Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой франнчч 1 болим.doc
Скачиваний:
22
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
1.51 Mб
Скачать

Қорытынды

Экономиканың  қазіргі заманғы жағдайы, оның интернациоландырылуы бизнестің біріккен формасының қалыптасуының  ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу  қажеттілігімен шартталынады. Ерекше қарастырсақ, бұл тенденция өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің төмендеу шартында, әр өндіруші тұтынушы назарын  өздерінің өнімдеріне бағыттау арқылы қызмет атқарушы кәсіпорындарға тән  сипат алуда.

   Осындай себептерге байланысты бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік формасының қалыптасуы мен дамуының ұйымдық-экономикалық тетіктерін әзірлеу басымды бағыт  болып саналады. Мұндай қажеттілік елдегі кәсіпкерлік қызмет жағдайларымен  байланысты.

Осы зерттеуде әр түрлі ғылыми тұжырымдамалар мен пікірлерді зерделеу нәтижесінде, «франчайзинг» түсінігіне толық талдау жасалды. Осы талдау негізінде автор зерттеу мәселесіне қатысты өзіндік көзқарасы тұрғысынан франчайзингті – келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны ретінде анықтады.  «Франчайзинг» сөзі ағылшын терминінен аударғанда қандай да бір қызметті жүргізудегі  еріктілікке құқықты анықтау  мағынасын білдіреді. Кез келген масштабтағы компания үшін маркетингтік зерттеудің маңызы зор, онсыз компания нарықта ұзақ өмір сүре алмайды. Франшиза бойынша жаңадан ашылған кәсіпорын франчайзигтік жобаларды іске асыру барысында бизнесінің дамуының негізі ретінде франчайзер – компаниясы қолданатын маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін пайдаланады. Бұл зерттеулер жас кәсіпорынға әлеуетті тұтынушылар мен негізгі бәсекелестерді білуге ғана емес, сонымен қатар арнайы нарық сегментін табуға көмектеседі.

Маркетингтік зерттеулердің нәтижесі сол нарық сегментінің сәйкес дәл нишасын анықтайды: тауарлар мен қызметтерге ықтимал сұраныс дәрежесі, мақсатты аудитория, жақын бәсекелестер мен олардың тактикалары. Бұлардың барлығы бизнесті бастамай тұрып, ең білу қажет ақпараттар. Тек маркетингтік зерттеулер ғана дәл ақпараттар бере алады.

Дұрыс маркетингтік стратегияны жасау үшін негізгі 3 құрамдас қажет:

  • Тауарды зерттеу;

  • Нарықты зерттеу;

  • Әлеуетті тұтынушылардың ортасын зерттеу;

Қазақстанда соңғы жылдары франчайзингтік нысанды таңдаған бірқатар компаниялар нарықта белсенділік танытуда. Қазақстан франчайзинг қауымдастығы мәліметтерін жинақтап, оларды зерттеу барысында еліміздегі франчайзингтік жүйелердің қызмет ету салалары бойынша даму қарқыны мен үлесі біршама артып келеді.

Франчайзерлердің басым бөлігі франчайзингтік желі қызметіне бір жағынан, оның шығындарының төмендеуінен, екінші жағынан, бәсекелік артықшылықтарын арттырып, осыған сәйкес нарық үлесін өсіру негізінде пайда алады. Қазіргі кезде отандық нарықта бірқатар әлеуетті франчайзерлер тобы айқындалуда. «РосИнтер» компаниясының франчайзингтік желілерді дамытуда жоғары жетістіктерге қол жеткізуі – оның әлеуетті франчайзиді таңдап, оларды оқыту, бизнесті регламенттеу және желіні кеңейтуді қамтитын барлық мәселелерді табысты шешуімен айқындалады.

Мен өз зерттеуімде «РосИнтер» кәсіпронын алдым. «РосИнтер» – бұл тамақтандыру кәсіпорындарының пайдалылығы жоғары желісі. Қазір осы марка атауымен ТМД және Еуропа елдерінде 250-ге жуық мейрамхана бар, олардың 22-і Қазақстанда қызмет етеді. Тамақтандыру кәсіпорындарындағы шаруашылық қызметтің франчайзингтік үлгісін ұйымдастыру ерекшеліктері қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының франшизасы екі негізгі құрамдастан, яғни санаткерлік меншік объектілері мен көрсетілетін қызметтен тұратындығымен түсіндіріледі.

Франчайзингтік бизнестің рентабельділігі шығындылықты төмендету, өндірістің көлемін арттыру және капитал салымының қайтымдылығын тездету сияқты факторларға тәуелді болатыны анықталды.

Қорыта келгенде, франчайзинг механизмі дамуының негізгі бағыттары франчайзерге неғұрлым төмен шығындармен аз уақыт аралығында жылдам дамуға мүмкіндік береді. Бұл үрдіс дами келе ғаламдық деңгейде, бір жағынан, франчайзидің рөлі мен мәртебесін жоғарылатса, екінші жағынан жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бекболат Ж. Франчайзинг ұғымы және оның Қазақстанда қалыптасу негіздері. Заң., 2006 №1. 22-б.

  2. Хамидулла А. Франчайзинг. Вам нужен кредит. Евразийский вестник аудитора. 2006., № 7 (55). 49-б.

  3. Бекболат Ж. Франчайзинг ұғымы және оның Қазақстанда қалыптасу негіздері. Заң., 2006 №1. 25-б.

  4. Качканов В. П. Франчайзинг как форма связи крупного и малого бизнеса в сфере торговли. 2006ж,-Москва

  5. Попов Е.В. Продвижение товаров и услуг: учебное пособие – М.: Финансы и статистика, 2002

  6. Ильясов Д.К. Маркетинг: теориясы мен практикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002

  7. Есимжанова С.Р. Маркетинг в Казахстане: теория, методология, практика. – Алматы: Аян Эдет, 2004г.

  8. Шеденов У.К., Ильясов Д.К. Теория маркетинга и менеджмента в сфере услуг. - Алматы, Қазақ университеті, 2002.

  9. Кожамкулова Ж.Т. Теория и практика организации маркетинговых исследований. - Вестник КазНУ, серия экономическая. Алматы, Қазақ университеті, 2008, №1.

  10. Лебедева О.А., Лыгина Н.И. Маркетинговые исследования рынка. Учебник. М.: Форум Инфра-М, 2009.- 192с.

  11. Макней Р. Маркетинговые исследования в сфере В2В. М.: Баланс Бизнес Букс, 2007. - 432с.

  12. Березин И. Маркетинговый анализ. Рынок. Фирма. Товар. Продвижение. М.: Вершина, 2008. - 480с.

20