- •1.Философияның дүниетаным ретіндегі ерекшеліктерін сипаттаңыз.
- •4.Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз
- •8 Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз
- •15. Буддизмдегі қандай даналықтар өз руханиятыңызға жақын келетіндігін сипаттап беріңіз
- •16. Демокриттің атомистік теориясы жөніндегі пікіріңізді білдіріңіз
- •17. Протагордың “Адам - барлық заттардың өлшемі² деген нақыл сөзін қалай түсінетіндігіңізді талдап беріңіз
- •18.Августин шындықтың пайда болуының үш жолы бар деді. Соларды сипаттап көріңіз
- •19.Ф.Аквинскидің сенім мен ақыл-ойдың қарым-қатынасы жөніндегі ойына бүгінгі ақуал тұрғысынан қандай баға берер едіңіз.
- •Аль-Фарабидің интеллект (ақыл-ой) жөніндегі ілімі.
- •Н. Коперниктің дүниеге деген көзқарасқа еңгізген төңкерісі.
- •Таным мәселелерi
- •35. М. Хайдеггердiң “болмыстың үйi - тiл деген ойын қалай түсiнетіндігіңізді білдіріңіз
- •36. З.Фрейдтің адам психикасын қандай қабаттарға бөлетіндігіне тоқталыңыз
- •37. В.Франклдiң “экзистенциалдық вакуум ұғымының маңыздылығын талдап беріңіз
- •38. Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап бер.
- •39. Абайдың «нұрлы ақылының» адамның ғылыми танымындағы сенімді бағдары ретіндегі көрінісін дәйекте.
- •40. Шәкәрімнің үш анық ілімі және оның бүгінгі өмір үшін маңызын түсіндір.
- •41. Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз
- •42. Дүниені танып білудегі синергетика ілімінің қосқан үлесін көрсетіңіз
- •43. Қазіргі ғылымдағы материя жөніндегі жиналған деректер туралы айтып беріңіз
- •44. Материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт мәселелерін талда.
- •45. Таным методтары. Философияның танымдағы методологиялық қызметіне тоқталыңыз
- •46. Адамның био-психо-әлеуметтік мәнін көрсет және адам-жеке адам-тұлға құрылымын түсіндір.
- •48. Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз
- •49. Мораль және дін. Бүгінгі қоғамдағы діни секталардың өсуінің себебіне тоқталыңыз
- •50. Жаһандану үдерісі. Дүниежүзілік қауымдастық шеңберіндегі Қазақстан
48. Қоғамның рухани өмірін танудағы философияның ролін көрсетіңіз
Рухани өмір – қоғмның өмір сүруі мен қызмет етуінің маңызды жағы болып табылады. Егер де, ол бай мазмұнға ие болатын болса, онда адамдардың өміріне қолайлы рухани жағдай, тиісті моральдық-психологиялық климат қалыптасады. Қоғамның рухани өмірінің мазмұнына оның нақты адамилық мәні айқындалады. Өйткені руханилық тек қана адамға тән және оны басқа тіршілік иелерінен ажырататын, табиғаттан жоғары қоятын қасиет.
Қоғамның рухани өмірі өте күрделі ұйымдасқан. Ол адам санасының әр түрлі көріністерімен, олардың ойлары мен сезімдерімен шектелмейді, бірақ, олардың санасы рухани өмірдің өзегі, тірегі деуге толық негіз бар. Қоғамның рухани өміріне келесі негізгі элементтерді жатқызуға болады:
а) тиісті рухани құндылықтарды өндіру мен тұтынуға бағытталған адамдардың рухани қажеттіліктері;
б) рухани құндылықтар;
в) рухани қызмет;
г) тұтас рухани өндіріс жүйесі;
д) рухани тұтыну;
е) рухани қатынастар.
Рухани қызмет рухани өмірдің негізін құрайды. Оны сананың қызметі ретінде қарастыруға болады, оның барысында адамдардың табиғи және әлеуметтік құбылыстар жөнінде бір ойлары мен сезімдері, ұғымдары мен түсініктері қалыптасады. Мұндай қызметтін нәтижесі ретінде адамдардың дүние туралы белгілі бір көзқарастарын, ғылыми идеялары мен теорияларын, моральдық, эстетикалық және діни ой-пікірлерді қарастыруға болады. Бұлардың бәрі тиісті моральдық принциптер мен мінез-құлық номаларында, халықтық және кәсіби өнер туындыларында, діни жол-жора, салт-дәтүрлерде және т.б. көрініс табады. Рухани қызметтің нәтижесінде тиісті рухани игіліктер немесе құндылықтар қалыптасады. Рухани құндылықтарға адамдардың кез келген көзқарастарын, ғылыми идеяларды, гипотезалар мен теорияларды, көркем туындыларын, моральдық және діни сананы, адамдардың рухани қарым-қатынасын дәне сананың негізінде қалыптасатын моральдық-психологиялық жағдайды жатқызамыз.
әдебиеттерде жиі айтылатын қазақ философиясының ерекшеліктерін сараптай келе, оның мынадай жіктемелік белгілерін атап көрсетуге болады: қазақ философиясы философиялық емес сарындағы даналық тәжірибесіне жатады; қазақ даналығы табиғатпен үйлесімде өмір сүруімен, оны кие тұтуымен сипатталады, оның терең экологиялық мазмұны бар; қазақ философиясы көшпелілік ділімен тығыз байланысты; қазақ философиясы онтологиялық және гносеологиялық мәселелерден гөрі, этика мен антропологияға көбірек көңіл бөледі, аксиологиялық мәселелерге, әсіресе, рухани құндылықтарға ерекше назар аударады; қазақ философиясы өзінің ғарышпен, әлеммен үндестігі арқылы сипатталады; философиялық мәселелер, қазіргі тілмен айтқанда, негізінен, экзистенциалдық, дидактикалық және прагматикалық сипатта қарастырылады, қазақ философиясында нәпсіден, байлықтан, табыстан гөрі, ар-намыс, қанағат, тәубе, әділеттілік және тағы басқалары жоғары қойылады; ұжымдық мүдде жеке мүддеден жоғары қойылады.
Өткен ғасырларда өмір сүрген даналарымыз халықты үнемі рухани-адамгершілік бағдарларға шақырып отырған. Әл-Фараби замандастарына «қайырымды, ізгілікті қаланың» қажеттілігін айтса, Жүсіп Баласағұн қоғамда әрбір адамның әділетті болуын көксеген, Абай пендеге арнап «Адам бол!» деп нақты кеңесін берген, Шәкәрім болса, ар-ұяттан, ұжданнан әлеуметтік болмыстың, адам өмірінің түп қазығын іздеген.
Адамзат тарихы руханиятының ең маңызды түп негізі оның ақыл-ойынан, парасатты дербес ойлау тәжірибесінен байқалады. Ойлаудың ұғымдық, түсініктік жүйеленуі әлемдік философиялық дәстүрдің жарқын көрінісі ретінде танылады. Жалпы, адами эволюцияның өлшемі ретінде даналық, кісілік үлгілерін алуға толық болатыны анық. Осы тұрғыдан алғанда, адамзат тарихындағы кез келген халықтан философиялық пайымдаудың үлкен жүйелі құрылымдарынан бастап өлшеулі деңгейдегі тұжырымдар мен түсініктерден тұратын ерекше сілемдер аралығындағы мәдени көптүрлілікті аңғаруға болады. Осы жерде философиялық компаративистика мен философиялық герменевтиканың алатын орны айтарлықтай. Олардың барлығына әрқилы бағалау беріп, әр түрлі өлшемдер арқылы сараптаудан өткізу міндеті – гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар алдында тұрған қасиетті борыш. Дегенмен, негізінен, ойлау жүйесінің адами ұстындарының өзара ұқсастығына тәнті боламыз және әрбір мәдениеттің өзіндік көріністерінің, ерекше сипаттарының бар екенін де мойындауға тиістіміз. Міне, осыған орай халқымыздың өзіндік ұлттық ойлау жүйесі, философиялық мәдениеті бар екеніне еліміздегі көрнекті ғалымдар өткен ғасырдың екінші жартысында түбегейлі көңіл бөле, философиялық мәселелер кәсіби тұрғыда игеріле бастады.