- •Билет №1
- •1.Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.
- •2.Демэкология деген не?
- •3.Ауыл шаруашылығының экожүйелерге тигізетін кері әсері (ауыл шаруашылығының алты проблемасы).
- •3. Ауыл шаруашылығының экожүйелерге жағымсыз әсері келесіден көрінеді:
- •Билет №2
- •1.Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістері. Экологияның практикалық маңызы.
- •3.Қоршаған ортаның физикалық ластануы.
- •Билет №3
- •1.Экологиялық факторлар ұғымы және олардың жіктелуі.
- •2.Рим клубы қашан және не үшін құрылды.
- •Билет №4
- •1.Аутэкология деген не?
- •2.Экологиялық оптимистер. Оптимистер мемлекет тарапынан қандай бақылау түрін талап етті.
- •3.Биосфера тұжырымдамасын құру.
- •Билет №5
- •1.Қоршаған ортаның абиотикалық факторларын сипаттаңыз.
- •2.«Көшетхана эффектісі»: ұғымы, пайда болу себептері, қоршаған ортаға әсер етуі, шешу жолдары, проблемалары.
- •3.Фаунаны қоңсыластыру. Қоңсыластырудың үш себебі.
- •Билет №6
- •1.Сыртқы және ішкі экологиялық факторларды сипаттаңыз.
- •2.Адамның экологиялық жүйеде алатын орны.
- •3.Ноосфера туралы ілім. Бұл ұғымның пайда болуына қандай ғылымдар үлесін қосты. Коэволюция дегеніміз не
- •Билет №7
- •1.В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі.
- •2.Табиғатты қорғау. Табиғатты қорғаудың екі принциптік аспектілері. Әр аспектің міндеттері.
- •3.Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе деген не?
- •Билет №8
- •1.Экологиялық зиян деген не? Экологиялық зиянның түрлері.
- •2.«Тұрақты даму» ұғымының пайда болу тарихы.
- •3.«Ақпараттық қоғам». Биотехнологияның дамуы. Ғарыш құралдары мен технологияларын қатыстыру.
- •Билет №9
- •1.Қоршаған ортаның биотикалық факторларын сипаттаңыз.
- •2.Гидротехникалық құрылыстарға не жатады. Гидротехникалық құрылыстар су экожүйесіне қандай кері әсерлерді тигізеді.
- •Билет №10
- •1.Шелфордтың төзімділік заңы. Төзімділік диапазоны?
- •2.Экологиялық пессимисттер. Пессимисттер мемлекет тарапынан қандай бақылау түрін талап етті.
- •Билет №11
- •1.Қоршаған ортаның химиялық ластануы.
- •2.Популяция деген не?
- •Билет №12
- •1.Ортаның экологиялық сыйымдылығы.
- •2.Қр тұрақты дамуын қамтамасыз ету: тұрақты даму тұжырымдамасы.
- •3.Атмосфераның ластану көздері. Атмосфераны ластаушылардың зиянды әсері.
- •Билет №13
- •1.Антропогенді фактордың әсер етуінің өзгеше ерекшеліктері.
- •2.Қышқыл жаңбыр: ұғымы, пайда болу себептері, қоршаған ортаға әсер етуі, шешу жолдары, проблемалары.
- •3.Рк бірінші баяндамасы, авторы кім, қай жылы жасалынды. Келесі ұғымдарға түсініктеме беріңіздер: шаруашылық даму, табиғи ресурс, экологиялық және экономикалық тұрақтылық.
- •Билет №14
- •1.Императивті факторларды және әсер ету факторларын сипаттаңыз
- •2.Топырақтың ластануы: ұғымы, пайда болу себептері. Топырақтың ластануымен күресу шаралары.
- •3.Стенобионттық және эврибионттық организмдер.
- •Билет №15
- •1.Синэкология деген не?
- •2.Қазіргі заманғы биосфераның ерекшеліктері. Өндірістің және қоршаған ортаға жүктеменің өсуі.
- •3.Өнеркәсіптік жерлерді қайта құңарландыру. Қайта құңарландырудың екі кезеңі. Қайта құңарландыру қалай іске асырылады, бұзылған жерлерге жабылатын әрбір қабаттың рөлі қандай.
- •Билет №16
- •1.Организмдердің тіршілік әрекетіндегі негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық маңызы.
- •2.Топырақ эрозиясы: ұғымы, түрлері, пайда болу себептері. Топырақ эрозиясымен күресу шаралары.
- •Билет №17
- •1.Биогеоценоз компоненттері.
- •2.Экологиялық факторлар ұғымы және олардың жіктелуі
- •3.Популяция санын реттеу: мақсаттары, міндеттері, әдістері, маңызы.
- •Билет №18
- •1.Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.
- •2.Биоценоздың қоректік құрылымы (продуценттер, консументтер, редуценттер).
- •3.Қазіргі заманның жаһандық экологиялық проблемалары, олардың пайда болу себептері және салдары.
- •Билет №19
- •1.Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістері. Экологияның практикалық маңызы.
- •2.Қоршаған ортаның химиялық ластануының экология-генетикалық салдары.
- •3.Өнеркәсіпті қарқындатумен байланысты экологиялық проблемалар.
- •Билет №20
- •1.Популяцияның кеңістіктік орналасуы және оның сипаты: кездейсоқ, біркелкі және топтық.
- •2.Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе деген не?
- •Билет №21
- •1.Тұрақты даму деңгейлері: жергілікті, өңірлік, ұлттық, мемлекетаралық, жаһандық. Әрбір деңгейде тұрақты даму мүмкіндіктерін анықтайтын факторлар.
- •2.Қоршаған ортаның биологиялық ластануы.
- •3.Жердің озон қабаты: ұғымы, маңызы, проблемалары, проблеманы шешу жолдары.
- •Билет №22
- •1.Либих минимумы заңы.
- •2.Популяцияның динамикалық сипаттамалары: популяцияның тууы, өлімі, популяцияның тірі қалу қисықтары, популяцияның өсу жылдамдығы.
- •3.Табиғи ресурстарды жіктеу: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келтірілмейтін.
- •Билет №23
- •1.Аутэкология деген не?
- •2.Шелфордтың төзімділік заңы. Төзімділік диапазоны?
- •Билет №24
- •1.Тұрақты даму факторлары: экологиялық, экономикалық, әлеуметтік.
- •2.Жаһандық экологиялық проблемаларды шешу жолдары.
- •3.Қоршаған ортаның физикалық ластануының экология-генетикалық салдары.
- •2.Билет 10 там
- •Билет №25
- •1.Қорық аумақтары қоршаған ортаны қорғау түрлерінің бірі ретінде.
- •2.Қр маңызды экологиялық проблемаларын атаңыз.
- •3.Топырақтың ластануы: ұғымы, пайда болу себептері. Топырақтың ластануымен күресу шаралары.
- •Билет №26
- •1.Тұмша ұғымы, тұмшаның пайда болу себептері, тұмшаның тірі организмдерге әсер етуі, проблеманы шешу жолдары.
- •2.Ауыл шаруашылығын қарқындатумен байланысты экологиялық проблемалар.
- •3.Қоршаған ортаның физикалық ластануы.
- •Билет №27
- •1.Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.
- •2.Экожүйенің табиғи дамуы: бірінші реттік және екінші реттік сукцессия.
- •3.В.И. Вернадскийдің биосфера және ноосфера туралы ілімі.
- •Билет №28
- •Билет №29
- •Демэкология деген не?
- •Билет №40
- •Антропогенді фактордың әсер етуінің өзгеше ерекшеліктері.
Билет №1
1.Экология туралы ұғым, экологияның негізгі бөлімдері. Экологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.
2.Демэкология деген не?
3.Ауыл шаруашылығының экожүйелерге тигізетін кері әсері (ауыл шаруашылығының алты проблемасы).
Жауаптар: 1.Экология қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі болып табылады. Бұл гректің екі сөзінен құралған: “oikos” – үй, мекен , халық және “logos”- ғылым. Сонымен , Экология біздің «табиғи үйімізді» зерттейді және ол сонда тұратын барлық ағзаларды және өмір үшін қажетті сол «үйдің» барлық болып жатқан функционалдық процестерін қамтиды. Басқаша айтқанда , экология– ағзалар мен оларды қоршаған ортаның арасындағы байланыстар туралы ғылым. Жеке ғылым ретінде экология шамамен 1900ж. қалыптасты. Алғаш « экология» сөзін 1қаңтарда 1858ж. Генрих Дэвид Торо қолданған7 «Экология» терминін 1868ж. неміс ғалымы, медик, ботаник, зоолог , морфолог Эрнест Геккель бірінші болып ұсынған. Э. Геккель экологияға келесідей анықтама берді: « Бұл табиғаттың экономикасын танып білу, ортаның органикалық және бейорганикалық компоненттері мен тірілер арасындағы барлық өзара қатынастарды бір уақытта зерттеу». Ч. Дарвин бойынша: «Экология-табиғаттағы барлық күрделі өзара байланыстар мен өзара қатынастар, тіршілік үшін күрес ретінде қарастырылатын ғылым».Ф. Клементс (АҚШ) 1920 ж. Экологияны қауымдастық туралы ғылым деп атады .Ч. Элтон (Ұлыбритания) 1937 ж. Экологияны жануарлардың социологиясы мен экономикасына қатысты, табиғи тарих ретіндегі ғылым деп анықтады.Х. Б. Одум (АҚШ) 1959ж. Экологияны табиғаттың құрылымы мен қызметін зерттейді деп атады.
Экология бөлімдері. Экология 3 негізгі бағытты зерттейді.1.Аутэкология - особьтар экологиясы. Аутэкология бір түрдің өкілінің (особьтың) қоршаған ортамен өзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.Қоршаған орта факторларына : а.) Абиотикалық факторлар- өлі табиғаттың әсері (климат, t0-ра , ылғалдылық , жарық және т.б. б.) Биотикалық факторлар – тірі организмдердің әсері. в.) Антропогендік факторлар – адамның әртүрлі іс-әрекеті нәтижесінің әсерлері.
2. Демэкология 2 сұрақ- популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бөлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы. Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайәларын , құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының өзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.
3. Синэкология- қауымдастық экологиясы. Қауымдастықдегеніміз белгілі аралда мекендейтін , әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы. Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын , өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.
3. Ауыл шаруашылығының экожүйелерге жағымсыз әсері келесіден көрінеді:
1.ауыл шаруашылығы алқаптары адам қызметімен ықшамдалған экожүйелер-дің әдеттегі картинасын білдіреді. Оларда өсімдік түрлерінің саны тіпті монодақылға дейін төмендетілген; жануарлар әлемі айрықша дерлік ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен берілген. Адамның қызметі жұтаңданған түрлік құрамды қолдауға тікелей бағытталған: адам арам шөптермен және өсірілетін өсімдіктер зиянкестерімен белсенді күреседі. Осының барлығы экожүйе тұрақтылығының жоғалуына әкеледі: зиянкестердің көбеюі, өсірілетін түрлердің құрғақшылыққа немесе қатты ылғалдануға жоғары сезімталдық және т.б.;
мәдени дақылдардың аз төзімділігі және бәсекеге қабілеттілігі адамның ара-ласуының табиғи іріктеудің жасанды іріктеумен ауыстырылуына әкелуімен де анықталады; өсімдіктер үшін пайдалы сапаға емес, адам үшін маңызды сапаға іріктеу жүреді. Нәтижесінде агроэкожүйелер дербестілігін жоғалтады, мұндай жүйелер «жабайы» түрлер қауымдастықтарымен жылдам ығыстырылады;
2. агроэкожүйелерде айналымның толық емес болуының маңызы үлкен: жыл сайын экожүйелерден астық түрінде өнімнің көп бөлігі қайтарусыз алынады; тыңайтқыштардың жартылай ғана орны толтырылып пайдаланылатын топырақтың бағытталған жұтаңдануы байқалады;
3.агроэкожүйелер қоршаған биоценоздарға әсер етеді. Агроэкожүйелердің даму кезеңдері биомассаның жинақталу кезеңінде агроэкожүйелерге сырттан бірқатар түрлердің келуін және алқаптарды машинамен өңдеу және астық жинау кезеңдерінде олардың қоршаған пайдаланылған жерлерге кері жылыс-тауын тудырады. Бұл жылдық тіршілік әрекеті және жәндіктердің, кеміргіштер-дің және басқа жануарлардың бірқатар түрлері санының динамикасы циклдеріне елеулі түзетулер енгізеді;
4.тарихи масштабтарда ауыл шаруашылығының табиғи жүйелерге әсер етуі ландшафттар эволюциясының түбегейлі факторы болуы мүмкін;
5. сондай-ақ мал шаруашылығында экологиялық проблемалар пайда болады: түрдің биологиялық талаптарын қамтамасыз ету (қоректендіру, климат, ұдайы өсіру), үй жануарларының қоршаған экожүйелерге әсер етуі (жаюдың фитоценозға әсер етуі, жабайы түрлермен бәсекелесу, гельминттердің таралуы, инфекциялардың табиғи ошақтарына қатысу және т.б.).