- •Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі
- •I. Анатомиялық жіктелуі
- •2. Этиологиялық жіктелуі
- •3. Клиникалық жіктелуі
- •Шап арнасының анатомиясы
- •Шап жарығының түрлері
- •1.2. Сан жарықтары - Hernia femoralis Сан жарығының анатомиялық ерекшеліктері. Жарықтың симптомдары мен диагнозы. Сан жарығын емдеу тәсілдері
- •1.3. Кіндік жарықтары - Hernia umbilicalis Жарықтың түрлері. Кіндік бауының жарығы. Балалардың, ересектердің кіндік жарығы
- •1.5. Диафрагманың жарықтары (Hernia diaphragmatica)
- •1.6. Іш жарықтарының асқынулары (сыртқы жарықтар)
- •II- тарау. Асқазан және ұлтабар ішегінің аурулары
- •2.1. Асқазан және ұлтабар ішегінің ойық жаралы аурулары
- •2.2. Ойық жаралы аурудың асқынулары
- •Асқазан ойық жарасынан қан ағуын басқа себептерден айыру
- •2.3. Асқазанның ойық жаралы ауруын
- •Ойық жара ауруын хирургиялық тәсілмен емдеудің қажеттілігі мен тарихы. Хирургиялық емнің түрлері , жетістіктері мен кемістіктері
- •2.5. Ішек қарынның даму ауытқулары - (аномалиялары).
- •III-тарау. Ішек аурулары
- •3.1. Жедел аппендицит (appendicitis аcuta)
- •3.2. Созылмалы аппендицит Созылмалы аппендициттің симптомдары және диагнозы Науқасты емдеу
- •3.3. Ішектің жедел түйілу аурулары (ileus) Ішек түйілуінің симптомдары. Диагнозы және дифференциальды диагнозы. Ішек түйілуін емдеу және аурудың нәтижелері.
- •3.4. Тоқ ішектің аурулары
- •3.5. Ащы ішектің аурулары
- •3.6. Ішек қан тамырларының тромбоэмболиясы
- •IV-тарау. Бауыр, өт, ұйқы бе3і аурулары
- •4.2. Бауыр эхинококкозы (Echinococcus hepaticus) Эхинококктің өсуі және адамға жұғуы. Эхинококкоз ауруының диагнозы мен дифференциалды диагнозы. Емдеу тәсілдері мен ақыры
- •4.3. Үйқы безінің аурулары
- •Созылмалы панкреатит
- •4.5. Ұйқы безінің кистасы және жыланкөзі
- •4.6. Ұйқы безінің ісіктері
- •4.7. Ұйқы безінің ауруларын айыру
- •V – тарау. Жайылмалы іріңді перитонит (Peritonitis purulenta diffusa)
- •5.1. Аурудың себептері мен жіктелуі, клиникасы мен диагнозы, емдеуі және ақыры
- •5.2. Қоршалған перитониттер (абсцесстер)
- •VI – тарау. Өңештің аурулары мен жарақаттары
- •Өңештің анатомиясы мен физиологиясы
- •6.2. Өңеш ауруларының жіктелуі және жеке түрлері
- •1) Өңештің туа пайда болатын аурулары
- •2) Өңештің қабыну аурулары
- •5. Өңештен кан ағуы
- •6.3. Өңештің жарақаттануы
- •Өңеш ауруларын басқа аурулардан айыру
- •VII - тарау. Қалқанша бездің аурулары
- •7.1. Эндемиялы жемсау және тиреотоксикоз. Эндемиялы жемсаудың этиологиясы мен патогенезі. Диагнозы мен емі. Тиреотоксикоз. Симптомдары. Диагнозы мен емделуі
- •7.2. Диффузды улы жемсау
- •7.3 Қалқанша безді тексеру тәсілдері
- •VIII - тарау. Сүт бездерінің00000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000 аурулары
- •VIII – тарау. Сүт бездерінің аурулары.
- •8.1. Cүт бездерін тексеру тәсілдері
- •8.2. Сүт безінің қабынуы –мастит (mastitis)
- •Іх-тарау. Өкпенің және кеуде көк етінің қабыну аурулары
- •9.1.Кеуде және көк етінің анатомиясы мен физиологиясы
- •9.2. Кеудені зерттеудің негізгі тәсілдері
- •9.3. Кеуденің жабық жарақаттарының асқынулары
- •9.4. Спонтанды пневмоторакс ("себепсіз")
- •9.5. Өкпе абсцессі
- •9.6. Бронхэктазия ауруы
- •9.7. Өкпе кисталары
- •9.8. Өкпенің эхинококк ауруы
- •9.9. Өкпе кан тамырларының тромбоэмболиясы
- •Х-тарау. Қан тамырларының аурулары
- •10.1. Облитерациялы эндоартериит, аурудың этиопатогенезі, симптомдары мен диагнозы, емдеу тәсілдері
- •Тромбооблитерациялы ауруларды емдеудің жалпы принциптері
- •10.3. Тромбофлебит және флеботромбоз
- •10.4. Тромбофлебиттен соңғы синдром
- •10.5. Кан тамыры ішінде қанның ұю механизмі мен себептері
- •Хі-тарау. Тік ішектің аурулары
- •11.1. Парапроктиттер және тік ішектің жыланкөздері
- •11.2. Құйымшақтың эпителиалды жолдарының іріңді аурулары
- •11.3. Геморрой - Vazices haemorrhoidales
- •11.5. Тік ішектің түсуі— prolapsus recti
- •Карағанды мемлекеттік медицина академиясы Жалпы хирургия кафедрасы
- •Кураторлық науқаснама
- •I. Жалпы мағлұматтар
- •II. Аурудың басталу анамнезі
- •III. Науқастың ғүмырының анамнезі
- •IV. Обьективті тексерістермен аныкталатын көріністер
- •V. Аурудың диагнозы және оны дәлелдеу
- •VIII. Анықталған ауруды емдеу шаралары жеке қағазға жазылады
- •Хирургиялық аурулардың диагнозын анықтау және оларды емдеу туралы тесттік сұрақтар
- •Өкпенің және кеуде көк етінің қабыну аурулары.
- •Тестік сұрақтардың жауаптары.
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •6.4. Өңеш ауруларын басқа аурулардан айыру................................181
- •10.1.Облитерациялы эндоартериит,аурудың этиопатогенезі, симптомдары мен диагнозы, емдеу тәсілдері…………………………231
9.6. Бронхэктазия ауруы
Цилиндірше немесе қапшықша болып сегментарлы және субсегментарлы бронхтардың созылуы.
Аурудың жеке бірінші немесе туберкулез, өкпе ісігі, созылмалы абсцессі салдарынан басталатын екінші түрлерін бөледі.
Туғаннан және жүре пайда болатын түрлері бар.
Кейін басталатын - бронхоэктазия ауруы бронхтың тарылуы, тырысуы, тыртықтануы, оның ішіне бөгде заттың енуі, ісінген лимфа безімен қысылуында бронх кілегейінің ағымы нашарлайды. Көбінесе бұған қызылша пневмониясы, коклюш, бронхит, бөгде зат енуі, бронхопневмония, бронхиальды астма, муковисцидоз себеп болады.
Бронхоэктаздар пайда болуы келесі факторлармен байланысты:
Бронх қабырғасының эластикалық қасиетінің бұзылуы.
Бронх ішіндегі қысымның көтерілуі.
Бронхэктазия ауруының 3 кезеңі бар:
1) Кішкене бронхтардың 0,5-1,5 см.кеңеюі.
2) Бронх қабырғаларының қабынуы қосылуы.
3) Қабыну үрдісі бронхтан оның айналасындағы тіндерге жайылуы. Аурулардың 30% жуығында екі өкпенің зақымдануы қоса байқалады.
Аурудың клиникасы
1) Күніне 5 тен 200—500мл. дейін ірінді қақырық шығуы. Біраз уақыт ыдыста сақталатын қақырық 3 қабатқа бөлінеді. Төменгі қабаты - ірің, орталық қабаты- серозды сұйық, жоғарғы қабаты - кілегей. Кейде қақырықта қан байқалады.
2) Екінші симптомы - ентігу және кеуде ауырсынуы.
3) Саусақтардың дабыл таяқшасына ұқсас өзгеруі, ал тырнақтардың сағат шынысына ұқсауы.
4) Аяқ—қолдың сыздап ауырсынуы (гипертрофикалық остеоартропатия: Пьер-Мари-Бамбергер синдромы).
5) Рентгендік, қомпьютерлік тексеріс.
6) Лабораторлы өзгерістер.
Бронхэктаздың орнына, пішініне, қабыну үрдісінің ауырлығына байланысты науқастың клиникасы әр түрлі. Аурудың дамуына келесі үш көрініс тән – бронхорея, қан түкіру, аурудың қайталанып дамуы. Әлбетте таңертеңде қақырық мол «ауыз толып» шығады.
Аурудың диагнозын негізінде рентгенмен тексеру шешеді. Бұл тексеріспен аурудың орналасқан орыны, жайылуымен түрі анықталады.
Диагнозды ажырату
Бронхоэктазды — өкпе абсцессінен, өкпенің карциномасынан, туберкулезінен айыру қажет.
Емдеу шаралары
Аурудың 1 кезеңі консервативті тәсілмен, II—III кезеңі операциямен емделеді. Консервативті ем антибиотиктерапиядан, постуральды дренаждан, аэрозольдар пайдаланудан, климаттық емнен, сапалы қоректенуден, тыныс гимнастикасынан құралады.
Қолданылатын операциялардың түрі аурудың орналасуымен, айналасына жайылуымен, аурудың жасымен, жалпы жағдайымен байланысты. Осыларға байланысты сегментэктомия, лобэктомия және олардың қоса орындалуы, сирегірек – пульмонэктомия орындалады.
Бронхэктазияның асқынулары (қан ағуы, абсцесске, қатерлі ісікке көшуі операциямен емдеуді қажет етеді.
Операциямен емделетін аурулардың 1-3% қайтыс болуы мүмкін.
9.7. Өкпе кисталары
Өкпе кисталары туа пайда болатын — даму кемістігінің солитарлы- жеке және бірнеше түрлері кезделеді. Жүре пайда болатын кисталар жарақаттанбаған плевра астында альвеолардың жыртылуынан пайда болады. Кисталар толық қоршалған, сілекеймен толған, көбінесе бронх бұтақтарымен жалғасқан болуы мүмкін.
Клиикасы - асқынбаған кисталар ешбір көрініс бермейді. Өте аумақты кисталарда кеуде ауырсынуы, жөтел, кейде жөтел және дисфагия байқалады.
Емделуі - асқынған кисталар операциямен емделеді. Алдымен кистаның пункциясы - дренажы - аспирациясы орындалады.
Бұл 2-3 тәуліктен соң өкпенің желденуін бермесе - торакотомия жасалып жыртылған бронх тігіледі, кистаның резекциясы немесе өкпенің резекциясы орындалады.