Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД кант Каз ВМ и ВС сент 2012.doc
Скачиваний:
14
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
5.21 Mб
Скачать
  1. Хайуанаттардағы сәулелену ауруы.

Жеңіл дәрежедегі сәуле ауруы жалпы жағдайдың уақытша нашарлауымен, кейде жемнен бас тартудан, лейкоциттер санының шамалы азаюымен сипатталады. 150-200 рад доза сәуле алған кезде дамиды.

Орташа дәрежедегі сәуле ауруы 200-400 рад сәуле алған кезде хайуанаттарда байқалады. Бұнда жағдайдың нашарлауы, уақытша жемнен бас тарту, іш өту, дененің қызынуы, 5-8 жасар қойларда жүннің түсуі байқалады. Лейкоциттер саны 50%. Ал лимфатциттер 75%-ке азаяды. Айтарлықтай ушығу болмай және тиісті емдеген жағдайда мал сауығады, кей жағдайларда шетінейді

Ауыр дәрежедегі сәуле ауруы 400-600 рад сәуле алған кезде байқалады. Ол қатты нашарлағанда, дененің температурасы көтерілгенде, кілегейлі қабықтарымен терідегі қан айналымындағы лейкоциттер, эритроциттер, тромбоциттер санының күрт төмендеуінен пайда болады. Малдың іші өтеді, қаны қоюланады, дененің салмағы азаяды. Емдеусіз малдың 60%-ке жуығы шетінейді. Емдеу кезінде ұзақ уақыт бойында мал өте баяу сауығады.

Өте ауыр дәрежедегі сәуле ауруы 600-750 рад сәуле алған кезде байқалады. Ол мұндай жағдайда жылдам, ауыр өтеді хайуанаттар 10-15 күнде шетінейді, ал өте үлкен доза алғанда одан тезірек шетінейді.

Организмдегі сәулелену жалғасатын болса, қалпына келу процесі өтеді. Осыған байланысты бір әсер тудыратын сәулеленудің жиынтық дозасы сәулелену жалғасқан кезде бір рет сәулеге ұшырағаннан гөрі жоғырырақ болады.

Бета-бөлшектерінің сыртқы әсері тері ұлпаларында «бета-күйікті» тудырады. Адамдардың мойнының, белінің, басының төңірегі, ал малдардың арқасы, яғни радиоактивті шаң тұрып қалған жерлерде күйік пайда болады. Сонымен қатар шөппен қоректенетін малдарда шөп жеген уақытында бета-сәулелену нәтижесінде беттерінің радиациялық зақымдануы жиі байқалады.

Адам мен малдың радиациялық заттармен ішкі зақымдануы организмге ең алдымен олардың тамақпен бірге өтуінен болады.

Радиациялық заттардың біршама бөлігі шекке өтіп организмнен бөлінеді. Сөйтіп кілегейлі қабықты зақымдай отыра, ас қорыту органдарының жұмысын тұрақсыздандырады.

Сорылған радиоакивті өнімдер организмге өте ретсіз таралады. Олар әсіресе қалғанша безде жинақталады (басқа ұлпалармен салыстырғанда 1000-10000 есе артық) өте үлкен дозалармен сәулеге ұшыраған кезде органдар бөлінеді немесе оларда ісік пайда болады (қалқанша без) иә болмаса жұмысы айтарлықтай бұзылады (бауыр), қалқанша және сүт бездерінде, мысалы, йод изотоптары, сүйектерде, стронций, барий, цирконий изотоптары, бауырда цезий, прометий изотоптары жинақталады церий, рутений, рубидий, изотоптары организмде бүкіл ұлпалар бойынша бір қалыпты орналасады.

Суға түскен ядролық бөліністің жас өнімдерін оның мекендеушілері жұтады олар қай организмде болмасын әр түрлі таралады. Егер, мысалы, барлық организмдерде жиынтық радиоактивтілікті 100% деп алсақ, оның көлемінің 65% ішкі органдарда, 10,5 желбезекте, 19% жүзу жарқағында, 3% бұлшық етте және 2,5% сүйекте кездеседі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Радиация көздері қандай?

  2. Табиғи радиоактивтілік түсінігі?

  3. Уран сәулеленгеннен кейін қандай басқа химиялық элементке айналады?

  4. Радионуклид ұғымы?

  5. Альфа, бетте-бөлшектер және гамма-кванттар туралы түсінік және оларға сипаттама беру?

  6. Геохимиялық процестердің нәтижесінде радиоактивті элементтер қандай процестерге қатысады?

  7. Радон көздері болып не табылады?

  8. Жердің радиоактивті ластануы?

  9. Адамға сәуле алудың қаупі қандай?

  10. Хайуанаттардағы сәулелену ауруы қандай және оларға сипаттама беру?

Тест сұрақтары:

1.Радиациялық авария деп –

А) ядролық жарылыстан пайда болатын авария

В) радиоактивті заттардың жарылысы кезінде болатын авария

С) радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өміріне төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп

Д) ядролық жарылыс кезінде шығатын нейтрондар ағыны

Е) радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өміріне төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп

2. 1-дәрежелі сәуле ауруының адамға әсері (жеңіл)

А) 120-250 рад

В) 250-300 рад

С) 100-200 рад

Д) 150-200 рад

Е) 300-350 рад

3. 4-дәрежелі сәуле ауруының адамға әсері (өте ауыр)

А) 400 радтан жоғары

В) 600 радтан жоғары

С) 800 радтан жоғары

Д) 450-500 радтан жоғары

Е) 900 радтан жоғары

4. Сәуле шығару дозасы қанша болғанда адамдарда 1-(жеңіл) дәрежелі сәуле ауруын тудырады?

А) 100-200 Р

В) 200-400 Р

С) 50-100 Р

Д) 400-600 Р

Е) 600-1000 Р

5. Адамдардың соғыс жағдайында бір рет алуына болатын сәуле шарпу дозасы:

А) 10 Р

В) 200 Р

С) 50 Р

Д) 600 Р

Е) 400 Р