Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК-2012 Жалгастырушы 3.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.53 Mб
Скачать

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

  1. Мінез-құлық әдептерін атаңыз.

  2. Жүріс-тұрыс әдептерін атаңыз.

  3. Қатынас әдептерін атаңыз.

  4. Қазіргі заманда мәдениетті адам қандай болуы керек?

5. Мәтіннен сапалық сын есімдерді бір қатарға, қатыстық сын есімдерді бір қатарға теріп жазыңдар.

6. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.

Адамгершілік ой пікірлер ертедегі Шығыс ... Әл-Фараби, Әл-Беруни, Ибн Сина, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари жазбаларында орын алып, Абай, Шоқан, Ыбырай сияқты ... еңбектерінде көрініс тапқан. Олар ... ұрпақты әдептілікке тәрбиелеуде отбасы, ата-ана, туған-туыс, жора-жолдастар, туған жер, өскен орта әсері туралы бағалы пікірлер айтқан.

Қажетті сөздер: даналардың, ойшылдары, жас

7. Шашылған сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

  1. Амандасуы, адамдар, достығын, ниетін, білдірген, ізгі, осылай, арқылы, бір-біріне.

  2. Халқының, сыйластық, құрметпен, қазақ, тәрбиесіндегі, ерекшелік, адамның, бір атау, аты, жөніне, қарау

  3. Тәрбиесі, негізгі, табылады, бірі, болып, этнопедагогикада, әдептілік, тәрбиеленің

8. Сөйлемдерді оқыңыз, ол мәтінің мазмұнына сәйкес келсе «шын», келмесе «жалған» деп белгілеңіздер.

Сөйлемдер

Шын

Жалған

  1. Әдептілік тәрбиесі этнопедагогикада негізгі тәрбиенің бірі болып табылады.

  1. Қайшылығы мен қасіреті асқынып тұрған қазіргі кезеңде бұл айрықша мәселе емес

  1. Қазақ халқының тәрбиесіндегі бір сыйластық ерекшелік адамның аты-жөнін құрметпен атамау

  1. Қазақ халқы ер бала мен қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген

9. Мына мақалдардың сыңарларын анықтаңыздар.

Әдепті бала - арлы бала

әдепсіз адамды көргенде білесің.

Әдептіліктің белгісі –

сіңлі әдепті.

Мейірімділікті анадан үйрен,

Әдептілікті данадан үйрен.

Апа әдепті болса,

Әдепсіз - бала сорлы бала

Аға әдепті болса

іні әдепті

Ұят-

адамдықтың белгісі

Әдептілік-ар, ұят –

иіліп сәлем бергені

Әдептің не екенін

адамгершіліктің бір жемісі

Сіз деген әдеп

біз деген көмек

10. Ұлағатты сөздер туралы өз ойларыңызды айтыңыздар.

1. «Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі, жаттығудың ролі зор». Демокрит. 2. «Жігіт адмға 3 нәрсе кесір болады: 1- еріншектік, 2- ұйқышылдық, 3- тіл алмау. Содан сақтан». Әйтеке би. 3. «Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан құралады».Ж.Ж.Руссо.

11. Мақалдарды оқып, мағынасын түсіндіріңіздер.

Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.

Шеше тұрып қыз сөйлегеннен, әке тұрып ұл сөйлегеннен без

Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін.

Ақылды кісі байқап сөйлер, ақылсыз кісі шайқап сөйлер. Жылы –жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады.

12. Мәтінді мазмұндаңыздар.

Адамның жеке басының әдептілігі дегеніміз -кісінің өзін қоғамдағы қабылданған барлық ұқыптылық ережелеріне, қандай да бір жағдайдағы жалпылама қағидаларға және мінез-кұлық тәртібіне сай ұстауымен қатар, эстетикалық, әрі этикалық жауапкершілікті сезінуі.

Жеке адамның әдептілігі тек қана оның жеке басына байланысты емес. Басқалардың қуанышы мен күйінішін түсіне алу және оған ортақтасу да адамның жеке басында табылуға тиіс. Біреудің жоғын беру, қайғысында бірге болу, қасіретін бөлісу оңай шаруа болмаса керек. Әрине, мұның бәрі шынайы жүректен істелуі тиіс. Бұл адамның жеке басының әдептілігін айқын көрсетеді.

Жеке бастағы әдептілік көп ретте оның карапайымдылығын танытады. Өйткені әдептілік адамның істеген істері мен сөйлеген сөздерінде анық байқалады. Ал, қарапайымдылық іс пен сөзде ерекшеленеді. Ол ешқандай жанға ыңғайсыздық тудырмайды, әдепсіздік жағдайды болдырмайды, адам атаулының көңілін қалдырмайды. Ол бүкіл жүріс-тұрысында қарапайым келеді, еш уақытта дараланып, ерекшеленуге бейім тұрмайды.

Есте сақтаңыздар!

Үлкен кісімен сөйлескенде қолыңды қалтаға салып тұрма,

Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап, тақалып тұрма, ыржалақтап күле берме, немесе мөлиіп тұрма.

Біреудің дүниесіне таңдана қызығып, тесіле қарама. Біреудің дүниесін өз бетіңмен аударыстырып, ақтарма. Ата-анаңның бетінен алма. Үйде отырып ысқырма. Әркімді бір кекетіп , мұқатпа. Бас киімді теппе, айналдырма, аяқ асты тастама. Нанның үстіне зат қойма. Жасы үлкеннің алдын кеспе, одан жоғары отырма, сөзін бөлме. Кемтар адамға күлме.