- •8. Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз
- •11. Аристотель Дүниенің төрт себебін мойындады. Олардың сипаттамасына тоқталыңыз
- •41.Кеңістік пен уақыт жөніндегі субстанциялық және релятивистік түсініктер туралы айтыңыз
- •Философия мен ғылымның ара-қатынасын талдаңыз
- •Философия мен өнердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын салыстырыңыз
- •Философияның гносеологиялық (танымдық) қызметін сипаттаңыз
- •Қытай дүниетанымындағы Даосизмнің орнын көрсетіңіз
- •Болмысты танудағы Лаоцзы мен Парменидтің ойларын салыстырып көріңіз
- •8. Конфуцзы мен Абайдың моральдық ізденістерін салыстырыңыз
- •9. Платонның Дүниені «Идеялар әлемі» мен «Заттар әлеміне» бөлуінің себептерін талдаңыз
- •10. Аристотельдің материяға қатысты ойларын еске түсіріңіз
- •11. Аристотель Дүниенің төрт себебін мойындады. Олардың сипаттамасына тоқталыңыз
- •12. Аристотельдің логика ғылымына қосқан үлесін көрсетіңіз
- •13. Гераклит пен Сократтың диалектика іліміне қосқан үлестері жөнінде айтып беріңіз
- •14. Джайнизм іліміндегі «Ахимса» ұстанымының бүгінгі адамзатқа қажеттілігін талдап беріңіз
- •15. Буддизмдегі қандай даналықтар өз руханиятыңызға жақын келетіндігін сипаттап беріңіз
- •16. Демокриттің атомистік теориясы жөніндегі пікіріңізді білдіріңіз
- •17. Протагордың “Адам - барлық заттардың өлшемі² деген нақыл сөзін қалай түсінетіндігіңізді талдап беріңіз
- •18. Августин шындықтың пайда болуының үш жолы бар деді. Соларды сипаттап көріңіз
- •19. Ф.Аквинскидің сенім мен ақыл-ойдың қарым-қатынасы жөніндегі ойына бүгінгі ақуал тұрғысынан қандай баға берер едіңіз.
- •20. Әл-Фарабидің таным теориясындағы интеллект жөніндегі ойларына тоқталып өтіңіз
- •21. Н. Кузанский өзінің негізгі еңбегін Ғылыми білімсіздік деп атауының сырын айқындап беріңіз
- •22. Н. Кузанскидің «Құдай - барлық жерде, сонымен қатар – еш жерде» деген ойына талдау жасаңыз
- •23. Н. Макиавеллидің саясат пен мораль жөніндегі ойларына талдау жасаңыз
- •24. Жан Кальвин протестанттық этиканың негізгі құндылықтарын қалайша негіздейтіндігіне тоқталыңыз
- •25. Дүниетанымдағы н. Коперниктің ғылымға еңгізген төңкерісін қалай бағалайсыз
- •26. Ф. Бэконның ғылыми танымға кедергі жасайтын елестерінің бүгінгі ғылымдағы көрінісі туралы айтып беріңіз
- •27. Ф. Бэконның “жемiстi және “сәулелi тәжiрибелер жөніндегі ойлары туралы талдау жасаңыз
- •28 Р. Декарттың “күмәндану принципiнiң маңыздылығына тоқталыңыз
- •29. Т. Гоббстың мемлекет жөніндегі конвенциалдық (шарттық) теориясының бүгінгі таңдағы адамзатқа маңыздылығын айқындаңыз
- •30. Б.Спинозаның «Еріктік - танылған қажеттік» деген ойының өзектілігін көрсетіңіз
- •31. Дж. Локктың мемлекет, жеке меншiк және азаматтық қоғам жөнiндегi ойларын талдаңыз
- •32. Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдерін көрсет.
- •33. К. Поппердiң «фальсификация» қағидатының маңызыдылығын талдап беріңіз
- •34. Неотомизмнің басты қағидалары мен ұстанымдарын көрсет.
- •35. М. Хайдеггердiң “болмыстың үйi - тiл деген ойын қалай түсiнетіндігіңізді білдіріңіз
- •37. В.Франклдiң “экзистенциалдық вакуум ұғымының маңыздылығын талдап беріңіз
- •38. Әл-Фарабидің энциклопедистік әмбебаптылығын сипаттап бер.
18. Августин шындықтың пайда болуының үш жолы бар деді. Соларды сипаттап көріңіз
Аврелий Августин - христиандық теолог, «шіркеу аталарының» (католиктерде) бірі, христиандық дүниетаным жүйесін жасаған әулие. Христиандық әлемде дін және философия мәселелері бойынша шексіз беделі болған және «Ұстаз» деген атаққа ие болған. Антиктік мәдени мұра мен оған христиандықтың қатысы туралы пікірталаста сенім мен ақылдың үйлесімдігі туралы ілімді тұжырымдап, адамның діни өміріндегі ғылым мен философияның рөлін кемітпеді.
Августиннің мәдениетке деген көзқарасы «Құдай қаласы туралы» еңбегінде берілген. Ол екі адамдық қауымдастықты бөліп қарастырады: «Жер қаласы» — Құдайды ұмытқан өзімшілдікке негізделген мемлекет пен мәдениет және «Құдай қаласы» — өзін ұмытқан, Құдайға деген сүйіспеншілігі шексіз рухани бірлестік. Рим империясының соңғы уақытына ұқсас «Жер қаласы» нәпсіқұмарлық пен күнәһарлыққа толы және «алғашқы күнәдан» бастау алады. Осы қалада өмір сүруге мәжбүр адам бар ықыласын Құдайлық Қалаға бағыттауы керек. Августиннің теологиялық ілімдері оның эстетикасымен де тығыз байланысты.
«Құдай қаласы» деген еңбегінде Августин “Біз жаратушы деп бақты өсіргенді, тіпті бәрін асырайтын ана-жердің өзін де айтпаймыз. Тек қана Құдай - барлығын жаратқан, әртүрлі жолмен өзін солар арқылы көрсеткен… Егер ол болмаса, онда ешнәрсе болмас еді²- дейді.
Августин Дүние Құдайдың құдіретті күші арқылы пайда болды дейді. Ойшылдың айтуынша, шындықтың пайда болуының үш жолы бар.
1. Генерация жолымен (generatіo - лат.сөзі, - туу, ұрпақ) яғни тіршілік өзін-өзі тудырып отырады. Мысалы, сиырдан бұзау, жылқыдан - құлын, шешеден - бала туады;
2. Фабрикация жолымен (fabrіcatіo-лат. сөзі – жасау) яғни, бір заттан екінші затты жасау. Мысалы, ағаштан үй жиһазын, я болмаса үйді жасау, салу, саздан кірпіш құю т.с.с.
3. Жоқтан барды тудыру, (creatіo-лат. сөзі-жарату) яғни, өз денесінен, я болмаса басқа сыртқы заттан емес; Ол тек Құдайға ғана тән нәрсе.
Адамға келер болсақ, ол бірінші және екінші жол арқылы өмір сүреді - өз-өзін тудырып, табиғаттағы заттарды өзгертіп, өзіне лайықты керек нәрселерді Дүниеге әкеле алады. Бірақ, ол нағыз жаратудың не екенін білмейді, өйткені, оның өзі жаратылған, олай болса - мәңгілік емес. Олай болса, адамдардың тудырған заттар мен Құдайдың жаратуының арасында шексіз айырмашылық бар. Өйткені, Құдай бұрынғы-соңғы болмаған нәрселерді Дүниеге әкеледі. Бұл Құдайдың “өлшемсіз сыйы², өйткені, ол ешнәрсені талап етпейді, ол оның құдіретті еркінің, игілігінің туындысы.
19. Ф.Аквинскидің сенім мен ақыл-ойдың қарым-қатынасы жөніндегі ойына бүгінгі ақуал тұрғысынан қандай баға берер едіңіз.
Фома Аквинский - италияндық Католиктік шіркеудің ең ірі ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына қарамастан, доминикандық діни ұйымға кіреді. Париждегі Сен-Жак монастырында, кейін Париж унверситетінде дәріс береді. Сонан соң Италияға қайтып келіп, Рим Папасының сарайында болады. Сол жылдары ол Аристотельдің философиясын тереңдетіп, өз ілімінің негізіне айналдырады. Неапольдан Лионға шіркеулік кеңеске бара жатып қайтыс болады. Логик, метафизик, теолог, Фома әулие Аристотельдің рационалды философиясын христиан дінімен сәйкестендіруге тырысқан. Ф. Аквинский ойынша, дін мен білімнің қарым-қатынасы гармонияға, бейбіт жарасымға құрылуға тиіс. Негізгі еңбектері: «Теология жиынтығы», «Философия жиынтығы». Ол Құдайдың барына 5 дәлелді келтіреді:
1. қозғалыс: барлық заттың алғашқы қозғаушысы – құдай;
2. себеп: барлық нәрсенің бір себебі болады: ол – құдай;
3. кездейсоқтық пен қажеттілік;
4. сапа дәрежесі: заттардың сапасы әр түрлі, ең жоғарғысы құдай;
5. мақсат: қоршаған заттың белгілі бір мақсаты болады, құдай - мәңгі.
Ф.Аквинскийдың философиясының негізгі принципі – сенім мен сананың (ақыл-ойдын) үйлесімділігі. Оның пайымдауынша ақыл құдайдың болмысын саналы түрде дәлелдеп сенімнің ақиқаттығына қарап пікірді қабылдамайды. Барлық өмір сүретін заттар құдайдың құдіреті бойынша қалыптасады.
Адам ақыл-ой иесі болып жаратылғаннан кейін, ол әр заттың ішкі мақсатын, не үшін жаратылғанын біле алады. Сондықтан адамның іс-әрекетінің алдында не істейтінін түсіну жатыр. Жердегі заттар мен адамдар жаратылған Дүниеге жатқаннан кейін (жаратушы біреу ғана, ол - Құдай) олар әр түрлі сатылық деңгейде болады, ал ақыл-ойға келер болсақ, оның әртүрлі құндылықтарының ішінен өзіне керектерін таңдап алуына мүмкіншілігі бар. Ақыл-ойдың осы еріктігінде зұлымдықтың түп-тамыры жатыр, - дейді Фома Аквинский.
Ақыл-ой арқылы адам өзінің Құдайға деген сенімін әрі-қарай нығайтуы керек. Соныменен сенім мен ақыл-ой, зерде бірін-бірі толықтырады.
“Сенім мен ақыл-ой үйлесімі” ілімі сенім қағидаттарын аксиома ретінде, ақыл-ойдың логика тұжырымдары үшін табан тірер негізі деп түсіндіреді.
Фома Аквинский философия тарихында өзінің ерекше ізін қалдырды. Оның сәулелі ойы, мөлдір логикасы, Құдайға деген шын ниеті, адамды сүюі -осы күнгі заманға дейін үлгі болып, қазіргі адамзат рухани өміріне әсерін тигізуінде.