- •Дәріс № 3. Саяси ілімдердің өркениғеттер дамуы тарихындағы дамуындағы негізгі кезеңдері.
- •1. Ежелгі Қытай және Индиядағы, Ежелгі Греция және Римдегі саяси ойлардың қалыптасуы.
- •1.Әкімдер. 2.Қорғаушылар. 3.Өндірушілер.
- •4. "Қайта өрлеу" және "Ағарту" дәуіріндегі саяси ойдың ерекшеліктері
- •Дәріс № 5. Саясат субъектілері..
- •1) Әлеуметтік 2) институционалды.
- •Дәріс № 6. Саси лидерлік. Саяси элита.
- •Дәріс № 7. Саяси жүйе.
- •Саяси жүйе ұғымы, құрылымы және түрлері
- •Cаяси режим.
- •Дәріс. № 8. Демократия теориясы : тарихы және қазіргі жәйі.
- •Сайлау жүйелерінің түсінігі.
- •Мемлекет түрлері мен қызметі
- •Мемлекеттік құрылым және басқару түрі
- •Дәріс № 10. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.
- •Дәріс № 13. Саясаттағы саяси қақтығыстар мен дағдарыстар
- •2. Халықаралық саясаттың негізгі теориялары.
- •Қазіргі заманның жаһандық проблемалары.
- •2. Халықаралық саясаттың негізгі теориялары.
- •Қазіргі заманның жаһандық проблемалары.
- •Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастары мен сыртқы саясаты – 1 сағат
- •Тірек сөздер
Тірек сөздер
-
Автократия ( лат.aftoritas - бедел, дәреже, kratos – күш, билік) –бір адамға шексіз жоғарғы өкімет билігін беру арқылы басқару жүйесі.
-
Аналогия (грек.analogia- тән,сипатты) - объектілердің кейбір жақтарының сапалы белгілерінің ұқсастығы.
-
Аристократия (грек. aristos – ізгі жақсы, kratos - күш, билік) – ізгі, ақылды сауатты адамдардың билігі.
-
Болмыс - санадан тәуелсіз объективті материяны, шынайлықты білдіретін философиялық түсінік.
-
Демократия ( грек.demos –халық және kratos – күш, билік) –халақтың билігін демократиялық жаңа принциптермен байыту, саяси, экономиқалақ және қоғамдық өмірдің басқа салаларында демократиялық бастауларды дәйекті түрде дамыту және күнднлікті өмірде қолдану.
-
Диалектика (грек.dialegomai – пікірді дамыту) – табиғаттың, қоғамның дамуының жалпы заңдылықтары жайлы ғылым.
-
Идеал ( грек.idea –образ, түсінік) – идеалды мемлекет - мінсіз, саяси - эканомикалық және әлеуметтік теңсіздіксіз қоғам.
-
Логос (грек. logos – сөз, ой, заң) - әлем дамуының негізін, тәртібі мен гормониясын белгілейтін жалпы заңдылық туралы термин.
-
Монархия ( грек. monarchia - дара билік) – бір адамның билігі арқылы мемілекетті басқару.
-
Миф (грек. mythos – жыр ету, айту ) – 1) ойдан шығарылған, фантастикалық, шындыққа жанасымсыз; 2) қазіргі саяси лексикада қоғамдық процесстердегі, құбылыстардағы шындықты әдейі бұрмалап көрсетуді айтады.
-
Охлократия ( грек. оchlos – тобыр, kratos – күш, билік) – 1) небір төңкеріс, көтерілістің нәтижесінде билік басына келген тобырдың билігі, қоғамдағы рухани, хұқықтық нормалардың ескерілмей қалуы. 2) популистік әдістерді қолдану арқылы халыққа ықпалын тигізген саяси-әлеуметтік күштердің үкімет басына келуі.
-
Олигархия (грек. oligarchia – шағын топ) – мемлекетті аз ғана, шағын, бай топтың басқаруы.
-
Полис (грек.polis) - қала, мемлекет.
-
Тимократия – спартандық билік түрі, әскери адамдардың басқаруы.
-
Тирания – деспоттың, қатал да рахымсыз билеушінің үкімет билігіне келуі.
-
Этика (грек.ethos - әдет – ғұрып, дәстүр ) мораль ұғымын зерттеуге негізделген ежелгі теоретикалық пәндердің бірі.
-
Рационализм –(лат.) - ақылды, негізді, объективизм.
-
Абсолюттік монархия (лат.absolutus- шексіз) – шектеусіз монархия, өкімет билігінің барлық салалары монархтың жеке билігінде болуы.
-
Догматизм (грек. doqma – пікір, шешім ) – дүниетанымдық, саяси мәселелерді зерттеуде ғылым мен тәжірибенің даму барысындағы жаңалықтарды ескермеу, қатып, семіп қалған түсініктерді ұстану.
-
Доктрина (лат.doctrinus – тұжырым, ілім) – ғылыми-философиялық теория, саяси жүйе, саяси принцип.
-
Еретик ,ересь ( грек. hairesis) – мемлекеттегі ресми діннен алшақтау, кейде ресми дінге оппозиция ретінде қалыптасу.
-
Идеология- таптық тұрғыдан әлеуметтік шынайылықты білдіретін теориялар мен көзқарастар жиынтығы.
-
Ыждихад – қоғамдық тәртіп, рухани-әлеуметтік және саяси заң
-
Патристика – Платан мен неоплатониктердің қағидаларына негізделген шіркеу өкілдерінің ілімі.
-
Позитив (лат. rositivus- жақсы, жағымды) – саяси мағынада ол -заманның талабына сай,тиімді билік түрін құруды айтады.
-
Процесс (лат.processus -өту, жылжу) – кез-келген құбылыстың бір жағдайдан екінші жағдайға заңды түрде алмасуы.
-
Реформация (лат. reformare-өзгерту, жаңарту) – XVIғ. бірінші жартысындағы Евсропа елдеріндегі қоғамдық құрылысты өзгертуге бағытталған аитифеодалдық, антикатоликтік саяси-әлеуметтік қозғалы
-
Светтік- діннен ажыратылған мемлекеттік биліктің түрі.
-
Сословие - әлеуметтік тап.
-
Теология (грек. theos – құдай, loqos – ілім) – христиандардың қасиетті кітабы Библияға негізделген жүйелі діни ілім.
-
Халифат- исламдық діни қағидаларды ұстана отырып билеген халифтың мемлекеттік билігі.
-
Шариғат- ислам дінінің Құранда берілген заңдар жинағы.
-
Аналогия (грек.analogia- тән,сипатты) - объектілердің кейбір жақтарының сапалы белгілерінің ұқсастығы.
-
Анархизм (грек. аnarchia – биліксіздік) – мемлекеттікті жоюды мақсат ететін саяси ағым, биліксіздік, белгілі бір саяси тәртіпсіз бостандық, кез-келген билік түріне қарсылықтағы көзқарастар.
-
Антагонизм (грек. аntaqonisma - күрес) – ешқашан бітіспейтін, жауласқан таптардың арасындағы күресті көрсететін әлеуметтік қайшылықтар.
-
Государь – билеуші, патша.
-
Деспотия – (грек.despot - билеуші ) – шексіз, жеке билік түрі.
-
Гуманизм – (лат.humanus - адамгершілік) – адамның тұлғалық қасиеттеріне, құндылықтарына және оның жан-жақты дамуы мен өркендеуіне қоғамдық өмірде қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі көзқарастар жиынтығы.
-
Компромисс ( лат. сompromisus - келісім )– екі жақтың бір-біріне шегініс жасау арқылы ымыраға келуі.
-
Мораль (лат. Mores - мінез) – қоғамның барлық саласында адамның мінез-құлқын реттеуші қызметін атқаратын әлеуметтік институт, қоғамдық сана.
-
Прогресс (лат.proqressus – алға жылжу) – қоғамдық құрылыстың алға жылжып, дамуы, өркендеуі.
-
Республика – (лат. respublica – мемлекеттік істер, саясат) – мемлекетті суверендік хұқығы бар топтың немесе көпшіліктің билеуі, саяси билікті халық атынан көпшілік сайлаған орындар жүзеге асырады.
-
Радикализм (лат. Radix – түбір, тамыр )- саясатты жүргізуде батыл, кесімді іс-әрекеттерге жүгіну.
-
Узурпатор – жаулап алушы, зорлық, озбырлық
-
Утопия ( бұл терминді алғаш рет қолданған Т.Мор) - өмір шындығына жанаспайтын, идеалды, қоғамдағы теңсіздіксіз, мінсіз саяси - әлеуметтік ұрылыс түрі, қиял.
-
Эстетика (грек. аisthetikos – сезіммен қабылдау) – шынайылықты сезіммен, сұлулық тұрғысынан қабылдаудың табиғаты мен заңдылықтары жайлы ғылым.