Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11,20.docx
Скачиваний:
63
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
40.64 Кб
Скачать

20. И. Кант философиясына тиесілі негізгі категорияларға анықтама беріңіз.

Неміс классикалық философиясы XVIII ғ соңы мен XIX ғ бірінші жартысында кең тарады. Оның негізін сол заманның 5 көрнекті неміс философтарының творчествосы құрады: Иммануил Кант(1724-1804), Иоганн Фихте(1762-1814), Фридрих Шеллинг(1775-1854), Георг Гегель(1770-1831), Людвиг Лейбниц(1804-1872).

Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Ой еңбегіне арналған өмірін өзі дүниеге келген Кенисберг (қазіргі Калининград) қаласында өткізген. Оның философиясының негізгі мәселесі – табиғат, дүние, қоғам емес, субъектінің танымдық қызметі. адамның ақыл-ойының мумкіндіктерінің шекарасын анықтау. Яғни, онтологияның орнын гносеология, субъектінің танымдық қабілеттерін сыни сараптау алмастырды. И. Кант еңбектерінің тарихын 2 кезеңге бөліп қарастыру қабылданған:

Сынға дейінгі (XVIII ғ. 70 жж. дейін);

Сыни (критический)- XVIII ғ. 70 жж.-1804 ж. дейін.

Сыншылдық кезеңі – Кант философиясынан басталады. «Таза ақылға сын», «Практикалық ақылға сын», «Пайымдау қабілетіне сын» атты еңбектері белгілі. Ол ақыл-ойдың өмірдегі мәнін анықтауға ұмтылды, оны таным теориясының шеңберінен шығарып, практикалық ақыл-ойдың адамгершілік заңдарын қалыптастырудағы рөлін көрсетті. Канттың осы соңғы ұстанымы оның адам туралы философиясынан айқын көрінеді. Ол өзінің философиясы туралы: «адамға аса қажет білім болса, ол мен оқытып отырған, адамға дүниеден өз орнын табуға көмек-тесетін ғылым және одан адам болу үшін не істеуді үйренуге болады»,--деп жазған болатын. Философиясы қаншалықты адамгершілікке толы болса, Канттың өзі де соншалықты кіршіксіз, қиянатсыз өмір сүрді. Қарсыластары парыз идеясын абстрактылық идея деп санағанмен, оның бұл философиясының оның замандастарына, өзінен кейінгі философиялық ағымдарға әсері мықты болды. М.Әуезовтің өзі: «Канттан бергі философия көзгетүсерлік жол тауып кете алған жоқ»,- деп. оның философиясын үлкен көрегендікпен өте жоғары бағалаған еді. Осы сөздердің маңызы қазіргі заманда арта түсіп отыр десек, қателеспейміз. Қорыта айтсақ, Кант өзіне дейінгі Жаңа Дәуір философтарының ішіндегі еркіндік, әсіресе, ақыл-парасат еркіндігі идеяларын әрі-қарай дамытты. Сонымен қоса, Кант таным әрекетінің нәтижесі ретінде білімді жіктеп, 3-ке бөледі:

апостериорлық білім;

априорлық білім;

“өзіндік зат”.

Канттың философиядағы үлесі - категориялар туралы ілім болды(categ-грекше высказывание). Категориялар-бұл тіршілікті сипаттауға, түсіндіруге болатын барынша жалпы ұғымдар. Яғни, қоршаған ортада осы категорияға енбейтін, осы белгілерге, сипаттарға ие емес заттар мен құбылыс жоқ. Кант тұжырымдаған категориялар саны 12 және оларды философ үш-үштен 4 класқа бөліп жіктейді. Ол кластар: сан, сапа,қатынас,модальдылық.

Яғни дүниедегінің бәрі санаға,сапаға,қатынасқа және модальдылыққа ие.

Категориялар:

Сан - даралық, көртік, тұтастық

Сапа - реалдылық,терістеу,шектеу

Қатынас - субстанционалдық(присущность) және акциденция, себеп пен салдар, өзара әрекеттесу

Модальдылық - мүмкіндік пен мүмкінсіздік,мүмкін есемтік,тіршілік пен бейбітшілік,қажеттілік пен кездейсоқтық.

Кант философиясының тарихи мәні:

Адам ақылының тану қабілетінің шегі туралы идея тұжырымдалды;

Ойлау негізін қалайтын барынша жалпы ұғымдар 12 категория негізделді;

Әрбір жеке қоғамдағы және халықаралық қатынастардағы демократия мен құқықтық қатынастар туралы идея ұсынылды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]