Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уран.docx
Скачиваний:
57
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
48.17 Кб
Скачать

«Центральное»

Жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіру 1982 жылы уран қоры 50 миллион фунтты U308 (орташа кен құрамы 0,45%) құрайтын Қанжуған кенішінде басталды. Ал номинальды өндірістік қуаты - жылына 2,6 миллион фунт U308. 90-жылдардың ортасына дейін өнім өндіру көлемі орташа есеппен әлеуеттік деңгейдің 50%-да болып, 90-жылдардың соңына қарай жылына 1 миллион фунтқа U308 азайды.

6 КЕН БАСҚАРМАСЫ

Уран өндіру 1985 жылы Солтүстік Қарамұрын (50 миллион фунт U308 орташа құрамы 0,08 % U308) кен орнында басталды. Номинальды өндірістік қуаты жылына 1,6 миллион фунт U308, алайда 1995-1996 жылдары өндіріс көлемі 0,5 миллион фунтқа U308 түсіп кетті.

Уранды қайта өңдеу

Уранды қайта өңдеу жұмыстары 1955 жылы құрылған Целинный таукен-химия комбинатында және 60-жылдардың басында ашылған Прикаспийск таукен-металлургия комбинатында жүргізілді. Бұл екі кәсіпорынның құрылуы Қазақстанды КСРО-дағы уран өнімдерін өндіретін көшбасшы республикалар қатарына қосқан-ды.

Үлбі металлургия зауыты (Өскемен қаласы) 1949 жылы пайдалануға берілген. Зауыт негізінен КСРО әскери-өнеркәсіптік кешеніне қызмет көрсетті, сондықтан да мұнда ең озық технология, жоғары сапалы қондырғылар мен құрал-жабдықтар, сондай-ақ металлургия және атом өнеркәсібі саласындағы білікті мамандар шоғырланды. ҮМЗ басты өнімі - атом стансаларына арналған (КСРО-дағы сұраныстың 85%) отын таблеткалары болды. Зауыт уран өнімдерінен басқа бериллий, тантал, ниобий және балқымалы қышқылдар шығарған.

Географиялық орналасуына орай “Степное” және “Централное” кеніштерінде алынған “сары кек”-тің бір бөлігі Қырғызстанның Қара-Балта қаласындағы тау-кен комбинаты басқаруындағы гидрометаллургия зауытына темір жол арқылы жіберіліп отырылды. Сол сияқты, №6 Кен басқармасынан шыққан “сары кек” ШығысСирекМеталл (Ходжент, Тәжікстан) өндірістік қауымдастығы басқаруындағы Чкалов гидрометаллургия зауытына да жіберілген.

Тәжірибелік реакторлар

Атом индустриясын дамыту ісінде тәжірибелік реакторлар маңызды рөл атқарды. 1972 жылы Ақтау қаласында КСРО-да тұңғыш рет БН-350 жылдам нейтронды тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторы іске қосылып, ол Маңғыстау энергокомбинатының (МАЭК) құрамдас бөлшегіне айналды.

Келесі бір зерттеу реакторы Алатау кентінде (Алматыдан 20 шақырым) қоныс тепкен Қазақ Ғылым Академиясының ядролық физика институ жанынан құрылды. Тағы үш зерттеу реакторы Семей ядролық полигоны аумағындағы “Луч” ғылыми-өндірістік бірлестігінде орналасқан.

1986-1990 жылдар аралығында қолданыстағы атом стансаларының қуаты бесжылдық жоспарда жоспарланғаннан 40% аз болды. Жақын және алыс қашықтықтағы зымырандардан ядролық жауынгерлік қондырғылар шешіп алынды. Атом өнеркәсібі алғаш рет уранды қайта өндіру проблемасымен бетпе-бет келді.

[өңдеу]Саланың дағдарысы

1991 жылы, яғни еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін Қазақстан аумағындағы атом өнеркәсібінің барлық кәсіпорындары республика Үкіметі құзырына өтті. Саланың дағдарысы 1998 жылға дейін жалғасты. Өнеркәсіптің құрылымын өзгерту нәтижесінде өнімділік 90-жылдардың басындағы 8,0 миллионнан 1997 жылы 2,0 миллион фунтқа U308 құлдырап кетті. Осы кезеңдегі атом саласының басты проблемалары мыналар еді:

- бұрын КСРО Орта машина жасау министрлігі құрамында болған кәсіпорындардың бытыраңқылығы;

- республикадан сыртқа шығарылатын ядролық материалдарды бақылайтын мемлекеттік органның болмауы экспорттық табыстан айырумен қатар, әлемдік рынокта Қазақстан имиджына да көлеңке түсірді;

- Ресей рыногынан айырылу өнім өндіру көлемін төмендетуге әкеп соқтырды;

- бұрынғы КСРО мен жас тәуелсіз мемлекеттер достастығы ТМД-ға бағытталған демпингке қарсы әрекет;

- уран бағасының арзандауы (1979 және 1986 жылдардағы АҚШ пен КСРО АЭС-ларында болған апаттар атом электр стансалары бойынша бағдарламаларды тоқтатуға себеп болса, қарусыздану саясаты нәтижесінде уранның артық өндірілетіні байқалды);

- уран өндірудің өзіндік құны рыноктық бағасынан асып кеткендіктен кеніштерді жабудың анық қаупі төнді;

- кәсіпорынның кадрлық әлеуетін сақтау.

1991 жылдың соңына таман бұрын КСРО-ның біртұтас ядролық-отын кешені құрамына кірген 8 кәсіпорын ғана жұмыс істеді: «Центральное», «Степное», №6 кен басқармалары, «Волковгеология», Целинный тау-кен-химия комбинаты, «Каскор», Үлбі тау-химия комбинаты, Маңғыстау атом комбинаты.

КСРО тұсындағы кооперациялық байланыстардың бұзылуына байланысты сол кездегі Қазақстан экономикасының ауыр халіне қарамастан, уран индустриясы дағдарысты жеңу үшін жеткілікті қорға ие еді. Табиғи уранның барланған арзан қорлары, ядролық-отындық циклдың кей кезеңдері бойынша айтарлықтай ғылыми-өндірістік әлеует, сирек металдар өндірісі бойынша бірегей қуаттардың сақталуы осындай мүмкіндіктер берді.

[өңдеу]Тәуелсіздік және жаңғыру жолымен

1992 жылдан бастап Ресей қазақ табиғи уранынан бас тартып, нәтижеде саланың тау-кен өндіруші және өңдеуші кәсіпорындары үшін қиын кезең туындады. Соған байланысты, Қазақстан Республикасының Үкіметі атом энергетикасы мен өнеркәсібі жүйесіне жататын барлық кәсіпорындарды Қазақ мемлекеттік атом энергетикасы мен өнеркәсібі кәсіпорындарының корпорациясына (КАТЭП) біріктіруге ұйғарды. Жаңа ұйымның алдына нақты міндеттер қойылды: бұрынғы орта машина жасау кәсіпорындарын біріктіру; саланы сақтап қалу және одан әрі жаңғырту стратегиясын жасап шығу; әлемдік уран рыногында егеменді елдің және оның кәсіпорындарының мүддесін қорғау; өндірістік және кадрлық әлеуетін ескере отырып кәсіпорындарды конверсиялау мен диверсификациялау жұмыстарын жүргізу.

Қазақстан уранын әлемдік рынокқа алып шығу және бұрынғы Одақтас республикалардың барлығының басына түскен тығырықтан жол табу оңай соққан жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]