Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
саясаттану лекций.doc
Скачиваний:
456
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.02 Mб
Скачать

1.Әкімдер. 2.Қорғаушылар. 3.Өндірушілер.

Әкімдер - табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты,танып біле алатын адамдар болуы керек деген. Қорғаушылар - мемлекетті қорғайды. Өндірушілер - мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай-кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы; талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет қорғайды деп

түсінген.

Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді:

1.Аристрократия - мемлекетті ақсүйектер билейді.

2.Тимократия - мемлекеттік билік бір адам қолында болады.

3.Олигархия - мемлекет азғантай топ қолында болады.

4.Демократия - мемлекет халықтың қолында болады.

5.Тирания - мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.

Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп саналады. Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43ж.)

саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері бар.

Цицеронның ойынша мемлекет меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабынан туады. Мемлекетті үшке бөлген:1.Патшалық билік.

2.Аристократия. 3.Демократия. Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

3. Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы Орта ғасыр ойшылдарының саяси идеялары:

Феодалдық теологиялық идеологияның үстемдігі; Мемлекет алдындағы шіркеудің беделінің негізделуі.

Табиғат пен қоғамның заңдары - мақсатқа жетудің ережелері - Ф.Аквинский ХШ ғ.

Мемлекеттің діни мәнінің тұжырымдамасы: әлемдік тәртіпті құдай жаратқан. Өкіметті сөзсіз тыңдау, келісімділік уағызы. Дегенмен, адамдар жаратқанның алдында да, жер бетінде де тең.

Шіркеудің рухани диктатурасымен күрес, саяси құрылысты өзгерту үшін зорлықты жоққа шығару.

Орыс мемлекетінің тәуелсіздігі мен патша үкіметінің үстемдігі туралы идеялар. Орта ғасырда феодалдық қоғамның орны ерекше болды. Батыс Еуропада феодализм мың

жылдан астамға созылды. Бұл уақытта дін үстемдік етті. Патша шіркеуге бағынышты болуы керек деді, ал ақсүйектер көнгісі келмеді. Бұл кезде христиан дініне зор еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған. Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқұқтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің, нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни адамдардың құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты адамдарды

екіге бөлген: Кұдай жолымен өмір сүрушілер - болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құрады. Адам жолымен өмір сүрушілер - жын-шайтаннан мәңгілік жапа шегеді.

Христиан дінінің саяси теориясын негіздеп, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның "Билеушілердің басқаруы туралы", "Психологияның жиынтығы"

деген еңбектері бар. Оның ойынша жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп өмір сүру үшін мемлекет керек. Мемлекеттік биліктің мақсаты "ортақ игілікке жету", адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау, барлығы жоғары тапқа бағынуы керек деп санаған. Ф.Аквинскийдің ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік діни билікке бағынуға тиіс. Аспанда құдай жерде Рим папасы билік етуі керек деген.