Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
краткий конспект лекции анимация.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
53.71 Кб
Скачать

Туристік анимация қызметтері

3 басты рекреациялық қызметтің (емдік, сауықтыру және танымдық) ішінен туристік анимация тікелей 2 қызметтін спорттық-сауықтыру және танымдық атқарады. Сәйкес жағдайларда емдік қызметін жанама түрде атқарады. Турөнім мен тұтынушы спецификасын есепке алатын дұрыс құрылған анимациялық бағдарламалар демалушылардың тек көңілі мен тонусын көтеруге ғана емес, оптимистік күйді құруға, жайлы демалыс жағдайда адамды салауатты өмір салтына тартуға мүмкіндік береді.

Мақсатты анимациялық бағдарламаларды құрастыруға арналған анимациялық іс тәжірибесінде келесідей туристік анимация қызметтерін көрсетуге болады:

  1. бейімделу, күнделікті ахуалдан бос уақыт ахуалына көшуге мүмкіндік береді;

  2. компенсациялық, адамды күнделікті өмірдің физикалық және психикалық шаршауларынан босатады;

  3. тұрақтандырушы, жағымды эмоциялар қалыптастырады және психикалық тұрақтылыққа ынталандырады;

  4. сауықтыру, күнделікті еңбек өміріндегі әлсізденген адамның физикалық күшін қалпына келтіру мен дамытуға бағытталады;

  5. ақпараттық, мемлекет, аймақ туралы жаңа білімдер алу және бекіту;

  6. білім беру, жарық әсерлер нәтижесінде қоршаған орта туралы жаңа білімдер алу және бекіту;

  7. меңгеріп алу, интеллектуалдық және физикалық жетілуге алып келеді;

  8. жарнамалық, анимациялық бағдарламалар арқылы туристті мемлекет, аймақ, туркешен, қонақүй, турфирма, т.б. туралы жарнама тасушы ретінде жасауға мүмкіндік береді.

Туристік анимация қызметтерінің мұндай алуантүрлілігі анимациялық іс-әрекет түрлерінің көптүрлілігі, сонымен қатар анимациялық бағдарламалар мен шаралардың әртүрлілігіне шартталған.

Анимация типологиясы

“Анимация”, “рекреациялық анимация”, “қонақүй анимациясы”, “туристік анимация” түсініктерінің айырмашылығы бос уақыт анимациялық әрекет бағдарламалары мен формаларының көптүрлілігімен байланысты. Бұл әртүрлілік тек туристік маршруттар құрастырудағы қонақүй шаруашылығында емес, заманауи өмірдегі адамдар бос уақытын ұйымдастыруда да: мемлекеттерде, қалаларда, қалалық басшыларда және муниципалитеттерде, саябақтарда, клубтар мен ассоциацияларда, ұйымдар мен оқу орындарында білінеді. Сондықтан қалалық және муниципалдық, клубтық және саябақтық, өндірістік және оқу орындары (балалар, жасөспірімдер, студенттер, зейнеткерлер үшін, отбасылық, мүгедек, ұлттық азшылықтар үшін, т.б.) анимациялық бағдарламалары туралы айтуға болады.

Лекция 3.Қонақ үйлер мен туркешендердің анимациялық қызметінің жұмысын қамтамасыз ететін материалдық база

Курорттық немесе клубтық қонақ үйлер туристке толық анимациялық бағдарлама ұсынуы үшін ерекше инфрақұрылым мен үлкен мүмкіншіліктерге ие болуы қажет. Анимациялық қызмет жұмысын тек жеткілікті материалдық база болғанда жақсылап ұйымдастыруға болады. Шоу-бағдарламалар, спортты ойындар мен басқа да көңіл көтеру шараларын өткізу үшін сәйкес құрал-жабдықтар мен реквизит қажет. Әркім демалысты әрқалай түсінетіндіктен ұсыныс та әр түрлі болуы тиіс. Материалдық база бай болған сайын, көңіл көтерулердің көп түрін ұсынуға болады. Бұл нысандардың дизайны ерекше көңілді талап етеді.

Анимациялық бағдарламалар үшін материалдық базаға мыналар кіруі қажет:

  • жағажайда демалу үшін құрал-жабдықтар (жағажай барлары, су аттракциондары, еркін құлау мұнаралары, сырғанау төбешіктері, қайықтар, т.б.);

  • балалар алаңына арналған құрал-жабдықтар (әткеншек, карусельдер, күркелер, ойын және пневматикалық аттракциондар, ертегі кейіпкерлері түріндегі безендіру фигуралары, үрленген карнавалды костюмдер, т.б.);

  • мини-клубтарға арналған ғимарат, жиһаз, қажетті реквизит және инвентарь (әр түрлі үстел ойындары, бояулар, кітап-бояғыштар, пластилин, пазлдар, пішіндер жинағы, қуыршақтар, машиналар, түрлі түсті қағаздар, қарандаштар, т.б.);

  • қозғалмалы йоындар мен тренажер залдары үшін құрал-жабдықтар (спорттық тренажерлар, экстремалды аттракциондар, нысаналар, пэйнбол, бадминтон, футболға арналған аксессуарлар, т.б.);

  • кітапханаға арналған ғимарат, кітаптар және жиһаз;

  • қайықтарды жалға беру, су велосипедтері, шаңғы пунктері мен станцияларына арналған құрал-жабдықтар мен ғимарат;

  • бұқаралық шаралар мен көңіл көтеру шоуларын ашық ауада ұйымдастыру үшін ғимарат, амфитеатр немесе жабдықталған алаң;

  • спорттық ойындарға арналған ғимарат немесе ашық алаңдар (бассейндер, теннис корттары, баскетбол, волейбол мен басқа спорттық және ойын алаңдары);

  • сахнаға арналған құрал-жабдықтар, декорациялар және костюмдер жинағы мен ревизиттер;

  • шоу, дискотека, сайыстар мен жарыстар ұйымдастыру үшін жобалаушы, дыбыстық, сахналық, жарықтехникалық және басқа құрал-жабдықтар;

  • ойын автоматтары;

  • бильярд, боулинг, казиноға арналған ғимарат пен құрал-жабдықтар (егер соңғысы қарастырылған болса).

Бұл көңіл көтеру іс-әрекетінің орталықтары бір-бірінен, теңізден және сауда нүктелерінен (барлар мен дәмханадан) алыс болмауы керек.

Анимациялық бағдарламарды өткізуге арналған техникалық нысандар күрделі

Лекция № 4. Туристер классификациясы. әр түрлі категориядағы туристермен жұмыс істеу ерекшеліктері.

  1. Жас мөлшері бойынша туристер классификациясы. Әр түрлі жас мөлшеріндегі демалушылармен жұмыс формалары;

  2. Демалысты өткізуге көзқарасы бойынша туристер классификациясы;

  3. Туристердің ұлттық ерекшеліктері және оларды анимациялық бағдарламаларды құрастыру кезінде ескеру;

  4. отбасылық демалыс үшін анимациялық бағдарламалар.

Туристердің қызығушылықтары әр түрлі факторларға байланысты болады: жас мөлшері, жынысы, ұлты, білім деңгейі, табыс мөлшері, кәсіби қызығушылығы, хобби, т.б.

Табыс өсуімен қатар демалысқа кеткен шығын мөлшері де өсетіні белгілі. Отбасының табысы қаншалықты жоғары болса, соншалықты сапалы және қызықты демалыс мүмкіндігі жоғарылай түседі. Туристік белсенділік тұтынушылардың білім деңгейіне де тікелей байланысты болады. Орта білімді адамдар көңіл ашатын саяхаттарды, ал жоғары білімді тұтынушылар интеллектуалды демалысты қалайды. Әрине, анимациялық қызметтерді тұтынушыларды табыс, жас мөлшері, жынысы және қызығушылығы бойынша нақты категорияларға бөліп тастауға болмайды, мұны тек жобалап жасауға болады. Мысалы, кейбір жұмысшылар табысы біршама жоғары болуы мүмкін, бірақ олардың демалыс қажеттіліктері әкімшілік жұмыскерлер немесе ірі бизнесмендердің қажеттіліктерінен өзге болуы мүмкін. Солай бола тұра клиент қызығушылығын ескере отырып өз бағдарламаларын жоспарлауға міндетті аниматорлар кез келген талғамға сәйкес бағдарлама жасау үшін қонақтар мен клиенттерді дұрыс класссификациялап білуі керек.

Туристердің көңілінен шығуы үшін аниматорлар өз тұтынушысы туралы көп білуі қажет. Студентке ұсынуға болатын нәрсе қарт адамдардың көңілінен шығуы бірталай немесе экстремал туристер үшін жасалған шаралар күн астында жатып демалғысы келетіндерді қуанта қоймас. Туристер демалысқа аз уақытқа келеді, сондықтан олар туралы көп біле қою қиындау болып табылады, бірақ бұл жағдайдан шығу жолы бар, егер:

  • қызмет көрсетудің барлық сатысында (жолдауды жасау кезінде, қонақ үйге орналастыру және аниматормен қарым-қатынас жасау кезінде) туристер туралы ақпарат (жасы, жынысы, ұлты, белсенділік дәрежәсі, демалыстың сүйікті түрлері) жинау;

  • Бағдарламаларды дұрыс таңдау үшін туристерді және олардың демалысының мотивациясын классификацилай білу;

  • Туристердің әр түрлі категориялары мен қызығушылушылықтарына сәйкес келетін бағдарламалардың көптүрлілігі.

Туристерді классификациялаудың бірнеше түрлері бар. Көп кездесетіндері жынысы, жасы, табыс деңгейі, білім деңгейі және этникасы бойынша классификациялау болып табылады.