Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция 1 каз.doc
Скачиваний:
203
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
190.98 Кб
Скачать

Кремнийорганикалықсұйықтар

Полидиметилсилоксандық,полидиэтилсилоксандық жәнеполиметилфенилсилоксандықсұйықтар ең көп таралғаны болып табылады..

Полисилоксандықсұйықтар –сұйықкремнийорганикалықполимерлер (полиорганосилоксандар), жоғарықызымдылық, химиялық инерттік, төмен гигроскоптілік, қату температурасының төменділігі, температураның және жиіліктің кең интервалында жоғарғы электрлік сипаттамалары оның артықшылықтары болып табылады.

Сұйық полиорганосилоксандар силоксанды атом топтарынан құралған төменгі дәрежелі полимеризацияға ие полимерлік қоспалар.

 

Яғни кремний атомдары R органикалық радикалдармен байланысқан:метилменCH3,этилменC2H5,фенилменC6H5. Полиорганосилоксанды сұйықтықтардың молекулалары сызықтық, сызықтық бөлінген және циклдік құрылымға ие болуы мүмкін.

Сұйық полиметилсилоксандардыдиметилдихлорсиланды триметилхлорсиланмен қосып гидролиздеп алады.

Осыдан түзілген сұйықтық түссіз болады, иісті көмірсутектерде, дихлорэтанда және басқа бірнеше органикалық сұйықтықта ериді, ал спирт пен ацетонда ерімейді. Полиметилсилоксандар химиялық инертті, органикалық диэлектриктермен және резинамен әрекеттеспейді, металлдарға басқыншылық әсер етпейді.Диэлектрлік өтімділігі 2,0-2,8, салыстырмалыэлектрліккедергісі 1012 Ом·м, электрлікберіктігі 12-20 МВ/м.

Төмендеполидиметилсилоксанныңформуласы көрсетілген

– Si(СН3)– О – [Si(СН3)– О]– Si(СН3) = О

Сұйық кремнийорганикалық полимерлер тұтынылады:

 

 

 

 

 

 

1) майлауда;

2) гидрофобизацияда;

3) әр түрлі форманы майлауға арналған металдарды құюда;

4) қағаз конденсаторларға сіңіреді;

5) амортизациялық және гидравликалық майлар ретінде;

6) конденсациялық насостарға арналған майлар ретінде.

Полидиэтилсилоксандарды – [10]диэтилдихлорсиланды жәнетриэтилхлорсиланды гидролиздеу арқылы алады. Қайнау температурасы кең интервалға ие. Байланыс формуласы төменде көрсетілген.

Қасиеттері қайнау температурасына тәуелді. Электрлік қасиеттері полидиметилсилоксанмен сәйкес келеді.

Сұйық полиметилфенилсилоксандар формуласы төменде көрсетілген.

Фенилметилдихлорсиланды гидролиздеу арқылы алынады. Май жабыспақ болады. NаОН пен өңдеген соң жабыспақтық 3 есе артады.1000 сағат бойы 250°С та қыздыруды көтереді. Электрлік қасиеттері полидиметилсилоксанмен сәйкес келеді.

γ– сәулелену кезінде кремнийорганикалық сұйықтардың жабыспақтығы тым жоғарылайды, ал диэлектрлік қасиеттері кенеттен нашарлайды. Сәулеленудің шамасы өте жоғары болса сұйық каучукқа ұқсас затқа айналып кейіннен морт сынғыш затқа айналады.

Фторорганикалық сұйықтар

Фторорганикалық сұйықтар –С8F16– өртенбейді және жарылудан кауіпсіз, жоғарғы қызуға төзімді (200°С), төменгі гигроскоптылыққа ие. Олардың буы жоғарғы электрлік беріктікке ие. Сұйықтар жабыспақтығы төмен, ауада тез таралып ұшады. Жылу тарату қасиеті мұнайлық майлар мен кремнийорганикалық сұйықтыққа қарағанда жоғарырақ.

8.3. Органикалық полимер материалдар Полиэтилен

Полиэтилен,құрылымдық формуласы төменде көрсетілген

(– СН– СН–)n,

Сызықтық құрылымға ие полярлы емес полимер болып табылады. Этилен газын С2Н4 жоғарғы қысымда (300 МПа дейін) немесе төменгі қысымда (0,6 МПа дейін) полимеризациялау кезінде пайда болады. Полиэтиленнің жоғарғы қысымдағы молекулярная массасы – 18000 – 40000, ал төменгі қысымда – 60000 – 800000.

Полиэтиленнің молекулалары реттелген тізбектерді (кристаллиттерді) құра алатын қабілетке ие, сондықтан полиэтилен екі фазадан тұрады, яғни, кристаллдық және аморфтық, осы екі фазасы оның механикалық және жылулық қасиеттерін анықтайды. Аморфты фаза материалға эластикалық қасиет береді, ал кристаллдық фаза қаттылық қасиет береді. Аморфты фаза әйнектену температурасына +80 С ие.Кристаллдық фаза жоғарырақ қызымға төзушілікке ие.

Полиэтиленнің кристаллдық фазасының агрегаттарының молекулалары сферолитті орторомбтық құрылымға ие. Төменгі қысымдағы полиэтиленде кристаллдық фаза (90 % дейін) жоғарғы қысымды полиэтилендегіге қарағанда (60 % дейін) көбірек. Төменгі қысым полиэтилені кристаллдығы жоғары болғанына байланысты балқу температурасы жоғары болады (120 -125 С) және созылу кезінде қаттылығы жоғарырақ болады. Полиэтиленнің құрылымы салқындату режиміне тәуелді. Тез салқындатса майда сферолиттер, ал баяу салқындатса үлкен сферолиттер пайда болады. Тез салқындатқан полиэтилен жоғары иілгіштікке және төменқаттылыққа ие.

Полиэтиленнің қасиеттері молекулалық салмаққа, тазалыққа және қоспаларға тәуелді. Механикалық қасиеттері полимеризация деңгейіне тәуелді. Полиэтилен жоғары химиялық төзімді. Электроизоляциялық материал ретінде кабель жасауда және изоляцияланған сымдар жасауда кеңінен қолданылады.

Қазіргі кезде келесі полиэтилен бұйымдар мен полиэтилендер түрі дайындалады:

1.      төменгі және жоғары қысымды полиэтилен - (ж.қ.) және (т.қ.);

2.      кабель өндірісіндегі төменгі қысымды полиэтилен;

3.      жоғары және орташа қысымды төменгімолекулалы полиэтилен;

4.      кеуекті полиэтилен;

5.      полиэтиленді арнайы шлангты пластикат;

6.      ЖЖ кабель өндіруге арналған полиэтилен;

7.      кабель өндірісіндегі электрөткізгіш полиэтилен;

8.      ұнтақ толтырылған полиэтилен;

9.      хлорсульфирленген полиэтилен;

10.  полиэтилендік қабыршақтар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]