Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Философия.docx
Скачиваний:
109
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
173.59 Кб
Скачать

24. Жан Кальвин протестанттық этиканың негізгі құндылықтарын қалайша негіздейтіндігіне тоқталыңыз

Реформацияны одан әрі түбегейлі жалғастыруға бағыт алғандардың бірі — Ж. Кальвин(1509—1562жылдары) протестанизмнің беделді ағымының негізін қалады. Жаңадан қалыптасқан «кальвинизм»ағымы христиан дініне табыну мен шоқыну рәсімдерін одан әрі жеңілдетті, шіркеуді жеке саяси күшке айналдыру мақсатында оны мемлекеттен бөлді және шіркеуге республикалық сипат (шіркеу басшыларының сайланып тағайындалуы) берді. Ол «Адам тағдырының жазмышқа тәуелділігі жөніндегі» ілімді одан әрі тереңдетіп, оны абсолюттікфатализмдәрежесіне жеткізді. Әрбір адамның тағдыры, оның өмірге келуі, азабы мен қуанышы және т.б. алдын-ала белгіленген, оны ешкім де өзгерте алмайды, өйткені бәрі де бір құдайдың қолында. Кальвинизм адамның өмірлік қажеттіліктерін шектеуді уағыздады, өмірдің рахатынан бас тартуды талап етті, табанды еңбек етуге, азаматтарды өзінің кәсіби шеберлігін ұдайы арттырып отыруға және Библияны оқып-білуге шақырды. Осы игілікті істердің толық жүзеге асырылуы — адамның құдай алдындағы мерейін көтерсе, ал жалқаулық, қызық- құмарлық, өмір рахатына тоймаушылық сияқты қасиеттер адамды күнәға батырып, кедейлікке апарар жол деп саналып, ал ақшаны ысырапсыз шашу, той-думанмен уақытты босқа өткізу, дүниені бостан-босқа талан-таражға салу күнә болып есептелінді. Кальвинизмнің байлық пен думаншылдықты сынауы мәдениет пен өнердің әр саласына өз әсерін тигізбей қойған жоқ, сондықтан да болар, той-думандарға тыйым салынып, дін жолындағы адамдардың сүреңсіз, қызықсыз өмірі басталды, ал оған қарсы шыққандар қатаң жазаланды. Пуританизм этикасы риторизммен сипатталды, ол адамдар арасындағы қарапайым қарым-қатынастарды жақтап, өмірлік қажеттіліктерді барынша шектеуді уағыздады. Жоғарыда көрсеткеніміздей, пуританизм этикасы байлыққа, ысырапшылдыққа, думаншылдық пен сауықшылдыққа жол бермеуге барынша күш салды. Пуританизм өкілдері ұқыпты болды және белгіленген салт-жораларды қатаң орындап, құдайға құлшылық етіп, тақуалақ қарапайым өмірге бет бұрды.

25. Дүниетанымдағы н. Коперниктің ғылымға еңгізген төңкерісін қалай бағалайсыз

Ғарыш әлемі жөніндегі діни көзқарастарға Польшаныңұлы ғалымыНиколай Коперник(1473-1543) күйрете соққы берді. Ол 1507 жылы Жер жәнә баска планеталар Күнді айналып жүреді деген тұжырымын ғылыми жолмен дәлелдеді. «Аспанденелерінің айналысы туралы» атақты еңбегін жазды. Онда: «Жер жұмыр шарға ұқсас, сондықтан ол барлық жағынан өзінің ортасына тартылады. Солай бола түра, оның домалақтығы оның бетіндегі тауларының биіктігінен, аңғарларының тереңдігінен біліне бермейді. Бірақ бүтіндей алғанда ол оның домалактығына нұқсан келтіре алмайды. Теңізде жүзушілердің байқаулары бойынша, су кеңістігінің түрі де осындай, себебі Жер кемеден көрінбейді және керісінше, кеме діңгегінің (мачта) үстінде жанып тұрған от қашықтаған сайын жағада қалған сияқты болып көрінеді де, біртіндеп төмендей береді, ақырында батқан Күндей жоқ болады, - деп жазды. Коперник өзінің ашқан жаңалықтарын ұзақ уақыт жариялай алмады. Жаңа ілім оны шіркеудің қуғынына ұшыратып қана қоймай, жаппай кінәлауға және келемежге душар етуі мүмкін еді. Күн Жерді айналады дегенге бүкіл дүние жүзі сенетін. Тек Коперник елес ақиқатқа қайшы деп есептеді. Коперниктің ұзақ жылғы еңбегі - «Аспан денелерінің айналысы туралы» кітабының бір данасы ғана тек 1543 жылы ол қайтыс болған күні жарық көрді. Достары кітабының бірінші данасын қолына ұстатқан кезде ол өлім халінде жатыр еді. Коперниктің ашқан жаңалығының тарихи маңызы зор. Ол басқа планеталар және Күн Жерді айналады деген адасушылықтан құтқарып, ғылымда еркін ойлауға жол ашты. Католик шіркеуі бұл қағиданың адамдарға тигізетін ықпалынан шіркеу беделіне нұқсан келеді, беделін түсіріп, адамдардың қорқыныш сезімін азайтады деп қауіптеніп, оларды және оның жақтастарын қатты қудалап отырды. Осыған қарамастан Коперниктің ашқан жаңалықтары ғылымда бүтіндей төңкеріс жасады.