Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тыныс алу жүйесі.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
16.11.2019
Размер:
478.72 Кб
Скачать

Пән бойынша әріптік-баллдық-қорытынды баға

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың эквиваленттік сандары

Пайыздық мазмұны %

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық

Мамандығы: жалпы медицина

Пәні: Визуальді диагностика

Кафедра: Визуальді анықтау

Курсы: 3

Семестрі: 5-6

Модуль: Тыныс алу жүйесі

Тақырыбы: №3 – Өкпе тінінде қуыс болу синдромының, плевра қуысында сұйықтық және ауа болу синдромының визуальді көрінісі, созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі

Құрастырғандар: Доц. Тулеутаева З.К.

Асс.Далиева Г.А.

Алматы 2009ж.

Әдістемелік нұсқаулықтар визуалды диагностика бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалды. Дайындаған м.ғ.к., доцент Тулеутаева З.К.

Кафедра отырысында бекітілген

Хаттама №_10__

«_9_»__06________2009ж.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.д., профессор ____________ Хамзин А.Х.

Жұмыс бағдарламасы пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясында талқыланды

« …..» 2009 ж.., хаттама №……

.

Тақырыбы: №3 – Өкпе тінінде қуыс болу синдромының, плевра қуысында сұйықтық және ауа болу синдромының визуальді көрінісі, созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.

Мақсаты: Студенттерді өкпе патологияларының негізгі синдромдарымен таныстыру.

Оқыту тапсырмалары:

1. Өкпе тінінде қуыс болу синдромыныңдиагностикалық критерилерін білу

2. Плевра қуысында сұйықтық және ауа болу синдромының диагностикалық белгілерін білу

3. Өкпе тінінде қуыс болу синдромы мен плевра қуысында сұйықтық және ауа болу синдромын ажырату диагнозын жасауды үйрету.

4. Тыныс алу жеткіліксіздігі синдромының (жедел және созылмалы) сәулелік визуализациясы

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Өкпе тінінде қуыс болуы, плевра қуысында сұйықтық және ауа болуының визуальді көрінісі (рентгенограмма, КТ және МРТ скандарда).

2. Өкпе патологияларының синдромдық сараптамалары кезінде дифференциальді сәулелік диагностика жасау алгоритмі.

3. Тыныс алу жеткіліксіздігінің сәулелі семиотикасы

Оқыту және үйрету әдістері :

- тақырыпты ауызша талдау

- ситуациялық есептер

- рентгенограммалар, томограммалар, сканограммалар, сонограммалар талдау

Әдебиеттер:

1.А.Ю. Васильев, Е. Б. Ольхова, «Лучевая диагностика», для студентов педиатрического факультета, издательство ГЭОТАР – Медицина 2008

2. С. К. Терновой, А. Ю. Васильев «Лучевая диагностика и терапия» том-2, частная лучевая диагностика. 2008г.

3. Труфанов Г. Э. «Лучевая диагностика» 2 тома, 2007г.

Қосымша әдебиеттер:

1.«Лучевая анатомия», Медицина «Ростов на Дону», Феникс – 2009г.

2.Б.И.Ищенко, Л.Н,Бисенков, И.Е.Тюрин «Лучевая диагностика для торакальных хирургов » Санкт-Петербург,2000г.

3.Тюрин И.Е.«Компьютерная томография органов грудной полости»

Санкт-Петербург,2003г.

4.Дуглас С.Кац, КейвинР.Мас, СтюартА. Гроскин. «Секреты рентгенологии» Санкт-Петербург 2003 г.

7. Бақылау:

А. Тесттер:

1. Өкпе ателектазының дәлірек рентгендік белгісі:

А) бөлікаралық плевраның иілуі

Б) диафрагма күмбезінің жоғары орналасуы

В) бөліктің интенсивті және гомогенді қараюы

Г) бөлікаралық плевраның ығысуы және бөліктің гомогенді қараюы

Д) бөлікаралық плевраның контурының томпаюы

2. Өкпе ішіндегі қабырғалық орналасқан түзілісті меңзейді:

А) домалақ пішінді

Б) түрлі бағыттарда пішінінің өзгеруі

В) тыныс алғанда өкпемен бірге ығысуы

Г) түрлі бағыттарда түзілістің кеуде торымен тік бұрыш жасауы

Д) тыныс алумен байланыс болмауы

3. Өкпедегі солитарлы кистаның салыстырмалы диагностикасында маңызы басым болатыны:

А) орналасуы

Б) мөлшері

В) қабырғасының сипаты

Г) сұйықтық болуы

Д) айналасындағы өкпе суретінің сипаты

4. Жиі абсцеспен жүретін пневмонияны атаңыз:

А) легионеллезды

Б) хламидиозды

В) микоплазмалық

Г) стафилоккты

Д) пневмококкты

5. Науқастың рентгендік зерттеуінде өкпесінің сегментарлық қараюы оның көлемінің кішіреюімен бірге анықталды. Мүмкін болатын диагнозды атаңыз:

А) бронхтың бронхішілік ісігі

Б) түбірлік лимфа түйіндерінің ұлғаюы

В) крупозды пневмония

Г) инфильтративті туберкулез

Д) өкпеішілік аденома

6. Пневмоторакс кезінде сығылған өкпе жиі ығысады

А) жоғарыға

Б) төменге

В) төменге және медиальнді

Г) сыртқа

Д) ығыспайды

7. Тыныс алу кезінде шектеліп қалталанған бөлікаралық жиналған сұйықтықтың нақтырақ белгісін атаңыз:

А) өкпемен бірге ығыспайды және пішінін өзгертеді

Б) өкпемен бірге ығысады және пішінін өзгертеді

В) өкпемен бірге ығыспайды және пішінін өзгертпейді

Г) өкпемен бірге ығысады және пішінін өзгертпейді

Д) тыныс алуы көлеңкеге әсер етпейді

8. Өкпенің созылмалы абсцессінің негізгі белгісі:

А) қуыс болуы

Б) өкпедегі бүріскен үрдіс

В) плевральді шварттар

Г) бронхоэктаздар болуы

Д) кеудеаралықтың зақымдалған жаққа ығысуы

9. Туберкулезді инфильтрат көлеңкесінің гомогенді еместігінің жиі себебі болатыны қайсысы?

А) тек ыдырау

Б) ыдырау және әктену участкелері

В) ыдырау және ұсақ бронхтар қуыстары

Г) әктену участкелері

Д) ыдырау және фиброз

10. Туберкулезді кавернаның басқа қуыстармен салыстырмалы диагностикасында маңызы зор:

А) орналасуы

Б) қуыс қабырғасының қалыңдығы

В) ішіндегі сұйықтық мөлшері

Г) динамикада үрдісті бағалау

Д) өкпе түбірі реакциясын бағалау

Б. Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенограммалар, томограммалар, сканограммалар және сонограммалар архиві

8. Бақылау критерилері:

ЖР (жіберу рейтингі) = күнедлікті бақылаудың орташа баллы (дәрістер+тәж. сабақтар) + СӨЖ орташа баллы+аралық бақылау баллы

Күнделікті бақылау:

1. Дәрістер - максимальді - 5 балл

Критерилер

Балл

Сабаққа қатысу және бақылау сұрақтарына толық жауап беру

5-4 б.

Сабаққа қатысу және бақылау сұрақтарына толық емес жауап беру

3-2б.

Сабаққа қатысу, бақылау сұрақтарына толық жауап бере алмау

1б.

Дәріске қатыспау

0 б.

Кешігу

Минус 1 б.