Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МИДТЕРМ.docx
Скачиваний:
31
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
58.18 Кб
Скачать

14. Шетелдік Азияның табиғатының қалыптасу кезеңдері.

Шетелдік Азия территориясының негізгі физико-географиялық ерекшелігі қазіргі заманғы ландшафттардың қалыптасу сипатына ие. Литогендік негіз құрамының әртүрлі жаста болуы мен қазіргі кездегі геоморфологиялық процестердің сипаты Шетелдік Азияның табиғи кешендерінің дамуы мен дифференциациясының қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Шетелдік Азия территориясының табиғи кешендері сортаң шөлдер, батпақты, тасты, құмды жағдайда қалыптасып, олардың генетикалық түрлері әртүрлі шөлдердің қалыптасу мүмкіншілігіне алып келеді.

Альпілік орогенез территориясында қалыптасқан ең ірі табиғи кешендеріне Кіші Азия, Иран таулы қыратының солтүстік өңірі, Парапамиз және Гиндукуш биік таулары, Ұлы Қытай жазығының орталық бөлігі және оңтүстік Кореяның геология-геоморфологиялық ерекшеліктері жатады.

Үнді Қытай мен Малакка түбегіндегі мезозой жасының борпылдақ жыныстарынан тұратын литогендік негіз - саванна мен ылғалды субэкваторлы ормандар ландшафттарының қалыптасуына негізгі фактор болып саналады. Орта таулар мен төменгі тау аудандары мезозойдың ылғалды жағдайында қалыптасып, параллельді тау қыраттарының түзілуін құрайды.

Шетелдік Азия территориясында ендік зоналықтың қалыптасуы азональді факторлармен және климатпен байланысты. Климат белдеуінің және табиғи зоналардың шегі орографиялық барьер арқылы өтеді. Парапамиз, Гиндукуш, Гималай, Тавр, Понт тауларының су айрығы екі табиғи зонаның шегі болып табылады (субтропикалық сирек ормандар, саванналар және құрғақ дала (Тавр, Понт және т.б.), шөлейт және тропикалық ормандар (Сүлеймен тауы, Кухруд және т.б.). Осындай биік таулы табиғи кешен биік белдеулермен анықталады да төменгі белдеулерде зоналық сипатқа ие болады. Басымды табиғи кешендерінің қалыптасуы ылғалдылықтың шамадан тыс көп және аз болуына байланысты.

15. Шетелдік Азияның негізгі топырақ типтері.

Шетелдік Аия аумағының экваторлықсубэкваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулер шегінде орналасуына байланысты әр белдеуде өзіндік топырақ түрлері таралған. Экваторлық белдеу Оңтүстік Азияның Малай архипелагы мен Филлипин аралдарының оңтүстігін,Шри-Ланка аралы мен Гималай тауының оңтүстік етегін алып жатыр. Бұл жердің негізгі топырағы қызыл-сары ферралитті, ойыс жерлер мен грунт суы жақын жерлерде латериттену процесі жүреді. Ал субтропиктік белдеудің топырақ жамылғысы қызыл сары ферралитті топырақтан саваннаның қызыл қоңыр құрғақ топырақтарына дейін ауысып тұрады.

Тропиктік және субтропиктік белдеуде сары түсті топырақ кеңінен таралған.

Қоңыржай белдеуде орман ағаштары көп өсетін құнарлы қоңыр топырақ кеңінен таралған.

16. Батыс Еуропаның ішкі сулары.

Батыс Еуропа аймағына Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания, Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Нидерланды, Австрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді. Еуропаның батыс шетінің рельефінде құрлықтық мұз баспаған төбелі жазықтар, үстірттер және аласа тау массивтері басым. өзендер террассаланған кең аңғарлармен ағып, тармақтанған жүйелер жасайды. Атлант мұхитына және оның теңіздеріне құятын өзендердің сағалары төмен түсу әсерінен және толысу толқындарының әрекетінен эстуарий болып таралады.

Батыс Европаның климат ерекшеліктері өзендердің режимінен айқын көрінеді. Тұрақты және мол жауын-шашындар, аязды кезеңдердің болмауы бүкіл жыл бойында ағынды біркелкі етеді. Қыстағы жаңбырлармен байланысты қыста өзендердегі судың деңгейі көтеріледі. Егер қыста ылғал ерекше мол түссе, су тасқындары өтіп, олар біртіндеп басталып, біртіндеп аяқталады. Жазда өзендерде су біршама азаяды, бірақ олар, әдетте, мүлде тартылып қалмайды.

Шығынның біркелкілігі және мұз қатпауы Еуропа батысындағы өзендерді бүкіл жыл бойында кеме жүзуге жарамды етеді. Көптеген ірі өзендердің эстуарийлерінде порттар орналасқан, толысу кезінде оларға мұхиттық кемелер өтіп бара береді. Осы өзендердің бассейндерінде жазық рельефтің басым болуы алуан түрлі өзен жүйелерін өзара жалғастыратын кеме жүретін каналдарды жасауды жеңілдетеді. Өзендердің мүндай типіне Сена, Темза т.б. жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]