Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new_UMK_Toybekova_K_1241_sibi.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
24.11.2019
Размер:
1.21 Mб
Скачать

Бөж тапсырмасы

Астанадағы Н.Ә.Назарбаев атындағы Халықаралық университет

Астанадағы осы оқу орында әлемнің ең үздік деген Британия, Сингапур, АҚШ университеттерінің тәжірибесі есепке алынып отыр. Биыл ашылатын осы университетке 500 студент қабылданды. Негізгі әріптес ретінде Лондон университеті таңдалып отыр. Астанадағы Н.Ә.Назарбаев атындағы Халықаралық университет Орталық Азиядағы ең үздік оқу ордасы болады.

Қазақстандық оқушылардың британдық оқушыларға қарағанда білім деңгейі жоғары екендігін Л. Милошевич атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық білім дұрыс бағытта келе жатыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан екі жыл бұрын Қазақстанда халықаралық дәрежедегі университет ашу туралы бастама көтерген болатын. Басты мақсат – жастарымыздың әлемдік деңгейде білім алуына жағдай жасау. Біраз уақыттан бері «Астана университеті» деп аталып келген білім ордасына Елбасының фамилиясы берілді. Оқу ордасы ресми түрде «Назарбаев университеті» деп аталды. Оқу орнына қабылданған студенттерге әлемнің таңдаулы деген 11 жоғарғы оқу орындарының ғалымдары дәріс береді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оқу ордасына мемлекет тарапынан 500 гранттың бөлінгендігін және онда үш ғылыми орталықтың болатындығын айтты. Сонымен қатар Елбасы болашақта елді өркендетер жастар осында тәрбиеленеді деп санайтындығын тілге тиек етті.

У н и в е р с и т е т к е интелектуалдық мектеп түлектері қабылданады. Ең бастысы, олар ағылшын тілін жетік білуі қажет. Студенттерге қойылар талап осы. Өйткені мұнда дәрістердің барлығы осы тілде жүргізіледі. Яғни, университеттің білім беру базасы шетелдік оқу орындарымен тең дәрежеде болмақ.

Назарбаев атындағы университет әлемнің ірі-ірі жоғарғы оқу орындарымен бірлесіп жұмыс жасайтындықтан «Болашақ» бағдарламасымен шетелге жіберілетіндердің саны қысқартылатын болады. Себебі медицина, инженерия және энергетика салаларына тағайындалатын «Болашақ» шәкіртақысы алынып тасталады да, аталған осы мамандықтар ендігі жерде Н.Ә.Назарбаев атындағы университетінде даярланады.

http://kaz.gazeta.kz

29.06.2010ж.

1 – тапсырма. Мәтіннен етіс категорияларын тауып, талдаңыз.

2-тапсырма. Сөйлемді бағанның оң жағында берілген мезгілдік конструкциямен толықтырыңыз.

... жылы болды Қыс бойы

... жаңбырлы болды. өткен күз

... біз тауда өткіздік.

... ... көзді ашып-жұмғандай өте шықты.

... ... өзінің ата-анасын іздеумен өтті.

... фонетикамен айналыстық.

... ... келіссөздер мен хат жазысулар болды.

... ... жаңбыр толастамады.

бүкіл өмір

бүкіл өмір бойы

апта бойы

апта бойы

ай бойы

тұтас ай

БЕСІНШІ САБАҚ

Лексикалық тақырып: Қазақстан және Германия Федеральдық Республикасы

Граматикалық тақырып: Келер шақ түрлері.

Мақсаты: Берілген мәтін арқылы студенттерге ГФР-мен ҚР-ның арасындағы дипломатиялық келіссөздердер туралы мәлімет беру.Екі ел арасындағы байланыс туралы айту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, лексика-грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Мәтінді оқып, өз ойыңызды білдіріңіз.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барды. Сапар барысынде екі ел арасындағы саяси әрі экономикалық байланыстарды жоғары деңгейде дамыту бағытындағы бірқатар мәселелер қамтылды.

Бұл азат Қазақ елі Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының Германияға жетінші сапары. Қазіргі таңда екі ел арасында тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынас орнаған. Германия Қазақстанның батыс Еуропа аймағы мен Еуропа одағындағы сенімді әріптесі болса, Қазақ елі Германияға Энергия көздерін тасымалдауда жетекші мемлекет.

Бүгінде бұл ел ең ірі донор мемлекет болып табылады. Былтыр екі елдің өзара сауда айналымы ұлғайып, ақшаға шаққанда 3,5 миллиард доллардан асқан.

2009 жылғы сапарында Қазақстан басшысы Германияның сол кездегі Федералдық президенті Хорст Келермен және Канцлер Ангела Меркельмен кездесіп, келіссөздер жүргізген болатын. Осы кездесулер Қазақстан мен Германия арасындағы кейінгі байланыстардың тығыз дами түсуіне айрықша серпін берді.

2010 жылы ГФР-дің Федералдық Канцлері Ангела Меркель Қазақстанға тұңғыш ресми сапармен келді . ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында екіжақты байланыстар тереңдей түсті. Ангела Меркель Қазақстанға ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитіне қатысу үшін келген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германияға сапары Федералдық сыртқы істер министрі Гвидо Вестервеллемен кездесуден басталды. Сондай-ақ ҚР Президенті Н.Назарбаев Германияның сыртқы істер жөніндегі саясаты атты ғылыми-зерттеу институттың директоры Ж.Шнайдермен, ГФР-дің бұрынғы вице-канцлері және сыртқы істер министрі болған Ганс-Дитрих Геншермен кездесті. Берлинде Еуразиялық клубының ашылуы салтанатына қатысып, сөз сөйледі. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Еуразиялық клубының ашылуы оның Еуразия туралы идеясына жауап беретінін және Еуропа мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастықтың тиімді жолын іздестіруге бағытталғанына ерекше тоқталды.

Германияның бұрынғы Вице-канцлері және Сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншер Құттықтау сөзінде Қазақстан Президентінің қазіргі заманғы мемлекетті құрудағы зор рөлін ерекше бағалады. Ол Берлин Еуразиялық клубының құрылуы екі елдің бір-біріне жақындай түсуі үшін жаңа мүмкіндіктер беріп қана қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы беделінің өсуіне себепші болатынына сенім білдірді.

Барлық жобалар Қазақстан аумағында алдыңғы қатарлы неміс білімі мен технологиясы қолданылатын шамамен 30 жаңа өндіріс орнын құруды қарастырады.

Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынасы барысында Елбасының немістің іскер топ өкілдерімен кездесуі қазақ-неміс бизнес қатынастарына тың серпін берері хақ. Германия экономикасының Шығыс комитетінің аймақтық директоры Райнер Линдир: – 2012 жыл – екі ел қарым-қатынасының жаңа кезеңге көшетін жылы болады деп ойлаймын. Себебі, Қазақстанда оларды қызықтырған жаңа мүмкіндіктер көп,– деген пікірін білдірді.

Қазіргі таңда 1200 компания Қазақстанда табысты жұмыс істеуде. Қазақ-неміс қарым-қатынасының тереңдей түсуін – Қазақстан мен Германия мемлекеттері үшін де әлемдік аренада дипломатиялық достықтың ерен үлгісі ретінде бағаланды десек қателеспейміз.

Еске түсірейік:

Келер шақ

Ауыспалы болжалды мақсатты

Ет+ а, е, й + ж.ж. –ар, -ер, -р -мақ, -мек,

- бақ,

-бек, - пақ, -пек

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]