Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akmoldir_apayy.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
70.77 Кб
Скачать

6. Тас басылымнан электронды басылымға дейінгі жолдарды көрсетіңіз.

Қазақстан жеріндегі тасқа жазылған мәтін­дер­ді, яғни мәтіні бар тас ескерткіштерді де өз заманындағы «тас басылымдар» деп қабыл­дап, баспа тарихында, басылым шежі­ре­сінде айналып өтуге болмайтын факт ретінде қабылдау керек. Мысалы:

1) Талас бойынан (Жамбыл облысы) табыл­ған төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жар­ты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар;

2) Іле бойынан (Алматы облысы) табылған жар­тастарға қашалған руникалық жазулар;

3) 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жар­тас­қа қашалған руникалық жазу;

4) 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды.

5) 1986 жылы Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу жарияланды.

Тас басылымнан кейін қыш басылым заманы болды. «Есік жазба ескерткіші» деген атпен бел­гілі, 26 таңбалы мәтін жазылған күміс тоста­ғанды да «күміс басылым» деп қабылдауға болады. Үй­­сін дәуірінен қалған жазба ескерткіш б.з.д. V-ІV ғ.ғ. еншісіне жатады. Бұл басылымның құн­дылығы сонда, ол алдымен, Қазақстан жерін ме­кендеген ежелгі үйсін тайпаларының тілі кө­не түркі тіліне жататынын, сонымен бірге, осы­­дан 2500 жыл бұрын түркі тектес тай­па­лар­дың өз әліпбиі болғанын және бұл өңірде де кү­міс басылымдар қолданыста жүргенін дә­лел­дейді.

Бұдан кейін папирус, пергамент, береста қолданыла бастады. Папи́рус (грекше πάπυρος) – қамыс тектес өсімдіктен жасалған, жазуға арналған затын. Бұл затын ежелгі Мысырда және онымен көр­шілес елдерде қолданылды. Оны қалай дайын­даған? Сулы жерде өсетін, биіктігі 5 метрге же­тетін папирус деген өсімдіктің төмен жағын, жерден жоғары 60 см. кесіп алып, оның үш қырлы сабағын қабығынан аршиды. Содан соң өзегін ұзына бойына тіліп алады. Тілінді таспаларды екі-үш күн суда ұстайды. Суды жиі- жиі ауыстырып отырады. Су үнемі таза болуы керек. Суға салынған таспа тілінділер ісінеді, бу­­санады да бойындағы суға төзімсіз заттардан арылады. Жұмсарған таспаларды жалпақ тегіс тақтайдың үстіне жайып тастап, оқтаумен жұқарта жаймалайды. Одан соң қайта суға салады да бір тәуліктен соң тағы да оқтаумен жұқалайды, тегістейді. Бұдан кейін де қайта суға салып қояды. Осылайша бірнеше рет қайталағанда, таспа тілінділер әбден жұқарып, ақшылқоңыр түске енеді. Одан кейін теп-тегіс жерге әлгі тілінділердің бірінің ұшын біріне жалғап, қатар-қатар ұйқастыра тізіп шығады. Одан соң оның үстіне тағы бір қатарды айқас­тыра тастайды. Келесі кезекте табаны тегіс жалпақ таспен бастырады да шыжыған күннің астында қалдырады. Әбден кеуіп, қаудыраған папирус парағын арнаулы балғамен ұрғылап тегістейді. Бұдан әрі бөлек-бөлек парақша­лар­ды бірнен соң біріне жалғастыра желімдеп жапсырады. Сондықтан да ежелгі папирустар тас­падай ұзын болған. Ұзын болған соң шиыр­шықталған. Кейінгі нұсқалары кітап секілді пәттеленген, қатталған түрде кезігеді. Папирус басылымдарда жазылған мұраларды зерт­тей­тін ғылымды папирология дейді.

Пергамент (Пергам қаласының атауынан) — пергамент жазу материалы ретінде б.д.д. ІІ-ғасырда жасала басталған. 1. Ірі қарамалдың және шошқаның өңделген, бірақ иленбеген терісі.Музыкалықаспаптар жасауға (соқпалы-барабан), тоқыма машиналарының кейбірбөлшектеріндеқолданылады; 2.Майөткізбейтін қағаз. Орама ретінде және техникалық мақсатта пайдаланады. Негізікүкірт қышқылы- мен өңделгенқағаздантұрады. Сонымен пергамент  алғаш  рет Греция елінде  пайда болған. Кіші  Азияның Пергам  қаласының атынмен  байланысты аталған. ХV ғасырдың аяғына  дейін қолданылған. Пергамент  малдың  терісінен  жасалған. Ол бүктеуге ыңғайлы  болған. Кейіннен  жеке парақтап  қиып, кітап жасаған.

Кейінірек қағаз пайда болды. Қағаз (парсыша:كاغد‎ — «кағоз») — өсімдік талшықтарын белгілі бір тәсілмен өңдеу және бір-бірімен ұйыстыра байланыстыру арқылы жұқа парақ түрінде жасалатын материал. Италиянша bambagіa, яғни мақтадеген ұғымды білдіреді; кейін осыдан барып қағаз сөзі өмірге келді.

Қағаздың кеңірек қолданылуына баспа станогы әсерін тигізді. Баспа станогын неміс өнертапқышы Иоганн Гутенберг ойлап тапты.

Электронды басылым шығару ісі – алғаш ком­пьютер пайда болғанда, терілген мәтінді прин­терден көбейтіп шығару және оны экранда көр­сету мүмкіндігі ашылғанда басталған.

Алғашқы электронды кітапты ойлап тапқан кім? 1971 жылы АҚШ-тың Майкл Харт деген аза­маты Иллинойс штатындағы университетте өте ірі Sigma V компьютерінде кеңінен жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады да, осы сәтті тиімді пай­далану үшін ол «АҚШ Тәуелсіздігінің декларациясын» компьютерге теріп жатқанда, электронды кітаптың да тұңғыш нұсқасын жасап көреді.

Осыдан кейін ең қажетті деген кітаптардың электронды көшірмесін жасау қажеттілігі «Гутенберг» жобасының басталуына себеп болады. Мұндай үлкен мүмкіндіктің ашылуы енді кітаптың электронды көшірмелерін оқуды жеңілдететін арнайы құрылғы жасау қажеттігін тудырды.

Электронды басылымдардың сан алуан түр­лері пайда болды. Оларды мемлекеттік дең­гейде реттеп отыру өз алдына, халықаралық ауқымда үйлестіріп және тәртіпке келтіріп, бір жүйеге түсіру міндеті туды. Сол міндетті орындау мақсатында өркениетті елдер электронды басылымдардың стандарттарын қабылдады. Сөйтіп электронды басылымдар жөнінде халықаралық стандарт дүниеге келді.

Сонымен, баспа ісінің тарихында басылымдарды қандай затына жазылуына қарай шартты түрде былай бөліп қарауға болады:

а) тас басылым, яғни ақпаратты тасқа қашап жазу арқылы жеткізу (бәдіз) мақсатында пайда болды;

ә) қыш басылым, яғни ақпаратты қышқа ойып жазу арқылы жеткізу (қыштақта) мақса­тын­да пайда болды;

б) тері басылым, яғни ақпаратты тері­ге (шірнеуіш, дифтер, пергамент) жазу арқылы жеткізу мақсатында пайда болған;

в) қамыс басылым, яғни ақпаратты қамыс­тан жасалған затқа (папирус, папирос – бопыраз) жазу арқылы ақпарат тарату мақсатында пайда болған;

г) ағаш басылым, яғни ақпаратты ағаштан жа­салған затқа жазу арқылы (диплома, берес­та – қайыңғат)жеткізу мақсатында пайда бол­ған;

ғ) қағаз басылым, яғни ақпаратты қағаздан жасалған затқа (бума, бумақ-бумага-бамбажиа) жазу арқылы тарату мақсатында пайда бол­ған;

д) электронды басылым, яғни ақпаратты элек­тронды құрылғыларға жазу арқылы тарату мақ­сатында пайда болған.

7. Кітап шығару мен тарату мәдениетіне тоқталыңыз.

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен жастардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу. Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Яғни, біз кітаптарға деген қызуғышылықты арттыру үшін, кітапты жоғары деңгейде шығарып, жақсы жарнамалауымыз керек. Кітап шығармас бұрын, автордың қолында ең алдымен туындысының қолжазбасы болады. Ол қолжазбаны баспаға әкелгенде, қолжазба редактор, корректор секілді баспа қызметкерлерінің қолынан өтеді. Олар қолжазбада кеткен қателіктерді түзетіп, авторға кеңес, консультация айтып, көмек береді. Содан кейін қолжазба макетке түсіріледі. Ары қарай кітап болып басылып шығады.

Кітап шығару мәдениеті – тікелей төл мәдениетіміз бен әдебиетіміздің өркендеуіне ықпал етеді. Кітаптың ішкі мазмұны мен сыртқы безендірілуінен бөлек, әр кітапқа қойылатын стандарттардың, яғни баспа өнімдерінің, басқа да ақпараттық басылымдардың шығарылым мағлұматтарын бір ізге түсіріп, ретке келтіретін нормативтік-техникалық құжаттың ролі ерекше.

Шынында ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші, ақпаратты сақтаушы, бұқаралық және ақпараттық сипатқа ие құбылыс – кітап. «Кітап - әлемдегі құпиялы ұлы ғажайыптардың бірі », - деп Максим Горький кітапқа әділ баға берген. Сонымен бірге кітап – аса қуатты тәрбие құралы. Жақсы, өнегелі, ұлағатты кітапты басып шығарып, тарату арқылы біз қоғамымызды да тәрбиелейміз, рухани бай адамдар қатарын да арттырамыз. Осы ретте француз жазушысы әрі философы Вольтер Мари Франсуаның мына бір айтқан нақыл сөзі ойға оралады: «Жазушының оқуға арзитын ғана туындысын басу керек, Бұл аяулы ереже кітаптың санын азайтқанымен, оқушылардың талғамын арттыра түскен болар еді ». Шын мәнінде бұл критериймен кітап басып шығарар болсақ, онда жарық көретін кітаптың саны азайып кетеді – ау деген күмән пайда болары сөзсіз. Бірақ біз кітаптың әсер етуші қуатының мықты екенін әсте естен шығармауымыз керек. Яғни, бізге саннан гөрі сапа қымбат. Бұл дегеніңіз оқырманның талғамы дұрыс қалыптасу деген сөз. Яғни, талғамы жоғары, талабы қатаң оқырман қалыптастыру. Қатаң, жоғары талаптан сапа пайда болады .Сапалы   тауар  – өтімді  тауар .Егер біздің басып шығарып жатқан кітабымыз   тауар  деп қарастырсақ сол тауардың, яғни өндіріп отырған тауарымыздың өтімді болуына біздер мүдделіміз. Бүгінгі таңда кітап тарату ісі, саудасын дамыту мәселесі өткір тұр. Қазақстандағы кітап саудасының көкейкесті мәселесі көп. Кітап – білім бұлағы. Рухани қазынаны сақтаушы, жеткізуші. « Артық білім кітапта» деп ғұлама Абай кітапқа жоғары баға береді. «Малқұмар көңіл бек соқыр» бұл да Абай сөзі\1\. Қазақ данасы халқына не дегелі отырғанын түсінікті. Ғылым, ар –инабат мектебі бәрі кітапта. Ендеше малқұмар болма, кітапқұмар бол. Ал біз кітаптың нағыз бағасын біліп жеттік пе? Бұл сұрақтың жауабын кітап саудасынан да іздеуіміз керек. Кітап саудасы туралы білім жүйесін зерттегенде кітап өнімінің тауарлық құнын ғана емес, тұтыну құнын бірге қарастыру керек. Бұл - киер киім, ішер ас емес, сонда да адам болып өсіп толысуың үшін бірден бір азық. Дәлірек айтқанда, рухани тауар.   Кітапты   тауарға  айналдырып саудалау оның сонау папирус бумасы, күйдірілген балшыққа, тақтайға не қайың қабығына жазылған түрлерінен басталады. Жоғарыда аталған, бабаларымыз жасаған жазуы бар тас ыдыс құжаттар да су тетігіне түспеген шығар. Қолжазба кітапты көшіретін орын даяр өнімді, яғни қолжазба кітаптарды сататын дүкендер де болған. Көне гректер кітап сатушыны «библиопол» деп атапты. Осы сөзден француз кітаптанушысысы Г.Пеньо «Библиология жөніндегі түсіндірме сөздік» деген кітабында «библиополистика» атты термин туғызған. Библиополистика - кітап және сату деген екі сөзден құралады. Иә, көріп отырғанымыздай кітап жағдайы тамырын тереңнен алады. Және  кітап  саудасындағы негізгі  тауар   кітап  екені, ал  кітап  өзге  тауардан  өзінің рухани азық беретіндігімен, адам жан дүниесін байытуға орасан ықпал ететіндігімен ерекшелетіндігі аян. Сондықтан, жан сарайымызды байытатын кітаптың шығару мен тарату мәселелеріне ерекше назар аударғанымыз жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]