- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •Силлабус
- •5) Пәннің сипаттамасы
- •6. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі:
- •6.1. Негізгі әдебиеттер:
- •6.2. Қосымша әдебиеттер:
- •7) Білімді бағалау
- •Қазақ тілі тарихы
- •Бөж тапсырмасы Қазақстан-дүниежүзілік қауымдастықта
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •2 Тапсырма. Мәтінге қатысты сұрақтар құрастырыңыз.
- •4 Тапсырма.Осы мәтін туралы өз ойыңызды білдіріңіз
- •Бөж тапсырмасы
- •Объектілік қатынастар
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бөж тапсырмасы
- •Шетелдік білім негізі
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Бөж тапсырмасы
- •Лексика – грамматикалық тапсырмалар
- •Бөж тапсырмасы
- •Алтыншы сабақ
- •Ахмет Байтұрсынұлы- реформатор ғалым
- •Бөж тапсырмасы Полиглот деп кімді айтады?
- •Жетінші сабақ
- •Сегізінші сабақ
- •Тіл мәдениеті, қазақтың фольклоры, шежіресі.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бөж тапсырмасы Қазақстан мен Франция серіктес, екі елдің мәдениеті, өнері туралы.
- •Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бөж тапсырмасы Қазақстан және Ұлыбритания арасындағы мәдени байланыс
- •Халықаралық сыйлықтар. Альфред Нобель.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бөж тапсырмасы
- •Сәрсен Аманжолов және жазу емлелері.
- •Бөж тапсырмасы
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бөж тапсырмасы Аударма тақырыбына арналған мақал-мәтел жаттаңыз.
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Бөж тапсырмасы Сөздіктер
- •Он төртінші сабақ
- •Көне түркі жазбалары туралы
- •Бөж тапсырмасы Қазақстанның білім беру жүйесі
- •Жастар шетелде және бізде
- •Лексика - грамматикалық тапсырмалар
- •Бөж тапсырмасы
- •Білім алушылардың өздік жұмысына әдістемелік нұсқаулық
- •Бөж тапсырмалары
- •Аралық бақылау тапсырмалары
- •Емтихан сұрақтары
Лексика-грамматикалық тапсырмалар
1-тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
2-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.
3-тапсырма.Сұхбат құруға сұрақтар дайындаңыз.
4-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіз.
5-тапсырма.Мына сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз :
Айрықша сыйлық, халықаралық сыйлық, мемлекеттік қайраткер, ғылыми жаналық адамзат тарихы, қарапайым өмір, жалғыз қалу, ақылға сыймас махаббат, өте білгілі, өз бітінше, су асты миналары, әскери мақсат, таңқаларлық табыстар, аманат жазды, қайраткерлерді марапаттау.
6-тапсырма.
Ойтүрікті сұрақтарға жауап беріңіз.
а. Нобель туралы не білесіз?
ә. Нобельдің ашқан жаналықтарын білесіз бе ?
б. Ол қай елдің азаматы?
7-тапсырма. Мәтін бойынша өзіңіздің пікіріңізді, қорытындыңызды айтыңыз.
8-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз.
а) Неге Нобель сыйлығы әлемдегі ең айрықша сыйлық деп ойлайсыз?
ә) Осы сыйлық не үшін беріледі?
б) Сіздің елде Нобель сыйлығының лауреаттары бар ма? Олар бұл сыйлықты қашан және не үшін алды?
в) Бұл адамдары туралы сіз не айта аласыз?
9-тапсырма. Мәтіннен себеп-салдар үстеулерін табыңыздар.
Бөж тапсырмасы
А. Нобель туралы БАҚ материалдарынан ақпарат дайындау.
ОН БІРІНШІ САБАҚ
Лексикалық тақырып: С.Аманжолов және жазу емлелері.
Грамматикалық тақырып: Болымсыз, белгіссіздік есімдіктер.
Мақсаты : Мәтін негізінде студенттердің сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Сәрсен Аманжолов және жазу емлелері.
Сәрсен Аманжолұлы Аманжолов (27.12.1903, Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Егінсу ауылы – 28.1.1958, Алматы қаласы) –Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филолог, ғылым докторы (1948), профессор (1948), Қаз. КСР ҒА-ның корреспондент мүшесі (1954).
Қазақстан Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында бөлім меңгерушісі болды.
С.Аманжолов жалпы тіл білімі мен қазақ тіл білімінің теория негізін қалыптастыруда А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов бастаған ғыл. жұмысты ілгері жалғастырды. Ол жазған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін оқытуды ғыл. жолға қоюға елеулі ықпал етті.
Аманжолов қазіргі қолданыстағы кириллицаға негізделген қазақ жазуын жасады.Сонымен қатар халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, әдеби тіл тарихын зерттеумен айналысты. «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» деген доктор диссертациясында қазақтың әдеби тілі мен қазақ тілінің диалектілік негізін, оның қалыптасу тарихын, дамуын жан-жақты зерттеді, диалектілердің түркі тілдермен жақындығын, ру-тайпа халық тілінің байланысын, даму жүйесін анықтады. Оның бұл еңбегі қазақ диалектологиясының тіл білімінің бір саласы болып қалыптасуына негіз болды.
Аманжолов жалпы тіл біліміндегі синтаксис мәселелерін: сөйлемге берілген анықтамаларды, сөйлем мүшелерінің табиғатын, сөйлеудің синтаксистік құрылымын, сөйлеу мен ойлау арасындағы қарым-қатынасты зерттеді. Ол сөз таптарының сөйлем мүшесі болу шарттары, сөйлемнің элементтері мен дәнекерлері, интонация, оқшау сөздер, шақ пен жаққа қатысты синтаксистік категориялар, құрмалас сөйлемнің пайда болу жолдары, үйірлі мүше жайында тың қорытындылар жасады. Құрмалас сөйлемнің «аралас құрмалас» деген түрін енгізді.
С.Аманжолов – қазақ тілі ғылымының теориясын қалыптастырған, оны практикамен байланыстырған алғашқы тілші ғалымдардың бірі. С.Аманжолов қазақ диалектологиясының негізін салды. Тілдегі диалектілік ерекшеліктерді жинап-зерттеуді (1937-38) ұйымдастырып, диалектілердін даму сипаты, айырым белгілері, тайпалық тілдермен байланысы, үлттық өдеби тілдің диалектілік негізі сияқты аса күрделі мәселелерге тұжырым жасады. Диалектілерге халық, тіл тарихы түрғысынан қарап, олардың қоғамдық сипатын ашты. Қазақтың халық тілі мен әдеби тілінің өзекті мөселелерін зерттеп, соны пікірлер айтты. Ұлттық жазба әдеби тіл тарихын ХӀХ-ғасырдың 2-жартысынан бастап, Абайдың халық тілін пайдаланудағы шеберлігін, сөз қолданудағы жаңа үлгісін талдап көрсетті. "Вопросы диалектологии и истории казахского языка" (1959) атты монографиясы түркология саласындагы елеулі табыстардың бірі ретінде бағаланды.
Шығармалары:
ІV жылдық тіл кітабы, А, 1932;
Қазақ Совет фольклоры, А., 1935;
Қазақ тілінің грамматикасы, І б. (фонетика мен морфология), А., 1938, 1939, 1940;
Қазақ тілінің грамматикасы, ІІ б. (синтаксис), А., 1939, 1997;
Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы, А., 1940;
Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы, І б., А., 1950, 1994; Русско-казахский словарь в 2-х т., А., 1946;
Вопросы диалектологии и истории казахского языка, А., 1959, 1997; Қазақ тілі теориясының негіздері, А., 2002; Тіл және жазу, Өскемен, 2005.
Лексика - грамматикалық тапсырмалар
1-тапсырма: Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
2-тапсырма. Мәтінді мағынасына қарай бөлімдерге бөліп, тақырыпша қойыңыз, жоспар құрыңыз.
3-тапсырма.Сұхбат құруға сұрақтар дайындаңыз.
4-тапсырма. Мәтінді әңгімелеңіз.
5-тапсырма. Грамматикалық тапсырма.
Мәтіннен үстеулерді табыңыз.