- •1.Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •4.Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз
- •8 Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз
- •15. Буддизмдегі қандай даналықтар өз руханиятыңызға жақын келетіндігін сипаттап беріңіз
- •16. Демокриттің атомистік теориясы жөніндегі пікіріңізді білдіріңіз
- •17. Протагордың “Адам - барлық заттардың өлшемі² деген нақыл сөзін қалай түсінетіндігіңізді талдап беріңіз
- •18.Августин шындықтың пайда болуының үш жолы бар деді. Соларды сипаттап көріңіз
- •19.Ф.Аквинскидің сенім мен ақыл-ойдың қарым-қатынасы жөніндегі ойына бүгінгі ақуал тұрғысынан қандай баға берер едіңіз.
- •Аль-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі.
- •Н. Коперниктің дүниеге деген көзқарасқа еңгізген төңкерісі.
- •Таным мәселелерi
- •35. М. Хайдеггердiң “болмыстың үйi - тiл деген ойын қалай түсiнетіндігіңізді білдіріңіз
- •36. З.Фрейдтің адам психикасын қандай қабаттарға бөлетіндігіне тоқталыңыз
- •37. В.Франклдiң “экзистенциалдық вакуум ұғымының маңыздылығын талдап беріңіз
- •38. Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап бер.
- •39. Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйекте.
- •40. Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндір.
- •41. Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз
- •42. Дүниені танып білудегі синергетика ілімінің қосқан үлесін көрсетіңіз
- •43. Қазіргі ғылымдағы материя жөніндегі жиналған деректер туралы айтып беріңіз
- •44. Материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт мәселелерін талда.
- •45. Таным методтары. Философияның танымдағы методологиялық қызметіне тоқталыңыз
- •46. Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсет және адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндір.
- •48. Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз
- •49. Мораль және дін. Бүгінгі қоғамдағы діни секталардың өсуінің себебіне тоқталыңыз
- •50. Жаһандану үдерісі. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі Қазақстан
40. Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндір.
Шәкәрімнің қазақ философиясына әкелген концепциясы, өзінің жеке тұжырымдарынан туындаған «үш анығы» барын танытады. Бұлар-Шәкәрім өзі қол жеткізген анықтар. Осы үш анықтың негізінде келіп Шәкәрімнің көрсеткен ар ілімі қалыптасады. Ар ілімі-ол рухани тазалық жолы. Ар Аллаға тән қасиеттің адам жүрегіндегі сәулесі болып табылмақ.Ұлы ойшыл, гуманистік қайшылыққа толы қоғамда өмір сүрді. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан – сала құбылыс көріністерге, дінге көзқарастарында кейбір қайшылықтар кездескенімен, бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындау, оның дәлелі табиғаттың жарасымдылығы, қозғалысы, өмірде ақиқат, шындық, білім – ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асатынын, адамның болмысты танып білуі адам өзін - өзі жетілдіру арқылы жүзеге асатынын түсіндірді.
Біз Шәкәрім Құдайбекрдіұлының еңбектерімен таныса отырып, сонау ерте заманда өмір сүрседе өзінің құнын жоғалтпайтын мәңгілік құнды дүниелерді келер ұрпаққа аманат етіп тастап кеткенін түсіндім.
Ақын бар ғылымның түп атасы – таза ақыл мен ойлану, ойлау, деген ұғымға үлкен мән береді, оны өмір – болмыстың, дүниенің ғажап сырларына терең бойлау, не нәрсені болсын ақылмен сынап, ұғып – түсіну мағынасында алып қарайды.
Шәкәрімнің дүниенің, жаратылыстың қозғаушы күші, адам өмірінің, тіршіліктің мәні мен сыры, жан мен тән секілді мәселелерді қарастырған.
Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат - әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» - деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні – ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім – үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан бар дейді.
Ол адамның рухани өсуіне мықты тірек болатын үш анықты атайды: Бірінші – мәңгі өзгерістегі барлығына себепші жаратушы ие.
Екіншісі – бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді.
Үшіншісі – жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім адамдарды осыған шақырады.
Бүгінгі қоғамымыздың өзекті мәселесі рухани ізгілік бағыттағы ауқымды істерімізді бүгінгі ұрпағымыздың бойына адамзаттық құндылықтарды сіңіруде басшылыққа алып, өскелең ұрпақтың тәрбиесінде құндылығын жоғалтпайтын дүниелер Шәкәрім атамыздың еңбектерінен бастау алады.
Сондықтанда мен осы тұлғаны және осы еңбегін таңдадым.
Шын мәнінде, үш анықтың не екенін Шәкәрімнің өзі «Үш анық» шығармасының басында-ақ былай деп ескертіп, аяғында тағы қайталайды.
«Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді... Өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс – ұждан. Ұждан –дегеніміз, ынсап, әділет, мейірім».Бұл сөздерден болмыс көріністерін адам бас көзімен көретінін білеміз. Бірақ бас көзімен көрген нәрсе ақиқат емес. «Бас көзі» деп бұл арада баста орналасқан көзді ғана емес, адамның сыртқы бес сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері) айтылып отыр. Бес сезім мүшелерін біріктіріп Шәкәрім «бас көзі» деп атайды. Бұл оның өлеңдерінен де байқалады.
Сонымен, бірінші анық – бес сезім мүшелері (көз, құлақ, мұрын, тіл, тері) қабылдайтын болмыстың заттық көрінісі. Бірақ болмыстың бұл көрінісі ақиқат емес, яғни толық болмысты білдірмейді. Толық болмысты, яғни ақиқатты ақыл көзімен ғана көруге болады. Ақыл көзі дегеніміз – адамның ойлау жүйесі, немесе ақыл-ойының жұмысы. Шәкәрім әулие «ақыл» деген сөзді оның кең мағынасында пайдаланады. Ақыл: адамның ақыл-есін, ой-өрісін, сана-сезімін, пайымдауын, ойлау деңгейін т.б. анықтайды. Сондықтан осы бір сөзбен адамның адамшылық қасиеті белгіленіп отыр. Екінші анық – өлімнен соңғы тіршілік, яғни болмыстың көзге көрінбейтін бөлігі. Болмыстың бұл бөлігі тылсым (эзотерикалық), көзге көрінбейтін әлемге жатады.Ал үшінші анық – екі өмірге де, яғни көзге көрінетін заттық әлем мен көрінбейтін бақи әлемді байланыстырып тұрған Ғазиз жан (Алла адамның жүрегінде) ерекшелігі адамның жанымен, рухымен, бүкіл әлемдік әділеттілік қарымта заңымен байланысты. Адам болмысы фәни және бақи әлеммен әруақтар арқылы байланысады. Шәкәрім әулие көрнеу әлем ғана емес, көрінбейтін әлемнің де көп сыр-сипатын әруақтар арқылы береді. Бұл үшін көптеген мысалдар келтіріп, оның ақиқат екенін дәлелдеп, көз жеткізуге ұмтылады.