Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
dayyn_kursovoy.docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
384.62 Кб
Скачать

Қалыпты және глаукома жағдайындағы көру жүйкесінің дискі

Көздің ішкі қысымы белгілі бір деңгейде (орталық мөлшері 14 – 16 мм сын. бағ., 26 мм сын. бағ. болса, суқараңғы ауруына шалдығады) көздің ішкі сұйықтығының циркуляциясын реттеп отырады. Көздің қан тамырлары мен оған келетін жүйкелер қызметінің бұзылуынан көз сұйықтығының циркуляциясы нашарлап, көзден жас шығу қиындайды. Соның нәтижесінде сұйықтық жиналып, көз ішілік қысымның жоғарылауына әкеледі. Бұл көздің қалыпты жағдайдағы жұмысын төмендетіп, көздің торлы қабығына келетін жүйкелердің жұмысы бұзылады. Егер дер кезінде емделмесе, адамның көру қабілеті нашарлап, тіпті соқырлыққа да әкелуі мүмкін.

Глаукома іштен туған,біріншілік және екіншілік деп негізгі үш түрге бөлінеді. Іштен туған глаукома көздің дренаж жүйесінің немесе алдыңғы камераның бұрышының жетілмеу немесе дұрыс дамымау салдары болады. Екіншілік глаукоманың дамуына ұшырататын өзгерістер глаукомаға бағынышсыз аурулардан пайда болады. Іштен туған глаукомада қайсаң қабақтың диаметірі үлкеюімен гидрофтальм мен (көз шемені) буфтальммен (бұқа немесе өгіз көз) алдыңғы ұңғылының тереңдеуімен, қарашықтың кеңеюімен және оның жарыққа берер жауабының әлсіреуімен, көру нерв дискісінің патологиялық семулік экскавациясымен, көру жітілігінің төмендеуімен, көру кеңістігімен тарылуымен, көздің жоғары көтерілген ішкі қысымымен сипатталады. Құбылыс көбінесе екі жақты шамамен 10000 мың балаға бір ауру кездеседі. Ауру тұқым қуалау сипатына ие болады, көбіне ер балаларда кездеседі. Бұл патологияның 90% перзентханада анықталып, диагноз қою мүмкін болады. Кеш анқталған және операциямен емделмеген іштен туған глаукома балалардың мектеп жасына дейін толық соқыр болуымен аяқталады. Біріншілік глаукома жазылмайтын соқырлықтың өте жиі себептерінің бірі. Өркендеген елдерде барлық соқырлықтың 10-15% глаукомадан соқыр болғандар құрайды. Ауру әдетте егде жастағы адамдарда пайда болады. Біріншілік глаукоманың жастан өткен адамдардың арасында таралу жиілігі бір пайызға жуық. Жас адамдарда сирек кездеседі.

Қалыпты және глаукома кезіндегі көз алмасы

Глаукоманың негізгі екі жабық бұрышты және ашық бұрышты формалары кездеседі. Жабық бұрышты глаукома қарашықтың фунциялық блогінің нәтижесінде алдыңғы камераның бұрышының нұрлы қабықтың түбімен жабысып қалуы арқасында болады. Глаукоманың бұл түрі көз қысымының көтеріліп ауырсыну сезімі пайда болады, бас ауырады, көз тұманданып, жарыққа қарағанда қызылды-жасылды кемпір қосақтанып көрінуі байқалады. Объективті зерттеп қарағанда көз алмасының тамырларының кеңейіп қызарғаны бірден көзге түседі. Қайсаң қабық ісінген, алдыңғы ұңғылы сайаз қарашық кеңейген болады. Аурудың шарықтаған кезінде нұрлы қабықтың кейбір қан тамырларының түйінделуі мүмкін, оның өзі қабыну мен шіру құбылыстарына ұшыратады. Ал бұл өзгерістер нұрлы қабықтың ісінуімен, артқы және бұршақтың бірігулердің пайда болуымен байқалады. Көздің түбі тұманданып көрінеді. Көз қысымының көтерілуі 50-60мм с.б. жетеді.

Жабық бұрышты глаукома

/http://glaucoma-net.ru/about/classification.html/

Аурулардың 90%-ында ашық бұрышты глаукома байқалады. Ашық бұрышты глаукоманың себебі дербес анатомиялық ерекшеліктерге, көз алмасының әртүрлі құбылысының, әсіресе дренаждық жүйесіне, жасқа байланысты. Көпшілік жағдайда ашық бұрышты глаукома сырқат адамға белгісіз пайда болып, үдеп дами береді. Сырқаттар ешқандай жағымсыз сезім байқамайды, тек көздерінің көруі едәуір төмендейді. Тек 15% ауруларда субьективті белгілері байқалады. Олар: көз толып тұрған сияқты сезіну, бастың ауруы, көрудің тұмандануы және жарыққа қарағанда қызылды-жасылды «кемпір қосақтанып» көрінуі сияқты шағымдардан тұрады. Осы аталған белгілер көздің қысымының едәуір көтерілгенінің белгісі. Обьективті тексеріс кезінде көзде байқалатын өзгерістер мардымсыз. Көз қысымы жоғарлаған кезде алдыңғы кірпіктік артериялардан эмиссарилерге кіре берісі кобра жыланының басы сипатты кеңейеді де «кобра белгісі» пайда болады. Сырқаттың көзінің ішкі қысымының көтерілуі глаукоманың ең маңызды белгісі болады. Қалыпты көз қысымы 16-24мм с.б. тең. Оны арнайы Маклаков танометрімен өлшейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]