық өндірістегі қатысушылар мен шығындар арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету болып табылады.

  4. Қаржы резервтерін құру.

  5. Мемлекет пен шаруашылық тұлғаның арасында қаржы ресурстарын тиімді бөлуді қамтамасыз ету.

Қаржылық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттар:

  • объективті эк-қ заңдардың іс-әрекетін есепке алу;

  • нақты арихи жағдайларды есепке алу;

  • өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.