Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЭТ метод семинар 2014-2015 (1).docx
Скачиваний:
35
Добавлен:
18.05.2015
Размер:
182.9 Кб
Скачать

Тақырып 2. Қоғамдық өндірістің негіздері

2. Мақсаты

  • Экономикалық теория негіздері бойынша білім қалыптастыру

  • Экономикалық теория негіздерін оқу барысында ынталандыруды дамыту.

3. Оқыту мақсаты

  • Сабақ тақырыбына сәйкес жаңа түсініктерді меңгеру.

  • Қоғам өміріндегі өндірістің маңыздылығын анықтау.

  • Қоғамдық өндірістің мақсаты мен нәтижелерін негіздеу.

  • Тестік тапсырмалар мен пікір сайыс сұрақтарымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары

1. Экономикалық дамудың объективті шарттары мен мәселелері. Экономикалық ресурстар және өндірістегі орны.

2. Шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану. Өндіріс мүмкіндіктерінің қисығы.

3. Материалдық және материалдық емес өндірістің ұқсастығы мен айырмашылығы.

4. Өндіріс және ұлғаймалы ұдайы өндіріс.

5. Оқытудың әдістері: «Сұрақ-жауап» үлгісіндегі сұхбат, тесттік тапсырмалар (бақылау сұрақтары).

6. Әдебиеттер

1. Шеденов Ө,Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. "Жалпы экономикалық теория" Алматы-Ақтөбе, 2009.

2. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы /профессор Жатқанбаевтың жетекшілігімен/ Алматы, 2006ж. 300 бет.

3. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория курсы - Алматы, 2005.

4. Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә.,Байжұмаев Б.Б., Жәйшибеков Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері. Оқуқұралы - Алматы, Санат, 2004.

5. Есқалиев М.Д., Өткен кезеңнің ойшыл экономистері және қазіргі көзұарас. Алматы, 2004.

6. Экономикалық теория (оқу құралы) С. Әкімбаев, А.С. Баймұхамбетов Астана, 2002ж.

7. Бақылау (тесттік тапсырмалар)

1. Экономикалық теорияның пәніне қандай жағдайдың қатысы жоқ?

а) игіліктердің сиректігі

б) ресурстарды тиімді пайдалану

в) қажеттіліктерді толық қанағаттандыру

г) шексіз өндірістік ресурстар

д) білім берудегі қажеттіліктерді қанағаттандыру

2. Экономикалық теория қандай қатынастар жүйесін қарастырады?

а) әлеуметтік- экономикалық, техника- экономикалық және ұйымдастырушылық- экономикалық

б) ұйымдастырушылық- экономикалық

в) техника- экономикалық

г) ұйымдастырушылық- құқықытық

д) этикалық

3. Қоғамның экономикалық өмірінде қандай қатынастар маңызды?

а) діни

б) өндірістік

в) саяси

г) идеологиялық

д) моральдық- құқықтық

4. Либерализм идеялары мен мемлекеттің экономикаға араласуын шектеу туралы көзқарастарды алғаш ұсынған кім?

а) Дж. Кейнс

б) К. Маркс

в) А. Смит

г) У. Петти

д) А. Маршалл

5. Маркстік теория бойынша экономикалық теорияның пәні не?

а) экономикалық қатынастар

б) игіліктердің сиректігі

в) табиғатқа деген қатынас

г) тиімді өндіріс

д) тиімді бөлу

6. Әрбір экономикалық жүйеде “не, қалай және кім үшін өндіру” мәселесі микро және макро деңгейлерде шешіледі. Төмендегі сұрақтардың қайсысы микроэкономикалық деңгейде шешіледі?

а) толық жұмыспен қамтуға қалай жетуге болады?

б) не және қанша өндіру?

в) инфляциядан қалай құтылуға болады?

г) жұмыссыздықтан қалай құтылуға болады?

д) экономикалық өсуді қалай ынталандыруға болады?

7. Қоғамның негізгі даму заңы қандай?

а) ақша айналысының заңы

б) баға заңы

в) сұраныс заңы

г) ұсыныс заңы

д) өндірістік қатынастардың өндірістік күштер деңгейі мен даму сипатына сәйкес келу заңы

8. Қоғамдық өндірістің басты емес бөлімі қайсы?

а) өндіріс

б) бөлу

в) айырбас

г) тұтыну

д) жинақтау

9. Қандай мәселе барлық экономикалық жүйелерге тән?

а) инвестициялау

б) өндіру

в) тұтыну

г) ресурстардың шектеулілігі

д) бөлу

10. Экономикалық категория ретінде өндіріс нені білдіреді?

а) қоғам өмірінің бір жағын

б) адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндіріс факторларының өзара әрекет ету процесін

в) адамның жұмыс істейтін орынын

г) пайдалы өнімді өндіру барысында адамдардың машиналарды, механизмдерді пайдалануын

д) еңбек құралдары мен еңбек заттарының жиынтығын

11. Ресурстардың шектеулілігі деген ұғым қалай түсіндіріледі?

а) олардың көмегімен бір мезгілде және қажеттіліктерді толық қанағаттандыру мүмкін емес

б) олар қоғамда қажетті тауарлар өндірісі үшін жеткіліксіз мөлшерде кездеседі

в) ресурстар тұтыну тауарларын өндіру үшін ғана жетеді

г) ресурстар алғашқы қажетті тауарларды өндіру үшін ғана жетеді

д) ресурстар таусылатындықтан және олардың орыны толтырылмайтындықтан жетпейді

12. Өндірістің қандай факторларын білесіз?

а) еңбек, капитал, ақпарат, технология

б) заттық және жеке

в) табиғи ресаурстар, капитал, еңбек

г) жер, капитал, еңбек және кәсіпкерлік

д) табиғи, еңбек, материалдық және қаржы ресурстары

13. Еңбек заты дегеніміз не?

а) станоктар

б) машиналар, құрылғылар

в) домна және мартен пештері

г) тракторлар мен автомашиналар

д) темір жол және шоссе жолдары

14. Ресурстардың «салыстырмалы» шектеулілігі немен байланысты?

а) ресурстардың таусылуымен

б) ресурстардың қайта өндірілмейтіндігімен

в) қажеттіліктердің шектеулілігімен

г) қажеттіліктердің шексіздігімен

д) ресурстардың таусылмайтындығымен

15. Экономика өндірістік мүмкіншіліктер шекарасында болады, егер….

а) өндірістік ресурстар толық пайдаланылса

б) өндіріс тиімділігі артса

в) инвестициялар тұтыну шығыстарынан жоғары болса

г) ұсыныс сұраныстан жоғары болса

д) ұсыныс сұранысқа тең болса