Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
17.11.2019
Размер:
208.49 Кб
Скачать

6. Сыйымдылығы бар электр тізбегі.

Электр тізбегінің сыйымдылықпен сипатталатын элементі конденсатор болып табылады. Конденсатордың конструкциялық құрылымы: үлкен беті бар екі пластина (астар), олар өткізгіш материалдан жасалған және диэлектрикпен бөлінген. Конденсатор оыйымдылығын (с) пластиналар арасындағы потенциалдар айырымы 1 В – қа тең болған кезде жинақталатын электр зарядын анықтайды. Конденсатор пластиналары диэлектрикпен бөлінгеннің өзінде, айнымалы кернеу кезінде конденсаторы бар тізбекте ток жүре береді. Бұл синусоидты кернеу мәні және бағыты бойынша өзгерсе, ал сонымен бірге конденсатор пластиналарындаға зарядтың да үздіксіз өзгеруімен байланысты. Осы заряд өзгерісі және онымен байланысты электрон қозғаласы, осының өзі тізбектегі электртогы болып табылады.

Ток көзінен және конденсатор сыйымдылығынан тұратын электр тізбегін қарастырайық (6.1 - сурет).

Конденсатор идеал диэлектриктен тұрады, яғни актив кедергісі 0 – ге тең деп есептелік. Конденсатор бар тізбекке синусоидты кернеу берілген.

осы кернеу әсерінен тізбекте ток і пайда болады және конденсатордың әрбір пластинасына заряд жинақталады. Мұндағы Uc – конденсатордығы кернеу.

Кирхгофтың ІІ – і заңы бойынша U=Uc. Онда конденсатордағы заряд мынаған тең: немесе .

мұндағы ток амплитудасы

Сонымен, сыйымдылығы бар тізбектегі ток синусоидты болып табылады және фазасы бойынша шамасы кедергі өлшемімен өлшенеді, Хс – деп белгілейді және «сыйымдылық кедергі» деп атайды.

Сондықтан

Осы теңдеудің екі жағында бөлсек, ток пен кернеудің әсерлік мәндері үшін Ом заңы өрнегін аламыз.