Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ZhOZh_darys_ZU.docx
Скачиваний:
144
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
102.7 Кб
Скачать

3.2 Жеке меншік және жер пайдалану түсінігі және түрлері

Қазақстан Республикасының Жер кодексі бойынша жер пайдаланушылық (жер иеленушінің) қоғамдық немесе жеке меншік болуы мумкін. Біріншісіне совхоз, колхоз, кооператив, сонымен қатар көптеген ауылшаруашылық емес кеәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жер пайдаланушылықтары жатады. Жеке меншік жер иеленушінің республикада жаңа бой алып келе жатқан жер пайдалану формаларының 6ipi. Бұларға алдымен шаруа шаруашылықтарының жер иеленушіліктері жатады. Келешекте тағы да осы жер пайдалану формасында негізделген, көптеген жер иеленушшіктердің турлері пайда болуы оптимал. Осымен қатар жер пайдаланушылықтар мен жер иеленушіліктер мақсатына қарай ауылшарушылық және ауылшаруашылық еместерше бөлінеді. Біріншілеріне ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың (шаруа шаруашылықтары, совхоздар мен колхоздар, оку-тәжірибе шаруашылықтары т.б.) жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары жатады. Ал, ауылшаруашылық еместері транспорт, өнеркісіп, елді мекендер, орман, су шаруашылықтары мен кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарын қамтиды. Сонымен 6ipгe 6ip категорияға тарихи-мәдени және рекреация мақсатындағы жерлер жатады.

Уақыт аспектісінде жер пайдаланушылықтардың мерзімсіз және уақытша түрлері болады. Сонғысы ұзақ мерзімдісі мен қысқа мерзімдісше бөлінеді.

Жерге орналастырудың мазмүны құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру-техникалық шаралар жүйесі болып табылатын жер реформасының жүзеге асырылуымен тығыз байланысты. Соңғы өткен он жылдықта жерге орналастыру жер реформасымен байланысты жүргізілді және шаруашылық жүргізудің көп түрлі формалары дамыды. Соңғысы нарықтық жағдайлардағы жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың мүлде жаңа құрамын қамтамасыз етуге тиісті. Осыны жүзеге асыру барысында жерге орналастыру ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес мақсатындағы жаңа және бұрыннан бар жер иелеушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құру және жетілдіру жөніндегі жобаларды жасаумен айналысады.

Жер қатынастарын түбегейлі өзгерту қажеттілігі нарықтық экономиканың туындап, дамуымен себептеліп отыр. Елімізде жерге мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең дәрежеде қорғалады. Меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар.

Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып танылады. Жер пайдалану құқығы бұл жер учаскесіне неліктен шығару құқығынсыз (сату, сыйға тарту және с.с) түрлі нысандарда пайда алу үшін жалдау шарты негізінде билік ету (иелену және пайдалану) мүмкіндігі. Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иеліктен алынатын немесе алынбайтын, ақы төлеп немесе өтеусіз алынатын болуы мүмкін.

Жер пайдаланушылар: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ұлттық және шетелдік, жеке және заңды тұлғалар, тұрақты және уақытша, бастапқы және кейінгі болып бөлінеді.

Сонымен бірге оған жергілікті әкімшіліктің арнайы жер қорын қалыптастыру, осы қордан жаңа ШФҚ мен ӨК құруға, ЖМ(Қ)Ш кеңейтуге жер бөліп беру міндеттері жүктелген. Жерді бөліп беру, тарату, елді мекендердің шептерін белгілеу, олардың жер шаруашы-лықтарын реттестіру, жер учаскелерін иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін қүжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу жөніндегі іс-қимылдар да жерге орналастыру міндеттерівде қамтылған. Аталған күрделі жобалау жұмыстарын жүргізу, аналитикалық және есептеу міндеттерін орындау, жерді пайдалану, жаңсарту жөне қорғау жөніндегі республикалық, облыстық және аймақтық схема-болжаулар мен бағдарламалардың негізінде жүзеге асырылады. Бұл болжау және жобалау құжаттарында республиканың, облыстардың, аудандардың өндірістік күштерінің 15-20 жылдың ішінде орналасуы мен дамуының негізгі бағыттары қамтылуга тиісті.

Жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар- өндірісті аумақтық ұйымдастырудың негізі, кеңістік, экологиялық, табиғи-климаттық, технико-экономикалық жағдайымен сипатталады.

Кеңістік жағдайына жатады: орналасқан орны, өлшемі, алқап түрлерінің орналасуы, учаске конфигурациясы, сыртқы шекараларының орналасуы және ұзақтығы және т.б.

Табиғи-климаттық және экологиялық жағдайларына жатады: орналасу аймағы, топырақ жамылғысы, өсімдік жамылғысы, жер бедері, гидрографиясы, су көздерінің орналасуы, ландшафты, температура режимі, жауын- шашын мөлшері,жел бағыты және күші.

Технико-экономикалық жағдайларына жатады: сыртқы байланыс пункттеріне орташа арақашықтық, шаруашылықтық ықшамдылығы, учаскенің мақсатты міндет атқаруы, алқаптар құрамы мен қатынасы, өндіріс өрталықтарының орналасуы,саны және жағдайы, инфраструктураларыдың бар болуы және жағдайы.

Соңғы уақытта ауылды елді мекендердің, поселкелердің және қалалардың жер шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобалардың сонылылығы едәуір артуда. Бұндай жобалар урбанизацияланған территориялардың пайдалану тиімділігін жоғарлатуға, қалалар мен басқа елді мекендерде, оларды ары қарай дамытуга қажетті, жер аудандарын іздестіруге бағытталган. Қарастырып отырған жоба-лардың елді мекендерге қатыстыларында, аса маңызды, оларга соңғы жылдары бөлініп берілген орасан зор көлемді ауылшаруашылық, әсіресе мал азығы алқаптарының, дұрыс пайдалануын ұйымдастыруды ескерген.

Осымен қатар жерге орналастыру тақырыбына табигат қоргау, рекреациялық жөне қорықтық тәртіптегі айрықша қорғалудағы территорияларды реттестіру және межелерін белгілеу жатады. Басқаша айтқанда, қорықтар мен мәдени зоналарда, сонымён бірге экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтарда жердің орынды пайдалануын ұйымдастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Қоғамдық өндірістегі жердің ролі және мәніне сипаттама беріңіз.

2. Жер санаттарын атаңыз?

3. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге қандай жерлер жатадыжәне оның жер қорындағы үлесі?

3. Орма қорына қандай жерлер жатқызылады?

4.Жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға түсінік беріңіз?

5. Жер пайдаланушылар түрлері.

6. Қандай жер пайдаланушылар бастапқы және кейінгі болады?

7. Жер пайдаланудың кеңістік жағдайына нелер жатады?

8. Жер пайдаланудың табиғи-климаттық жағдайна мысалдар келтіріңіз?

МОДУЛЬ 2. ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ.

4. Дәріс. ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

Бұл тақырыпта шаруашылық аралық жерге орналастыру, шаруашылық жерін орналастыру және учаскелік жерге орналастыру жобаларына қойылатын талаптар, олардың орындалу тәсілдері мен әдістері, жағдайлары, жобаны құру және негіздеудің нақты әдісі келтіріледі. Бұнда жерге орналастыруды жобалаудың жалпы әдістемелік негізі, ал нақты жоба алды дайындық мәселелері, жобалар классфикасы, жобалау кезеңі,жобалық мәселелерді шешу әдісі және экономикалық негіздеу қарастырылады.