- •2 Дәріс Орта ғАсырлаРдағы үнді әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •5Дәріс Ортағасырлық араб әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •6 Дәріс Орта ғасырлардағы парсы-тәжік әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •9 Дәріс Неміс, голланд, француз әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •10 Дәріс хvіі ғасырдағы Еуропа әдебиеті
- •11 Дәріс XVIII ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •13 Дәріс. XIX ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
- •Қысқаша мазмұны
- •15 Дәріс XX ғасырдағы шығыс елдерінің әдебиеті
- •Қысқаша мазмұны
ҚЫСҚАША ДӘРІСТЕР МАЗМҰНЫ
1 дәріс Кіріспе
Қаралатын мәселе Орта ғасырлар әдебиеті қалыптасуының тарихи-мәдени факторлары. Орта ғасыр дәуірінің жаңа мәдени аймақтары. Орта ғасыр әдебиетінің қалыптасуында діннің алатын орны. Орта ғасыр дәуіріндегі әдеби байланыстар. Орта ғасыр әдебиетінің түрлері мен жанрлары. Ерте орта ғасырдағы клерикалды әдебиеттің жалпы сипаты. Оның негізгі жанрлары. Сарай әдебиетінің жалпы сипаты.
Қысқаша мазмұны
Орта ғасыр дәуірінде әлем әдебиеті дамудың жаңа кезеңін бастан кешірген болатын. Бұл құбылыс Еуропа, Азия мен Солтүстік Африкада құлиеленушілік құрылыстың ыдырап, толық жойылғанынан кейін өндірудің феодалдық тәсілінің пайда болуы мен оның даму кезінде жүреді. Осы кезде құлиеленушілікті білмеген «жабайы» халықтар да феодлизмге өткен болатын, бірақ олар феодализмге бірден алғашқы қауымдық құрылыстың құлауынан кейін өтеді. Ирландия мен Испаниядан бастап Индонезия мен Жапон аралдарына дейінгі алып географиялық бытыраңқылық пен уақыт аралығына қарамастан, өндірудің феодалдық тәсілі және онымен байланысты идеологиялық, саяси және мәдени институттар ежелгі әлем әдебиетінің негізгі тірегі болады.
2 Дәріс Орта ғАсырлаРдағы үнді әдебиеті
Қаралатын мәселе Үнді әдебиетінің ерекше тұстары. Классикалық санскрит әдебиетіндегі дәстүрлі эстетикалық канондар.Санскрит әдебиетінің негізгі жанрлары.
Жаңа үнді әдебиетінің ерекшеліктері.
Қысқаша мазмұны
Ежелгі дәуірдің соңғы кезеңдеріндегі ескі әдеби-тарихи аймақтардың жойылып, жаңа аймақтардың пайда болу кезінде үнді әдебиеті (нақтырақ айтсақ, қазіргі таңда тәуелсіз Үндістан, Пакистан, Непал мен Бангладеш орналасқан Үндістан субконтинентінде өмір сүрген халықтар әдебиеті) жеке әдеби аймақ ретінде бөліне бастады. Сол уақытта үнді әдебиетінің өзінде сараланған тенденциялар етек алады. Солтүстік Үндістанда басым рөлге ие болған санскриттік әдебиетпен қатар, оңтүстік аймақтарда біздің заманымыздың алғашқы кезеңдерінде-ақ тамиль әдебиетінің әсері күшее түсіп,
І мыңж. II жартысынан бастап алғашында дравид, кейін үндіария тілінде көптеген жаңа үнді әдебиеттер пайда бола бастайды. Сондықтан да орта ғасыр дәуіріне қатысты көптеген ұқсастықтарымен қоса, айтарлықтай айырмашылықтары да бар үнді әдебиеттері туралы айтып кетуіміз қажет. Бұл әдебиеттер әр кез бірқалыпты дами қоймағанымен, бір-бірімен тығыз байланысқа түсе отырып, тарихи болмысы жағынан ұқсастыққа ие болған.
3дәріс. Ортағасырлық қытай әдебиеті
Қаралатын мәселе.
Конфуций ілімінің қытай әдебиетінде алатын орны. Қытай поэзиясында «дүниеден безіну» ұғымы. Тан әулеті тұсындағы ұлы ақындар. Сун әулеті тұсындағы поэзия. Қытай прозасының даму жолдары
Қысқаша мазмұны
III-XIII ғ. аралығын қамтитын уақыт кезеңіне көршілес жатқан Қытай, Корей, Жапон, Вьетнам сияқты Шығыс Азия халықтары арасындағы мәдени, нақтырақ айтсақ, әдеби байланыстар тән. Батыс елдерінің тарихында грек және рим мәдениеті қаншалықты маңызға ие болса, Корей, Жапон, Вьетнам халықтарының өмірінде де ежелгі Қытай мәдениеті соншалықты маңызға ие. Қытай тарихы мен поэзиясы Шығыс елдеріндегі осы халықтардың ортақ мақтанышы мен жетістігіне айналады.
Бұл халықтардың мәдениетін Қытайдан осы елдерге әр түрлі уақыт аралығында келген иероглифтік жазу біріктіреді. Мысалы, Кореяға б.з. І ғ. бастап келген Хамнун, б.з. V ғ. корей халқы арқылы Жапонияға келген камбун, Х ғ. бастау алған әлемге танымал вьетнам поэзиясын атап өтсек болады. Бұл халықтардың тарих және поэзия саласындағы алғашқы жазу ескерткіштері де иероглифпен жазылған деп есептелінеді.
4 дәріс. Орта ғасырлардағы жапон, корей және вьетнам әдебиеттері
Қаралатын мәселе
Корей поэзиясының тақырыптық аясы. Жапон поэзиясының ұлттық антологиясы «Манъесюге» тоқталыңыз. Ли-Чан дәуіріндегі вьетнам әдебиеті. Жапон прозасындағы «моногатари» жанры.
Қысқаша мазмұны
Шығыс Азия елдерінің арасында иероглиф жазуы әдеби шығармашылықта алғаш рет Кореяда Когурё, Пэкче және Силла мемлекеттіктері тұсында қабылданады. Кореяның ханмун тіліндегі жеке әдебиеті ежелгі Қытай әдебиетінің жалғасы болады.
Ең ежелдегі корей әдебиеті де бізге жетпеген (тек б.з. I ғ. жалғыз төрт шумақ өлең ғана). Алғашқы корейлік жазбалар саналатын хянга өлеңдері VI-VII ғ. жатса, корей поэзиясының тарихында осы күнге дейін өз маңыздылығын жоймаған IX ғ. өмір сүрген ақын Чхва Чхивонның ханмун жазуымен жазылған өлеңдері кейінгі уақытта да пейзаждық лириканың дамуына әсер етеді.
Нағыз корейлік жазу XV ғ. ортасында ғана құрылған. Сондықтан X-XII ғ. біз білетін ханмун жазуындағы поэзиямен қатар басқа да поэзия болған деп пайымдаймыз. Осы дәуірде Чон Джисан (XII ғ.), Ким Бусик (XI-XII ғ.) секілді ақындар жазған өлеңдерден феодалдық қоғамдағы Кореяның өмірі мен ғалым-әдебиетшілердің конфуций, буддизм, даосизм бағытындағы көңіл-күйін көре аламыз. Уақыт ағымымен бірге корей поэзиясының тақырыптық ауқымы да кеңейе түседі. XIII ғ. моңғол шапқыншылығы Корея жерінде даостық ойдың тууына және тақуашылдыққа әкеп соқтырғаны да поэзияда көрініс тапбады