Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
elmeri.docx
Скачиваний:
60
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
297.6 Кб
Скачать
  1. Зерттеу нысаны мен әдістері

Зерттеу нысаны ретінде «Қазатомпром» МАЭК алынды. Бұл комбинат – Маңғыстау облысын энергиямен қамсыздандырудың бірден бір көзі болып табылатын Қазақстанның ірі көпсалалы энергетикалық өнеркәсібі.

Комбинатта 4 000 мыңға жуық мамандар мен жұмысшылар қызмет атқарады. Комбинат құрамында 3 электр станциясы (ЖЭО 1, ЖЭО 2, ЖЭС), дистиллят өндіру, өндірістік жылумен қамтамасыздандыру зауыты, реакторлық зауыт БН-350, байланыс цехы, информационды-есептеуіш орталығы, есептеуіш-кассалық орталығы, радиациялық технология мен техникалық диагностика орталығы, типография орналасқан. Атомдық өнеркәсіптегі кәсіби әсердің басты факторы иондық сәулелену болып табылады. Уран кен ошағында қызметкерлерге уран тұқымдасының радионуклидтері – радон газы немесе аэрозоль күйіндегі радий әсер етуі мүмкін. Аэрозольдердің пайда болуы жоғары тыныс алу жолдарының және өкпенің сәулеге ұшырауына әкеледі. Уран кенінің қайта өңделуі және уран тұздарының алынуы уран алудағы радиациялық факторларымен тікелей байланысты. Сонымен қатар ауаның күкірт қышқылымен, қышқыл буларымен, сілтілермен ластануы байқалады.

Тәжірибелер МАЭК-тің ЖЭО-2 деп аталатын зауытында өткізілді, яғни осы зауыттың еңбек жағдайы бақыланды. ЖЭО-2-нің негізгі міндеттері ауданның өндіріс орындарын жылу және электр энергиясымен жабдықтау және теңіз суын тұщыту үшін дистиллятты пайдаланып, ауыз сумен қамтамасыз ету.

Зерттеу бақылау, сараптау әдістерімен жүргізілді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы бойынша 2011 жылдың 5 желтоқсанында қабылданған № 1457 бұйрығымен «Өндірістік нысандарды еңбек жағдайларына байланысты міндетті мерзімді аттестациялаудан өткізу ережесі» әзірленіп, қолданысқа енгізілген. Осы Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік нысандары аттестаттауға жатады. Мемлекете оның көмегімен еңбек жағдайларын түбірінен жақсартуға және қызметкерлерге өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін түбегейлі шешуге қол жеткізеді.

Өндіріс орындарында 5 жылда кемінде 1 рет аттестация өткізіліп отырады. МАЭК-те тәжірибеден өту кезеңінде бірнеше бөлімнің аттестациядан өткізілуіне қатысуға мүмкіндік болды.

Жұмыс орындарын аттестаттауды компания басшылығы мен азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шартпен тартылған аттестаттау мекемесі жүргізді. Қойылатын талап-аттестация жүргізіліп отырған ұйымға қатысты аттесттаттау меемесі тәуелсіз болуы қажет.

Көріп отырғанымыздай, берілген ұйымдағы аттестациялау процесіне жанама түрде қатысқанымыздықтан, тікелей нәтижелерді өлшеуге мүмкіндік болған жоқ. Сол себептен белгілі Элмери жүйесінің көмегімен өндіріс орнының 2 бөлімінің еңбек жағдайын бағалауды жөн көрдік. Олар: қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімі және компрессорлы цех. Бұл бөлімдердің еңбек жағдайы бір-бірінен біршама ерекшеленеді. Сондықтан еңбек жағдайын бағалау кезінде осы бөлімдерге тоқтауды дұрыс деп шештік.

Элмери жүйесін Финляндияның Кәсіби денсаулық сақтау институты мен Әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Еңбекті қорғау жөніндегі басқарма әзірлеген. Әзірлемеге кәсіпорындардың еңбекті қорғау жөніндегі толып жатқан тәжірибелі инспекторлары қатысты, көптеген кәсіпорындарда сынақтан өткізілді.

Элмери – бұл өнеркәсіптегі еңбек қауіпсіздігіне бақылау жасаудың сенімді жүйесі. Оны өнеркәсіптің кез келген саласына және кез келген мөлшердегі кәсіпорындарда оңай және жылдам пайдалануға болады. Бұл әдіс бақылауларға негізделген. Бақылаулар еңбек қауіпсіздігінің қорғаныс құралдарын пайдалану, жұмыс орнындағы реттілік, техникамен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік, еңбек гигиенасы мен эргономикасы сияқты аса маңызды құрамдастарының бәрін қамтиды. Элмери жүйесінде кәсіпорын деңгейі қауіпсіздік индексі деп аталатын индекс бойынша бағаланды. Индекс мәні 0-ден бастап, 100-ге дейін болуы мүмкін пайыздық арақатынасты білдіреді. Мысалы, 60 % көрсеткіш 100 тармақтың 60-ы талаптарға сәйкес екендігін білдіреді. Элмери индексін орындалған жұмыстың нақты және объективті кері байланысы ретінде пайдалануға болады. Ол бұл жұмысты мойындатады, жақсартуларды көтермелейді, жағымсыз қабылдауды туындатпайды. Мұндай кері байланыстың оңды әсер етуі атап өтілген.

Бақылаулар жүйесін пайдалану.

Элмери жұмыс орнының қауіпсіздігіне әсер ететін аса маңызды факторларды қадағалайды, олар 7 топқа топтастырылады:

  1. Өндірістік үдеріс;

  2. Реттілік пен тазалық;

  3. Машиналы жабдықпен жұмыс істеген кездегі еңбек қауіпсіздігі;

  4. Қоршаған орта факторлары;

  5. Эргономика;

  6. Өтпелер мен көлік өтетін жерлер;

  7. Алғашқы жәрдем көрсету үшін мүмкіндіктер.

Бақылауларды өткізу үшін сауалнама формасы мен нұсқаулық әзірленді:

  1. Бағалау таңдап алынған жұмыс орнында жүргізілді, нәтижелері сауалнамаға жақсы/жаман ұстанымы бойынша енгізілді. Егер ол заңнама талаптарының ең аз деңгейіне, сондай-ақ еңбекті қорғау туралы заңнама талаптарының және кәіспорындардағы оңды тәжірибенің негізінде жасалған Элмери жүйесіндегі мәліметтерді қолдау үшін қосымша негіздерге жауап берсе, онда тармақ жақсы деп танылды.

  2. Сауалнаманың болған жоқ бағаны егер біз қандай да бір себептермен бұл мәселені бағалай алмаған жағдайда пайдаланылды. Бұл бағанға сонымен бірге бақылау әдісімен жақсы/жаман күйін айқындауға болмайтын кездегі мәліметтер енгізілді.

  3. Бағалаудан кейін жақсы және жаман тармақтарын есептеу жүргізіліп, бақыланған учаскенің қауіпсіздік деңгейін сипаттайтын Элмери индексі шығарылды. Индекс мынадай формула бойынша есептелді:

Элмери индексі * 100%

Бақылаулардың мәліметтерін хаттамаға енгізу.

Жұмыс орнының шекараларын анықтағаннан кейін бақылаулардың нәтижелерін жазу жүргізілді. Жағдай талаптарға сәйкес келсе, онда нәтиже жақсы бағанына жазылды. Егер жағдай талаптарға сәйкес келмесе, онда баға жаман бағанына қойылды.

Бір жұмыс орны бойынша сауалнаманы толтырғаннан кейін келесісіне көшіп отырдық.

Элмери жүйесі критерийлерінің талаптары қосымша Б-да толықтай берілген. Сол элмери бағалаудың критерийлеріне сәйкес жұмыс орнының еңбек жағдайы бағаланды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]