Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест-УПП-2014.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
162.02 Кб
Скачать

83. Алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтардың қойылуы

А) екінші судьяның қатысуымен төрағалық етуші сот тергеуінің нәтижелерін, тараптардың жарыссөздерін ескере отырып, алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтарды жазбаша түрде тұжырымдайды, оларды оқиды және тараптарға береді

Б) тараптар сұрақтардың мазмұны мен тұжырымдалуы бойынша өздерінің ескертпелерін айтуға және жаңа сұрақтар қою туралы ұсыныстар енгізуге құқылы,сұрақтарды талқылау және тұжырымдау уақытында алқабилер сот отырысы залынан шығып кетеді

В) тараптардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, төрағалық етуші кеңесу бөлмесінде алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтарды түпкілікті тұжырымдайды, оларды сұрақ парағына енгізеді және оған қол қояды

Г) сұрақ парағы алқабилер мен тараптар қатысып отырған кезде дауыстап оқылады және құқықтық көмек көрсету тәртiбiмен жүргiзiлетiн iс жүргiзушiлiк және өзге де iс-әрекеттер

Д) алқабилер қатысатын соттың шешуіне жататын сұрақтарды жазбаша түрде тұжырымдайды, оларды оқиды және тараптарға береді

84. Кеңесу бөлмесінде кеңесу мен дауыс берудi жүргізу тәртібi

А) төрағалық етуші алқабилер кеңесіне басшылық етеді, шешілуге жататын мәселелерді рет-ретімен талқылауға қояды, жауаптар бойынша дауыс беруді және дауыстардың есебін жүргізеді

Б) кеңесу бөлмесінде алқабилер қойылған мәселелерге байланысты өздерінде туындаған түсінбеушіліктер бойынша төрағалық етушіден түсініктер алуға құқылы.

В) негізгі мәселелер бойынша дауыс беру жазбаша жүргізіп, судья мен алқабилердің дауыс беру кезінде қалыс қалуға құқықтары жоқ

Г) судья мен алқабилердің дауыстары тең болған жағдайда ҚР-сы осы адамға баспана берсе

Д) төрағалық етуші алқабилер кеңесіне басшылық етеді, шешілуге жататын мәселелерді рет-ретімен талқылауға қояды және халықаралық шартпен шешілуі тиіс

85. Сот отырысының хаттамасын жүргізу ерекшеліктерi

А) сот отырысының хаттамасы, ҚІЖК-нің 328-бабының талаптарына сәйкес, осы бапта көзделген ерекшеліктермен жүргізіледі

Б) хаттамада сот отырысына шақырылған алқабиге кандидаттар құрамы және алқабилер алқасын құру барысы міндетті түрде көрсетіледі

В) төрағалық етушінің жүгінуі сот отырысының хаттамасына жазылады немесе оның мәтіні қылмыстық іс материалдарына тіркеліп, бұл туралы хаттамада көрсетіледі

Г) прокурорының шешімі бойынша бұлтартпау шаралары қолданылады

Д) сот отырысының хаттамасында соттың іс қарауының бүкіл барысы оның өтуінің дұрыстығын куәландыратындай етіп көрсетуге тиіс

86. Алқабилердің ант қабылдауы

А) алқабилер алқасы құрылып болғаннан кейін төрағалық етуші немесе сот отырысының хатшысы сот отырысының залында қатысып отырғандардың барлығына орындарынан тұруды ұсынады. Төрағалық етуші алқабилерге ант қабылдау ұсынысымен өтініш жасайды

Б) алқаби «Ант етемін» деген сөздерді айтумен антты қабылдауын растайды.

В) алқабилердің ант қабылдағаны туралы сот отырысының хаттамасына жазба жасалады.

Г) сотталушы болып табылатын адамды, оны бұзу сотталушыға есептелетiн қылмыстық заңды дәл көрсетудi қамту тиіс

Д) бұлтартпау шарасы мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешiмдi қамту тиіс

87. Қазақстан Республикасының азаматын жазасын өтеу үшiн қабылдау туралы өтiнiштi қарау

А) шет мемлекеттiң соты бас бостандығынан айыруға соттаған Қазақстан Республикасының азаматы, оның заңды өкiлi немесе жақын туған-туыстары, сондай-ақ шет мемлекеттiң құзыреттi органдары сотталушының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына сотталушының жазасын Қазақстан Республикасында өтеуi туралы өтiнiш жасай алады

Б) өтiнiш қанағаттандырылған жағдайда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры шет мемлекет сотының үкiмiн атқару туралы облыстық немесе оған теңестiрiлген сотқа сотталушының Қазақстан Республикасынан кеткенге дейiнгi тұрақты тұрғылықты жерi бойынша ұсыныс енгiзедi

В) сотталушының тұрақты тұрғылықты жерi болмаған кезде ұсыныс Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына енгiзiледi.

Г) техникалық, оның iшiнде компьютерлiк байланыс арналары арқылы берiлетiн хабарларды жолдан ұстау және компьютерлiк жүйелерден тергелiп отырған iске қатысты ақпаратты алу тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысының негiзiнде жүргiзiледі

Д) тергеушiнiң прокурор санкция берген қаулысы жедел iздестiру қызметiн жүзеге асырып отырған органға орындауға жiберiледi