Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Уран.docx
Скачиваний:
57
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
48.17 Кб
Скачать

Әлемдік нарықтағы ауыртпалықтар

90-жылдардың басында Кеңестер Одағы жаппай қаруланудың тоқтатылуына байланысты «Конкорд-Нуэкско» америкалық сауда фирмасының делдалдығымен АҚШ-қа табиғи уранды экспорттай бастады. Бұл уран бағасының бір фунты 8 долларға дейін төмендеп кетуіне және КСРО-ға бағытталған демпингке қарсы істің қозғалуына әкеп соқтырды. Аталмыш іс 1991 жылғы 29 қарашада басталып, 1992 жылғы 25 наурызда АҚШ-тың Сауда департаменті тергеу амалдарын ТМД-ның басқа да елдеріне қатысты жалғастыру керек деп шешті.

Сол тұста шешуші қадамдар жасау қажет болды. Республика Премьер-министрінің өкіміне сәйкес КАТЭП мамандарынан жұмыс тобы жасақталды. Корпорация “Шерман и Стерлинг” заң фирмасын жалға алды, сондай-ақ “Меркейтор” фирмасының мамандары жұмысқа тартылып, АҚШ рыногындағы Қазақстан мүддесін қорғау тұжырымдамасы дайындалды.

Ұзаққа созылған келіссөздерден кейін қазақстандық делегацияның тұжырымдамасы қабылданып, 1992 жылғы 16 қазанда “Қазақстан Республикасына қарсы антидемпингтік үдерісті тоқтату туралы Келісімге” қол қойылды. Келісімге қол жеткізілуі (американ рыногында уран саудалаудың квотасы алынды) — жас та тәуелсіз мемлекеттің үлкен жетістігі еді. Бұл Қазақстанға — ТМД елдері ішіндегі жалғыз мемлекетке 1993 жылы АҚШ рыногына 760 тонна тотықтырылған-шала тотықтырылған уран жеткізіп беруге мүмкіндік туғызды.

1993 жылғы 31 тамызда Республика Министрлер Кабинетінің қаулысымен аталмыш корпорация “КАТЭП” Ұлттық акционерлік компаниясы болып қайта құрылды. Бұл қадам кешікпей оң нәтижесін көрсетті – ел аумағынан ядролық материалдарды бақылаусыз экспорттау мүмкіндігін жоққа шығарды. Сол кезден бастап (Франция мен Германиядағыдай) елдің әлемдік уран рыногындағы ұстанымын нығайту үшін Қазақстан уранды өндіру, тасымалдау және экспорттауды жүзеге асыратын біріккен бір заңды тұлғаны ұсынды.

Атом энергетикасы жөніндегі ұлттық агенттік құрылып, Қазақстан Атом энергетикасы бойынша халықаралық агенттікке мүше болды.

“КАТЭП”-тің бес жылдық жұмыс тәжірибесі көрсеткеніндей, уран өндірісінің саласын стратегиялық және үйлестіруші жоспарлау, кәсіпорындардың өндірісті қызметін басқару, несие және инвестицияны, қаржы және әкімшілік бақылауды қызметін қамтамасыз ететін басқарудың қазіргі ұйымдық құрылымы тұсында тапсырма-міндеттерді жаһандандыру міндеті алда тұрды. Өндірістің спецификасы, уран минералды ресурстарының стратегиялық мән-маңызы, технологияның құпиялылығы, уран рыногының шектеулігі мен өзіне ғана тән ерекшеліктері уран өндірісіндегі монополияны сақтау қажеттігін аңғартты.

Акниет

Unit 6 слова, листочки нам раздали. w/b с 68,70 тексты прочитать.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]