Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест-УПП-2014.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
162.02 Кб
Скачать

246. Кәмелетке толмағанның iсi бойынша үкiм шығару кезiнде сот шешетiн мәселелер

А) кәмелетке толмағанға үкiм шығару кезiнде сот ҚІЖК 371-бабында аталған мәселелермен бiрге бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ шартты соттау, жаза тағайындау туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген жағдайларда жазадан босату туралы мәселенi талқылауға мiндеттi

Б) бас бостандығынан айыруға байланысы жоқ шартты соттау, жаза шараларын қолдану, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру не тәрбиелiк ықпал етудiң мәжбүрлеу шараларын қолдану жағдайларында сот бұл туралы мамандандырылған мемлекеттiк органға хабарлайды

В) оған сотталушының мiнез-құлқына бақылау жасауды жүзеге асыруды жүктейдi

Г) апелляциялық саты тек прокурордың наразылығы бойынша не жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң, сондай-ақ сот арқылы ақталған, ақталу негiздемелерiмен келiспеген адамның шағымы бойынша ғана ақтау үкімiнiң, істі қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоя алады

Д) егер ақталған адамның кiнәсiздiгiне немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң мәнiне дау айтылмаса, ҚІЖК-ң 415-бабында көрсетілген қылмыстық iс жүргiзу заңы елеулi бұзылды деген себеппен ақтау үкiмiнiң, iстi қысқарту туралы қаулының немесе сотталушының пайдасына шығарылған өзге де шешiмнiң күшiн жоюға болмайды

247. Iс жүргiзушiлiк iс-әрекеттер жүргiзу туралы тапсырманы атқарудың тәртiбi

А) сот, прокурор, тергеушi, анықтау органы тергеу немесе сот iс-әрекеттерiн жүргiзу туралы шетел мемлекеттерiнiң тиiстi мекемелерi мен лауазымды адамдарының белгiленген тәртiппен өздерiне берген тапсырмаларын ҚІЖ Кодекстiң жалпы ережелерi бойынша атқарады

Б) тапсырманы атқару кезiнде, егер бұл Қазақстан Республикасының осы мемлекетпен халықаралық шартында көзделген болса, шетел мемлекетiнiң iс жүргiзу нормалары қолданылуы мүмкiн

В) тапсырманы орындау кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi не орыс тiлi қолданылады.

Г) кәмелетке толмағанның жасы (туған күнi, айы, жылы);

Д) кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайы;

Е) интеллектуалдық, ерiк-жiгерiнiң және психикалық даму дәрежесi, мiнезi мен тегеурiндiлiк ерекшелiктерi, мұқтаждары мен мүдделерi; кәмелетке толмағандарға ересек адамдар мен басқа да кәмелетке толмағандардың ықпалы анықталуға тиiс.

248. Тану үшiн көрсету тәртiбi

А) танылуға тиiс адам тануға қатыстырылатын адамға жынысы бiр, сыртқы пiшiнi мен киiмiнде айтарлықтай айырма жоқ басқа адамдармен бiрге көрсетiледi

Б) тану үшiн көрсетiлетiн адамдардың жалпы саны кемiнде үш адам болуы керек.

В) тергеу iс-әрекетiне арасында танылуға тиiс адам орналасқан өзге адамдардың қатысуы тек олар ерiктi түрде келiскен кезде және тануға қатыстырылған адам олармен бұрын таныс болмаған жағдайда мүмкiн болады

Г) бұл ереже мәйiттi тануға қолданылмайтын қылмыстық заңында дұрыс қаралмаған

Д) бұл ереже қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі түрде бұзылуы

249. Тексерудiң, куәландырудың, эксгумацияның хаттамасы

А) Хаттамада тергеушiнiң барлық iс-әрекетi, сондай-ақ тексеру, куәландыру, эксгумация кезiнде анықталғандардың барлығы аталған тергеу iс-әрекеттерi жүргiзiлген ретпен

Б) Тексеру, куәландыру, эксгумация кезiнде анықталғандар қандай күйiнде байқалса, сол күйiнде сипатталады

В) Хаттамада тексеру, куәландыру, эксгумация кезiнде алынған барлық объектiлер көрсетiлiп, сипатталады

Г) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімінің талаптарын бұзу

Д) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің қолданылуға жататын бабынан немесе бабының бөлігінен (тармағынан) басқасын қолдану