Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Akmoldir_apayy.docx
Скачиваний:
32
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
70.77 Кб
Скачать

7. Оқырман сұранысын анықтаудағы алғышарттарға тоқталыңыз.

Оқырман - әдеби шығарманы қабылдайтын орта. Жазушышығарманы тудырушы болса, оның қаншама ұзақөмірсүретіні,әдебиеттеқандай орын алатыны оқырмандарға байланысты. Сондықтаншығарманыоқырмандардың қалай қабылдап, зейінге алатынымен, сезініп-түсінетінімен жазушы санаспай отыра алмайды. Ол шығарма жазғанда белгілі ортаның ой-санасын,идеялықмақсат, тілек-талаптарын, көркемдік ұғым түсініктерін ескереді. Оқырман дегенді тек дайын шығарманы зейінге алып, қабылдаушы деп қана түсінбеу керек. Оқырман қауым жазушының шығарманың процесіне ықпал жасайды. Жазушы өз шығармғында болашақ оқырмандардың тілек-талаптарымен, ұғым-түсініктерімен қалайда санасады. Яғни, оқырман қауымның көңілінен шығуды ойлайды деуге болады. Бірақ мұны тар мағынасында түсінбеу керек. Сонымен бірге ол өзі айтып отырған жайлардың, өмір шындығының оқырман қауымға қаншалықты жақын, қызықты екендігін ескермей отыра алмайды. Өйткеніавтортүптеп келгенде шығарманы өзі үшін ғана емес, көпшіліктің, қалың оқырманның назарына салу үшін жазады. Ауыз әдебиетідәстүрінде өлеңді, жырды жұрт алдында табанда шығарып айтатынақын,жыршыларөз тыңдаушыларымен тікелей байланысты болады, тыңдаушыларға ненің ұнайтынын, оларды не қызықтыратынын жіті байқап олардың талабын, талғамын жанымен сезініп, сол талаптарға тиісті жауап беруге тырысады. Ал жазба әдебиетінде көркем шығарма баспа арқылы жарияланып, таралатын жағдайда жазушы мен оқырман арасындағы қарым-қатынас, өзара байланыс-жалғастық айқын көзге көріне бермейді. Ал бірақ ондай байланыс, жалғастық бар екені ешбір даусыз. Әдеби шығарма оқушы қауым көпшілік қабыл алып, қажетіне жаратқанда ғана, халықтың мәдени мүлкіне айналғанда ғана өзінің қоғамдық міндетін атқара алады. Олай болса шығарманы оқырмандар қалай қабылдап, түсінетіні аса маңызды мәселе. Бұл жағына көңіл аудармай, шығарманың оқырманға қандай идеялық ықпал жасап, көркемдік әсер беретінін анықтау қиянға соғады. Оқырманның шығарманы қабылдап сезіну, түсіну ерекшеліктерін белгілейтін жағдайларды сөз қылғанда, оның ой-сезім өзгешелігі, өмір тәрбиесі, қандай ортада туып-өскендігі, қай ұлттың, халықтың өкілі екендігі, тағы сондай жайлар маңызды болады. Әдеби шығарманың тәрбиелік мәнін, оқушы қауымға қандай идеялық-көркемдік әсер беретінін толық анықтау, айқындау үшін, оқырмандардың, олардың әр түрлі топтарының шығарманы белгілі ортада, нақтылы жағдайда қалай қабылдайтынын, ұғып-түсінетінін айқын ашып көрсету шарт. Әдеби шығарманыоқырмандардың қабылдауы әдебиет зерттеу ғылымы түрғысынан алғанда келелі мәселе екені көркем аударма проблемаларын тексергенде айқын аңғарылады. Әдеби шығарма қай қоғамда туса, қай тілде жазылса, сол ортаның, сол халықтың мәденидәстүрлерімен, ұғым-түсініктерімен тығыз байланысты болатыны белгілі. Оны екінші бір тілге аударғанда басқа халықтың өкілдері шығарманың кейбір түстарын, жеке ерекшеліктерін басқаша сезінетіні белгілі. Бұл жағдайтілөзгешеліктерінен ғана тумайды, екі халықтың өміріндегі, мәдени дәстүрлеріндегі, өзіндік ерекшеліктермен де жалғасып жатады.

Қазір оқырман сұранысын түрлі әдістермен анықтауға болады. Мысалы, сұхбат алып білуге болады. Бірақ бұл жағдайда оқырман өзін ыңғайлы сезіну керек. Оқырман көңіліне қарап сөйлеп, сұранысын анықтаймыз. Немесе қағазбен сауалнама арқылы да жүргізуге болады. Сауалнамада нақты, оқырманға түсінікті сұрақтар болуы тиіс.

Оқырман сұранысын анықтау барысында автор ең алдымен олардың қандай шығарманы көп оқитынын, қандай шығармаға қызығушылығы барын анықтауы керек. Анықтаған соң сол салаға ыңғайланып, туынды тудыруы керек. Себебі, кез – келген автор өзінің кітабының өткенін, оқылғанын қалайды. Автор бәрін анықтап алған соң, қолжазбаны дайындайды. Сөйтіп, оны баспаға өткізеді. Баспа дегеніміз оқырман сұранысын зерттеп, қажетті өнімді тұтынушы қолына тигенге дейінгі шығармашылық және қаржылық үдерістерді жүзеге асыратын мекеме. Яғни, ары қарай қолжазбаның оқырман көңілінен шығатындай етіп дайындау, баспаның, баспа қызметкерлерінің қолында.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]