Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11,20.docx
Скачиваний:
62
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
40.64 Кб
Скачать

19 . Ф. Бэконның индуктивті әдісі және «идолдар» туралы ілімінің мәнін ашып көрсетіңіз.

Фрэнсис Бэкон - ағылшын философы,ғылыми зерттеудің тәжірибеге сүйенген методологиясын ұсынған. Эмпиристік бағыттың негізін салушы. «Білім - күш» деген қанатты сөз айтқан. Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида». Бэконның философиялық идеясының – эмпиризмнің мәні: таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығында. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Фр.Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды. Индукция – көптеген жеке құбылыстарды жалпылау негізінде жалпы қорытынды жасау деп түсіндіреді Фр.Бэкон. Индукция әдісін Бэкон Декарт ұсынған дедукция әдісіне қарсы қойды. Бэкон пікірінше, индукция әдісінің дедукция әдісінен артықшылығы – мүмкіндіктердің ұлғайуы мен таным процесінің кішіреюінде. Индукцияның кемшілігі – оның түпкілікті айқын болмауы, болжамдық сипаты. Адамзаттың білімнің барлық салаларында барынша көп тәжірибе жинауы – индукцияның басты кемшілігін жою жолы деп түсінді Бэкон. Танымның басты әдісі – индукция деп анықтап берген философ таным әрекеті іске асатын нақты жолдарды көрсеті. Олар: өрмекші жолы, құмырсқа жолы, ара жолы. «Өрмекші жолы» - «таза ақылдан» рационалистік жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді. «Құмырсқа жолы» - тек қана тәжірибеге сүйеніп білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм. Бұл әдіс те біржақты. «Таза эмпириктер» өз назарын практикалық тәжірибеге аударып, білімнің сыртқы көрінісін ғана көріп, мәселені ішінен көре алмайды. «Ара жолы» - танымның ең дұрыс жолы. Осы жолды ұстаған зерттеуші философ өрмекші жолы мен құмырсқа жолдарының жақсы жақтарын алып, олардық кемшіліктерінен арылады.

Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай адамзатың ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді. Ол себептерді Бэкон «идолдар» (елестер) деп атап, 4 түрге бөлді:

1. тектік елестер 2. үңгір елесте 3. базар елестері 4. театр елесі

Тектік және үңгір елестері – дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары. «Тектік елестер» - танымның адам мәдениеті «сүзгісінен» өтіп барып іске асатынын сондықтан таным нәтижесіне әсер етіп, білімнің ақиқатығын төмендететінін білдіреді. «Үңгір елесінің» мәні – нақты адамның тұлғасының таным процесіне әсері, нәтижесінде адамның бұған дейінгі сенім нанымдары, қағидалары – таным нәтижесінде көрініс беретіндігі. Базар-театр елестері – жүре пайда болған адасушылықтар. Базар елестері – тілдегі, ұғымдық аппараттағы сөздерді, анықтамаларды дұрыс қолданбаудан туатын адасушылық. Театр елестері – таным процесіне сол кездегі таным процесінің әсері. Көп жағдайда ескі философия танымды дұрыс бағыттан кері бұрып, жаңа мүмкіндіктерге кедергі жасайды. Осылайша, танымның 4 түрлі негізгі кедергілерін зерттей отырып, Бэкон аталған «елестерден» барынша алшақ жүріп, олардың ықпалынан жоғары болып, «таза білімге» ұмтылуға кеңес береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]