Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhOZh_darys_ZU.docx
Скачиваний:
144
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
102.7 Кб
Скачать

Дала ізденіс жўмыстары

Жобалалауға жердің зерттелулігінің керекті дәрежесіне байланысты далалық ізденіс жұмыстары жерге орналастыру жұмыстары жұргізілетін жерді түгел немесе жартылай қамтиды.

Дала ізденіс процессі мына жұмыстардан тұрады:

  • Шекаралардың және межелік белгілердің сақталуы; жер меншігінің және жер пайдаланудың құқықтық, жерді есепке алу және пландық-картографиялық құжаттарға сәйкес келуі.

  • Жерге орналастыру қамтытын жерлердің топырағы, рельефі, өсетін өсімдіктер, өндірісте қолданылуының жиналған материалдарға сәйкес келуі тексеріледі, топырақтың құнарлығы және а/ш пайдаланулардың (угодий) өнімділігі анықталады.

  • Елді мекендер және шаруашылық орталықтардың, су қамтамасыздай, негізгі жолдар, ғимараттар жер бетінде тексеріледі.

  • Жерге орналастыру қамтитын жер массивтерінің мекенді елдермен, шаруашылық орталықтарымен, үлкен жолдармен, су көздерімен байланыстарын байқау, тексеру.

  • Басқа иеге немесе пайдаланушыға тапсырылатын жердегі құрылысының және ғимараттың, көпжылдық өсімдіктердің және бітпеген өндірістің (жыртылу, тыңайтқыш беру, себу және т.б.) бағасы анықталады.

  • Мџдделі жер иелері мен жер пайдаланушылардыњ тілектері мен џсыныстарын біліп тоѓайындау (оформление).

Дала ізденісінің нәтижелері әр жер иесі және жер пайдалануы бойынша актіленеді, оған ізденіс сызбасы қосылады. Камералдық және даладық ізденіс жұмыстарының нәтижелері бойынша ш.а.ж орналастыру жобасын жасауға әзірленген пландық негіз қалып, жобалау жұмыстары қамтитын жер иелері мен жер пайдаланушылардың әрқайсысы бойынша жерлерінің экспликациясы дайындалады.

Жерге орналастыруда жобаларды дұрыс негіздеу және жылдам жүзеге асару мақсатымен, басқаша айтқанда, жоғары экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тиімділікке барынша тез жету үшін, осы заңдарды жан-жақты ескеру қажет. Салааралық және шаруашылық аралық жерге орналастыруды жүргізгенде оларға қатысты объектілердің макроэкономикалық күйін, салалар мен шаруашылықтардың мүдделерін, сонымен қатар нақты экономикалық жағдайларын зерттеу қажеттілігі туындайды.

Экономикалық жағдайлардың арасында, негізінен ішкішаруашылық және учаскелік жерге орналастыруда ескерілетіндеріне, мынадайлар жатады:

  1. жер алқаптарының құрамы мен аудандары, оларды әр түрлі маңсаттарға игеру мүмкіншіліктері;

  2. жалпы өнімге, шығындардың өтелуіне және дифференциалдық табысқа қарай, құндық немесе аналитикалық (балдық) көрсеткіштер арқылы жер сапасының өндіргіш қасиеттерін бағалау;

  3. серіктестіктер мен кооперативтердің, шаруа қожалықтары мен басқа да агроқұрылымдардың мамандандырылғандығы (өндірістік бағыттары), шаруашылықаралық және интеграциялық байланыстары, нарықтық инфрақұрылымдары мен өнім тапсыру және жабдықталу пунктерінің орналасуы;

  4. ауылшаруашылық кәсіпорындары мен бірлестіктердің шаруашылық жүргізу жүйесі және әкономикалық нөтижелері, салаларының көлемі мен құрылымы, егіншілік жүйелері мен егістік аудан- дары, өндірістік және қаржы көрсеткіштері (егіншілік жөне мал шаруашылығы бойынша), а.ш. дақылдарының түсімділігі мен алқаптарының өнімділігі, жалпы өнімі мен табысы, кірістері мен өндірістің рентабельділігі;

  5. шаруашылықтардың ұйымдастырылған - өндірістік құрылымы, еңбектің ұйымдастырылу деңгейі;

  6. кәсіпорындардың еңбек ресурстарымен, а.ш. техникасымен, өндірістік қорларымен қамсыздандырылғандығы және еңбектің энергиямен қаруландырылғандығы;

7) шаруашылықтардың ақшалай қорлары, алынған несиелері, күрделі қаржы жұмсау және несие беру мүмкіндіктері.

Шаруашылықтың іс жүзіндегі жер алқаптарының құрамы мен аудандары оның өндірістік бағытын, мамандандырылғандығын және салаларының үйлесімін себептейді. Мысалы, жыртылған жердің үлес салмағы жоғары болса - астық өндіруге, табиғи жайылымдардың молшылығы - қой шаруашылыгын жүргізуге қолайлы жағдай жасайды. Айтарлықтай кең ауданды шабындықтары мен жайылымдары бар шаруашылықтарда басты назар осылардың өнімділігін арттыру, территорияларын реттестіру мәселелеріне аударылады. Керісінше, мал азығы алқаптары шамалы кәсіпорындар мал азығын өндіру жыртылған жерге ауыстырылып, көк азық конвейері ұйымдастырылады, арнайы мал азығы ауыспалы егістері енгізіліп, осы мақсатпен жұмысшы учаскелері мен суармалы жайылымдар жобаланады. Осымен қатар трансформацияға жарамды учаскелер белгіленіп, шаруашылықтың мелиоративтік қоры жасалады.

Бақылау сұрақтары:

1. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру түсінігі, мақсаты және міндеті.

2. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру мен егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі арасында қандай байланыс бар?

3. Ішкі шаруашылық жерге орналастыруды жобалау мазмұны, оның құрам бөліктері мен элементтері.

4. Шаруашылықтың келешектегі даму жоспарымен ІШЖО өзара байланысын сипаттаңыз.

5. ІШЖО жобасы варианттарын салыстырғанда қандай технико-экономикалық көрсеткіштер қолданылады?