Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция 1 каз.doc
Скачиваний:
203
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
190.98 Кб
Скачать

8. Электризоляциялық материалдар

Электризоляциялық материалдар классификациясы:

  1.  Агрегаттық күйі бойынша – газтәріздес, сұйық, қатты және қаттылану (лактар, компаундтар) материалдар;

  2.  Химиялық табиғаты бойынша – органикалық, бейорганикалық, элементоорганикалық материалдар.  

8.1. Газтәріздесдиэлектриктер

Ауа және газдар иондалу процессіне дейін идеалды диэлектрик болып табылады. Космостық радиация әсерінен олардың электризоляциялау қасиеті төмендей түседін

Ауаның электрлік беріктігі нормалды қысымда 2,1 МВ/м. Ауаның электрлік беріктігі электр өрісінің жиілігіне тікелей тәуелді. Жоғары қысымдағы ауаның электрлік беріктігі фарфор және трансформаторлық майдың беріктілігінен асып түседін. 

8.2. Сұйык диэлектриктер

3 топқа бөлінеді:

1)     мұнайлық майлар;

2)     синететикалық сұйықтықтар;

3)     өсімдік майлары.

Сұйық диэлектриктерді жоғарғы кернеу кабельдеріне сіңіру үшін, конденсаторларда, трансформаторларда, өшіргіштерде және кірістерде пайдаланады. Сонымен қатар, олар трансформаторда жылу алып жүргіштер ретінде, өшіргіштерде доғаөшіргіштер ретінде т.б. пайдаланылады.

Мұнайлымайлар

Мұнайлы майлар дегеніміз парафин (СnН2n+2) және нафтен (СnН2n) қатарының қоспаларын айтады. Оларды электротехникада трансформаторлық, кабельдік және конденсаторлық майлар ретінде пайдаланады. Осы майлармен электротехникалық құрылғылардың арасын және кеуегін толтырса құрылғының изоляциясының электрлің беріктігін жоғарылатып, бұйымның жылужіберу қасиетін жоғарылатады.

Трансформаторлық майды мұнайдан айырып шығару арқылы алады. Трансформаторлық майдың электрлік қасиеттері газсыздандыру дәрежесіне, құрамындағы судың болуына, майды әртүрлі қоспалардан тазартқанына тәуелді. Майдың диэлектрлік өтімділігі 2,2, салыстырмалыэлектрліккедергісі 1013 Ом·м.

Трансформаторлық майлар изоляцияның электрлік беріктігін арттыруға; майлық өшіргіштерде доғаөшіруге, электрлотехникалық бұйымдардағы: реостаттарда, қағаз конденсаторларда, қағазды изоляцияланған кабельдерде, мықты кабелдерде құю және сіңіру нәтижесінде электроизоляциялық сапаны арттыруға тағайындалған.

Пайдалану процессінде трансформаторлық май ескіреді, яғни, оның сапасы төмендейді. Майдың ауамен әрекеттесуі, температураның жоғарылауы, металдармен (Сu, Рb, Fе) айқасуы, жарықтың әсері – осының бәрі майдың ескіруіне әкеледі. Ингибиторларды қосып, ескірген өнімді жойып және тазалап майдың жұмыс істеу мерзімін арттыруға болады.

Кабельдік және конденсаторлық майлар трансформаторлық майлардан тазалаудың жоғарғы сапасымен ерекшеленеді.

Синтетикалық сұйық диэлектриктер

Синтетикалық сұйық диэлектриктер кейбір қасиеттері бойынша мұнайлық электроизоляциялық майлардан артық болып табылады.

Хлорланған көмірсутектер

Совол – пентахлордифенил С6Н2Сl– С6Н3Сl2, дифенил С12Н10 ды хлорлау арқылы алынады.

С6Н– С6Н+ 5Сl→ С6Н2Сl– С6Н3Сl+ 5НСl 

Совол конденсаторға сіңіріледі және құйылады. Мұнайлық майларға қарағанда диэлектрлік өтімділігі жоғарырақ. Соволдың диэлектрлік өтімділігі шамамен 5,0, салыстырмалы электрлік кедергісі 1011 ¸ 1012Ом·м.  Совол жоғары салыстырмалы сыйымдылыққа ие және төменгі кернеуде жұмыс істейтін мықты қағаздан жасалған ирадиоконденсаторларда қолданылады.  .

Совтол –соволдың трихлорбензолмен қоспасы. Жарылудан қауіпті трансформаторларда пайдаланылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]