Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет по практике.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
28.09.2019
Размер:
215.57 Кб
Скачать

Материалдық емес активтердің амортизациясы

Кәсіпорындардағы материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы барысында біртіндеп сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни кәсіпорында пайдаланылған уақыт аралығындағы пайда әкелуі қажет. Егер бұл материалдық емес активтерді пайдалануда кәсіпорын табыс таппайтын болса, оларды актив қатарында есептеудің қажеті де болмайды және бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар жиынтығы ұйымның зияны болып табылады.  Кәсіпорындарда материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір бөлігі ай сайын,яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына қосылып отырылады. Яғни, материалдық емес активтердің құнына амортизациялық аударым есептелініп тұрады. Амортизациялық аударым (өтелім) мөлшері материалдық емес активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай анықталады. Материалдық емес активтердің пайдалану мерзімі кәсіпорынның қызмет атқаратын уақытынан аспауы керек. Егер материалдық емес активтердің пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, амортизациялық аударым (өтілім) он жылға есептелінеді. Бірақ ол ұйымның қызмет атқару уақытынан (мерзімінен) аспауы керек. Жалпы материалдық емес активтердің тозуы бухгалтерлік есеп шоттар жоспарының: 2740 «Материалдық емес активтердің амортизациясы»,- деп аталатын шоттарында жүргізіледі.  Амортизациялық құн – «бастапқы құн- жойылу құны» болып айқындалады.  МЕА-рдің амортизациясын есептеу үшін негізгі құралдардың амортизациясын есептеу тәсілдері қолданылады. Олар:

  • бірқалыпты тәсіл;

  • қалдықты азайту тәсілі;

  • сандық жиынтық және пайдалану мерзіміне қарай амортизация есептеу тәсілі;

Шаруашылық операция мазмұны

Дт

Кт

Жабдықтаушыдан МЕА сатып алынды

- сату құны көрсетілді

2730

3310, 4110

- ҚҚС зачетқа алынды

1420

3310, 4110

- жабдықтаушымен есеп айырыстық

3310, 4110

1010, 1030

МЕА жеке тұлғадан сатып алынды

- келісімді құн бойынша

2730

3390

МЕА еншілес, қауымдастырылған немесе бірлескен ұйымдардан сатып алынды

- сату құны бойынша

2730

3320, 3330

- ҚҚС зачетқа алынды

1420

3320, 3330

МЕА өтеусіз алынды

2730

6220, 6230

МЕА жарғылық капиталға жарна ретінде келісімді құн бойынша қабылданды

2730

5020

МЕА-тің құнына оны жұмыс жағдайына келтіруге кеткен шығындары кіреді, мысалы:

- МЕА-ті жұмыс жағдайына келтіруге қатысқан жұмыскерлерге еңбекақы

2730

3350

- еңбекақыдан салықтар

2730

3150, 3210

- сатып алынған МЕА бойынша профессионалдың қызмет үшін шығындар

2730

3210, 3310-3330, 4110

МЕА-ті істен шығуы

- жою құны есептен шығарылды

7410

2730

- тозу есептен шығарылды

2740

2730

Түгендеу кезінде МЕА- тердің кем шығуы

- орнын толтыруға талап етілген, МЕА қалдық құны есептен шығарылды

1250

2730

- есептелген тозу сомасы есептен шығарылды

2740

2730

- кінәлі тұлғадан талап етілген сома есептен шығарылды

7410

2730

қайта бақалау

- бастапқы құны артқан кезде қайта бақалау мөлшері кірсетілді

2730

5320

- бастапқы құны кеміген кезде қайта бақалау мөлшері кірсетілді

5320

2730

- тозу қайта есептелді

5320

2740

- қайта бақалау есептен шығарылды (қолданылған кезде – бөлігімен, ал істен шыққан кезде – толығымен)

2740 

5410

5410 

5320