Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
elmeri.docx
Скачиваний:
60
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
297.6 Кб
Скачать
  1. Әдеби шолу

    1. Қазақстан Республикасы мен шетел кәсіпорындарындағы кәсіби аурулардың жағдайы

Жұмыс істейтін халықтың денсаулығы – бұл елдің стратегиялық мәселесі және ұлттық қауіпсіздік факторы. Мемлекеттің экономикалық жағынан өсуі ондағы халықтың денсаулығын нығайтумен қатар жүргізілуі тиіс. Мұнымен бірге бір жағынан, мемлекет рөлі, екінші жағынан – жұмыс беруші тарапынан жауапкершілікті түсінудің күшейтілуі тиіс. Елдің әлеуметтік саясатындағы негізгі міндеттердің бірі халықтың кәсіби денсаулығы мен кәсіби ұзақ жылдылығын сақтау болып табылады [1].

Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығының мәліметтері бойынша 2005 жылы республикада кәсіби аурулардың 440 оқиғасы, 2006 жылы 487 оқиғасы, 2007 жылы 545 оқиғасы тіркелсе, 2008 жылы 549 оқиға тіркелді. 2009 жылы бұл көрсеткіш 635-ке жетіп, ең жоғарғы көрсеткіштер Қарағанды (326) және Шығыс Қазақстан облыстарының (263 оқиға) еншісінде [30]. Бұл аудандарда Қазақстан Республикасындағы тау-кен, көмір өнеркәсіптерінің үлесі жоғары болғандықтан, кәсіби аурулардың көрсеткіштері де жоғары болып отыр. Сонымен қатар кәсіби патология Атырау облысында анықталмай отыр. Бірақ бұл ауданда зиянды және қауіпті жағдайларда 46 454 адам жұмыс істеуде [6]. Бұл республика бойынша зиянды және қауіпті жағдайда жұмыс істеушілердің ең жоғарғы көрсеткіші.

Жалпы республикада халықтың 12 %-ы зиянды және қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейді. Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығының мәліметтері бойынша Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде 4 903 кәсіби аурулардың бірінші рет қабылданған жағдайы тіркелген. Көп жағдайда кәсіби жұмысқа қабілеттілікті жоғалту дәрежесі ғана тағайындалған. Бірақ кәсіби аурулардың тіркелген дәрежесі қазіргі Қазақстандағы еңбек жағдайына сәйкес емес.

Халықты әлеуметтік қорғау және бақылау комитетінің төрағасы Серикқали Бисақаевтың мәліметтеріне жүгінетін болсақ, елімізде 100 000 адамға шаққанда кәсіби аурудың 6,1 жағдайы тіркелген. Еуропа елдеріндегі көрсеткіштер Қазақстанға қарағанда анағұрлым жоғары. Германияда дәл осы көрсеткіш 32 жағдайды құрайды, Жапонияда – 39,2, ал Америка Құрама Штаттарында бұл көрсеткіш 68,8-ге жетіп отыр.

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда кәсіби аурудың жоғары көрсеткіштері тау-кен өнеркәсібінде – 64 %, көмір өнеркәсібінде – 19 %, металлургияда – 10,7 %, химия өнеркәсібінде – 2,6 %,мұнай-газ өнеркәсібінде – 2,1% болып отыр [34].

2009 жылдың мәліметтері бойынша кәсіби патология құрылымында бірінші орынды денеге түсетін жүктемелер мен жекелеген органдар мен жүйелердің зорығуымен байланысты аурулар (55,71%), екінші орынды – (34%), өндірістік аэрозольдардың әсер етуінен болатын аурулар (29,20%), үшінші орынды – физикалық факторлардың әсер етуімен байланысты аурулар (9,21%), төртінші орынды – химиялық факторлардың әсер етуінен пайда болатын аурулар (3,02%) алады. Биологиялық факторлардың әсер етуімен байланысты аурулар – 1,43%-ын, өндірістік аллергендердің әсерінен пайда болатын аурулар аурулардың 1,27%-ын құрайды. Ең соңғы орынды жаңа түзілімдер алып отыр, ол 0,16% құрайды [1]. Кәсіби ауруға шалдығушылықтың тіркелген деңгейі шынайы жағдайды бейнелемейді және заманауи Қазақстандағы еңбек жағдайларының жай-күйіне сәйкес емес.

Статистикалық мәліметтерге қарағанда, елімізде кәсіби аурулардың ішінде кәсіби демікпе, екі жақты нейросенсорлы құлақ мүкістігі және омыртқааралық шығырлардың зақымдануы сияқты ауру түрлері көп тіркеліп отыр. Өндіріс орнынан 189 адам – демікпеге, 145 адам омыртқа ауруына шалдыққан, 108 адамның құлағы естімей қалғаны анықталған. Өндірістен ауру тапқан­дардың дені – 40 пен 60 жас аралы­ғындағы кәсіби біліктілігі бар, алғашқы кезекте қызмет ететін жұмысшылар. Осындай кәсіби аурулардың салдары­нан 661 адам қайтыс болған.

Егер Еуропадағы статистикаға жүгінетін болсақ, ол жақта әрбір 3,5 минут сайын бір адам қызметтік міндеттерді орындауға байланысты көз жұмады. Тұтастай алғанда, Еуроодақта бір жыл ішінде кәсіби аурулар көрсетілген диагноздармен 142 400 адам қайтыс болады. Оның ішінде өлімге әкеп соғатын аурулардың үштен бірі жұмыс істеушілердің химиялық заттектермен істес болуынан туындаған. Еуропадағы барлық жұмысшының үштен бірі (60 миллионнан астам) жұмыс орнында болған уақытының төрттен бірінен астамында жоғары шудың әсеріне ұшырайды және әрбір төртінші жұмысшы кәсіптік қызмет кезінде психикалық ширығушылыққа душар болады [2].

Халықаралық Еңбек Ұйымының мәліметтері бойынша әлемде өндірісте жыл сайын 270 млн-ға жуық жазатайым оқиғалар тіркеледі. 160 млн азаматта кәсіби ауру айқындалады. 2 млн 200 мың адам өндірісте қаза болады. Әлемдік экономиканың шығыны триллион долларды құрайды екен.

    1. Кәсіби аурулар және олардың жіктелуі

Кәсіби аурулар – бұл бірден немесе ұзақ уақыт бойы организмге зиянды еңбек жағдайының әсер етуі нәтижесінде жұмысшылардың денсаулығына келтірілген қауіп болып табылады. Олар адам организміне кәсіби зияндылықтардың әсер етуінен пайда болады.

Кәсіби аурулар жіктелулері толық жасалмаған, себебі олардың клиникалық көріністері көп формалы болып келеді және  көптеген ағзалар мен жүйелердің өзгерістерімен сипатталады. Алайда кейбір кәсіби аурулар түрлерінде басым зақымданатын ағзалар мен жүйелері болады, мысалы тыныс, қан, жүйке, тірек-қимыл аппараты, есту мен көру ағзалары, т.б.

Дегенмен, кәсіби аурулардың жіктелулері толық жасалмаса да, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кәсіби ауруларды этиологиялық белгісі бойынша 7 топқа жүйелейді: химиялық факторлар әсері; өнеркәсіптік аэрозольдер әсері; физикалық факторлар әсері; жеке органдар мен жүйелер зорығуы мен физикалық жүктемеге байланысты; биологиялық факторлар әсері; аллергиялық аурулар; жаңа түзілімдер.

  1. Химиялық факторлардың әсерінен туындаған аурулар: өткір және созылмалы интоксикациялар, тері аурулары.

  2. Өнеркәсіптік аэрозольдердің әсерінен туындайтын аурулар: пневмокониоз, силикоз, биссиноз, кәсіби бронхит, эмфизема, жоғарғы тыныс алу жолдарының күрт дистрофикалық аурулары.

  3. Физикалық факторлардың әсерінен туындайтын аурулар: вибрациялық ауру, иондайтын және иондамайтын сәулелену, лазерлік сәулелену, нейросенсорлық кереңдік, электроофтальмия, катаракта, декомпрессионалдық ауру және оның салдары, қызу, тоңазу т.б.

  4. Жеке органдар мен жүйелердің зорығуы және физикалық жүктемеге байланысты аурулар: невроздар, радикулиттер, тірек қимыл аппаратының аурулары және т.б.

  5. Биологиялық факторларының әсерінен туындайтын аурулар: инфекциялық және паразиттік аурулар, жұмыс кезінде жұмысшылардың байланыста болатын инфекция біртектілері (туберкулез, вирусты гепатит, қышыма, сифилис және т.б.), терінің ашық бөліктерінің микоздары (саңырауқұлақ тудыратын аурулар), дисбактериоз.

  6. Аллергиялық аурулар: конъюнктивит, ринит, экзема, бронхиалдық астма және т.б.

  7. Жаңа түзілімдер: тері, ауыз қуысы, тыныс алу мүшелерінің ісіктері, бауыр ісігі, асқазан рагы, лейкоз(қан рагы), сүйек ісіктері.

Кәсіби аурудың пайда болу уақытына байланысты кәсіби ауруларды жіті және созылмалы деп бөледі. Жіті кәсіби аурулар және уланулар зиянды және қауіпті өндірістік факторларының ШРШ-ы немесе ШРД артқан жағдайда кенеттен бір рет әсер етудің әсерінен пайда болған аурулар. Екі немесе одан да көп жұмысшы ауырған кәсіби ауруды топтық кәсіби ауру деп атайды. Өндірістік факторлардың шекті рұқсат етілген деңгейі – белгіленген барлық жұмыс стажы кезінде жарақатқа, ауруға немесе адам денсаулығының ауытқушылығына әкелмейтін өндірістік факторлардың деңгейі. Жіті кәсіби аурулар дәнекерлеу жұмыстары кезінде көз жанарының ультракүлгін сәулесімен күйіп қалуы, хлормен, көміртегі оксидімен улануы кезінде болуы мүмкін. Созылмалы кәсіби аурулар (уыттану) зиянды заттардың, қауіпті және қолайсыз өндірістік факторларының ұзақ мерзім әсер ету нәтижесінде пайда болған аурулар. Бұлардың ерекшелігі - аурудың белгілерінің уақыт өте келе көбейе беруі [3].

Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығы – негізгі бейіні еңбек медицинасы, жұмыс істейтін халыққа арнаулы кәсіби патологиялық көмек көрсету мен өнеркәсіптік экология болып табылатын Қазақстан Республикасындағы республикалық деңгейдегі бірден-бір ғылыми-практикалық орталық.

Республика өңірлерімен өзара байланыс жасау үшін орталықтың құрамында Өскемен, Шымкент, Ақтөбе қалаларында үш филиал құрылып, олар 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Төсектік қоры терапевттік және неврологиялық кәсіби бейіндегі 210 орынды құрайды. Орталықта айқын және бастапқы формалардағы кәсіби патологиямен ауыратын адамдарға диагностикалық және емдік қызметтердің толық көлемі көрсетіледі. Ғылыми әлеуеті 25 медицина ғылымдарының докторы мен 18 медицина ғылымдарының кандидатынан құралады.

Денсаулық сақтау үшін кәсіби аурулар осы уақытқа дейін аса маңызды проблема болып қалып отыр. Олар ағзаға өндірістік қолайсыз факторлардың әсер етуі нәтижесінде пайда болады. Клиникалық көріністерінде көбінде ерекшелік белгілер болмайды, науқастың еңбек жағдайлары туралы мәліметтер ғана анықталған патологияны кәсіби аурулар санатына жатқызуға мүмкіндік береді. Олардың тек кейбіреулері ғана өзіндік рентгенологиялық, функциялық, гематологиялық және биохимиялық өзгерістер жағдай жасайтын ерекше белгілік кешенімен сипатталады [1].

      1. Кәсіби аурудың тексеру мен тіркелу реті және нәтижелері бойынша шешім қабылдау

Кез келген қызметкердің өзінде пайда болған кәсіби аурудың зерттелуі кезінде тергеп тексерілуіне қатысуына құқығы бар немесе оның қатысуға мүмкіндігі болмаса, сұранысы бойынша тергеуге сенімді адамы қатыса алады.

Тексеру және тіркеу реті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 23 маусымдағы № 294 бұйрығымен бекітілген.

Жіті кәсіби ауруларды және улану диагнозын азаматтарға амбулаториялық-емханалық және стационарлық, медициналық көмек көрсеткен ұйымдар, ал созылмалы кәсіби ауруларды (улануды) – кәсіби аурулар орталықтары немесе кәсіби аурулар клиникасы анықтайды. Кәсіби аурулар сараптау комиссиясының құрамының жалпы саны 3 адамнан кем болмауы тиіс [8].

Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Орталығының кәсіби аурулар сараптау комиссиясы кәсіби ауру диагнозын анықтау жөніндегі материалды мынадай құжаттар болған кезде 30 күнтізбелік күннің ішінде қарастырады:

  1. Денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы;

  2. Алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулердің мәліметтері, зертханалық және функциялық зерттеулердің нәтижелері көрсетілген медициналық карталардан (амбулаториялық, стационарлық) жан-жақты көшірме;

  3. Тұрғылықты орын эпикриздерінің көшірмелері;

  4. Еңбек жағдайларының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасы;

  5. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат.

Кәсіби ауру мен уланудың диагнозын қою кезінде аурудың клиникалық формаларының ерекшеліктері, әрекеттегі этиологиялық фактор мен орындалатын жұмыстың сипаты, өндірістік орта мен еңбек үдерісінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлары, еңбектің зиянды және қауіпті жағдайларындағы жұмыс өтілі есепке алынуы тиіс. Егер өндірістік ортаны зерттеу жүргізілмесе, онда ол кәсіби аурудың және уланудың диагнозын белгілеуге кедергі бола алмайды, өйткені бұл кезде ғылыми әдебиеттің, модельдеудің мәліметтері, сондай-ақ ұқсас өндірістік жағдайларды салыстыруларды есепке алу қажет. Ауру себептерінде көп факторлылық және олардың ішінде кәсіби фактор орын алған жағдайда ауру кәсіби ауру болып есептелуі тиіс. Күрделі сараптау мәселелерін шешу үшін кәсіби аурулар мен улану диагнозын қарама-қарсы пікірлер орын алғанда Денсаулық сақтау министрлігі арқылы сараптаудың республикалық кәсіби патологиялық тартыс комиссиясы құрылады. Оның құрамында комиссия төрағасы, тұрақты мүшелер (3адамнан кем емес) және комиссияның жауапты секретары болуы қажет [12].

Жіті кәсіби ауру мен уланудың әрбір жағдайына осы ауруды анықтаған немесе осы ауру бар-ау деп күдіктенген дәрігер арқылы жедел хабарлама (№318/Е үлгісіндегі) толтырылады. Хабарлама 12 сағаттың ішінде тиісті аумақтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекетік органының басшысына жіберіледі. Аурудың диагнозы анықталғанда немесе өзгергенде, оны анықтаған медицина ұйымы жаңа шұғыл хабарламаны толтырып, оны 24 сағат ішінде ауру жұмыс істейтін орынның санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органының және ұйымның басшысына жібереді.

Созылмалы кәсіби ауру (улану) туралы алғаш рет анықтағанда хабарлама беру ауруға нақты диагноз қойылғаннан кейінгі 3 күннің ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына немесе ұйымға (жұмыс берушіге) және медициналық ұйымға хабарлама жіберіледі.

Кәсіби аурудың әрбір жағдайы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен арнайы тексеруге жатады. Тексеру барысында мыналар анықталынуы керек:

  1. Кәсіби аурудың (уланудың) мән-жайы мен пайда болу себептерін анықтау;

  2. Жұмыс орнын (жұмыс аймағын, өндірістік учаскені, цехты) тексеріп шығуды өткізу;

  3. Қажет болған жағдайда зиянды өндірістік факторларға зертханалық және аспаптық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;

  4. Жұмыс істеуші еңбегінің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларын бағалау;

  5. Ұйымды санитарлық-эпидемиологиялық тексеруден өткізудің актілерін, зертханалық зерттеулердің, жұмыс орындарын аттестаттаудың нәтижелерін зерделеу;

  6. Алдын ала және мерзімдік медициналық тексерулердің материалдарын;

  7. Еңбек жағдайларын, еңбекті қорғау жөніндегі жоспардың орындалуы және санитарлық-сауықтыру шаралары туралы мәліметтерді зерттеу [2].

Тұрақты жұмыс (оқу) орнынан тыс жерлердегі жұмысқа жіберілген тұлғалардағы кәсіби аурулар мен улану оқиғаларын тексеруді кәсіби ауру шыққан нысанға бақылау жасайтын мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органы жүргізуі тиіс.

Кәсіби аурулар сараптау комиссиясының қорытындысында диагноздан басқа емдеу-алдын алу шараларының бұдан кейінгі тактикасы, диспансерлеу, сондай-ақ медициналық оңалту мәселелерінің шешімі көрсетілуі тиіс. Қорытынды науқастың өз қолына немесе сенімхат бойынша оның өкіліне беріледі. Кәсіби аурудың диагнозын (оның орындалатын жұмыс немесе кәсібімен байланысын) белгілеу кезінде пайдаланылатын негізгі құжат – кәсіби аурулар мен уланулардың Тізбесі (қосымша А). Бұл тізбе Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіби аурулары мен улану оқиғаларын тексеру Ережесіне қосымша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №705 бұйрығымен бекітілген [2].

Кәсіби ауру жағдайы бойынша акт бұл сол өндірісте жұмыс істейтін қызметкерде пайда болған кәсіби аурудың кәсіби сипаттамасын орнататын құжат болып табылады. Ол Еңбек кодексінің 322 бабына сәйкес 10 күннің ішінде кәсіби ауру оқиғасын тергеп-тексеруді өткізуге тиіс. Ал тексеру аяқталғаннан кейінгі 3 күн ішінде 5 дана көлемінде толтырылады. Олар қызметкерге, жұмыс берушіге, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, кәсіби патология орталығы және сақтандырушыға арналған. Актқа комиссия мүшелері қол қойып, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығының бас дәрігерімен бекітіліп, мөр басылады.

Кәсіби ауру айқындалған қызметкерде әлеуметтік сақтандыру Қоры қаржыларының есебінен бірқатар әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігі бар. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыдан бөлек бұл бір жолғы немесе ай сайынғы сақтандыру төлемдері, медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтуға, оның ішінде санаторийлік-шипажайлық емделуге, протездеу мен арнайы айла-бұйымдармен, арнаулы көлікті құралдармен қамтамасыз етуге, кәсіби қайта оқытуға кететін қосымша шығындарды төлеу болуы мүмкін [8].

    1. Кәсіби аурулардың туындау көздері, зиянды және қауіпті факторлар

Кәсіби ауруға шалдығудың негізгі себептерінің бірі – адамға ол еңбек қызметі кезінде кез болатын зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың ұзақ уақыт бойы әсер етуі [10].

Зиянды өндірістік фактор – белгілі бір қызметкерге әсері кәсіби ауруға әкелуі немесе денсаулығында басқа да ауытқушылық тудыруы мүмкін еңбек процесінің факторы.

Қауіпті өндірістік фактор – жіті кәсіби ауруға немесе денсаулықтың күрт нашарлауы мен өлімге әкелуі мүмкін еңбек процесінің факторы.

Өндірістегі зиянды және қауіпті факторлар МЕСТ 12.0.003-74 реттеледі [3н]. Табиғатына байланысты қауіпті және зиянды факторлар 4-ке бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық.

Қауіпті және зиянды факторлардың физикалық тобы мынадай топтарға бөлінеді: қозғалмалы машиналар және механизмдер; қозғалмалы өндірістік құралдардың элементтері; жылжымалы өнім, дайындама, материалдар; жұмыс аймағы ауасында шаң мен газдың жоғарылауы; құрал-жабдықтар мен материалдардың үстіңгі қабаты температурасының жоғарылауы немесе төмендеуі; жұмыс аймағындағы ауа температурасының жоғарылауы немесе төмендеуі; жұмыс орнындағы шудың, дірілдің жоғары деңгейі; инфрадыбыс тербелісінің жоғары деңгейі; ультрадыбыстың жоғары деңгейі; жұмыс аймағындағы барометрлік қысымның жоғарылауы мен төмендеуі немесе күрт өзгеруі; ауа ылғалдығының жоғарылауы немесе төмендеуі; ауаның иондануы; статистикалық электрдегі деңгейдің, электромагниттік деңгейдің жоғарылауы және т.б.

Химиялық қауіпті және зиянды топтағы өндірістік факторлар адам ағзасына әсер етуіне байланысты келесі топтарға бөлінеді: жалпы улағыш, тітіркендіргіш, сенсибилизациялық, канцерогенді, мутагенді, өсіп-өну функциясына әсері.

Адам ағзасына ену жолдарына байланысты: тыныс алу жолы арқылы, ас қорыту жүйесі арқылы, тері қабығы арқылы.

Биологиялық қауіпті және зиянды топтағы өндірістік факторларға жұмысшыларға зақым және ауру тигізетін әсерлер мен биологиялық объектілер кіреді: микроорганизмдер, макроорганизмдер.

Психофизиологиялық қауіпті және зиянды топтағы өндірістік факторлар әсер етуіне байланысты мынадай топтарға бөлінеді: физикалық жүктеме, жүйке-психофизиологиялық жүктеме;

Жүйке-психофизиологиялық жүктеме былай бөлінеді: ой қабілетіне түсетін күш, анализаторлар күші, бірқалыпты еңбек, ағзаға эмоционалды күш салу.

Көріп отырғанымыздай, зиянды және қауіпті факторлар бірнеше факторлардың тобы әсерінен тууы мүмкін.

Негізінде әрбір ағзаға зиянды кәсіби факторлардың әсер ету жағдайларындағы жұмыс әрқашанда кәсіби аурудың дамуымен жүрмейді. Сонымен қатар адам ағзасы улы заттектердің әсеріне бейімделе алады. Аурудың дамуында ағзаға түсетін зиянды заттектердің мөлшері, дірілдің, шудың деңгейі және т.б. маңызды рөл атқарады. Зиянды факторлардың әсер ету ұзақтығы мен адамдардың қандай да бір зиянды өндірістік факторларды қабылдаудағы өзіндік сезімталдық та елеулі орын алады. Әрбір жеке алынған қызметкердің ағзасы уға бейімделетінін немесе он жылдан кейін оның кәсіби факторлардың әсер етуі нәтижесінде еңбек қабілетінен айырылғандардың қатарын толықтыратынын анықтау қиын. Сонымен қатар адам ағзасына өндірістік факторлардың зиянды әсер етуі олар еңбек пен тұрмыстың басқа да қолайсыз жағдайларымен үйлескен кезде күшейе түседі. Оларға бірінші кезекте, зиянды әдеттер – алкогольдік ішімдіктер тұтыну, темекі тарту, демалысты дұрыс ұйымдастырмау, ұтымсыз тамақтану және т.б. жатады [2].

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, кәсіби аурудың пайда болуына көбінде ағзаның жеке сезімталдығы, яғни адамның сыртқы ортаның қандай да бір факторларының әсер етуіне сезімталдығы жағдай жасайды. Сондықтан да алдын ала медициналық тексеруден өту өте маңызды. Кәсіптік ауруды анықтау тек дәрігерге барумен бітпейді. Әрбір осындай оқиғаның соңында кәсіпорынның денсаулыққа келтірілген зияны үшін жауапкершілігі тұр. Осыдан аурудың «кәсіби» анықтамасына ие болуы үшін оның көрсетілген қызмет түрлерін орындау кезінде санамаланған факторлардан туындайтын кәсіби аурулар тізбесіне енуі тиіс екені келіп шығады.

      1. Еңбек жағдайына байланысты әр түрлі өнеркәсіптердегі кәсіби аурулардың қалыптасу себептері

Кез келген өнеркәсіпте зиянды және қауіпті өндірістік факторлар болатындығы белгілі, яғни қызметкер өндірістің қолайсыз жағдайларынан құтыла алмайды. Дегенмен, еңбек жағдайына байланысты өнеркәсіптердегі кәсіби аурулардың қалыптасу себептері әр түрлі.

Мұнай өнеркәсібін қарастыратын болсақ, бұл өндіріс орындары сыртқы ортаға канцерогенді ароматты көмірсутегі түсуінің маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар мұнай өндіретін өнеркәсіптердің негізгі және қосымша жұмыс зоналарының ауасында әрқашан химиялық заттардың жиынтығы қатысады. Көмірсутегі, күкірсутек, күкіртті газ, көміртегінің асқын тотығы, азот қышқылы – бұл негізгілер болып табылады. Негізгі өндіріс орындарының ауасын сілтілер мен күкірт қышқылының аэрозольдері, майлы қышқылдар, спирт, фенол, аммиак, тетраэтилқорғасын, моноэтаноламин, толуол, бензол, бензиндер, катализаторлы шаңның булары және т.б. ластайды. Улы заттардың жиынтығынан басқа мұнай өндіретін өнеркәсіп орындарының негізгі және қосымша цехтарының қызметкерлері өндірістік шу мен қолайсыз өндірістік микроклимат жағдайларына да тап болады [5].

Бұл негізгі қолайсыз факторларының әсерінен келесідей кәсіби аурулар дамуы мүмкін:

  1. негізгі орынды қатты респираторлы аурулар құрайды: тонзиллит, тері және тері асты инфекциясы, асқазан және сүйек-бұлшықет жүйесінің аурулары.

  2. бұрғылаушыларға тән аурулар: вегетативті полиневрит, йық асты периартриті, йық эпикондилиті және т.б.

  3. мұнай өңдейтін зауыттарға тән аурулар: созылмалы бронхит, бронхиальды астма, контактты дерматит.

Химия өнеркәсібінде химиялық заттармен тікелей жұмыс жасағандықтан, химиялық топтағы зиянды және қауіпті факторлардан болатын кәсіби аурулар дамуы мүмкін. Негізгі қолайсыз фактор, бұл – жұмыс орны ауасының, киімнің, сонымен қатар еден мен жарлардың, тері жамылғыларының улы заттармен ластануы болып табылады. Зиянды заттар аз концентрацияда ауада әр түрлі агрегаттық күйде болуы мүмкін: бу, газ, аэрозоль түрінде. Газ бен будың шаңмен адсорбциялануы кезінде бу-газ-аэрозольді қоспа пайда болып, ағзаға биологиялық әсер етуі мүмкін. Жұмысшыларға сонымен қатар физикалық факторлар (шу, вибрация), қолайсыз метеорологиялық жағдайлар, жоғары жүйке-эмоционалды қысым әсер етеді. Аллергиялық аурулар (дерматит, экзема, бронхиалды астма) да тіркелген. Біраз уақыт өткеннен кейін де канцерогенді заттармен жұмыс істеген адамдар қатерлі ісік ауруына шалдығуы мүмкін.

Атом өнеркәсібіндегі негізгі кәсіби ауру тудырушы фактор – иондалған сәулелену. Уран кен орындарында қызметкерлерге аэрозоль түріндегі радий мен радон газының әсері болуы мүмкін. Бұлар жоғарғы тыныс алу жолдары мен өкпенің кәсіби ауруына шалдықтырады. Атом өнеркәсібінде дозиметрлік және радиометрлік бақылау маңызды рөл атқарады. Себебі радиациялық қауіпсіздіктің ережелерін бұзу қатты және созылмалы сәуле ауруының дамуына әкелуі мүмкін [1].

    1. Еңбек жағдайы бойынша кәсіпорындарды аттестаттау

Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – бұл оларда орындалатын жұмыстың қауіпсіздігі, зияндылығы, ауырлығы, қауырттылығы, еңбек гигиенасы жай-күйін бағалау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында өндірістік нысандарды, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын бағалау жөніндегі қызмет.

Өнеркәсібі дамыған елдердің бәрінде жұмыс орындарын аттестаттау жөніндегі жұмыстарды өткізу баяғыдан-ақ нормаға айналған. Мысалы, АҚШ-та жұмыс істейтіндердің саны 200 адамнан асатын әрбір кәсіпорында осындай аттестаттау өткізіледі. Еуроодақ елдерінде 1996 жылдан бастап еңбек жағдайларын бағалаудың жалпы қағидаттарын қамтитын бірыңғай «Жұмыстағы тәуекелді бағалау бойынша басшылық» әрекет етеді.

Қазақстан Республикасы экономикасының әр түрлі салаларының кәсіпорындары мен ұйымдарында да жұмыс орындарын аттестаттау жөнінде үлкен жұмыс өткізілуде. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы бойынша 2011 жылдың 5 желтоқсанында қабылданған № 1457 бұйрығымен «Өндірістік нысандарды еңбек жағдайларына байланысты міндетті мерзімді аттестациялаудан өткізу ережесі» әзірленіп, қолданысқа енгізілген.

Осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік нысандары аттестаттауға жатады. Мемлекет оның көмегімен еңбек жағдайларын түбірінен жақсартуға және қызметкерлерге өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешуге қол жеткізеді.

Еңбек гигиенасы жөніндегі маманның көзқарасы бойынша жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды бұл жұмыс орнының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың нормативтік талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін жұмыс орындарын гигиеналық критерийлер бойынша бағалау рәсімі ретінде қарастырған жөн.

Бұл үшін мыналар өткізіледі:

  1. Кәсіпорындағы өндірістік нысандардың, жабдықтардың, құрылғылар мен саймандардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы белгіленген нормаларға сәйкестігіне кешенді баға беру, жарақат қауіпсіздігі дәрежесін анықтау;

  2. Әрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайларының зияндылық дәрежесіне гигиеналық (аспаптық) баға беру;

  3. Қызметкерлерді ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуді бағалау;

  4. Персоналдың кәсіби даярлығын бағалау [9].

Гигиеналық шарттар – әрекеттегі гигиеналық талаптардан еңбек процесі мен жұмыс ортасының факторы параметрлерінің ауытқу дәрежесін анықтайтын көрсеткіштер. Іс жүзіндегі еңбек процесі мен жұмыс ортасы факторларының еңбек жағдайының гигиеналық талаптарынан ауытқу деңгейіне байланысты 4 класқа бөлінеді: тиімді, рұқсат етілген, зиянды және қауіпті.

Тиімді еңбек жағдайы (1 класс) – бұл қызметкердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік бар және еңбекке қабілеттіліктің жоғары дәрежеде болуын алдын ала ұйымдастыратын шаралары бар жағдай. Жұмыс орнының тиімді нормативті факторлары микроклимат параметрлеріне және еңбек жүктемесі факторларына байланысты орнатылған. Басқа факторларға зиянды факторлардың тіптен болмайтын немесе дәрежеден аспайтын, яғни халыққа қауіпсіз болуын қадағалайтын еңбек жағдайы тән.

Рұқсат етілген еңбек жағдайы (2 класс) – жұмыс орындарында белгіленген гигиеналық талаптардан аспайтын, асқан жағдайда организмде болған функционалды жағдайларды регламенттелген демалыс уақытында немесе келесі жұмыс ауысымына дейін қалпына келтіруге болатын және жақын арада немесе біраз уақыт өткеннен кейін қызметкердің немесе оның ұрпағының денсаулығына нұқсан келтірмейтін еңбек процесі мен орта факторлары бар еңбек жағдайы. Рұқсат етілген еңбек жағдайы шартты түрде қауіпсіз болып табылады.

Зиянды еңбек жағдайы (3 класс) – зиянды факторлардың болуымен және олардың деңгейінің гигиеналық талаптардан асып кетуімен сипатталатын, қызметкердің немесе оның ұрпағының денсаулығына қолайсыз әсер ететін еңбек жағдайы.

Зиянды еңбек жағдайы гигиеналық талаптардың артуына және қызметкердің организміндегі өзгерістердің түріне байланысты 4 зияндылық дәрежесіне бөлінеді:

3 кластың 1 дәрежесі (3.1) – организмде функционалды өзгерістерге әкелетін зиянды факторлардың деңгейінің гигиеналық талаптардан ауытқуымен сипатталады. Негізінде, бұл функционалды өзгерістер зиянды факторлармен байланысты ұзақ уақытқа (келесі жұмыс ауысымына қарағанда) жоғалтқанда қалпына келеді және денсаулықтың зақымдалу тәуекелін жоғарылатады.

3 кластың 2 дәрежесі (3.2) – тұрақты функционалды өзгерістерге әкелетін зиянды факторлардың деңгейі. Бұл жерде зиянды факторлар көп жағдайда кәсіби шартты аурулардың артуына (уақытша еңбек қабілеттілігін жоғалтуға әкелетін аурулардың және, біріншіден, организмнің осал немесе әлсіз жүйелеріне әсер ететін факторлардан болатын аурулардың деңгейінің артуы), кәсіби аурулардың бастапқы немесе ұзақ уақыт бойы әсер етуінен (15 жыл және одан да жоғары) жеңіл түрлерінің (еңбек қабілеттілігін жоғалтпай) пайда болуына әкеледі.

3 кластың 3 дәрежесі (3.3) – жұмыс ортасы факторлары деңгейінің еңбек қызметі кезеңінде жеңіл немесе орташа дәрежедегі (кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту) кәсіби аурулардың пайда болуына, созылмалы патологияның (шартты кәсіби) артуына әкелетін еңбек жағдайы.

3 кластың 4 дәрежесі (3.4) – кәсіби аурулардың ауыр дәрежесінің (жалпы жұмыс қабілеттілігінің жоғалуы) болуы мүмкін еңбек жағдайы. Бүл кезде созылмалы аурудың деңгейі айтарлықтай артады және уақытша еңбек қабілеттілігін жоғалтуға әкелетін аурулар да жоғары деңгейде болады.

Қауіпті (экстремалды) еңбек жағдайы (4 класс) жұмыс орта факторлары деңгейінің бір жұмыс ауысымы кезінде (немесе оның бөліктерінде) адам өміріне қауіп төндіруімен, қатты кәсіби аурулардың дамуы тәуекелінің жоғары дәрежеде болуымен (сонымен қатар оның өте ауыр формасы) сипатталады [11].

Еңбек жағдайының кластарына байланысты зиянды заттардың ШРК-сы болады (кесте 1). Бұл зиянды заттардың ШРК-сы 2.2.5.1313-03ГТ-на және қосымшаға сәйкес реттеледі [1н]. Егер зиянды заттар берілген концентрациядан асып кететін болса, онда ол тиімді еңбек жағдайына жатпайды және қауіптілік класына байланысты зиянды немесе қауіпті класқа жатқызылуы мүмкін.

Зиянды және қауіпті факторлардың биологиялық тобынан келетін әсерлер ШРК-дан аспайтын болса, еңбек жағдайы қолайлы болып есептеледі. Биологиялық факторлардың ШРК нормасы ГТ 2.2.6.709-98берілген [2н].Егер концентрация жоғары болса, еңбек жағдайының кластарына байланысты зиянды немесе қауіпті класына жатқызылады (кесте 2).

Аэрозольдер көзге көрінбейтін микробөлшектер болып табылады. Аэрозольдерді өлшеу үшін арнайы приборлар қолданылады. Олар арнайы анализаторлар немесе пылемерлер деп аталады. Өндіріс орындарында аэрозольдердің ШРК-сы мен ШЖБ дәрежесі болады (кесте 3).

Кесте 1 – Жұмыс зонасындағы ауада зиянды заттардың болуына байланысты еңбек жағдайының кластары

Зиянды заттар

Еңбек жағдайының кластары

Рұқсат етілген

Зиянды

Қауіпті

2

3.1

3.2

3.3

3.4

4

1

2

3

4

5

6

7

1-4 қауіпті кластарының зиянды заттары , төменде көрсетілгендерден басқа

≤ ШРК

1,1-3,0

3,1-10,0

10,1-15,0

15,1-20,0

>20,0

≤ ШРК

1,1-3,0

3,1-10,0

10,1-15,0

>15,0

-

Организмге әсер ету ерекшеліктері

Қатты уланудың дамуына әкелетін қауіпті заттар

Қатты әсер ету әрекет механизмі бар заттар, хлор, аммиак

≤ ШРК

1,1-2,0

2,1-4,0

4,1-6,0

6,1-10,0

>10,0

Тітіркендіргіш әсері бар заттар

≤ ШРК

1,1-2,0

2,1-5,0

5,1-10,0

10,1-50,0

>50,0

канцерогендер; адамның репродуктивті денсаулығына қауіпті заттар

≤ ШРК

1,1-2,0

2,1-4,0

4,1-10,0

> 10,0

-

Организмге әсер ету ерекшеліктері

Аллергендер

Жоғары қауіпті

≤ ШРК

-

1,1-3,0

3,1-15,0

15,1-20,0

>20,0

Орташа қауіпті

≤ ШРК

1,1-2,0

2,1-5,0

5,1-15,0

15,1-20,0

>20,0

Ісікке қарсы дәрілік заттар, гормондар (эстрогены)

 

 

 

 

+

 

Есірткілік анальгетиктер

 

 

+

 

 

 

Өндірістегі шу мен вибрацияның белгілі нормативтері болады (кесте 4). Бұл факторлар МЕСТ 12.1.003-83, МЕСТ 12.1.050-86 және МЕСТ 12.1.012-90 [4,5,6] берілген. Ультрадыбыс деңгейі МЕСТ 12.1.001-89 реттеледі [7]. Олар кәсіби аурулардың дамуына себеп болатын бірден-бір фактор, сондықтан олардың деңгейі үнемі ШРК-дан аспауы қажет.

Иондалмаған электромагниттік өрісі және сәулелену кезіндегі адамдарға рұқсат етілген деңгейін білу қажет. Олар МЕСТ 12.1.002-84 реттеледі [8] Иондалмаған электромагниттік өріс иондалған өріспен салыстырғанда, қатерлі ісік аурулар туғызуымен байланысты болған жоқ. Дегенмен, бұл зиянды факторлар да нормаланған деңгейден асатын болса, ағзаға зиянды әсерін тигізбей қоймайды (кесте 5).

Кесте 2 – Жұмыс зонасы ауасындағы биологиялық факторлардың болуына байланысты еңбек жағдайының кластары

Биологиялық фактор

Еңбек жағдайының класы

Рұқсат етілген

Зиянды

Қауіпті

2

3.1

3.2

3.3

3.4

4

Микроорганизмдер-продуценттер, тірі клеткалар мен микроорганизмдердің спорлары бар препараттар,

≤ ШРК

1,1-10,0

10,1-100,0

>100

 

Патогенді микроорганизмдер

Аса қауіпті инфекциялар

 

 

 

 

 

+

Басқа инфекциялы ауруларды тудырушылар

 

 

+

 

 

Кесте 3 – Жұмыс зонасы ауасындағы ФӘБА, құрамында табиғи және жасанды талшықтары бар шаңдар және тыныс алу жолдарына күш түсіретін шаңдар

Аэрозольдер

Еңбек жағдайының кластары

Рұқсат етілген

Зиянды

Қауіпті

2

3.1

3.2

3.3

3.4

4

Жоғары және орташа фиброгенді ФӘБА; табиғи (асбесты, цеолиты) және жасанды (шыны, керамикалық, көміртекті және т.б.) шаңдар, минералды талшықтар.

≤ ШРК

≤ ШЖБ

1,1-2,0

2,1-4,0

4,1-10

>10

-

Әлсіз фиброгенді ФӘБА

≤ ШРК

≤ ШЖБ

1,1-3,0

3,1-6,0

6,1-10

>10

-

Өндіріс орындарында микроклиматтың қолайлы шамалары болады. Олар СН №1.02.006-94 сәйкес реттеледі [9]. Қолайлы еңбек жағдайы жұмыс өнімділігінің жоғарылауына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан жұмыс берушілер жұмыс орнындағы гигиеналық талаптарды міндетті түрде санитарлық нормаларға сәйкестендіруі қажет. Ол үшін кәсіпорындарды мерзімінде еңбек жағдайы бойынша аттестаттаудан өткізу қажет (кесте 6).

Жұмыс орындарын аттестаттау маңызды мәселе болып қалып отыр. Өндірісте мұндай іс-шараны өткізу әдістемелік тәсіл жағынан гигиена және еңбек физиологиясы мәселелері бойынша мамандарды іске тартуды талап етеді, өйткені бұл процедура «Еңбек жағдайларының классификациясы, еңбек процесі мен жұмысшы орта факторларына гигиеналық баға беру бойынша басшылық» (Р.2.2.2006-05) арнайы әдістемесін пайдалануға негізделген.

Кесте 4 – Жұмыс орнындағы шу, локальді және жалпы вибрация, инфра және ультрадыбыс дәрежесіне сәйкес еңбек жағдайының кластары

Фактор атауы, көрсеткіші, өлшеу шамасы

Еңбек жағдайының кластары

Рұқсат етілген

Зиянды

Қауіпті

2

3.1

3.2

3.3

3.4

4

ШРД асуы ...дБ/рет дейін:

Шу, дыбыстың эквивалентті деңгейі, дБА

≤ ШРД

5

15

25

35

>35

Локальді вибрация, виброжылдамдықтың эквивалентті түзетілген деңгейі, виброжылдамдату

≤ ШРД

3

6

9

12

>12

Жалпы вибрация, виброжылдамдықтың эквивалентті түзетілген деңгейі, виброжылдамдату

≤ ШРД

6/2

12/4

18/6

24/8

>24/8

Инфрадыбыс, дыбыс қысымының жалпы деңгейі, дБ/Лиин

≤ ШРД

5

10

15

20

>20

Ауалық ультрадыбыс, жиіліктің 1/3 октава жолындағы дыбыс қысымының деңгейі, дБ

≤ ШРД

10

20

30

40

>40

Контактты ультрадыбыс, вибродыбыстың деңгейі, дБ

≤ ШРД

5

10

15

20

>20

Жұмыс орындарын аттестаттау жұмыс орындарының жағдайын бағалаудың бірнеше кезеңдерінен тұрады және санитарлық гигиеналық еңбек жағдайларын (ылғалдылығы, шаңдануы, газдануы, электромагниттік сәуле және т.б.) зерттеуден басқа, міндетті түрде физиологиялық-гигиеналық бөліктерден тұруы керек.

Өз кезегінде жұмыс орнының физиологиялық-гигиеналық сипаттамасы еңбек процесінің ауырлығы мен еңбек қауырттылығының көрсеткіштерінің нәтижесінде қалыптасады. Оған жататындар мыналар: қолмен көтерілетін және ауыстырылатын жүктің массасы және динамикалық жүктемесін бағалау, бір ауысымдағы статикалық жүктеменің көлемін, жұмыс кейпін бағалау, эмоционалдық жүктеме, сенсорлық және интеллектуалдық жүктеме; тыныс алу органдарының, жүрек-қан тамырлар жүйесінің, орталық және перифириялық нерв жүйесінің жүктемеге реакциясы. Бұдан басқа, физиологиялық-гигиеналық сипаттаманы бағалауда қолданылатын әдістердің ерекшелігі жоғары, тек осылардың көмегі арқылы еңбек қауырттылығы мен ауырлығын нақты бағалауға болады. Соңғысы өз кезегінде энергия тұтыну мен энергия шығындарының көрсеткіштерімен бағаланады. Бұл әдістермен жұмыс істейтін мамандар аймақта өте аз және олар Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының филиалында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ақтөбе Медициналық академиясының еңбек гигиенасы, тағам және коммуналдық гигиена кафедрасында еңбек етеді.

Кесте 5 – Иондалмаған электромагниттік өрісі және сәулелену әсері кезіндегі еңбек жағдайының кластары

Фактор

Еңбек жағдайының кластары

Тиімді

Рұқсат етілген

Зиянды

Қауіпті (экстремалды)

1 2

3.1

3.2

3.3

3.4

4

Геомагнитті өріс (әлсіздену)

ШРД асуы (есе)

табиғи фон

≤ШРД

≤5

>5

-

-

-

Электростатикалық өріс

табиғи фон

≤ ШРД

≤5

>5

-

-

-

Тұрақты магнит өрісі

табиғи фон

≤ ШРД

≤5

>5

-

-

-

Өндіріс жиілігінің электрлі өрісі (50 Гц)

табиғи фон

≤ ШРД

≤5

≤10

>10

-

>40

Өндіріс жиілігінің магнит өрісі (50 Гц)

табиғи фон

≤ ШРД

≤5

≤10

>10

-

-

ЖЭЕМ (жеке электронды есептеу машиналары) қолданушысының жұмыс орнындағы электромагниттік өріс

-

≤ ШРД

> ШРД

-

-

-

-

Радиожиілік диапозонының электромагнитті сәулеленуі:

 

 

 

 

 

 

 

0,01-0,03 МГц

табиғи фон

≤ ШРД

≤5

≤10

>10

-

-

0,03-3,0 МГц

табиғи фон

≤ ШРД

≤5

≤10

>10

-

-

3,0-30,0 МГц

табиғи фон

≤ ШРД

≤3

≤5

≤10

>10

-

30,0-300,0 МГц

табиғи фон

≤ ШРД

≤3

≤5

≤10

>10

>100

300,0 МГц -300,0 ГГц

табиғи фон

≤ ШРД

≤3

≤5

≤10

>10

>100

Кеңауқымды электромагнитті импульс

≤ ШРД

≤5

>5

 

 

>50

Кесте 6 – Өндіріс жайларының жұмыс орындарында микроклимат көрсеткіштерінің тиімді шамалары

Жыл мезгілі

Энергия шығындалуына байланысты жұмыс категориясы, Вт

Ауа темпе­ратурасы,

°С

Беткі темпе­ратура,

°С

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы,

%

Ауа қозғалысының жылдамдығы,

м/с

Суық

Iа (139 дейін)

22-24

21-25

40-60

0,1

 

Iб (140-174)

21-23

20-24

40-60

0,1

 

IIа (175-232)

19-21

18-22

40-60

0,2

 

IIб (233-290)

17-19

16-20

40-60

0,2

 

III (290 жоғары)

16-18

15-19

40-60

0,3

Жылы

Iа (139 дейін)

23-25

22-26

40-60

0,1

 

Iб (140-174)

22-24

21-25

40-60

0,1

 

IIа (175-232)

20-22

19-23

40-60

0,2

 

IIб (233-290)

19-21

18-22

40-60

0,2

 

III (290 жоғары)

18-20

17-21

40-60

0,3

Республикада бұл саланың мамандары Қарағанды (Қазақстан Республикасы Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы) және Алматы қаласында бар екенін атап өту қажет.

Өндірістік обьектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу өндірістік жарақаттың және кәсіби аурудың алдын алуды қамтамасыз ететін еңбекті қорғауды ұйымдастырудың ең тиімді әдісіне айналды. Жұмыс орындарын аттестаттаудың негізгі мәселесі барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарды жұмылдыру мен зор күшті талап етеді.

Аттестаттау нәтижелері еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды жоспарлау мен өткізуде, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс үшін төлемақы мен жеңілдіктерді негіздеуге, кәсіппен байланысты ауруларға қатысты мәселелерді шешуде, объектіні пайдалануды тоқтатуға қатысты сұрақтарды қарастыруда, қызметкерлерді еңбек шарттарымен таныстыруға қолданылуы керек.

Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орнын аттестаттаудан өткізу кәсіпорын құрамында өз зертханасы бар, аталмыш жұмысқа лицензия алған мамандандырылған кәсіпорындармен жүргізіледі. Ондай ұйымдар көп жылдар бойы аттестаттаумен айналыса жүріп, еңбек жағдайын интегралды бағалаудан өткізуде, зертханалық-аспаптық зерттеулердің нәтижелерін рәсімдеудің, жарақат қауіпсіздігі сараптамаларын өткізудің, жұмысшылардың ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуінің әдістемелік тәсілдерін ұйымдастыру мен өткізу ұстанымдарын дайындайды.

Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері – еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті деп табылған кәсіпорындардың жұмыс орындарында еңбек жағдайын жақсарту шараларының жоспарын дайындауға негіз болады. Шаралар жоспарын дайындау барысында келесі жұмыстар жүргізіледі:

  1. Кәсіпорындардың істеп тұрған жұмыс орындарында зиянды және қауіпті өндірістік факторларды толыққанды жою және бағалау мүмкіндігі. Аталмыш этапта жоюға болатын (жойылатын) және жою мүмкін емес (жойылмайтын) зиянды және қауіпті факторлар анықталады. Сондай-ақ зиянды әсерлерін жоюға болатын, бірақ оларды жою экономикалық жағынан қолайсыздық әкелетін факторлар бөлек көрсетіледі, өйткені ол технологиялық процестерде ғылым мен техниканың және т.б. қазіргі заман жетістіктерімен жабдықтарды жаңаландыруды ескере отырып күрделі өзгерістерді талап етеді.

  2. Қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту бойынша шараларды жүзеге асыру мерзімін анықтау. Еңбек жағдайларын жақсарту бойынша шараларды жоспарлау барысында оны жүзеге асыруға қажетті қаржы есептеліп, шығындар тізімі белгіленеді.

  3. Шаралардың орындалу мерзімі дәлденіп, түзелуі, оның жоспар бойынша іске асуын бақылау. Жоспардан қалып жатса еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстардың орындалуын жылдамдату үшін экономикалық тетіктер қолданылады.

Еңбекті ұйымдастырудың негізгі критерийі – ең алдымен, жұмыс орнында жағымды және қауіпсіз жағдай туғызу. Бұл жерде кәсіпорын басшылығының атқарар рөлі аз емес. Кәсіпорындарда кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттардың алдын алу үшін жыл сайын әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық және емдеу-алдын алу шаралары жасалады.

Белгіленген жұмысты іске асыруда еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттаудың соңғы сатысында құралдық өлшеулер мен психофизиологиялық және физико-химиялық факторларды бағалауды өткізуші мамандар мен еңбекті қорғау құрылымдары бөлімшелерінің мамандарымен өзара тығыз қарым-қатынас қажет.

Бүкіл кешенді жүргізілген жұмыстар аттестаттаудан өткізу процесінде зиянды еңбек жағдайларына жататын жұмыс орындарының санын азайтуға мүмкіндік береді.

Еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау жұмысын зерттеу барысында сондай-ақ, жаңа ережелерде танылған аталмыш жұмысқа жаңа критериялық тәсілге іс-тәжірибелік бағалау жүргізіледі. Жұмыстың бұл түріне тереңдетілген және кеңейтілген тәсілді қолдану ұйымның барлық жұмыс орындарына күрделі кешенді, жүйелі және бағалық саралау болады [4].

Кәсіпорындарда өткізілген жұмыс орындарының аттестаттау нақты жағдайларда шамадан тыс нормативтермен белгіленген қосымша қорғану құралдарын қолдануды талап ететін мамандықтарды анықтайды, ол өз кезегінде кәсіби аурулардың пайда болу қаупін барынша азайтады.

Басылымдарды қарайтын болсақ, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бас мемлекеттік еңбек инспекторы өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу нәтижелерін басып шығарған [7].

Шығыс Қазақстан облысы республикадағы бірден-бір өнеркәсіптк облыс деп аталуға құқылы. Облыстың көпсалалы экономикасында зиянды, ауыр, қауіпті еңбек жағдайындағы өнеркәсіптер аз емес.

Түсті металлургия кәсіпорындары – «ӨК ТМК» АҚ, «Қазцинк» АҚ, «ӨК ҮМЗ» АҚ;

Машина жасау кәсіпорындары – «Машзауыт» АҚ, «ӨКАЗ» АҚ;

Байланыс кәсіпорындары – «Өскемен Қазақтелеком» АҚ, «Өскемен Қазақтранстелеком»;

Энергетика кәсіпорындары – «ӨК ЖЭО» AES, «Согрин ЖЭО» AES, «Риддер ЖЭО» АҚ, «ШҚ АЭК» АҚ;

Құрылыс индустриясы кәсіпорындары – «Бари-Б» ЖШС, «Восток-Росс-Комплект» ЖШС және т.б.

Осы кәсіпорындардың әрқайсысының өндіріс регламенті және өзінше ерекше технологиялық процесі бар. Атап айтатын жайт, кәсіпорындарда аса қауіпті, зиянды және қауіпті өндірістік факторлары объектілер өте көп, бұл өз кезегінде еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздік саласында белсенді жұмыс істеуді талап етеді.

Шығыс Қазақстан бойынша 2013 жылы 23-тен астам кәсіпорын аттестаттаудан өткізілді: 6289 жұмыс орны, зиянды және қауіпті жағдайлардағы кәсіпорындарда 5253 қызметкер істейтіні анықталды. Қауіпті және зиянды еңбек жағдайындағы жұмыс орындарының мұншалықты көп болуы бұл аймаққа тән ерекшелікті көрсетеді, Шығыс Қазақстан облысы аумағында көптеген кәсіпорындарды технологиялық регламенттеріне сәйкес жұмыс орындарында мұншалықты көп кәсіпорындарды технологиялық регламенттеріне сәйкес жұмыс орындарында зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың мол шоғыры барлығы. Сол себепті де ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ШҚО бойынша департаменті өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізуге үлкен көңіл бөледі. Аталмыш жұмыстың өз уақытында және сапалы өткізілуіне бақылау жүргізеді.

Аттестаттау жұмыстарын өткізуде кейбір этаптарының тығыз өзара қарым-қатынаста болатынын мысалдан байқауға болады.

Мысал ретінде өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу жұмыстарында келесі сәттерді келтіруге болады. «Промхимеко» ӨК мамандандырылған ұйымы аталған жұмыс түрін Өскемен қаласы әкімшілігінің «Өскемен су құбыры» компаниясында орындаған. Абоненттік бөлімнің компьютер операторының жұмыс орнына зертханалық-құралдық өлшеулер жүргізілген кезде ЭМӨ деңгейінің жоғары екендігін анықтаған. Аталмыш кәсіпорынның еңбекті қорғау бөлімінің өлшеу жүргізушілері мамандар ұсыныстарымен электр жабдықтарының жағдайына тексеру жүргізді. Сонымен қатар аталмыш жұмыс орнында жұмыс жағдайын реттеу бойынша «Коммуналдық және балалар мен жасөспірімдердің гигиенасы жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға» сәйкес шаралар жүргізілген. Зерттеу жоғарыда аталған шаралар орындалып біткен кезде ЭМӨ деңгейі рұқсат етілетін жағдайға келгендігін көрсетті.

Осылай аталмыш жұмыс орнында:

  1. Еңбек қауіпсіздігі жағдайын зияндылығы мен қауіптілігі дәрежесіне қарай бағалау рұқсат етілетін еңбек жағдайларына 2 класс келтірілген (зиянды еңбек жағдайының 3.1-класс орнына);

  2. Еңбек қауіпсіздігі жағдайын жарақатқауіпсіздігі дәрежесі бойынша бағалау ең оңтайлы жағдайға 1-класқа (қауіпті еңбек жағдайының 3-класс орнына) жатқызылды.

Аталмыш үлгі объектілерді аттестаттау бойынша барлық этапта жүргізілген жұмыстардың өзара байланысын айқын көрсетеді [7].

Сөз жоқ, өндірістік объектілерді аттестаттау еңбекті қорғау мен оның жағдайын тікелей жақсартудың негізгі формасына, осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жоспарлаудың базасына айналды. Аттестаттау жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі мен жағдайдың объективті бет-бейнесін анықтауға және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту шаралары бойынша нақты бағдарлама дайындауға мүмкіндік беретіндіктен әлеуметтік тұрғыда өте маңызға ие. Аттестаттау негізінде жұмыс орындарында еңбек жағдайлары бойынша объективті бағалау механизмін енгізу, қызметкерлерге еңбек жағдайына сәйкес төлемақылар алуға, ал, еңбек жағдайларын жүйелі жақсарту жұмыстарын іске асырушы – жұмыс берушілерге ұйымның экономикасындағы бірден-бір маңызды берілетін жеңілдіктер мен төлемақылар мөлшерін қысқартуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстары бойынша департаменті осы бағыттағы жұмыстарды ары қарай да жалғастыратындығын білдірген.

    1. Кәсіби аурулардың алдын алу

Республиканың жұмыс істеуші халқының денсаулығын сақтауға бағытталған негізгі алдын алу және оңалтушылық шаралардың бірі – еңбектің зиянды және қауіпті жағдайларының әсеріне ұшырайтын еңбекшілерді жұмысқа қабылданған кезде алдын ала және мерзімді медициналық қараулардан өткізу.

Міндетті медициналық қарауларды өткізу ережелері мен міндетті медициналық қараулар өткізілетін Зиянды өндірістік факторлар мен кәсіптердің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша 2012 жылғы 25 қаңтардағы №166 бұйрығымен бекітілген. Жұмысқа қабылданған кездегі алдын ала медициналық қараулардың мақсаты қызметкерлер денсаулығы жай-күйінің кәсіп бойынша негізгі міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау болып табылады [1].

Жыл сайынғы міндетті мерзімдік медициналық тексерулер жылына 1 рет өткізіледі. Жұмыс ауысымы сайын өткізілетін тексерулер жұмыс ауысымына 1 сағат немесе 30 минут уақыт қалғанда өткізіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың мемлекеттік органдары жұмыс берушілермен бірігіп, келе жатқан жылдың 1 желтоқсанынан қалдырмай зиянды (өте зиянды) және қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс, ауыр жұмыс, кәсіп, цехтер мен өндіріс орындарының тізімін анықтайды.

Қызметкерлерді алғашқы және мерзімді медициналық тексерулерден білікті мамандар, функциялық-диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізуге арналған қажетті химиялық реактивтері, приборлары, жабдықтары мен материалдық-техникалық ресурстары, денсаулығының жай-күйі бойынша кәсіби жарамдылыққа баға беру жөнінде медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілері өткізеді [15].

Денсаулық сақтау жүйесіндегі кәсіби патологиялық қызметтің жай-күйіне талдау жасау өңірлік деңгейде ұйымдардың кәсіби патологиялық көмек көрсету бойынша торабының жетілдірілмегенін дәлелдейді. Қазіргі уақытта республикада Астана, Атырау, Тараз, Шымкент қалаларында бар-жоғы 11 кәсіби патологиялық кабинет, Шығыс Қазақстан облысында 7 кабинет жұмыс істейді, бұл өте жеткіліксіз.

Қазіргі уақытта құрамында медициналық санитарлық бөлімдер, дәрігерлік және фельдшерлік пункттер, шипажай-профилакторийлер, сауықтыру орталықтары, денсаулық, қоғамдық және диеталық тамақтандыру орталықтары кіретін өнеркәсіптік медицина нысандары айтарлықтай қысқартылды. Осыған байланысты жұмыс істейтін халыққа медициналық жәрдем көрсетудің сапасы төмендеуде.

Мұнымен бірге алғашқы медициналық тексерулерді сапасыз өткізу орын алды, сондықтан кәсіби аурулар ең алғашқы сатыларында айқындалмайды. Еңбекке қабілетті халықтың мүгедектікке бірінші шығуының артуына әкелетін асқынған формалардың жоғары деңгейі байқалуда. Денсаулық сақтау департаменттерінің медициналық ұйымдардың диагностикалық жабдықтармен нақты жабдықталуы мен мамандардың кәсіби патология бойынша дайындық деңгейін есепке алмастан медициналық ұйымдарға кәсіби жарамдылыққа сараптама жүргізуге лицензиялар беретінін атап өткен жөн [10, 13].

Жұмыс берушілердің кәсіби ауруға шалдығушылық дамуының орын алған тәуекелдерін жасыру, қызметкерлерді кәсіби қызметке медициналық қорытындыларды есепке алмастан жіберу үрдісі күшеюде. Қызметкер ауырып қалған кезде еңбек қатынастарын бұзушылық, қолданыстағы заңнамамен бекітілген әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етуге құлықсыздық таныту оқиғалары жиіледі.

Осылайша, Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар Ұлттық орталығы 2010-2014 жылдарға мынадай стратегиялық бағыттарды белгіледі:

  1. Қазақстан Республикасы өндірістік аймақтарындағы халықтың денсаулығын нығайту.

  2. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесіндегі кәсіби патологиялық қызметті басқарудың тиімділігін арттыру.

  3. Кәсіби патология (еңбек медицинасы), гигиена және медициналық экология саласындағы кадрлық ресурстар жүйесін дамыту.

  4. Еңбек медицинасы, гигиена және медициналық экология саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін жаңарту.

Екінші стратегиялық бағытты асыру үшін мыналар қажет:

  1. Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына кәсіби патология қызметін жаңарту үшін тиісті қаржылық негізде 27 кәсіби патологиялық кабинет (13-і – 2011 жылы, 14-і – 2012 жылы) ашу жөнінде ұсыныс енгізу, осының нәтижесінде 2013 жылы республика бойынша барлығы 38 кәсіби патологиялық кабинет жұмыс істейтін болады;

  1. Қазақстан халқының кәсіби ауруға шалдығуының мемлекеттік ғылыми автоматтандырылған регистрін құру;

  2. Кәсіби патология саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;

  3. Еңбектің зиянды және қауіпті жағдайларында жұмыс істеушілерді алғашқы және мерзімді медициналық тексерулерден өткізудің сапасын жақсарту;

  4. Іс-тәжірибеге диагностиканың медициналық-экономикалық хаттамаларының кәсіби патологиялық стационарлық көмегін көрсетуді және кәсіби аурулар бойынша республикалық, облыстық, аудандық деңгейлерде емдеуді, кәсіби аурулар бойынша диагностика медициналық-экономикалық хаттамалары мен стационарды алмастыратын көмек беруді заманауи талаптарға сәйкес облыстық және аудандық деңгейде енгізу;

  5. Халыққа еңбекті қорғау мен кәсіби тәуекелдер сапасынан кең ақпарат беру, жұмыс орнындағы еңбек мәдениеті мен денсаулықты насихаттау [1].

      1. Кәсіпорындардағы алғашқы және мерзімдік медициналық тексерулер

Қазіргі нарықтың экономикалық кезеңінде көп өндірісте әлі де жұмыс барысында нормативтік заңдар сақталмайтындығы, жеделдетілген жұмыс, жаңа химиялық улы заттардың қолданылатындығы, ортаның ластануы т.б. адам ағзасына әсері сақталуда.  Жоғарыда айтылғандар жаңа қолайсыз факторлар мен жедел жағдайларды туғызуда. Өнеркәсіпте кездесетін зиянкестік факторлар Қазақстан Республикасының Конституциясына және       Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасы және еңбекті қорғау орындары айналысады.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 25–тарау, 155-бабы өндірістік қызметті жүзеге асыратын әрбір азаматты медициналық зерттеп-қарауды қамтамасыз ету болып табылады.

Медициналық тексерулер алғашқы және мерзімдік болып бөлінеді.

Алғашқы медициналық тексеру қызметкерді жұмысқа аларда оның берілген жұмысқа денсаулығы жағдайының сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Мерзімді медициналық тексерулер мынандай мақсатпен өткізіледі:

  1. Қызметкерлер денсаулығының жай-күйіне серпінді бақылау жасау, кәсіби аурулардың бастапқы формаларын, зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың қызметкерлер денсаулығының жай-күйіне әсер етуінің ең алғашқы белгілерін өз уақытында айқындау;

  2. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуімен байланысты жұмысты жалғастыру үшін медицинаға қайшы болып табылатын жалпы ауруларды айқындау;

  3. Қызметкерлердің денсаулығын сақтау мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған сақтандыру мен оңалдыру шараларын өз уақытында өткізу [1].

Міндетті медициналық тексеру өткізілетін зиянды өндірістік факторлардың, кәсіптердің тізбесін, сондай-ақ осындай тексеруді өткізудің тәртібі мен кезеңділігін уәкілетті орган белгілейді. Өндірістік және шаруашылық қызмет саласында жұмыспен айналысатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар алғашқы немесе мерзімдік медициналық тексеруден өтпеген немесе денсаулық жағдайына байланысты жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермеуі тиіс.

Кәсіби аурулардың дамуында негізінен әр түрлі өнеркәсіп факторлары және жұмысшылардың кәсіби мамандығы маңызды рөл атқарады. Жұмыс барысында жұмысшылар әр түрлі зиянды заттармен тікелей немесе тікелей емес қатынаста болады. Сол себептен олардың кәсіби анамнезін білу керек. Кәсіби анамнезінде жұмысшы өндірістің қай саласында, кім болып істейді, яғни мамандығы, қандай зиянды заттармен жұмыс жасайды, зиянды заттардың ШРК-сы және қанша уақыт қатынаста болатынын, ол заттың физикалық және химиялық жағдайын, ағзаларға қай жолмен түсіп, қай жолмен шығатынын, қай ағзаларға жиналып әсер ететінін білу кәсіби ауруды табуда және алдын алу жұмысын жүргізуде өте маңызды. Сол өнеркәсіптік жағдайларда бір жұмысшылардың кәсіби ауруларға ұшырайтыны, ал біреулерінің ұшырамайтыны жалпыға мәлім. Бұл жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты. Өнеркәсіптік зияндығы бар мекемелерде кәсіби аурулардың алдын алу үшін бірқатар шараларды жүргізу керек.

Негізінен медициналық-алдын алу шаралары олар біріншіден, өндірісті алдын ала қарап тексеру және медициналық болжам жасау. Мұнда зиянды факторлардың жұмысшылардың организміне әсерін тексеріп, болдырмау шараларын жүргізу. Екіншіден, өнеркәсіпте жұмыс істейтін адамдарды мерзімдік тексеруден өткізу. Бұл байқаудың бірінші мақсаты – созылмалы кәсіби ауруларды ертерек анықтап білу және екінші маңызды мақсаты – ол, жұмыс жасауға кедергі болған жалпы ауруды анықтау. Мұнда өнеркәсіпке байланысты мамандандырылған медициналық қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың ішінде кәсіби-патологтар, цех дәрігерлері негізгі орын алады. Өндірістік дәрігердің негізгі міндеті: ауруды уақытында табу және емдеу, жұмыс жағдайына санитарлық-гигиеналық мінездеме беру, сырқатнаманы дұрыс жүргізу және жедел улану жағдайында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жауапты қызметкерлеріне шұғыл хабарлама беру, санитарлық ағарту және басқа алдын алу жұмыстарын берілген заңдарға, мемлекеттік-стандарттық мәліметтердің шекті рұқсат етілген концентрациясын жұмыс ортасында сақтау туралы жұмыс жүргізу.

Медициналық-санитарлық бөлімдердің негізгі міндеттері – денсаулық сақтау саласының жергілікті органдарымен және мекемелерімен, әкімшіліктермен және қоғамдық ұжымдармен бірге тиісті бекітілген жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек пен тұрмыс жағдайларын сауықтыруға, жалпы және кәісіптік аурулар мен жарақаттануларды азайтуға, мамандандырылған медициналық жәрдем көрсетуге және диспансерлік қадағалауды толассыз жүргізуге бағытталған  шараларды жобалау мен өткізу.

Цех дәрігері алғашқы және периодтық  медициналық тексерулерді өткізуде негізгі рөл атқарады. Осындай тексерулердің басты мақсаты  уақытында емдеуді бастау мен болашақтағы кәсіби жарамдылығы мен алдын алу шараларын  шешу үшін кәсіби ауруды ерте анықтау болып табылады.

Кәсіби аурулар диспансерлеуін участкелік цех дәрігері жүргізеді. Диспансерлік қадағалауға пневмокониоздар, созылмалы шаңды бронхиттер, тербеліс ауруы, созылмалы уланулар, т.б. секілді кәсіби аурулардың созылмалы түрлері жатады.  Осындай науқас адамдарды қадағалау өндірістік зиянды әсерден қатынасты үзгеннен соң да жүргізілуі тиіс.

Диспансерлік қадағалау кезінде емдік-алдын алу шаралары жүзеге асырылады: емханалық мамандандырылған емдер, ауруханаға жатқызу, санаториялық-курорттық емдеу, диетотерапия,  санаторий-профилакторийлерде сауықтыру, еңбекке орналастыру.

Кәсіби аурулардағы дәрігерлік-еңбектік сараптау және сауықтыру мәселесі.

Техникалық және санитарлық-гииеналық шаралармен қатар дәрігерлік-еңбектік сараптау кәсіби аурулар мен кәсіби емес үдемелі аурулардың айқын түрлерінің дамуларын тежеуде, сол секілді науқас адамдардың еңбекке жарамдылығын сақтау мен қалпына келтіруде  профилактикалық тұрғыдан өте маңызды орын алады.

Кәсіби аурулар клиникасында дәрігерлік-еңбектік сараптаудың негізгі міндеттері:

  1. Жұмыскер организміне өндірістік орта мен өндірістік процестердің  жағымсыз факторларының мүмкін болатын әсеріне байланысты еңбекке кәсіби жарамдылығын анықтау;

  2. Науқас адамдағы кәсіби аурулар анықтау және оның еңбекке жарамдылығын бағалауды тұжырымдау;

  3. Еңбекке жарамсыздығының дәрежесін анықтау және жұмыс істеу қабілетін бағдарлау;

  4. Денсаулығына зиянсыз және қоғамға пайдалы іске араласуына мүмкіндік беретін еңбекке тиімді орналастыруды бекіту және тұжырымдау;

  5. Мүгедек адамдардың еңбекке жарамдылық жағдайын үнемі қадағалау;

  6. Мүгедек адамдардың еңбекке жарамдылығын және денсаулығын қалпына келтіру шараларын анықтау;

  7. Еңбекке жарамдылықтың төмендеуі немесе оны жоғалтуына әкелетін себептерді анықтау мен жою.

Кәсіби аурумен науқас адамдар қосымша жеңілдіктер ала алады. Еңбекке уақытша жарамсыз кезінде  сырқат қағазы жалақысының 100% көлемінде төленеді. Кәсіби аурулардың салдарынан мүгедектігіне байланысты зейнетақылық жәрдем жалпы еңбектік стажы мен осы кәсіби аурулар тудырған өндірістік ортаның жағымсыз әсерлерімен қатынастағы жұмыс стажына байланыссыз тағайындалады.  Кәсіби мүгедектік кезіндегі зейнетақының көлемі жалпылай мүгедектіктегі зейнетақының көлемінен көп. Сонымен қатар,  кәсіби аурулар науқас адамға қажет кезінде мамандандырылған санаторий бөлімдеріне ақысыз жолдамалар беріледі.

Кәсіби аурулар (улану) бар кезде науқас адам, егер ауруы кәсіпорынның кесірінен дамыған болса, онда оның денсаулығына келген зияндық есесін қайтару үшін, зейнетақыдан басқа, осы кәсіпорыннан қосымша материалдық компенсация ала алады. Еңбекке жарамдылықтың жоғалту дәрежесін медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы анықтайды.

Аурудың кәсіби екенін мойындауға аса қажетті жағдайға еңбек жағдайында зиянды әсерлерге байланысты жұмыс істеуінен осы аурудың басталуы  жатады. Сондықтан медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясына науқас адамның еңбектік кітапшасының көшірмесі мен еңбек гигиенасы  бөлімінің дәрігері толтыратын, еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық сипаттамасы берілуі тиіс. Кәсіби аурулардағы еңбекке жарамдылық, кәсіби емес аурулардағы секілді, толықтай немесе жартылай жоғалтылуы мүмкін.

Еңбекке уақытша жарамсыздық мәселесі емдік-профилактикалық мекемелерде (медициналық-санитарлық бөлім, емхана) дәрігерлік-кеңес комиссиясы шешеді. Дәрігерлік-кеңес комиссиясының құрамында бас дәрігер және оның эксперттік сұрақтар бойынша орынбасары (дәрігерлік-кеңес комиссиясы төрағасы), бөлімше меңгерушісі және емдеуші дәрігер болады.  Олардың негізгі міндеттеріне  еңбекке уақытша жарамсыздықты сараптаудың күрделі және конфликттік сұрақтарын шешу, әдістемелік басқару мен еңбекке жарамсыздық сырқат қағаздарын дұрыс беруді қадағалау жатады. Дәрігерлік-кеңес комиссиясына қажет кезінде  әртүрлі мамандарды кеңес беруге шақыруы мүмкін. Еңбекке тұрақты жарамсыздық мәселесін медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы шешеді және олар әлеуметтік қорғау саласы (социальная защита) органдарына жатады.

Мүгедектік дегеніміз аурудың салдарынан өзінің тиісті жұмысын істей алмайтын еңбекке жарамдылығының тұрақты бұзылуы немесе үнемі, не ұзақ мерзімге еңбекке толықтай жарамсыздық.

Медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы мүгедектікті  немесе ДКК жолдамасы бойынша науқас адамның еңбекке жарамдылықты жоғалту деңгейін бекітеді.

Науқас адамның еңбекке жарамдылықты жоғалту дәрежесі ауру ағымының түріне және ауырлығына, функциялық бұзылыстардың айқындылығына, клиникалық және еңбектік болжамдарына байланысты болады. Сондықтан мүгедектіктің 3 тобы болады: 1, 2, 3.

1-ші топтағы мүгедектік функциялық бұзылыстардың өте айқындығына байланысты адам өзін-өзі күте алмаса және басқа адамның күтімін қажет етсе немесе масыл болса ғана беріледі.

2-ші топтағы мүгедектік адамның еңбекке жарамдылығының толықтай және тұрақты түрде дамуын тудыратын функциялық бұзылыстардың өте айқын кездері мен аурудың тез үдемелі ағымында және дерттік процестің ауыр дәрежедегі өршулерінде беріледі. Мұндай адамдар  басқа адамның үнемі күтімін қажет етпейді.

3-ші топтағы мүгедектік организм функциясының бұзылыстарына байланысты еңбекке жарамдылығының өте айқын төмендеуіне әкелетін созылмалы аурулары бар  немесе анатомиялық кемістігі бар адамдарға беріледі. 3-ші топтағы мүгедектік науқас адам денсаулығына байланысты  ұзақ мерзімге өзінің мамандығына байланысты жұмыс істеуге болмайтын болса, ал еңбекке тиімді орналасуы оның квалификациялық деңгейінің төмендететін болса ғана бекітіледі.

Кәсіби ауруларда  науқас адамды әлеуметтік-еңбектік және медициналық сауықтыру өте маңызды болып саналады және оның мақсаты ауырған адам денсаулығын қалпына келтіру болып табылады.

Науқас адамды сауықтыру комплексіне мына шаралар жатады:

  1. Кәсіби аурулар мен кәсіби емес аурулардың бастапқы түрлерін ерте және уақытында анықтау;

  2. Аурудың патогенезіне негізделген емді тағайындау;

  3. Науқас адамды тиімді еңбекке уақытша немесе тұрақты түрде орналастыру немесе бойындағы ауруына сәйкес медициналық және еңбектің болжамдарын ескере отырып белгілі мерзімге оны еңбектен толық босату.

Бүгінгі күні бірінші кезекті алдын алуға басты назар аударылуы керек. Денсаулық тек дәрігерлердің жұмысы болудан қалуы тиіс. Бұрыннан бері денсаулық сақтаудың қазіргі жүйесінің тек қана медициналық көмек көрсету міндетінің өзін қиындықпен орындап отырғаны белгілі. Жуырдағы уақытта кәсіподақтар мемлекеттің тапсырмасы брйынша өзіне әлеуметтік саланы толықтай, оның ішінде еңбекті қорғау мәселелерін де алған болатын. Қазіргі жағдай басқаша – алдыңғы қатарға «жұмыс беруші – қызметкер» өзара қатынасы шығады. Мәселе осы «қиылыста» шешілуі тиіс. Бір жағынан, заң өркениетті бизнесті қамтамасыз етуі, екінші жағынан – қоғам жұмыс істеушілердің өздерінде салауатты өмір салтының айқын бағдарын қалыптастыруы тиіс.

Сарапшылар әлемде әрбір қызметтің толық қауіпсіздігіне кепілдік беретін қауіпсіздік жүйесінің болуы мүмкін емес екенін айтады. Өйткені, әрбір жасалған әрекеттің өз қаупі болады. Сәтсіздік жағдайлар түрлі себептермен байланыстырылады. Көп жағдайда мекеме басшылары қаржы жетіспеушілігін алға тартып, еңбек қауіпсіздігін сақтауға мән бермейді.

Тиын-тебенді үнемдеп жүргенде қомақты қаржыға түсіп, шығынға белшесінен батып қалатынын қаперінен шығарып алады. Керісінше, жұмысшыларының жағдайын жасаған жұмыс беруші бұл мақсатқа шығынданбайды. Қайта қызметкерлердің денсаулығына залал келмесе, еңбек тәртібі артып, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен еңбек өнімділігі арта түседі. Біздің қоғамдағы мұндай еңбек қатынастары еліміздің «Еңбек туралы Заңымен» реттеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]