Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК-2012 Жалгастырушы 3.doc
Скачиваний:
23
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.53 Mб
Скачать

12. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.

Қазақ халқының мәдениеті - ... заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және ... заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.

Қазақ халқының қалыптасуына байланысты, қазақ халқына тән материалдық және .... мәдениеттің сипатты белгілері де орнықты. Бұл қалыптасқан мәдениет қазақ халқының өз ата-бабаларының мәдени қазыналарын қамтыған мәдениет болды.

Қазақ халқының мифтік аңыздары, аспан әлемі жөніндегі түсініктері, байырғы қазақ күнтізбесі, бай әдеби мұралар, көркемөнердің сан алуан түрлері, шежірелік шығармалар, халық емшілігі және материалдық мәдениет мұралары .... жалғасып келе жатқан көне мәдениет куәліктері екені анық.

Халық бұқарасы материалдық мәдениет ... жасаушылары болды.

Қажетті сөздер: жетістіктерінің, ежелгі, ұрпақтан - ұрпаққа, жаңа, рухани

  1. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар.

Қазақстан театр өнері

1926 жылы Қызылорда қаласында М. Әуезовтің  «Еңлік-Кебек» пьесасы сахналанды. 1928 ж. театр Алматы қаласына қоныс аударды. 1930-жылдары қазақ театрлары бірқатар облыс орталықтарында пайда болды. 1933 жылы Семей қаласында құрылған орыс драма театры, көп ұзамай Алматыға көшірілді. Алматыда 1934 жылы Ұйғыр театры, 1935 жылы Қуыршақ театры, 1944 жылы Жасөспірімдер театры және 1937 жылы Қызылорда қаласында Корей театры ашылды. Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры  1934 жылы Алматы қаласында ашылды. Қазақстанда бірінші опера 1936 жылы қойылды. Содан бері 50-ге жуық опера мен балет жазылды. Елдегі ең жас музыкалық театр – Астана қаласындағы К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының  өмірбаяны 2000 жылы М. Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен  басталды.  Қазіргі кезде Қазақстанда 50 театр жұмыс істейді.

2. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрыңыздар.

3.«Қазақстанның өнер қайраткерлері» тақырыбында хабарлама дайындаңыздар.

Есте сақтаңыздар! Мақал-мәтелдерде антонимдер болса, табыңыздар.

Әдептен аттаған қылға сүрінер.

Ақпейіл болсаң ас жерсің, тәкәппар болсаң тас жерсің.

Кең болса – кем болмас.

Елгезектің қарны тоқ.

Есер жігіт сәнқой келеді.

Жуастан жуан шығады.

UpRibbonSharp

  1. Мәтінге қажетті сөздермен, сөз тіркестерімен танысыңыздар.

Мәлімет, шылымқорлық, әдет, темекі әдеті, жаһандық, Дүниежүзілік Денсаулық Ассамблеясы, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы, темекіге қарсы күрес, халықаралық конвенция, заңдастырылған құжат, өзекті мәселелер

  1. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Таза ауа, өркениетті ел, әлемдік қауымдастық, салауатты өмір салты, саналы азамат, ұрпағымыздың келешегі, халық саны, тәуелсіз ел, өз үлесін қосу, шылымқорлардың саны, темекі өнімдері, мәтіннің тақырыбы, Халықаралық конвенция құрастыру, ол үшін, жаман әдет

  1. Сәйкестігін табыңыздар.

мәлімет

здоровье

шылымқорлық

актуальный

әдет

документ

темекі

борьба

құжат

курение

күрес

сведения

өзекті

сигарета

денсаулық

привычка

үлес

будущее

келешек

– доля

  1. Мына сөздерді тәуелдеңіздер.

Орын, бөлме, ел, жер, үй

  1. Мына сөздерді жіктеңіздер.

Ғалым, қызметкер, азамат, ұста