Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой франнчч 1 болим.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.51 Mб
Скачать

2.2 Франчайзингтік жағдайды маркетингтік зерттеу мен талдау

Франчайзерлердің басым бөлігі франчайзингтік желі қызметіне бір жағынан, оның шығындарының төмендеуінен, екінші жағынан, бәсекелік артықшылықтарын арттырып, осыған сәйкес нарық үлесін өсіру негізінде пайда алады. Қазіргі кезде отандық нарықта бірқатар әлеуетті франчайзерлер тобы айқындалуда. «РосИнтер» компаниясының франчайзингтік желілерді дамытуда жоғары жетістіктерге қол жеткізуі – оның әлеуетті франчайзиді таңдап, оларды оқыту, бизнесті регламенттеу және желіні кеңейтуді қамтитын барлық мәселелерді табысты шешуімен айқындалады.

«РосИнтер» – бұл тамақтандыру кәсіпорындарының пайдалылығы жоғары желісі. Қазір осы марка атауымен ТМД және Еуропа елдерінде 250-ге жуық мейрамхана бар, олардың 22-і Қазақстанда қызмет етеді. Тамақтандыру кәсіпорындарындағы шаруашылық қызметтің франчайзингтік үлгісін ұйымдастыру ерекшеліктері қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының франшизасы екі негізгі құрамдастан, яғни санаткерлік меншік объектілері мен көрсетілетін қызметтен тұратындығымен түсіндіріледі

Франчайзингтік жүйенің сәтті дамуында маркетингтің рөлі зор. Осыған байланысты қоғамдық тамақтандыру нарығындағы тұтынушылардың талғам талаптарын анықтау үшін пікір сұрау арқылы маркетингтік зерттеулер жүргізілді. Мақсаты – 18-65 жас аралығындағы Алматы қаласы тұрғындарының қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қызметтерін тұтынудағы талғамдарын айқындау. Оның әдістемелік негізі ретінде зерттеу жүргізудің әдістері, кезеңдері, тәсілдері алынды. Зерттеудің репрезентативтілігі іріктеме мөлшерімен анықталып, 385 адамды қамтыды. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына тұтынушылардың келу жиілігін; респонденттердің мейрамханаларды таңдауына теріс ықпал ететін факторлар белгілеу; қызмет көрсетудің тартымды әдістері мен түрлерін айқындау зерттеудің негізгі міндеттері ретінде қарастырылды. Мәліметтерді жинау пікір сұрау әдісі арқылы жүзеге асырылды. Респонденттерді жынысына байланысты рангтерге бөлу негізінде олардың 83,2%-ы әйелдер, ал 16,2% еркектер екені айқындалды, олардың ішінде мейрамханаларға келушілердің негізгі бөлігінің жас шамасы 20-49 жастағылар 69,6% болды. Келушілердің нақты мейрамхананы таңдау себептері мен жеке жағдайлардағы факторлардың ерекшелігін 5-суреттегі мәліметтер негізінде қарастырамыз:

.Франчайзингтік компаниялар өкілдерінің қызметіне кедергі келтіретін факторларды айқындау мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізілді. Іріктеме мөлшері 20 компания болды. Респонденттер ретінде қызмет көрсету салаларындағы франчайзингтік компаниялардың менеджерлері алынды.

Кәсіпорындардың мақсаттарын жүзеге асыруға кедергі болатын негізгі фактор ретінде «қаржы-қаражаттардың жетіспеушілігі» көрсеткішін қоғамдық тамақтандыруда респонденттердің 73%-ы, ғылым және ғылыми қызмет көрсету саласында - 70%-ы, ақпараттық-есептік қызмет көрсетуде - 57%-ы және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықта - 55%-ы атап өтті. Қоғамдық тамақтандырудағы франчайзингтік кәсіпорындардың мақсаттарын іске асыруына кедергі болатын факторлар ретінде: 42% - мекемені жалға алу шарттарын, 36% - заңның тұрақсыздығын, 27% - салықтардың жоғары болуын, 26% - несие беру шарттарын, 12% - қоғамдық тамақтандыру қызметіне сұраныстың төмендеуін атап өтті. Сонымен қатар, бәсекенің жоғары болуы, құрал-жабдықтардың тозуы және технологияның артта қалуы, жабдықтау мәселелері, басқарудағы қиыншылықтар, жұмыскерлердің біліктілік деңгейінің төмендігі сияқты факторлар аса маңызды деп қарастырылмаса да, компанияның қызметіне әсер ететін факторлар қатарында.

Келесі кезекте франчайзингтік компаниялардың іс-әрекетіндегі маркетингтік стратегияларды қолдану тәжірибесіне тоқталып өтейік (сурет).

Полотно 11

Сурет «РосИнтер» компаниясы мейрамханаларының БКГ матрицасы

Нарықтағы орны нақтыланған кәсіпорындар ұзақ мерзімде ғана өзгеріске ұшырауы мүмкін, оған «Ростик’с» мейрамханаларының нарықтағы орнының өзгермегендігі дәлел болады. Бұл мейрамхана қызметінің ауқымы жанұялық сегментте кеңінен таралуда, сол себепті оның балаларға арналған ас мәзіріне қосымша сыйлықтар беру және тұрақты келушілерге жинақтау жүйесі негізіндегі дисконт карталарын ұсыну тиімді болуы мүмкін.

Ал «IL Патио» және «Амбар» мейрамханаларына нақты маркетингтік шаралар қолдану арқылы нарық үлесінің неғұрлым тұрақты бөлігіне қарай ығысуы қажет. Оған франчайзер жүргізетін мерзімдік жарнама шараларын жандандыру арқылы қол жектізуге мүмкіндік бар.

Осыған орай компания «Ростик’с», «IL Патио», «Амбар» мейрамханаларында «Түсімді жинау» стратегиясын қолданады, оның мақсаты – ғылыми-зерттеу жұмыстарына, маркетингке жұмсалатын шығындарды тұрақты түрде қысқарту есебінен қысқа мерзімде ақшалай түсімдерді ұлғайту. «Мокка Локка» кофеханасының тиімділігін арттыру мақсатында өндірісті кеңейту стратегиясы қолданылады, ол кәсіпорындардың нарықтағы үлесін ұлғайтып, жұлдыздарға айналдыруды көздейді. Сақтау стратегиясы «Планета суши» мейрамханасының нарықтағы үлесін және даму қарқынын сақтау мақсатында қолданылады.

«РосИнтер Алматы» компаниясының мейрамханалары желісін ары қарай дамыту мен жетілдіру мақсатында жүргізілген маркетингтік зерттеулер, SWOT-талдау мен оның нарықтағы орнын айқындаушы стратегияларды қолдану нәтижесінде қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік қызметтің тиімділігі дәйектелінді.